3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
1
|
Дәріске қатысу
|
Тақырып бойынша білім алу
|
Дәріс тақырыбына байланысты
|
Дәріс сабақ кестесі бойынша
|
|
Дәріс тақырыбы бойынша білімдерін арттыру
|
2
|
Практикалық сабақтарда тапсырманы сұрау
|
Білімді тексеру
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
Практикалық сабақ кестесі бойынша
|
Әрбір практика
лық сабаққа әзірленіп, жауап бергенге 100 ұпай
|
Тапсырмалар
дың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
3
|
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау
|
Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру
|
ОЖСӨЖ тақырыбына байланысты
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша
|
Тақырып бойынша
әрбір ОЖСӨЖ-ге 100 ұпай
|
Тапсырмалар
дың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
4
|
Жеке жұмысты орындау
|
Өздігінен жұмыстану және танымдық қабілеттерін арттыру
|
тақырыбына байланысты
|
6,13 апта соңында
|
Жеке жұмысты орындауға
100 ұпай
|
Жеке тапсырмаларды орындауын тексеру
|
5
|
Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау
|
Ойлау қабілетін және білімін тексеру
|
Бірінші жұмыс 1 -7 тақырыптарға байланысты
Екінші жұмыс 8 – 15 тақырыптарға байланысты
|
8,15 апта соңында
|
аралық бақылауға 100 ұпай
|
Аралық бақылауды тексеру, бағалау
|
6
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексеру
|
|
|
Тест – 100
|
|
4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТА
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра: «Педагогика және психология»
Тьютор: Махимова А.Қ.
Пән: «Педагогика тарихы»
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
Кафедра-да
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан., 2007ж.
|
|
|
|
|
|
|
Қазақ педагогикасы мен психологиясының тарихы.Жарықбаев К.Б.,Қалиев С.К. Алматы.Санат.1995
|
5
|
|
|
|
|
|
Педагогика тарихы . Бержанов К. Мусин С. Педагогика тарихы.А.,Санат.1995
|
10
|
|
|
|
|
|
Педагогика. Әбиев Ж.Ә. Алматы:Дарын.2004.
|
10
|
|
|
|
|
|
Педагогика.Қоянбаев Ж.Б. Астана. ЕАУ.1998.
|
25
|
|
|
|
|
|
Педагогика .Жұмабаев М.Алматы, Мектеп 1979.
|
25
|
|
|
|
|
|
Педагогика .Хмель А.Т. АГУ.,2004
|
20
|
|
|
|
|
|
История образования и педагогической мысли. Джуринский А.Н.М.,ВЛАДОС, 2003.
|
15
|
|
|
|
|
|
История педагогики: Латышина Д.И. М.,Гардарики.2003
|
7
|
|
|
|
|
|
История образования и педагогической мысли. М.,ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003.
|
8
|
|
|
|
|
|
Психология и педагогики: Лекциялар жинағы.П.,Приор-издат.,2003.
|
10
|
|
|
|
|
|
Педагогика и психология. Реан и др. СПБ.Питер.2003
|
15
|
|
|
|
|
|
Педагогика и психология. Андреева И.В. и др. СПБ.Нева..2003
|
10
|
|
|
|
|
|
Педагогика и психология профессиональной деятельности .Самоукина Н.В.,М.Тандем,1999.
|
8
|
|
|
|
|
|
Психология. Педагогика. Этика. М.,ЮНИТИ.1999.
|
5
|
|
|
|
|
|
Педагогика и психология профессиональной деятельности . Громкова М.Т.,М. ЮНИТИ-ДАНА,2003.
|
5
|
|
|
|
|
|
Педагогика и психология.Рыс Ю.И. и др.М.Академ.проект.2002
|
10
|
|
|
|
|
|
Педагогика.Подласый И.П.,М., Владос.2000
|
25
|
|
|
|
|
|
Общая педагогика. Сластенин В.А. и др.2 бөлімді.М.Владос, 2003.
|
25
|
|
|
|
|
|
Педагогика. Сластенин В.А. и др.2 бөлімді.М. Академ, 2002.
|
25
|
|
|
|
|
|
Педагогика.Харламов И.Ф.Минск:Высшая школа.,2003.
|
10
|
|
|
|
|
|
Муханбетжанова, А.М. Педагогикалык мамандыкка кириспе:
Электроннды китап.-Орал:М.Отемисов ат БКМУ,2009.
|
|
|
|
+
|
|
|
Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы[Электронды оку куралы].Алматы:Нур-Пресс.
|
|
|
|
+
|
|
|
Бабаев С.Б. Жалпы педагогика[Электронды окулык] .-Алматы:Нур-Пресс.
|
|
|
|
+
|
|
|
Молдагалиев, Б. А. Педагогикалык создик:Электронды китап.-Орал:М.Отемисов ат. БКМУ,2009.
