Оқытудың инновациялық моделі (М. В. Кларин жүйесі) Жоспар: І. Теориялық кезең


-оқыту – оқу - ізденіс, зерттеу қызметтерін ұйымдастыру



бет4/9
Дата05.05.2020
өлшемі22,63 Kb.
#65799
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Оқытудың инновациялық моделі

-оқыту – оқу - ізденіс, зерттеу қызметтерін ұйымдастыру;

-оқыту – оқу - ойын, үлгілеу қызметтерін ұйымдастыру;

-оқыту - белсенді пікір алмасу, шығармашылық пікірталасты ұйымдастыру.

Инновациялық дидактикалық ізденістердегі оқыту деңгейінде ұстаз-басшы, режиссер, ұйымдастырушы,оқу процесіне қатысушы-оқушылардың танымал шындықпен,басқа адамдармен пікір алысу ретінде құрылады.



  1. «Инновациялық оқыту» - оқыту қызметтерінің процесі, әлеуметтік және мәдени ортада инновациялық өзгерістерді ынталандырады. Осындай білім беру процесі бар дәстүрлерді қолдай отырып, жеке адам және қоғам алдындағы проблемалық жағдайларды шешуді ынталандырады (Кларин М.В.)

Инновациялық оқыту - білім берудің ерекше түрі, дәстүрлі оқытудың баламасы. Ол екеуінің арасындағы негізгі айырмашылығы: болашаққа деген көзқарастары әр түрлі.

Дәстүрлі оқыту «қайталанатын жағдайларда ережелерді қабылдауға бағытталған», ал инновациялық оқыту «жаңа жағдайларда даму қабілеттілігін бірлесе шешуді ойластырады» (Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н.)

ЮНЕСКО-ның «Жаңа технологиямен еңбекті жаңаша ұйымдастырудағы білім беру талаптары» жобасын талдағанда, ғылыми болжам жұмысында келешекте жеке тұлға мектепте төмендегі біліктілік пен дағдыны алуы керек.

Іскерлігі. Қозғалысы және шығармашылығы, ойлау және іс-әрекет дербестігі.

Ынтымақтастығы. Құрамды және мақсатты басқалармен қарым-қатынасы.

Ұжымдағы жұмысы. Жұмыс тобындағы өзара қатынас,пікірталас және жеке,топтық жұмыстар түрінің орнына кеңінен пайдалану ол қазіргі мектепке тән сипат.

Өзара оқыту. Жалған және шын тәлімгерлік кеңес беру.

Бағалау. Оқушының өз жұмысына және кластасына баға берудегі біліктілік тәжірибесін кеңейту талап етіледі.

Қабілеттілігі. Ауызшаны, жазбашаны,компьютерді жақсы меңгеру және оқи,тыңдай білу,алған мәліметтерінің мағнасын дұрыс түсініп айтып беру.

Қисынды ойлай білу. Қисынды дәлелдерді пайдалана отырып жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға әдістемелерін ұсыну және бағалау.Қазіргі мектепте есте сақтау мен жатқа айту мағынасы талап етіледі.

Келелі мәселені шешу. Келелі мәселені қарқынды шешу,басқа да шешімдерін іздеу және қортындысына талдау жасау.

Шешім қабылдау.Келелі мәселені шешу барысында балама шешімдерді таңдаудағы үзіліссіз тәжірибені қажет етеді.

Мәліметтерді қабылдау және пайдалану. Керекті мәлеметтерді таңдау,олардың шығу негізін білу, шешім қабылдарда оны мақсатты пайдалану.

Жоспарлау. Мақсатын қою,жоспар мерзімін белгілеу, жұмысты орындаудың негізін анықтау.

Оқу іскерлігі. Жаңа білімді меңгерудегі когнитивті және қобалжудағы қабілеттілігі.

Көпмәдениетті дағдылары. Тілі, қабілеттілігі және бағалау жүйесінің айырмашылығына қарамай, түрлі мәдениет өкілдерімен жұмыс істеуді білу.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет