Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін Өндіру технологиясы


Жүн шикізатының түрлері. Қой жүнінің негізгі топтары. Қылшық жүнге ондағы талшықтардың негізгі түрлерінің сандық қатынасына талдау жасау. Жүн және оның элементері



бет2/12
Дата24.07.2017
өлшемі2,23 Mb.
#21949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2 Жүн шикізатының түрлері. Қой жүнінің негізгі топтары. Қылшық жүнге ондағы талшықтардың негізгі түрлерінің сандық қатынасына талдау жасау. Жүн және оның элементері

Қойдың жүнің түрлі талшықтарының қатынасына байланысты біртекті (биязы және жартылай биязы жүнді) және әртекті (қылшық және жартылай қылшық жүнді) деп бөледі.


1-тапсырма. Жүн талшықтарының негізгі түрлерін, олардың сыртқы ерекшеліктерін сипаттау: бұйралығы, иілгіштілігі, қалыңдығы, ұзындығы, беріктілігі, жылтырлығы (2.5 – кесте ).

2.5 - кесте – Жүн талшықтарына сипаттама



Талшық түрлері

Талшықтарының сипаттамасы

Түбіт




Аралық талшық




Қылшық




Өлі талшық





2-тапсырма. Қойдың табиғи жүнінің топтарына сипаттама беру.
2. 6 - кесте – Жүн топтарының сипаттамалары

р/с


Жүн

топтары


Жүн топтарының сипаттамалары

1







2







3







4








3-тапсырма. Қылшық жүнді сынамасына оның құрамындағы жүн талшықтарының негізгі түрлерінің проценттік қатынасына талдау жасау (кесте 2.7).

Бір текті емес жүн үлгісіне жүн талшықтарының негізгі түрлерінің проценттік қатынасына талдау жасау техникасы. Салмағы 2-3 кг жүн үлгісін сабын-сода ерітіндісінде (1 литр суға 2 г кальцийленген сода және 3 г 72% шаруашылық сабыны) 45-50 градус температурада жуу қажет. Осы талдау жұмысын жүргізу үшін жүнді сабын-сода ерітіндісінде жуу, жүннен оған жабысып қалған түрлі қоспалардан тазалауды қамтамасыз етеді.

Әрбір үлгінің жүнін жуу үшін, оларды сабын-сода ерітіндісі бар стақандарға салады, шыны таяқшамен абайлап араластыра, жүн талшықтарының тығыздалып қалған түйіндерін, кірленген жерлерді ажыратады. Мұның өзіңде жүн талшықтарының шиеленісіп қалуына жол бермеу қажет. Содан кейін жүнді таяқшамен көтеріп, кір ерітіндіні стақаннан қақпақшалы банкаға салады. Сосын таза басқа стақанға таза ерітінді құяды және жүнді қайталап жуады.

Жуылған жүнді орамалға немесе сүзгіш қағаз парақтары арасынан жақсылап сығады, және кепкенге дейін 5-6 сағат бойы кептіргіш шкафта ұстайды.

Жүннің зерттелетін үлгісінен әрқайсысы 0,3-0,4 гр. орташа сынама алады. Тұлымша өлшеміне байланысты сынама салмағы да оданда көп болуы мүмкін. Сынамалардың бірі – негізгі, екіншісі – бақылау, үшіншісі – қосалқы болады.

Жүннің екі сынамасына ғана талдау жасаса жеткілікті. Әрбір сынаманы тұрақты құрғақ салмаққа дейін кептіру қажет. Ол үшін сынаманы құрғақ салмағы алдын-ала анықталған қақпағы бар стақанға салады. Стақан бетін қақпақпен емін-еркін жабуға болатындай етіп жүнді стақанға салады. Осыдан кейін жүні бар ашық стақанды қақпағымен бірге кептіргіш шкафқа немесе термостатқа салады және 105 градус температурада 1 сағат бойы, температурасын одан әрі жоғарлатпай-ақ кептіреді. Содан кейін стақанды кептіргіш шкафтан жылдам алып шығады да қақпағын жабады және өлшегенге дейін салқындату үшін 15-20 минутқа эксикаторға орналастырады. Стақанды ыстық күйінде өлшеуге болмайды. Жүн салынған стақан суығаннан кейін, оны өлшейді және сол температурада кептіргіш шкафқа салады және берілген тәсілмен кептіріп 0,01 г. дәлдіктегі тұрақты құрғақ салмаққа дейін өлшейді. Жүн сынамасының тұрақты құрғақ салмағы жүн салынған стақан салмағынан қақпағымен стақанның тұрақты құрғақ салмағынан алып тастау арқылы жабады.

