Толығырақ:
http://www.english-teaching.co.uk/learninglearning/valuecontinuumpg.pdf Мақсаты:
Пікір айту, құндылықтарды көрсету, пікірлердің әртүрлілігін талқылау, қоғамдық талқылауға қатысу.
Ұйымдастыру: Спектр үшін жіпті, тақтаны көрсетіп тұратын стрелкаларды пайдаланыңыз; қарама-қарсы қабырғаларға пікірлердің екі ең шеткі нүктелерін орналастырыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы: Оқушылар немесе оқушылардан құрылған топтар айтылған пікірмен қаншалықты келісетіндігін айта отырып, оған қатысты өз ойларымен бөліседі. Бұны жүзеге асырудың тәсілдері өте көп: оқушылардан олардың өз пікірлерін көрсететін сызықтың нүктелеріне келіп тұруды өтінуге болады немесе олар айтылғанды алдымен топ ішінде талқылайды да, содан кейін топтан бір оқушы шығып өз тобының ұстанымын түсіндіре отырып, тобының белгі/карточкасын сызықтың бойына орналастырады. Бұл – бір сұрақтардың әртүрлі жауаптарын салыстырып, пікірлер арасындағы алшақтықты анықтауға арналған өте жақсы әдіс (ақпарат көзіhttp://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)
Мазмұнға оралу
Ыстық орындық
Толығырақ:
http://www.thinkinghistory.co.uk/ActivityModel/ActModHotSeat.html Мақсаты:
Біреуге алаңдаушылық танытуды ынталандыруға, мазмұнды «түсінетіндігін» түсінуге арналған драмалық тапсырма. Сұрақтар ды зерделеп, ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру:
Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар доға болып қойылған .
Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады (мысалы, Гордон Браун немесе жалғыз басты жас ана).
Мазмұнға оралу