|
|
|
|
+
|
|
|
Муханбетжанова, А.М. Педагогиканын жалпы негиздери: [Электронный ресурс]/А.М. Муханбетжанова, Ш.Т. Муканбетова.-Орал:БКМУ, РИО,2009.
|
|
|
|
+
|
|
|
Муханбетжанова, А.М. Основы 12-летнего образования:
[Электронный учебник]/А.М.Муханбетжанова, А.Б.-Уральск:
ЗКГУ РИО,2010.
|
|
|
|
+
|
|
ГЛОССАРИЙ
«Педагогика тарихы» пәні бойынша глоссарий
(пән атауы)
Орыс тілінде
|
Қазақ тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
1
|
2
|
3
|
Этнопедагогика
|
Этнопедагогика
|
Etnopedagogika
|
Воспитание
|
Тәрбие
|
Education
|
Обучение
|
Оқыту
|
Education
|
Образование
|
Білім
|
Education
|
Развитие
|
Даму
|
Development
|
Формирование
|
Қалыптасу
|
Formation
|
Педагогический процесс
|
Педагогиқалық процесс
|
Pedagogical process
|
Знание
|
Білім
|
Knowledge
|
Умение
|
Дағды, шеберлік
|
Skill
|
Навыки
|
Машық
|
Habits
|
Закономерности
|
Заңдылықтар
|
Conformity to natural laws
|
Принципы
|
Ұстанымдар
|
Principles
|
Движущие силы
|
Қозғалғыш күштер
|
Driving forces
|
Система
|
Жүйе
|
System
|
Метод
|
Әдіс
|
Method
|
Цель
|
Мақсат
|
Aim, purpose
|
Содержание воспитания
|
Тәрбие мазмұны
|
Content of education
|
Формы воспитания
|
Тәрбие үлгілері
|
Form of education
|
Средства воспитания
|
Тәрбие құралы
|
… of education
|
Концепция
|
Тұжырымдама
|
Conception
|
Личность
|
Жеке адам, тұлга адам
|
Personality
|
Индивидуальные особенности
|
Жеке ерекшеліктер
|
Individual peculiarityies
|
Возраст
|
Жас
|
Age
|
Младший школьный возраст
|
Төменгі мектеп жасы
|
Junior school age
|
Средний школьный возраст
|
Ортаңғы мектеп жасы
|
Intermediat school age
|
Старший школьный возраст
|
Жоғарғы мектеп жасы
|
Older school age
|
Стимулирование
|
Ынталандыру
|
Stimulus
|
Коллектив
|
Ұжым
|
Collective; group
|
Мировоззрение
|
Көзқарас
|
World outlook
|
Гражданское воспитание
|
Азаматтық тәрбие
|
Civil education
|
Нравственное воспитание
|
Мінез-құлық тәрбиесі
|
Moral education
|
Эстетическое воспитание
|
Эстетиқалық тәрбие
|
Aesthetic education
|
Экономическое воспитание
|
Экономикалық тәрбие
|
Economic education
|
Экологическое воспитание
|
Экологиялық тәрбие
|
Ecologycal education
|
Трудовое воспитание
|
Еңбек тәрбиесі
|
Labour education
|
Семейное воспитание
|
Отбасы тәрбиесі
|
Family education
|
Интересы
|
Мүддесі
|
Interest
|
Склонности
|
Бейімділігі
|
Inclinations
|
Способности
|
Қабілеті
|
Skills
|
Конвенция
|
Келісім
|
Convention
|
Педагогика
|
Педагогика
|
Pedagogica
|
Научное исследование
|
Ғылыми зерттеу
|
Scientific study
|
Цель
|
Мақсат
|
Purpose
|
Предмет
|
Пән
|
Subject
|
Задача
|
Міндет
|
Problem
|
Функция
|
Қызмет
|
Function
|
Категория
|
Ұғым
|
Category
|
Компонент
|
Құрлым
|
Component
|
Подход
|
Тұргы
|
Approach
|
Наука
|
Ғылым
|
Science
|
Исследование
|
Зерттеу
|
Study
|
Личность
|
Тұлға
|
Personality
|
Индивид
|
Индивид
|
Individual
|
Ребенок
|
Бала
|
Child
|
Образовательное учреждение
|
Білім беру орны
|
Educational institution
|
История педагогики
|
Педагогика тарихы
|
History of pedagogica
|
История психологии
|
Психология тарихы
|
History of pshicology
|
Возрастные особенности
|
Жас ерекшелігі
|
Age particularities
|
Средства
|
Құралдар
|
Facilities
|
Взаимодействие
|
Өзара әсер
|
Interaction
|
Модель
|
Модель
|
Model
|
Интеграция
|
Интеграция
|
Integration
|
Дифференциация
|
Дифференциациялау
|
Differenciaciya
|
Методология
|
Әдістеме
|
Methodology
|
Антропология
|
Антропология
|
Anthropology
|
Аспект
|
Аспект
|
Aspect
|
Целеполагание
|
Мақсат қою
|
Celepolaganie
|
Социализация
|
Әлеуметтену
|
Socialization
|
Субъект
|
Субъект
|
Subject
|
Объект
|
Объект
|
Object
|
Теория воспитания
|
Тәрбие теориясы
|
Theory of Upbringing
|
Образование
|
Оқыту
|
Education
|
Гуманистический
|
Гуманистикалық
|
Humanistic
|
Аксиология
|
Аксиология
|
Acsiology
|
Ценности
|
Құндылықтар
|
Valuables
|
Педагогика- адамды әр түрлі даму кезеңдерінде тәрбие туралы ғылым.
Педагогика- тәрбиенің заңы мен заңдылықтары туралы ғылым.
Педагогика пәні- жеке адамның қалыптасуынан және дамуының мәнін зерттеп, оны негізде тәрбиенің теориясы мен әдістемесін анықтап, оны әдейі ұйымдастырылған педагогикалық поцесс ретінде қарастыру болып табылады.
Тәрбие- адамның рухани дамуы мен оны қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлаудың мақсатты бағытталған процесі.
Тәрбие( әлеуметтік тұрғыда)- бұл аға ұрпақтың тәжірибесінің кіші ұрпаққа берілуі.
Тәрбие тар мағынада- мұғалімнің және тәрбиешінің ата- аналарымен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстары деп түсіну керек.
Тәрбие кең мағынада- табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата- аналардың, бүкіл бұқараның, тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін ықпалы деп түсіну керек.
Оқыту- оқушылардың біліммен, іскерлік және дағдылармен қаруландыратын, олардың санасы мен құлқына әсер ететін, оқушылардың белсенді таным- білім әрекетінің, олардың жан- жақты дамуының процесі.
Білім беру- қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі.
Білім беру мазмұны- ғылым білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі.Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми- материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Қалыптасу- тұқым қуалаушылықтың, ортаның, мақсатты бағытталған тәрбиенің және адамның өзінің белсенділігінің объективті әсерінің нәтижесіндегі жеке адамның құрылуының процесі.
Даму- адамның немесе жүйенің жаңа белгілерге ие болуы, прогрессивті өзгеруінің тәсілі.
Білім беру мазмұны- ғылыми білімнің, іскерліктің жәнедағдының жүйесі.Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақылойы, қабілеті дамиды, ғылыми- материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Педагогикалық заңдылық- қандай да бір процестің кезеңін де немесе қоғамдық өмірдің кез- келген аясындағы объективті түрде бар, қайталанатын, мәнді байланыстағы құбылыстар.Оқыту заңдлықтары нақты жағдайда заңдардың әрекетінің көрінісі ретінде қарастырылады, яғни оқыту процесінің компоненттерінің құрамдас бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстары.
Заң- қатаң сақталалған заңдылықтар.
Педагогикалық принциптер- талаптардың көрініс табатын негізгі бағыты.Формасы мен әдістерінің оның мақсаты мен заңдылықтары.
Ереже- педагогикалық әрекеттің арнайы оқшауланған жағдайларда мақсатқа жету.
Жеке тұлға- дамытылған, сана мен өзіндік сананың көзі, қайтадан өңдеу әрекеті.
Әлеуметтану- адамның қоғаммен өзара қарым- қатынасы.
Тәрбие- мақсатты түрдегі және саналы бақыланатын әлеуметтену.
Өзін-өзі тәрбиелеу- теріс жекелік белгілерді жеңуге өзін жетілдіруге, өзін дамытуға, өздігінен білім алуға бағытталған адамның саналы, мақсатты бағытталған іс-әрекеті.
Педагогиканың міндеті- тәрбиенің материалдық жағдайы педагогтар мен тәрбиеленуші-лердің бірлескен мақсатқа бағытталған өзара қарым- қатынасы.
Методология- зерттеудің немесе танып білудің жолы, теория,ілім және теориялық , практикалқ іс-әрекетті құрудың және ұйымдастырудың принциптері мен тәсілдерінің жүйесі, танып білудің ғылыми әдісі туралы ілім, қандай да бір ғылымда қолданатын әдістердің жиынтығы.
Педагогиканың методологиясы- қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педа-гогикалық шындықты шынайы дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы жайында, бастапқы жағдайлар туралы білімдер жүйесі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері- шындықтың құбылыстарын эмпирикалық және теориялық танудың,зерттеудің тәсілдері, процедуралар және операциялары.
Педагогикалық процесс- қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған, арнайы ұйым-дастырылған, белгілі бір тәрбиелік жүйе аясында және уақыттық дамудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен іс-әрекеті.
Педагогикалық жүйе-педагогикалық шындықтың құбылысының мәнін, оның мақсатын, мазмұнын, оны жүзеге асырудың тәсілдері сипаттайтын қажетті және жеткілікті элементтерінің жиынтығы.
Педагогикалық әрекеттестік- бұл оқушының қатынастарын, іс- әрекетін, мінез-құлқын өзгерту мақсатындағы педагогтың баламен арнайы байланысы.
Этнопедагогика – оқыту және тәрбиелеудің этникалық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым / С.Узакбаева, К.Кожахметова/.
5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ.
№ 1 дәріс
Тақырыбы: Педагогика тарихы пәні, міндеттері және зерттеу әдістері
Дәрістің мазмұны:
1. Ғылым және оқу пәні ретіндегі педагогика тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері.
2. Педагогика тарихы пәнінің зерттеу әдістері, әдіснамалық негізі
3. Педагогика тарихының қайнар көздері, басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді.
Білім берудің және педагогикалық ойлардың тарихы курсының бағдарламасының негізіне дүниежүзілік тарихи-педагогикалық процесті талдаудың негізгі ұстанымдары салынған: өркениеттік, антропологиялық мәдениеттанымдық, формациялық, нақты-тарихи, тұтастық.
Әртүрлі тарихи кезеңде өмір сүрген, өзінің педагогикалық еңбектерімен педагогика ғылымына елеулі үлес қосқан прогрессивтік бағыттағы педагогтар мен көрнекті ойшылдар өзінен кейінгі ұрпаққа қаншама өшпес мұра қалдырды. Атап айтқанда, өткен кезеңнің ұлы педагогтары- Я.А.Коменскийдің, Жан-Жак Руссоның, Н.И.Пироговтың, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервегтің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың және т.б. педагогикалық мұралары тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан дұрыс бағалауды қажет етеді.
Педагогика тарихы пәнінде өткендегі педагогтардың ілімдерін қарастырумен қатар, ғұлама философтардың, ойшылдардың, ағартушылардың және қоғам қайраткерлерінің педагогикалық көзқарастары қарастырылады.
Елімізде «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама қабылданғаны белгілі. Бұл ерекше мемлекеттік құжаттың өткендегі тарихи-педагогикалық мұрамызды зерделеуде мәні ерекше.
Педагогика тарихының мақсаты- педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қарауды қамтамасыз ететін, педагогикалық ұғымдармен жаңаша ойлай білетін, болашақты болжай білетін студенттердің дүниеге көзқарасын қалыптастыру.
Педагогика тарихының міндеттері::
өркениеттік-антропологиялық ыңғай тұрғысынан студенттерде тарихи-педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру;
әр түрлі тарихи кезеңдерде және халықтардың ұлы педагогтарымен таныстыру; бірқатар жетекші педагогикалық мәселелерді тарихи-салыстырмалы астарларда қарастыру;
тарихи-әдебиетпен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру;
тарихи-педагогикалық идеяларға өзіндік баға беруге үйрету;
тарихилық және қазіргі кезеңнің арақатынасы туралы базалық әдіснамалық ережелерді студенттердің меңгеруі және түсінуі;
педагогика тарихының қалыптасу, даму үрдістерін, заңдылықтарын, кезеңдерін және ерекшеліктерін білмей, педагогика ғылымының, білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын бағалау мүмкін емес;
әрбір халықтың мәдени дамуы мен барлық адамзат қауымдастығының даму арақатынасы жағдайында қазіргі мектептің жетілу сабақтастығын анықтау.
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлкеттік стандартына сәйкес педагогика тарихы курсын оқыту барысында студенттерді тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің, мектепте білім берудің, әртүрлі кезеңдер мен залықтардың, оның ішінде өз халқының ағартушылары мен педагогтарының педагогикалық көзқарастарының идеяларының қалыптасу және даму тарихы бойынша біліммен қаруландыру.
Педагогика тарихын оқыту барысында студенттен төменгідей біліктілікті меңгеруі қажет:
тарихи білімнің мәдени және қоғамдық әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін талдау;
отандық мектептің және педагогиканың тарихын түсіну мен объективті тұрғыдан ашып көрсету, әрі бірыңғай әлемдік тарихи-педагогикалық үрдіспен байланысын тереңірек меңгеру;
қоғамның қазіргі жағдайында өткендегі жағымды тәжірибені шығармашылықпен пайдалану.
Әдістеме шындықты танудың ерекше жалпы жолдары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Болмыстың мәні, болмыс пен сананың қатысы, адамның мәнін тану сияқты мәселелердің әдістемелік тұрғыдан маңызы ерекше.
Қазіргі кезде зерттеушілер орыс философиясы мен педагогикалық ой-пікірінің көрнекті өкілдері Н.А.Бердяев, В.В.Зенковский, И.А.Ильин және т.б. идеяларына көңіл бөліне бастады. Олардың паймдауынша рухани дүниенің мәнін сананың рөлін, оның адамның және қоғамның дамуына әсерін атап көрсетті.
Педагогика тарихы ғылым және педагогикалық құбылыс ретінде кеңестік дәуірде көп жылдар бойы өзінің әдістемелік негізіне диалектикалық және тарихи материализмге біржақты басшылыққа алып келеді.
Тарихи-педагогикалық үрдісті, оның ішінде тәрбие тарихын әлеуметтік құбылыс ретінде бағалауда таптық көзқарас басшылыққа алынады. Бұл құбылыстарға таптық тұрғыдан қарау тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің барлық байлығын тежеп отырды, тарихтағы көрнекті педагог тұлғалардың идеяларын жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық идеяларын пайымдауда біржақтылыққа ұрындырады, сонымен қатар объективтілік тұрғыдан олардың тарихи-педагогикалық үрдістегі орны мен мәнін дұрыс бағаламауға жол берілді.
Тарихи-педагогикалық білім беруде маңызды әдістемелік негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол тәрбиенің тарихи-педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды енгізуге мүмкіншілік жасайды, оның дамуын, қозғалысын әлеуметтік себептермен негіздейді.
Келесі педагогика тарихының әдістемелік негіздеріне мәдениеттану тұрғыынан қарауды жатқызуға болады. Оның мәні мәдениет ұғымының өз мәнімен байланысты, мәдениетті өмір сүру үрдісінде адамзаттың жинақтаған тәжірибесі деп анықтама беруге болады.
Тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуде дәстүрлі педагогикалық әдістер кеңінен қолданылады. Дәстүрлі әдістер деп педагогика ғылымының бастауында тұрған зерттеу ілімдерден ағартушы ойшылдардан мүрагерлікпен қазіргі педагогика ғылымына жеткен әдістерді айтамыз. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер; олар күні бүгінге дейін педагогика ғылымында пайдаланылып келедк.
Зерттеу жұмысының мәселесі пәні және міндеттеріне сәйкес барлық тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен бірлікте қарастырылады, сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы ретроспективті, статистикалық, салыстырмалы талдауға, деректі әдеби, мұрағат материалдарын теориялық жинақтауға бағытталған әдістер қолданылады.
Тәжірибені зерттеу- педагогикалық зерттеудің ертеден қолданылып келе жатқан әдістерінің бірі. Кең мағынада тәжірибені зерттеу әдісі тәрбиенің тарихи байланысын орнатуға, жалпы, оқу тәрбие жүйелерін айқын көрсетуге бағытталған ұйымдасқан таным қызметі болып табылады.
Бұл әдіс әдебиетпен жұмыс істеу әдісімен тығыз байланысты. Педагогика тарихын зерттеу үшін қажетті әдебиет құжаттары мен қайнар көздеріне мыналар жатады: ҚР үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Ата Заңымыз, Білім беру туралы Заң, 2005-2010 жылдарға дейін арналған Білім беру тұжырымдамасы, Мемлекеттік білім бағдарламасы, Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен нормативтік құжаттары); жалпы адамтану мәселелері, педагогика тарихы бойынша классиктердің еңбектері; тарихи-педагогикалық әдебиеттер; мұрағат құжаттары мен басқа да тарихи-педагогикалық материалдар; мерзімдік педагогикалық басылым; мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиеттер; халықтық педагогиканың даналығы; халық ауыз әдебиетінің үлгілері (мақал мәтелдер, ертегілер, шешендік өнер, айтыс өнері, батырлар жырлары, дастандар және т.б.); тәрбие мәселелері жөніндегі жазылған мемуарлық және көркем әдеби шығармалар, ескі жазба ескерткіштер, жазушылардың, философтардың, ойшылдардың, педагогтардың әр кезеңдегі педагогика, тәрбие, білім беру мәселелеріне арналған еңбектері жатады.
Педагогика тарихы ғылым және пән ретінде көптеген гуманитарлық ғылымдармен, әсіресе мәдениет тарихымен тығыз байланысты. Тәрбиенің, білім берудің, оқытудың міндеттерін дұрыс шеше білу- қоғамдағы мәдениеттің дамуының басты шарты. Жас ұрпақтың мәденитеі мен тәрбиесінің дамуының арасындағы өзара байланысты тарихи педагогикалық үрдісті анықтау педагогика тарихының ғылым және оқу пәні ретінде негізгі міндеттерінің бірі.
№ 2 дәріс
Тақырыбы: Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие.