Сынаманы өлшеп болған соң, жүнді талшықтарының негізгі түрлері бойынша көзбен шолып, қолмен (жекелеген талшықтарды алу үшін пинцентті қолданады) топтарға : қылшық, түбіт, аралас, өлі талшықтар деп бөледі. Талшықтардың осы аталған әрбір топтарын тұрақты құрғақ салмаққа дейін жеткізеді.

Жүн сынамасының тұрақты құрғақ салмағын сонымен қатар жүн талшықтарының негізгі түрлерінің топтарының тұрақты құрғақ салмағын кестеге жазады, сонымен бір уақытта осы талшықтардың салмағын жүн сынамасының тұрақты құрғақ жалпы салмағынан процентпен есептейді.

Аталған барлық операцияларды (жуу, тұрақты құрғақ салмаққа дейін кептіру, талшықтың негізгі түрлері бойынша бөлу және кестеге жазу) екі сынама - негізгі және бақылау сынамалары бойынша жүргізеді.

Егер негізгі және бақылау сынамаларында түбіт пен қылшық салмағының құрамы, жалпы алынған жүннің 3 абсолюттік проецентінен аспайтын проценттік көрсеткіші көрсетілгенде, талдау қорытындысы дұрыс деп есептелінеді. Мысалы қылшықтың мөлшері негізгі сынақта 53%, ал бақылау сынамасында 56 % аспағанда, бірақ 50% кем болмаған жағдайда. Мұндай жағдайда талдаудың соңғы нәтижесін бекіту үшін, екі сынама бойынша, әр топ талшықтарының көрсеткіштерінен орташа арифметикалық көрсеткішті алады. Әр топ талшықтар сынамаларының арасында көрсеткіштердің 3 абсолютті процент айырмашылығы болса, жүннің үшінші (қосалқы) сынамасы бойынша талдау жасау қажет болады.

Ашық түсті жүн сынамаларды талшықтар бойынша қара қағазда, ал қара түсті жүндерді ақ қағазда жіктеу қажет.

Егер жүнді талдау кезінде өсімдік қоспасы, қайызғақ, жүн үзінділері және т.б. түрінде қоқыс қалған жағдайда, оны мұқият жинап, өлшеп, алынған жүн сынамасы массасынан проценттік мөлшерін көрсету қажет. Қоқыс массасы жүнді дұрыс жуғанда және түрлі талшықтарын типтерін топтар бойынша мұқият жіктегенде, барлық сынама массасының 2 % аспауы керек.



Ескертпе. Жүн сынамаларын талдауға қажетті уақытты қысқарту мақсатында, негізгі талшықтар типтеріне бөлмес бұрын өлшеудің алдында және содан кейін де үздіксіз құрғақ массаға жеткізбейді, ауалық – құрғақ жағдайдағы жүн сынамалары массаларын алумен шектеледі. Осы мақсатта жүн сынамаларын басында 30-40 минут аралығында 100 – 1050 температурада кептіретін шкафта кептіреді, ал содан кейін талдау жүргізілетін бөлмеде 3-4 сағатқа қалдырады, содан кейін өлшейді.

Әдістеме оданда жеңілірек болуы мүмкін, бірақ онда талдау нәтижесінің нақтылығы төмендейді. Мұндай жағдайда жүн үлгілерін сабынды – содалы ерітіндіде немесе эфирде бірнеше рет жуады, содан кейін орамалда немесе фильтрлейтін қағаз беттерінің арасында сығады және жүн талдауы жүргізілетін бөлмеде немесе ауа ылғалдылығы ұқсас бөлмеде бірнеше сағат кептіреді. Жуылған және ауалық-құрғақ жағдайға жеткізілген үлгілерді студенттерге үлгілерді іріктеуге, оларды жүн талшықтарының негізгі топтарына бөліп, өлшеу үшін таратады.


