Қожа мұхтар баһадырұлы ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде


«Отырар қаласының микротопонимдері»



бет17/53
Дата06.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37498
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
2.3 «Отырар қаласының микротопонимдері» деп аталатын үшінші бөлімде жазба деректерде аталатын Отырар қаласының белгілі орындары туралы мәліметтер баяндалады. Арыстанбаб қабірінің Отырарда жатқаны, оның қасында қарахандықтар әулетінің бір өкілінің жерленгені жөніндегі мәліметтерді «Насаб–наманың» Арыс нұсқасынан кездестіреміз: «Абд ар–Рахман - Қылыш Арслан хан ұлы Шах Қасым, лақабы Санжар хан, оның ұлы Шах Абдаллах, лақабы Арслан хан, 50 жыл патшалық қылды. Таласта Ғайып Ата атанды. Оның ұлы Мұхаммад хан, лақабы Татика хан, қабірі Отырарда, Арслан-баб аяғында...» [9, 59-б.].
Арыстанбаб қабірінің орны Отырар қаласының қай бөлігінде екенін көрсететін мәлімет те жоқ емес. Қожа Ахмет Йасауидің Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қор бөлімінде сақтаулы тұрған «Дивани хикметінің» екі қолжазба нұсқаларында (КП 7740 және КП 6831) Арыстанбаб қабірінің орны нақтылана түседі. Біздің өтінішімізбен осы қолжазбалармен танысып шыққан шығыстанушы З. Жандарбек Арыстанбабқа қатысты жолдарды қазіргі қазақшаға аударды:
Жүріп кетті Арыстан Баб, Отырар барып тоқтады
Ақыр онда қалды ол, Бабтар бабы-Арыстан Баб.
Қабұғ Йаруғ алдында, қорғанның қыбла жағында,
Маккатуллах жолында, Бабтар бабы – Арыстан Баб.
Оң жағында Лашын Баб, сол жағында Қарға Баб.
Өлең жолдарында көрсетілгендей Арыстанбаб қабірі қала орталығынан оңтүстік-батыс бағытта - «қорғанның қыбла жағында, Маккатуллах жолында». «Қабұғ Йарық» - «қақпа алдындағы арық» деп аударылуы мүмкін. 2004 ж. Арыстанбаб кесенесінің көрханасында жүргізілген консервациялық жұмыстар барысында Х-ХІІ ғғ. жататын құрылыс қалдықтары табылды. ХІІІ ғ. екінші жартысында өмір сүрген парсы тарихшысы Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейни «Тарих–и джахангуша» деген еңбегінде «Отырар ойраны» мен монғол әскерінің Отырарды басып алуын баяндаған бөлігінде Отырар қаласының Суфихана қақпасын атай кетеді [20, с. 111]. Сопыхана атты құрылыс орны «Насаб–нама» нұсқаларында: «Софы Мұхаммад Данышмандтың қабірі Отырарда, Софыханада» делінеді [9, 64-б.]. Шараф ад–дин Әли Йаздидің еңбегінде Отырардағы Бердібек сарайы аталады. Әмір Темірдің Отырарда қайтыс болуы туралы аңызда «арк» деген атау қолданылады. «Арк» деп Орта Азияда ертеден тек ірі, әдетте астаналық дәрежедегі қалаларда ғана болатын, билеушілер, әкімдер тұратын қорған-қамалды атаған. Яғни, бұл атаумен Отырар билеушілері отырған орын аталған.
Сонымен Фараб-Отырар иелігі қазіргі Шардарадан бастап солтүстікте Қарашық-Шавгарды ауданын қоса қамтыған аймақ. Шығыста оның шекарасы Қаратау жоталарымен, батыста Қызылқұммен өткен. Оңтүстік–шығыстағы шекарасы Арыс өзенінің орта ағысындағы Қараспан болды. Деректер оның қалалары қатарында Сүткент, Весидж, Кедер, Зернук, Шавгар - Харчук- Қарашуқ, елді мекендер мен жерлер Ақсулат, Камарши-Ата, Пулқожа, Ұзыната, Султайн-шайх, Рабатуғұз, Шілік, Қарасаман, Шетті болды. Қала ішінде жеке құрылыстар Арыстанбаб қабірі, Сопыхана, Бердібек сарайы, Қабұғ Йарық, қорған болғаны белгілі. Тарихи аңыздар негізінде қала ішінде арк, қала айналасында Темірарық, Ақарық атаулар бар. Бұл атаулардың бір бөлігі қазіргі кезге дейін сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет