«Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс.
Айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс.
«Миға шабуыл» - бұл әдіс оқыту әдісі ретінде жоғарғы оқу орындарында сабақ беру тәжірибесінде әлі толық қалыптасқан жоқ. Әдістің атының өзі басқару жүйесінде, сонымен қатар ғылыми зерттеулер аймағында пайда болады. ол әсіресе мендежментте экономикалық басқару іс-әрекетінде кең қолданылады.
Тест сынағы әдісінің көмегімен оқушылардың ақпараттандырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағы сұрақтарының мазмұны дұрыс құрылуы тиіс: сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.
Рөлдік ойын – өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.
ОЙЛАН ТАП!
Топпен жұмыс әдісі
Топтық жұмыс -оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады.
1. Оқушылар бірлесіп үйренуде шағын топтармен, жұппен жұмыс жасауға қалыптасады, 2. Ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарауға төселеді, 3. Жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. 4. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, кесте арқылы көрсетеді. 5. Ойларын дәл, дұрыс қорғап шығуға күш салады. 6. Бірлесіп жұмыс жасауды ұйымдастырғанда мына жайларды : басқаны тыңдай білу, қажет жерінде ғана кірісіп сөйлеп кету, сыйластық, жауапкершілік сияқты дағдыларды қалыптастыру керектігін еске ұстау керек. Оқытудың бұл әдісінің берері: оқушы белсенді болады, пәнге деген қызығушылығы оянады, топ мүшелерімен қарым-қатынасы жақсарады