2. 7-кесте – Жүннің негізгі типтерінің қатынасы

Сына ма


Жүн сын маларының масса сы

Құрғақ жүн талшықтарының салмағы

Құрғақ жүн

талшық


тарының салмағы

Түбіт

Аралық

талшық


Қылшық

Өлі

талшық


мг


массасы %

мг


массасы %


мг


массасы %


мг


массасы %





1негізгі































2бақылу































жалпы
































4-тапсырма. Түрлі малдар жүн ерекшеліктерін, сонымен қатар жасанды және синтетикалық талшықтарға сипаттама беру (2.8 - кесте).
2. 8 - кесте – Жүн шикізаттарының түрлері және одан алынған өнім

Атауы

Жүнді құрайтын талшықтар типтері

Өндірілген өнім

Қой жүні

а) біртекті

б) біртекті емес








Ешкі жүні

а) біртекті

б) біртекті емес ешкі түбіті








Түйе жүні







Үй қояны түбіті







Жылқы жүні







Сиыр жүні







Зауыт ескі жүні







Жасанды талшықтар







Синтетикалық талшықтар








5–тапсырма. Тоқыма талшықтарына қышқылдар мен негіздердің әсер ету сипаты мен жану көрінісімен танысу (2.9 - кесте).
2.9 - кесте - Түрлі талшықтарға қышқылдар мен сілтілердің әсері

Үлгі №

Талшық тобы

Әрекет

Жану типі

H2SO4

KOH




1













2













3












Жұмыс үшін қажеттілер: 1) техникалық – аналитикалық таразы; 2) іскек; 3) сабынды – содалы ерітінді; 4) сыйымдылығы 50 см3 қақпақтары бар екі шыны стақан; 5) шыны таяқша; 6) фильтрлейтін қағаз немесе орамал; 7) жүннің түсіне байланысты қара немесе ақ бет қағаз; 8)сынамаларды іріктеу үшін қылшықты немесе жартылай қылшықты – біртекті емес жүн үлгісі; 9) жүн талшықтары негізгі типтерінің арақатынасына сынамаларды талдау кезінде үлгі – нұсқа ретінде пайдалану үшін аралық талшық, қылшық және өлі талшық, жүн талшықтары желімделген төрт планшет; 10) термометрі бар кептіргіш шкаф немесе терможүнді талшықтар; 11) биязы, жартылай биязы, жартылай қылшықты және қылшық жүнді үлгілер бар қорап.



Ескерту. Алдын ала жуылған және ауалық – құрғақ жағдайға жеткізілген жүн үлгілерімен сабақ өткізгенде, 3-6 және 10 пунктерінде көрсетілген құрал жабдықтың қажеті болмайды.

5 тапсырма бойынша сабақ өткізгенде әр студентерде қосымша келесі заттар болу қажет: 1) сыйымдылығы 50 см3 екі бюкс; 2) тоқыма талшықтар үлгілері; 3) H2SO4 немесе НСІ қойылтылған қышқылдың біреуі және NaOH немесе KOH замыр сілтінің біреуінің 10%; 4) «Олардың табиғатын танып білу үшін қолданылатын жүн талшықтарының негізгі физикалық – химиялық реакциялары» кестесі.



6 – тапсырма. Қой жүнінің құрылысымен танысу.

Жұмыс үшін қажет: қой жүні немесе биязы, жартылай биязы, жартылай қылшықты жүнді және қылшық жүнді қой.


2.10 - кесте – Қой жүнінің құрылысы және оның элементтері



Жүн тобы

Қой жүнінің элементтері

Штапель формасы

Штапель немесе бұрымша құрылысына сипаттама

1













2













3













4













5














3 Жүннің гистологиялық құрылысы
Жүнді гистологиялық зерттеу кезінде мынандай міндеттер алға қойылады: алынған үлгідегі биязы, жартылай биязы, қылшық жүннің қабыршақты қабатының құрылысы ( қабыршақтың пішіні, мөлшері және өзара орыналасуы); өзектің бар жоғы және салыстырмалы өлшемдері, талшықтың көлденең кесіндісіндегі сипаты.

1 – тапсырма. Микроскоптан биязы, жартылай биязы, қылшық жүннің, өсімдік, синтетикалық және жасанды талшықтарды көріп микроскопиялық суретін салу.

3.11-кесте Жүн талшықтарына морфологиялық және микроскопиялық сипаттама



Түбіт

Қылшық

сыртқы пішіні

көлденең кесіндісі

сыртқы пішіні

көлденең кесіндісі













Аралық талшық

Өлі талшық

сыртқы пішіні

көлденең кесіндісі

сыртқы пішіні

көлденең кесіндісі













Мақта

Қоян түбіті

Синтетикалық және жасанды талшық











2 – тапсырма. Қой жүнінің кабаршақты, кабақты, өзек қабаттарының гистологиялық көрінісін сипаттау ( 3.12 - кесте).
3.12 - кесте – Әртүрлі жүн талшықтарының гистологиялық құрылысы

Талшық типтері

Құрылыс ерекшеліктері

Түбіт

Аралық талшық

Қылшық

Өлі талшық







Микроскоппен көруге арналған және зерттелетін препараратты дайындау. Заттық шыныға 0,5 мм болатын 8-10 дана жүн кесінділерін глицерин тамшысын тамызамыз да жабын шынысымен жабамыз. Жүн талшықтарын зерттеу алдында эфирде жуамыз. Препаратты микроскоптың заттық үстелшесіне орналастырамыз.

3 - тапсырма. Қылшықтың және өлі түк өзектік қабатынан ауаны жою керек және осы түрлердің талшықтарының өзектік қабатының құрылысының микроскоптық суретін салу керек (3.13 - кесте).
3.13 - кесте – Қылтықтың және өлі жүннің өзектік қабаты

Қылтық талшық

Өлі түк







Препаратты дайындау техникасы. Өзегі жақсы дамыған ақ қылтықтың немесе өлі түктерді ұзындығы 0,3-0,5 см 10-15 дана талшықтарды кесу. Осы қималарды дистиллирленген су тамшысы бар заттық шыныға салу және жаппа шынымен жабу. Содан кейін жаппа шынының бір жақ шетіне араластырылмаған этил спиртінің (95-96%) бірнеше тамшысын жағып, ал жаппа шынының қарама-қарсы жағынан сүзгіш қағаздың жолақтары арқылы суды сорып алу керек. Осындай сорып алуды спирттің бірнеше өлшемін енгізе отыра 5-6 рет қайталау керек, осылайша кесілген ұштарының өзектерінің ақшылданғаның көруге болады. Препаратты микроскоп арқылы көріп қарастырады.

Жұмыс үшін қажеттілер: 1) микроскоп; 2) заттық шынылар; 3)жаппа шынылар; 4) глицерин; 5)препаттық инелер; 6) қайшылар; 7) эфир; 8) жүнді шаюға арналған қақпақтары бар банкалар; 9)сүзгі қағаз; 10) ақ түсті қылшық жүн үлгісі; 11) мақта; 12)жасанды және синтетикалық талшықтар (штапельдік және т.б.); 13) «Жүн талшықтарының негізгі түрлерінің гистологиялық құрылысы» суреті; 14) тамызғыштағы дистиллирленген су; 15) өзегі жақсы дамыған ақ қылтық немесе өлі түк,



4 Жүннің физика-техникалық негізгі қасиеттері
Жүннің физика-техникалық негізгі қасиеттеріне жататындар: ұзындығы, қалыңдығы, бұйралылығы, беріктілігі, созылғыштығы, қаттылығы, икемділігі, түсі және жылтырылығы. Техникалық қасиеттерінен ылғалдылығын және таза (жуылған) жүн шығымын, шайырының болуы және сапасын есепке алады.

Сабақтың мақсаты: өндірістік және зертханалық жағдайда жүннің үзындығын, беріктігін, бұйралығын анықтауды үйрену. Сараптамалық жолмен жүннің қалыңдығын анықтауды үйрену.



1-тапсырма. Оқулықты және практикумды қолдана отыра, жүннің техникалық негізгі қасиеттерімен танысу және жұмыс дәптерлеріне оларды анықтау әдістерін қысқаша жазу.

2-тапсырма. Біртектес жүн үлгілерінің бір тектес емес жүн үлгілеріне табиғи және шынайы ұзындықтарын өлшеу. Нәтижелерін 4.14- кестеге жазу.
4. 14 - кесте – Жүннің табиғи және шынайы ұзындығы (см)

Жүн үлгілері

0,5см-ге дейінгі табиғи ұзындығы

0,1см-ге дейінгі шынайы ұзындығы

Биязы







Жартылай биязы







Жартылай қылшық







Қылшық







4.15 - кесте – Бір тектес жүннің нақты ұзындығы (см)



Көрсеткіш

Класстық (топтық) аралық


6,0-6,4

6,5-6,9

7,0-7,4

7,5-7,9

8,0-8,4

8,5-8,9

9,0-9,4

9,5-9,9

10,0-10,4

10,5-10,9

11,0-11,4

11,5-11,9

12,0-12,4

12,5-12,9

13,0-13,4

Кластардың ортасы


6,2

6,7

7,2

7,7

8,2

8,7

9,2

9,7

10,2

10,7

11,2

11,7

12,2

12,7

13,2

Жағдайлар санының белгісі














































Жағдайлар саны















































Класс (топ) ортасына жағдайлар саның шығару
















































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет