Оқытудың интерактивті әдістері



бет5/14
Дата12.12.2022
өлшемі3,49 Mb.
#162434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ СЛАЙД

Балалар философиясы


Мақсаты:
БФ балаларды (немесе ересектерді) сыни, байыппен, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыруға бағытталған. Бұл мұғалімге қатысушылар сұрақтарды өздері құрастырып және өздері қоятын және «қалай оқу керектігін үйренетін» «сұраныстар қоғамын» құруға көмектеседі
Ұйымдастыру: Орындықтарды шеңбер етіп қойыңыздар, (егер қажет болса) сөйлеушіні білдіретін бір затты алыңыз (мысалы, доп). Бөлме ішінде оқушыларға арналған ынталандыру материалдарын орналастырыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы: Мұғалім тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіреді. Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Оқушылар пікір алмасып, мәселені талқылап, бір тоқтамға келу үшін дауыс береді. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, үйлестіруші ретінде қатысады.

Кемпірқосақ тобы


Мақсаты:Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (Түрлі-түсті топта) сөйлейді.
Ұйымдастыру:
Топты қимылдауға және талқылауға орын қалдыра отырып, стандартты орналастыру.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушыларды талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар жаңа топта не талқылағандарын айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.

Қар кесегі


Мақсаты:
Келіссөздерді, бірге алаң болу және негіздеуді қолдануға көмектеседі.
Ұйымдастыру:
Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе, оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет