Жаттығудың сипаттамасы: Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.
Мысалы. Бірінші оқушы мінсіз өмір үшін үш зат таңдайды.
Кейін жұптар талқылап, 6 жауаптан тек үшеуін таңдайды.
Сосын 4 оқушы дәл солай алтыдан 3 затты таңдайды.
Мазмұнға оралу
Жұптық әңгіме
Толығырақ:
http://www.teachingenglish.org.uk/language-assistant/primary-tips/working-pairs-groups Мақсаты:
Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптарды қолдану оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру:
Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса ара-қашықтық сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ.
Жаттығудың сипаттамасы: Оқушылармен талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар мен тақырыптарды қолданыңыз. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз. Тақырыпты белгілеу үшін А мен Б атаңыз ( мысалы, А тыңдайды, ал Б сөйлейді, кейін керісінше). Оқушылардан олар жеке жауап алғысы келетін сұрақ қоюды сұраңыз, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Әр жұпқа мақсат қойыңыз – мысалы, мынаған жауап беріңдер.
Мазмұнына қайта оралу
Тыңдап отырған үштік
Толығырақ:
http://www.ltscotland.org.uk/glossary/l/listeningtriads.asp?strReferringChannel=learningaboutlearning Мақсаты:
Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға арналған құрылымдалған жаттығу. Сондай-ақ бақылаушы рөлі арқылы өзін өзі сараптауды дамытуға ықпал етеді.
Ұйымдастыру:
Оқушылар үшеуден отырады, екеуі бірге, ал біреуі оларға қарсы сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.