Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ



Дата07.02.2022
өлшемі164,76 Kb.
#91466
Байланысты:
Әбдісәмет Д(БӨЖ -9апта ) (2)


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Экология және химия кафедрасы




БӨЖ

Тақырыбы: Білім берудегі түрлі концепциялар


Орындаған: Әбдісәмет Д
Тобы: ЖХМ912
Қабылдаған:Юсупов Қ

Түркістан 2020ж

Жоспары
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
1. Білім берудегі түрлі концепциялар. Білім беру сараптайтын кұрылым ретінде.
2 Білім беру процесінің сатылары: мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта, жоғары. Бұқаралық және элитарлық білім беру. Мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындары.
3.Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған білім беру. Техникалық және гуманитарлық білім бер
3.Қорытынды
Білім берудегі түрлі концепциялар
Әлеуметтік білім – теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады.
Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмірді жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, онығ дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер – нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарларды алумен байланысты.Ал, бұл мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді қолдану арқылы іске асырылады. Ал теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістері арқылы іске асырлады.
Әлеуметтік білімнің құрлымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс- әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар – мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуінің, тәртіпке келітірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрлымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мынылар:
1. Қоға біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұның зерттейді.
2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын – экономикалық, саяси, рухани, т. б. салаларын, әр бір салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы туралы білімдер болу керек.
4. Саяси әлеуметтануға кіретің алуан түрлі ғылми түсініктер, ой пікірлер, теориялар. Бұған жататың зерттеу объектілері:
а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;
ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;
б) қоғамның саяси жүйесінің құрлымы, қызметі және фукциясы туралы;
5. Әлеуметтік институттардың қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар;
6. Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.
Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процестерді терең талдап, кең қорытынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік білімнің үш негізгі деңгейі бар:
а) жалпы әлеуметтану теориясы;
ә) эмперикалық әлеуметтану;
б) орта деңгей теориялары.
Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмперикалық зерттеулер деп екіге бөледі.
Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әруақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді. Әрине, бағытта іргелі және қолданбалы эмпириканың зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуна түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.
Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа,нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құдылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес – ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап – тілегіне, мұң – мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік функцияны да атқарады

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Габдулина К.Р., Раисов Е.Р. Социология. – А.: Мектеп, 2008.
2. Әбсаттаров Р.Б., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқу құралы. – А.:Рауан, 2007.
3. Әлеуметтану. Оқулық, -А., Қазақ университеті, 2005.
4. Волков Ю.Г. Социология. Ростов на-Дону, 2008.
5. Кравченко А.И., Анурин В.Ф. Социология. -П,. 2008.
6. Покшишевский В.В. Население и география.- М.,1978. – 284 с.
7. Страны и народы (популярная энциклопедия).- Санкт-Петербург,1997. – 288 с.
8. Увалиев Т.О. Халықтар географиясы.- Алматы., 1997. – 196 б.
9. Шалекенов У.Ш. Әлем халықтарының этнографиясы.- Алматы.,1994. – 264 б.
10. Шувалов В.Л. Геогафия населения.- М., Просвещение, 1985. – 278 с.
11. http://tezister.net/index.php?newsid=40075&news_page=7
12. http://okymaterialdari.com/index.php?newsid=298649&news_page=5
13. http://referaty.do.am/load/geografija_ehkonomikaly_geografija_geologija_geodezija/ehkonomikasy_damy_an_zh_ne_tpeli_ehkonomikaly_elder/5-1-0-448

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет