Өзін-өзі тексеру сұрақтары: «Мәдениет және тұлға» теориясының негізгі ерекшеліктері қандай?
Базалық және модальды тұлға дегеніміз не?.
Психологиялық антропологияның пәні және міндеттері қандай?
№7 дәріс. Тақырып:Шетелдік этнопсихологияның қазіргі жағдайы.
Дәріс мазмұны: 1. Қазіргі кездегі шетелдік этнопсихологиялық ойлар.
2. Ф.Бок және оның «Психологиялық антропологиядағы негізігі мектептер мен тәсілдердегі» класификациясы.
3. АҚШ-тағы этнопсихологиялық жаңа орталықтардың пайда болуы.
Мақсаты: Студенттерге шетелдегі этнопсихологиялық мектептер, психологиялық антропология туралы мәлімет беру.
1954ж. Америка зерттеушісі Дж.Хонигман кеңінен танымал болған «Мәдениет және тұлға» мектебі туралы тұтас ой қалыптастыруға тырысты. Бұл мектептің зерттеушілерінің негізгі міндетін берілген мәдени орта жағдайында индивидтің қалайша іс-әрекет жасайтыны, ойлайтыны, сезінетінін анықтаудан көреді. «Мәдениет және тұлға» мектебінің мәдениантропологтары мәдениеттегі индивидтің тағдырын қарастыра отырып, оның әлеуметтік стандартты мінез-құлық үлгілерін – мінез-құлық стериетиптерін меңгеруін зерттеді.
«Мәдениет және тұлға» ғылыми бағыты аясында қолданылған негізгі зерттеу әдісі болып ұзақ интенсивті бақылау табылады. Этнолог бірнеше жылдарға созылған далалық зерттеу жүргізуі мүмкін.
Зерттеушінің жұмысын кірістірілген бақылау деп атауға болады, өйткені ол тайпаның өміріне араласты және тіпті оның мүшесі ретінде жеткілікті жоғары орынға ие болады.
Кірістірілген бақылаудан басқа басқа да психологиялық әдістер қолданылды: терең интервью, түс талдау, биография жазу. Тұлғаны зерттеудің проективті әдістемелері де қолданылды.
«Мәдениет және тұлға» мектебінің аясында әлемге танымал зерттеушілер жұмыстанды - Р. Бенедикт, К. Дюбуа, А. Инкелес, Р. Линтон, М. Мид, бірақ 50-жылдардың басында ол америкалық ғылымда жетекші орыннан айырылды. Қазіргі кездері психологиялық аспектісі бар мәдениантропологиялық зерттеулер психологиялық антропология атауына бірікті.
Ұлты қытай америка зерттеушісі Ф. Хсю (Сюй Лангуан) этнопсихологияның этнологиялық саласын психологиялық антропологияға атауға ұсыныс жасады. Оның редакциясымен осындай атаумен 1961ж. жинақ шығарылды. Бұл терминді «Мәдениет және тұлғаға» қарағанда көбірек логикалық деп есептеді. Біруақытта ол психологиялық антропологияның алдаңғысынан айырмашылығын анықтауға тырысты: мәдениет ішіндегі айырмашылықтарды және мәдениетаралық байланыстардың салдарларын ескеру.
Хсюдің есептеуі бойынша, адамдардың әлеуметтік ой-елестері белгілі бір мәдениеттің мүшерілерінің көпшілігімен сәйкес келеді. Бұл мәдениеттегі кеңінен таралған ой-елестер саналы және бейсаналы формада болады және адамдардың іс-әрекетімен басқарылады.
Психологиялық антропологияның жалпы концепциясы «Мәдениет және тұлға» теориясынан көп ерекшеленбейді.
Қазіргі заманда этнологиялық ғылымдарда этнос, оның табиғаты мен құрылымы жөнінде біркелкі түсінік жоқ. Бромлейдің айтуынша этнос дегеніміз – белгілі бір аймақта тұрақты мекені бар, тарихи қалыптасқан жплпы тұрақты тіл ерекшелігі бар адамдар жиыны. Этностың табиғатын түсіндіруде басқа да бағыттар бар. А.Н.Гумилев этносты ең алдымен табиғи құбылыс деп қарастырды. Оның түсіндіруі бойынша этнос дегеніміз- кез-келген ұжым өзіне ұқсас ұжымға қарсы қоя алатын өзіндік ерекше ішкі құрылымымен айқын мінез- құлық стереотипі бар адамдар жинағы. Ғалымның пікірі бойынша этникалық мінез-құлық стереотипі ұрпақтан- ұрпаққа берілмейді, адам баласы оны мәдени әлеуметтену процессінде меңгереді және ол тұрақты, адамның өмірі бойы өзгермейтін болып табылады. Келесі бағыт өкілдерінің түсіндіруінше этнос дегеніміз - кеңістікте шектелген ерекше мәдени ақпараттың жиынтығы, ал этнос арасындағы қарым-қатынас сондай ақпаратпен аламасу ( С.А.Арутенов, Н.Н.Чебоксаров). Мұндай тұжырымдамада этносты адамдардың шынайы тобы деп түсіндіруден басқа деңгейге ақпараттық-когнитивтік өтіп отыр. Мұнда этносты анықтайтын ең басты белгі ерекше мәдени ақпаратты тасымалдаушы адамдар емес, ақпараттың өзі, мазмұны, өзіндік ерекшелігі. Этникалық өзіндік сана – тұлғаның өзінің белгілі бір этникалық қауымдастыққа жататынын ұғынуы. Этникалық сана сезім - этникалық қауымдастық мүшелерінің әлеуметтік–психологиялық ұстанымдары мен стереотиптерін қоса, өзі және басқа этнос жөніндегі түсініктерінің бірлігін бейнелейді. Мұндай түсінікте этникалық өзіндік сана – тұлғаның белгілі этникалық қауымдастықтың өкілі ретіндегі өзі туралы түсінігі мен қабылдауын бейнелейтін этникалық сананың бөлігі.
Этнос дегеніміз - шынайы өмір сүретін топтың пайда болуы, қызмет етуі, бір- бірімен әрекет етуі және өмірден кетуі. Осы концепцияға сай, алғашқы этностар бастапқы түбірін адами сипаттан және алғашқы қауымдық құрылыспен бірге дүниеге келді. М. Н. Гумелев (1912- 1992 ) этносты географиялық, табиғи, әлеуметтік деп қарастырды. Өзіндік ерекшелігі бар зерттеуші үшін этнос кез- келген ұжым өзіне ұқсас қауымға қарсы қоя алатын өзіндік ерекше ішкі құрылымы мен айқын мінез- құлық стереотипі бар адамдар жиыны. Басқаша этностың негізгі белгілеріне мынадай психологиялық сипаттар жатады: өзін- өзі тану, ұқсастық және мінез- құлық стереотипі, топтар арасындағы және индивидтер арасындағы қарым- қатынас. Балада мінез-құлық стереотиптері алғашқы өмір жолында қалыптасады. Ал этностық қажет ету туғаннан пайда болмайды, әлеуметтену процесінде қалыптасады. Этнопсихологияның зерттеушілерінің бірі Ю. В. Бромлей 19 - 1990 этносқа былайша анықтама берді- ол белгілі бір аймақта тұрақты мекені бар, тарихи қалыптасқан, тұрақты тілі, мәдениеті мен психикасы және өзіндік ерекшелігін түсіне алатын адамдар жиыны. Бромлей этнос деген түсінікті кең мағынада «этнос» әлеуметтік ағза деп, оған мысал ретінде экономикалық және саяси ортақтығы бар халықты жатқызады. Қазіргі этнологтарда тарихи даму процесі негізінде қалыптасқан ілеуметтік топтар, олардың бір- бірімен оъективті мінездері, тілі, діні, дәстүрі байланыстырылады. Психолог үшін маңыздысы этникалық қажеттілікті қандай сипат негізінде ұғынылуы. Әрбір этнос өкілдеріне өзара келісілген этно дефференцияланған өзге этностардан ерекшеленіп тұратын белгілері бар: тілі, құндылығы, моральдық нормалар, тарихи естелігі, туған жері, өзінің кейпі туралы түсініктері, халықтың мінез- құлқы, халықтың және кәсіби өнері жатады.
Эгоцентризм - дарашылдық пен менменсудің шеткі формасы.