Алғашқы қауымдық өркениеттің деңгейлеріндегі тәрбиенің тууы.
Алғашқы қоғамдағы тәрбие.
Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы
Тәрбие — бұл қоғамдық өмірдің құбылысы. Ол адамның және адамзат қоғамының дүниеге келгенінен бастап пайда болды. Бала тәрбиесі адамзат қоғамының дамуымен байланысты жалпы мәңгілік үғым болып табылады. Қоғам бар жерде тәрбие де болады. Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты. Ол ұрпақтар арасында сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Аға ұрпақ әруақытта өз білімі мен тәжірибесін кейінгі үрпаққа беріп отырады.
Тапсыз қоғамда ру, отбасы болмағанда адамдардың негізгі айналысатын кәсіптерінің түрі балық аулау, аңшылық болды, балалар ерлермен бірге аңшылық және балық аулаумен ерте айналысты, ал қыз балалар аналарына үй жұмыстарына, тамақ дайындауға көмектесті. Адамдардың еңбек қажеттіліктерінің негізінде тәрбие еңбек үрдісімен байланысты өрбіді.
Адамзат қоғамы дамуының алғашқы сатысында тәрбиенің мақсаты еңбекке араласқан балаларға үлкеңдер қарапайым еңбек құралдарын қалай дайыңдау және пайдалану керектігін үйретеді және түсіндіреді. Еңбек түрлерінің қиындау деңгейіне қарай адамдар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан кезде ру пайда болды, тәрбиенің рөлі арта түсті жөне оның түрлері өзгерді. Еңбек үрдісінің өзінде оқта-текте айтылатын нұсқаулардан балаларды бірте-бірте еңбекке даярлауға, оларды еңбектен бос уақыттарында әртүрлі дағдылар мен ептіліктерге оқытуға көшу іске асырылды. Сонымен қатар балаларды рудың дәстүрлерімен, діни түсініктерінің ережелерімен таныстырды.
Алғашқы қауымдық қүрылыста отбасы болмаған кезде, балалар руға ортақ болды. Балаларды тәрбиелеу мәселесімен ру мүшелерінің ерекше тәжірибелі, құрметті адамдары, ақсақалдар айналысты. Кейіннен моногамдық отбасы пайда болғанда, балаларды тәрбиелеу мәселесімен өзі айналысты. Бірақ оның тәрбиесінің нәтижелерін ру, тайпаның ақсақалдары бақылап отырды. Бұл кезде тәрбие тапсыз сипатта болғандығы өзінен-өзі түсінікті. Барлық бала бірдей дәрежеде кеңінен қамтылды.
Қоғамның дамуының алғашқы сатысында, алғашқы қауымдық қүрылыс кезінде адамдардың өмір жағдайлары өте ауыр болды, сондықтан да олар өмір сүру үшін бәрі бірге, тек ұжымдық қатынас түрінде еңбек ету қажет болды. Әлеуметтік теңсіздік, тап деген болмады, адамдар ортақ үйлерде тұрды және бала тәрбиелеу ісі де барлық руларға ортақ болды. Тапсыз қоғамда барлық бала бірдей өздеріне лайықты іс-әрекетке ерте қатыстырылды. Жас кезінен бастап олар қоректік азықты өндіруге қатысты — жеуге болатын өсімдіктерді, жемістерді жинады. Жас шамасына қарай олардың үлкендермен бірлескен еңбекке қатысу дәрежесі өсіп отырды. Үлкендермен бірге және олардың басшылығымен балалар мен жеткіншектер өмірге қажетті еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгерді. Қыз балалар мен ер балалардың тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер болды. Жоғарыда айтылғандай, балалар ерлермен бірге аңшылықпен және балық аулаумен басқа да кәсіппен айналысты, оларды күресе білуге, садақ ата білуге, атқа мінуге үйретті; қыз балалар үй шаруасына, әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге, ыдыс-аяқ жасауға қатыстырылды. Барлық баланы жануарларды күтуге, егіншілікпен айналысуға үйретті, қолөнердің дамуымен оларды қолөнерге баулыды.
Жекеменшіктің, құлиеленушіліктің және моногамдық отбасының пайда болуымен алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталды. Жеке неке пайда болды. Отбасы ең негізгі қоғамдық қүбылыстардың бірі болды, өз бетімен шаруашылық жүргізді, сонымен қатар бала тәрбиесімен айналыса бастады.
