Тақырып: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері. Дәрістің мазмұны: Республикада бастауыш, орта және білім беретін кәсіби жоғары мектептің дамуы
50-90 жылдарда республикада педагогика және психология ғылымдарының дамуы
Ұлы Отан соғысына дейінге жылдарда елімізде қалыптасқан мектеп жүйесі соғыстан кейінгі жылдарда да негізінен сақталды.
1945-1960 жылдары мектептердің, оларда оқитындардың саны кұрт өсе бастады. 1960 ж. Жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді ,онда 1млн.814 мыңнан астам оқушы оқып, білім алады.
1954 жылы тың игеру қозғалысы кезінде елде жаңа 360 совхоз орнап, жүздеген мектеп салынды.
1956 жылдан бастап мектептің жаңа түрі мектеп интернаттар ашыла бастады. Мектептің бұл түріне жалғыз ана тәрбиесіндегі балалар,мүгедек адамдардың балалары,ата-анасыз балалар алынады.Ата-анасыз балалар, көп балалы отбасындағы және аз жалақы алатын отбасындағы балалар түгелдей мемлекет қаржысына тәрбиеленеді.
Отбасына көмек көрсету мақсатында мектептерде балалар күні бойы болатын ұзартылған бөлімдер ашылды. Мектептің бұл түрі көпшілік тарапынан зор қамқорлыққа ие болды. Мұндай мектептерді ашуға колхоз, совхоздар, өндіріс орындары және ата-аналар белсене араласты. Бұл мектептердің жағымды жағы балалар сабақтан бос уақыттарында ұйымдасқан түрде жұмыстар жүргізіп, үй тапсырмасын орындап отырды. Мұғалімдердің бақылауымен орындалған тапсырмалар оқушылардың түсінбей қалған тақырыптарын қайта пысықтауға көмектесті. Сондай-ақ, мұндай мектептер нашар үлгіретін оқушыларға, жағдайсыз отбасындағы балаларға мектепті тастап кетпеуге ықпал етіп отырды.
1958 жылғы мектеп туралы заңға сәйкес 7 жылдық мектептер 8 жылдық мектептерге айналдырылды. Сегіз жылдық мектептерде балалар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындық алды.
1958 жылғы мектеп туралы заңға сәйкес 7 жылдық мектептер 8 жылдық мектептерге айналдырылды. Сегіз жылдық мектептерде балалар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындық алды.
1960 жылы республикада бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Сондай-ақ, осы жылдары Қазақстанда төл оқулықтар жасау мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, І.Кеңесбаев, А. Ысқақов Т. Қордабаев, Ш, Шәкірбаев сияқты республикаға белгілі көрнекті ғалымдар айналысты.
1960 жылдардан бастап орта мектептердің өсе бастады. 1965-1966 оқу жылында республикада жалпы білім беретін 9500 мектеп болды.
1960-1970 жылдар арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962-1963 оқу жылында аяқталды. Оқушыларды емтихандар алу арқылы сыныптан сыныпқа көшіру, орта мектепті үздік бітірген оқушыларды алтын және күміс медальдармен марапаттау сияқты шаралар іске асырыла бастады.
Қазақстан мектептерінің құрылуында және дамуында республикалық педагогикалық баспасөздің ролі ерекше. Қазақтың мемлекеттік «Мектеп» баспасының оқу-тәрбие жұмысындағы елеулі еңбегі ерекше атап айтуды керек етеді. Бұл баспа жыл сайын мыңдаған тиражбен мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын,оқытушыларға арналған методикалық және көмекші құралдарды дайындап шығарды.
Республикамызда «Мектеп» баспасы, Қазақстан мектебі журналы, «Қазақстан мұғалімі» газет» озат тәжірибенің таралуына сонымен қатар, педагогикалық идеяларды насихаттауда зор еңбек етті.
Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа проблемалар туындады.
Тың игеру кезіндегі оңды өзгерістермен қатар,қазақ мектептеріне зиянды әрекеттер де болды.Мысалы осы жылдары республикада 700ден астам қазақ мектептері жабылып, олар орыс-қазақ мектептеріне немесе таза орыс мектептеріне айналды.Осы жылдары қазақша басылымдардың саны да кұрт азайып кетті.
Хрущевтік «жылымдық» пен Брежневтік тоқырау жылдарында қоғамдық прогрестің өрескел іркілістері кеңес халқының санасына жалпы адамзаттық абстрактілі мінез-құлық ережелерін барынша сіңіріп бақты.
Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап оқытуды енгізді Ол ана тілінің мемлекеттік дәрежедегі рөлінің төмендеуін туғызды.
70-жылдары республикада жалпыға бірдей міндетті 8жылдық білім беру жүйесі жасалғанмен,мектеп өміріндегі кемшіліктер де аз емес еді.Оқу бағдарламаларын тым күрделі,қажетсіз, қосалқы материалдардан арылту проблемасы туды.
Жалпыға бірдей міндетті 8жылдық білім оқудың сапасына да кері әсер етті,өйткені «толық үлгерім» беру үшін жүргізілген науқанның желеуімен саналы оқуға талап қою төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында оқу орыс тілінде жүргізілгендіктен, қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кұрт төмендеп кетті.Ата-аналар арасында «орынша оқымасаң, дұрыс маман бола алмайсың, жоғары білім ала алмайсың»деген теріс түсінік кең етек жайды.
1980-1990 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі оқуға 6 жастан бастап алу мәселесі. Сондай – ақ, ауылдық жерлердегі шағын комплектілі мектептер проблемаласын шешу, бастауыш мектеппен балабақша комплексін ашу, баланы мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл беру.
Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары атындағы қазақ білім проблемалары институты оқу құраладрын жетілдіру, тілдерді тереңдете оқыту, компьютерлік ткхниканы қолдану арқылы білімді тереңде тиянақты меңгеру, бастауыш мектепте пәндерді интеграциялау, халық педагогикасының озық үлгілерін ұлт мектептерінің оқу-тәрбие процесіне батыл енгізу мәселелерімен айналысуда.
Оқуды өнермен байланыстыру, оқушыларды білімді өз бетемен іздене, дербес игеруіне баса көңіл бөлу қажеттілігі туындай бастады. Өйткені мұғалімдер көп жағдайжа процент қуалап, шәкірттерге сапасыз білім беруге бой ұрды. Мектеп бітірген оқушылардың көпшілігі теориялық білімді күнделікті өмірде қолдана алмайтын халге жетті.
1977ж Қазақстан Коммунистік партиясынның Орталық Комитеті мен Қазақ Министрлер совентіеің қалысына сәйкес оқушыларды оқулықтармен тегін қамтамасыз ету қолға алынды. 1981 жылы «Халық ағарту жүйесін одан әрі дамытуды, елімізді мамандар және маман жұмысшыларымен қамтамасыз ету қажеттілігін толығымен орындау» міндеті қойылды.
Оқушыларға еңбек, моральдық эстикалық тәрбие берудің формалары мен әдістерін жетілдіре түсуге ерекше көңіл бөлу мәселелері күн тәртібінде тұрды. Жалпы білім беретін мектептердің даярлық кластарына балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшудің негізін жасау қажет деп көрсетілді. Мектептің ұзартылған күн топтарының санын 1986 жылы 13-14 миллионға жеткізу талап етілді.
Мектеп жанындағы интернаттар мен мектеп интернаттардың өсуіне жете көңіл бөлінді. Жеке пәндерді тереңдете оқытатын мектептермен қатар, Алматы қаласында физика-математика мектебі осы пәндерден жүйелі білім беру ісін жүзеге асырды.
Республика мектептерінде оқушылардың еңбекке баулу мәселесіне де көңіл бөлінді. Осы мақсатта мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттар ашылды, оқушылардың оқу-өндірістік бригадаларының саны көбейді.
Осы жылдары республикада 18 педагогқа институты және 26 педагогика училищелері мұғалімдер даярлау ісімен шұғылданды. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары қалалық, облыстық, республикалық деңгейде қызмет жасады.
Ы. Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясында оқу стандарттарын жасау қолға алынды. Академияның теориялық және пәндерді оқыту лабраториясында білім стандарттаудың төрт обьектісі қатар қолға алынды.
№ 26 дәріс