Отбасы тәрбиесі тәрбиенің бұқаралық түріне айналды. Пайда болған үстем таптар (көсемдер, ақсақалдар) ақыл-ой білімін дене еңбегінен бөлуге ұмтылды. Алғашқы білімнің негіздерін (жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала түсіндіру, адамдарды емдеу тәсілдері жөне т.б.) үстем таптар өздерінің қолдарына жинақтап, оларға өз үстемдігін жүргізді. Ой еңбегі мен дене еңбегінің арасында айырмашылықтар байқала бастады. Осы білімнің алғашқы түсініктерін оқыту үшін арнаулы мекемелер (мектептер) ұйымдаса бастады. Бұл үстем таптардың билігін арттыра түсті. Дене еңбегімен негізінен бұқара халықтың балалары айналысты. Ондай отбасыларда балалар еңбекке ерте үйретілді, ата-аналар өз тәжірибесін беріп отырды. Мектептерде жүргізілетін ұйымдасқан тәрбие бірте-бірте үстем тап өкілдерінің ісі бола бастады
Тәрбиенің пайда болуы туралы мәселені буржуазиялық ғалымдар әртүрлі түсіндіріп келді. Оны түсіндіруде буржуазиялық ғалымдардың арасында әртүрлі көзқарасты саралағанда кейбірінде, алғашқы адамдардың экономикалық өмірі мен еңбек әрекетінде және қоғамдық дамудың ең алғашқы даму сатысында бала тәрбиесінің өзегінде өмір сүрген тығыз байланысты жоққа шығару көзқарасы тән. Буржуазиялық ғалымдардың тәрбиенің пайда болуы туралы кейбір тұжырымдары адамның дамуы туралы тұрпайы-эволюциялық түсініктердің ықпалымен қалыптасқан, ол негізінен тәрбиенің әлеуметтік мәнін жоққа шығаруға, оның үрдісін биологияландыруға алып келеді.
Жануарлар дүниесіндегі жинақталған нақтылы материаддарға негіздей отырьш, аға үрпақтың кейіші үрпаққа қоршаған ортаға бейімделу дағдысын беру "қамқорлығын" осы түжырымдамалардың Ш.Летурно, А.Эспинас сияқты жақтаушылары жануарлардың инстинктивті іс-әрекетін алғашқы адамдардың төрбиелік төжірибесімен бірдей деп қарастырады және төрбиенің негізіне адамдардың түқым жалғастыру инстинктивтік үмтылыстары жатады, табиғи сүрыптау зандылығы әрекет етеді деген теріс қорытынды жасайды. Тәрбиенің пайда болуының негізгі шарты алғашқы қоғамдағы адамдардың еңбек іс-әрекеті және қалыптасқан қоғамдық қатынастар болып табылады.
Тәрбиенің пайда болуы жөнінде әлемдік ғьшымда бірнеше түжырымдама үсынылады. Ондай көзқарастың дәстүрлі түрлерінің біріне эволюциялық-биологиялық теорияны (Ш.Летурно, Дж.Симпсон, А.Эспинас) жөне психологиялық теорияны (П.Монро) жатқызуға болады.
Эволюциялық-биологиялық теорияның өкілдері алғашқы қауымдық қүрылыс кезіндегі адамдардың тәрбиелік іс-өрекетін жоғары сатыдағы жануарлардың түқым қалдыру туралы инстинктивті қамқорлығымен байланыстырады.
П.Монро негіздеген психологиялық теория бойынша төрбиенің пайда болуын балалардағы санасыз инстинктің үлкендерге еліктеуінің байқалуы деп түсіңдіреді. Екі теорияда да бір-біріне үқсас түжырым қалыптасты: алғашқы төрбиенің пайда болуы оның ортаға бейімделуі деп түсіндірді
№ 3 дәріс
Ттақырыбы: Ежелгі Шығыс елдеріндегі және антика әлеміндегі тәрбие және мектеп
Дәрістің мазмұны:
1. Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу
2. Ежелгі Египет мектебі
3. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие.
Одан әрі тарихи дамудың нәтижесіңде алғашқы қауымдық қүрылыс жаңа қоғамдық формация - құлдық қоғаммен ауысты. Ежелгі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мөдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мөдениеті белгілі дәрежеде ежелгі Греция мен Рим мемлекеттеріне өсерін тигізді. Сол кезде Шығыс еддеріңце арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
Ежелгі Индиада мектеп ашьша бастады. Мывдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың үйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді. Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат қүбылыстарына бақылау жүргізіп, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап окілдерінің қолында жинақталған.
Ежелгі Қытайда томенгі жене жоғары мектептер жүмыс істеді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі иероглиф тосілімен оқуға жөне жазуға үйренді, философия және мораль туралы жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр т.б.) төрбие туралы, мүғалім мен төрбиеге қойылатьш талаптар туралы қүнды ойлар кездеседі. Бүл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауы кеңінен қолданылады.
Ежелгі Шығыстың, Греция мен Римнің қүлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогакалық теориялар дүниеге келеді.
Ежелгі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.з.д. 3-мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жывдар бойы Ніл сағасында белгілі психологаялық жеке түлға қальштасты. Ертедегі ешпетгікгердің вдеалы сөзге сараң, тағдырдың қиьшдығы мен соққысына шьщай білетін, табаңцы адам болып табылады. Осывдай адамды оқыту жөне тәрбиелеу мақсатын қойды.
Ежелгі Египетте отбасы төрбиесі мен оқыту өйелдер мен ерлердің өзара қарым-қатынасыньщ сипатьш бейнелейді. Бүл қарым-қатынас тепе-тендік негізінде қүрылды. Сондықтан да ер балалар мен қыз балаларды оқытуға бірдей көңіл бөлінді.
Сол кезде қолданылған әдістер мен тәсіддер төрбие мен оқьпудың мақсатгары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыны ең алдымен тыңцай білуге үйретті. "Тындай білу — адамның ең негізгі қасиеті" қанатты сөзі кеңінен қодданылды. Мүғалім өз шөкіртіне күнделікті мынадай сөздерді жиі қолданды: "Зейінді бол жөне менің сөзімді тында, менің саған айтқан сөзімнің ешқайсысын да үмытпа".
Египеттіктер дене жазалауына ерекше мөн берді. Дене жағынан жазалау табиғи және қажетті деп есептеді. Көп ғасырлар бойы Египетге әкенің, төлімгердің ерекше беделін қастерледі. "Әруақытта да әкеңнің жөне ата-бабаңның жолымен жүр" деген дөстүр мен түқым арқылы мамандық беру қалыптасты.
Ежелгі Индия тарихы екі дәуірге бөлінеді: дравид-арийлік және будда дәуірі. Индия түбегіндегі б.з.д. 2 мыңыншы жылдықтың бірінші жартысына дейін жергілікті халық -дравид тайпаларының өркениеті Екі өзеннің арасындағы алғашқы мемлекеттердің медени деңгейіне сөйкес келеді. Төрбие мен оқыту отбасылық-тектілік сипатта бодды, оның релі ерекше бодды.
Ежелгі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық қүрылыс өзіндік із қалдырды. Тәрбие мем оқытудың генезисінің екінші негізгі жағдайларының біріис діни идеологияның (буддизмнің) өсері бодды.
Индияда әлеуметтік жағынан үстемдік еткен каста-брахмандар бодды. Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамытуға ұмтылды. Брахмандарда ең негізгі сапалар интеллектуалдық артықшыпыққа, екінші каста — кшатрийлер - мықтылық пен ерлікке, вайшьилер — еңбек сүйгіштікке жөне шыдамдылыққа, ал шудралар — қүлшылық етуге ерекше мөн берді.
Идеялық тәрбие беруге тек қана жоғарғы касталардың мүмкіндігі болды. Тәрбиенің мақсаты - ақыл-ой дамуы, рухани төрбие, дене жағынан жетілу, табиғатқа, сүлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және үстамдылық.
Ежелгі Индияда ерекше қасиетті және сонымен бірге оқу кітабі болып табылатын "Бхагавадгита" (б.з.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады, шөкірттерді тәрбиелеу жөне оқыту мазмүны мен жоддарының үлгілері үсынылды.
Басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты Ежелгі Қытайдың бай жөне өзіндік педагогикалық дәстүрінің негізіне түбірімен алғашқы қауымдық қүрылыстағы отбасылық-қоғамдық тәрбие төжірибесі жатады.
Әрбір отбасындағы өмір ғасырлар бойы қалыптасқан дөстүрлер мен түсініктердің белгісімен іске асты. Барлық отбасы мүшелері белгілі ережелерді жөне шектеушіліктерді сақтауы қажет болды, мәселен, жаман сөздер айтуға, үлкендерге жөне басқа да туысқандарға зиянды қылық көрсетуге тиым салу.Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, "өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды төрбиелеу" мақсатын қойды. Тербиелік қатынастардың негізіне жастардың үлкендерді сыйлай білуін жатқызды.
Ертедегі кітаптар бойынша бірінші мектептер Қытайда б.з.д. 3-мыңжылдықта пайда бодды. Олар сян жөне су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты иероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу.
Қытай — ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекетіің бірі ретівдс торбие мен білім беруді теориялық түрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасадды. Ежелгі Қытайда педагогикалық ой-шкірдің дамуына Конфуций және оның ізбжарлары срекше ықпал етті.
Конфуций (б.э.д. 551— 479ж.) өзінің мектебін қүрды, овда Тмьщға тарта шокірт даярлады. Конфуций Ежелгі Қытайда төрбиелеу жоне оқыту төрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойпары мен вдеяларын үсынды. Конфуцийдщ айтуынша, вдеаддық төрбиеленген адам-адамгершілігі жоғары, шындыққа үмтылушы, әділ, рухани мәдениегі бай адам болуы керектігін ерекше жоғары бағалады.
№ 4 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |