Қожан наргис николайқызы оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру



бет6/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,82 Mb.
#6693
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат жан саясы» Сабақтың эпиграфы Терек - бүрін қорғайды,

Тікен гүлін қорғайды.

Ара балын қорғайды

Қулын - қағын қорғайды

Киік - лағын қорғайды

Шағала көлін қорғайды

Шопан төлін қорғайды

Егінші жерін қорғайды

Ер жігіт елін қорғайды.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялай білуге, көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Әдіс тәсілі: Сұрақ - жауап әдісі, өлеңдер оқу, мақал-мәтел айтысы көрніс көрсету.

Көрнекілігі: Сайыстың шарттары, қызықты сұрақтар табиғат жайлы нақыл сөздер, бүктемелер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындау.

Мұғалім сабақты эпиграф оқумен бастайды.

Мұғалім оқушыларға сабақтың өтілу барысын түсіндіреді: «Балалар, бүгінгі сабағымызды сайыс ретінде ұйымдастырдым. Сыныпта үш топқа бөлеміз. «Жауқазын», «Бәйшешек», «Қызғалдақ».

Сайысымыздың шарттары:


  1. «Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием» (Бұл шартта табиғат жайлы өлеңдер оқылады)

  2. «Табиғатқа қастандық» (көрініс)

  3. «Мақалбай атаның ауылында» (табиғат туралы мақал-мәтел айтысы)

4. «Табиғат көк күмбезді кең сарайым» (Қызықты сұрақтар, тапсырмалар)

1. Тобымыз «Жауқазын» тобы. Ораз ақын Асқардың «Табиғат» өлеңі.

Табиғат - алтын күнім, күміс айым,

Шашылған жұлдыз - меруерт түн сайын.



Сөйлемей жерде бұлаққа көкте бұлт боп,

Тіліңді түсінуге тырысайын.

Табиғат - көркем жырым, асқақ әнім,

Сен ана, мен қашанда жас баламын.



Үңілем таңнан тұрып терезеге

Ашық па, жабық па қас-қабағың

Табиғат - мөлдір жаңбыр, ұлпа қарым

Сергимін салып төске қыр самалын

Түлетіп ұшырса да ана құшақ,

Сен жайған алақанда тұр табаным.

Табиғат - айна көлім, орман бағым

Сергимін салып төске қыр саламын

Түйе өркеш айнала тау қорғандары

Құрттаймын шыңдарыңнан бұл қана емес,

Табиғат - көк күмбезді кең сарайым

Туысқа әр түрлі туындыңды санаймын

Жеп келем жемісіңді, суыңды ішіп

Тым құрыса торғайыңа жем салайын.

2. «Бәйшешек» тобы; Фариза Оңғарсынованың «Туған жер»

Сағындым туған жердің қоғал белін

Желпінген беттен сүйіп самал желін

Асқар тау, шалқар көлің болмаса да

Көрікті-ақ көрінесің маған керім.

Елестер көз алдымда құм нарын да

Асыр сап ойнаушы едім құмдарыңда

Тап салған жас қиялдай туды өзіңде

Жұлына менің тұңғыш жырларым да.

Жағалау бұлдырайтын сағым ойнап,



Каспийім толып ақса балық ойнап.

Қармақ caп шабығыңа ауық-ауық,

Суыңа шомылуышы едім салып ойнақ.

Соңымда қалыпты ғой сол бір күнім,

Алыстан сағыныштың өрдім гүлін.

Жүректе қимастай сақтап келем,



Сол шақтың пәктігі мен мөлдірлігін.

3. «Қызғалдақ» тобы: Өтебай Тұманжановтың «Сүйейік табиғатты, аялайық» өлеңі.

Жайын жүргім келеді, жайын жүргім.

Ортасында еркелеп сансыз жүргім

Тілсіз, тылсым табиғат тілін ұғып

Қызығына батасың терең сырдың

Әр күн маған елжіреп сыр шертеді

Таң тамаша ол қызық бір ертегі

Ерікндікті кеңдікті көңілің сезіп

Қиянаттан, қыспақтан жиренеді.



Жібек гүлдер жүзіңді жаңартады.

Жұпар ауа жасыңды тазартады

Жақсылығын бергенге міндет қылмай

Ала бер деп, алғанша тағы айтады.

Сүйейік те табиғатты аялайық!

Біз де одан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында

Жадырап жас балаша дем алайық.



Мұғалім: Әй табиғат! Шеберсің - ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің

Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей

Аш көзденген адамдарға не дерсің?

Айың анау, күнің анау, жерің анау

Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?



Табиғат ол сенікі де, менікі де, елдікі де.

Иә, табиғатты қажетімізге пайдалану барысында оны таза, көркем, мол қазыналы қалпында мәңгілікке сақтап қалу немесе дәл бүгінгідей улап-былғап, тоздырып жіберу адамның қолында. Табиғатты жойсақ өзімізді жоямыз. Кейбір замандастарымыз, құрбыларымыз Жер-Ананың қадірін білмей, қастандық жасауда. Осы тақырыпқа байланысты көріністер тамашалайық.

«Жауқазын» тобының сахналық көрінісі.

Саханаға 2-3 оқушы бір-бірін қуалап шығады. Үшеуінің де қолында жаңадан жұлынған жас шыбықтар, бір - бірін сабалап, алысып жүр. Сол кезде үлкен жолдың бойынан балалардың әрекетін көріп қария кісі әдейі бұрылып келеді.



  • Әй, балалар, бұларың не? Не істеп жатырсыңдар?

  • Ата, біз көкпар ойнап жатыр едік, Бағдат менің атымды тартып алып, сындырып тастады, - деді Хамит аузы бүртиып.

  • Олай емес, өзі менің атымның ұзындығын көре алмай, лақтырып жіберді, - деді Бағдат жыларман болып.

  • Әңгімеге үшінші бала Бақытжан араласты.

  • Ата екеуі де бірін-бірі түсінбей жатыр. Бұларға шыбықтарымызды лақтырып тастап, үшеуміздің де шыбықтарымызды бірдей етіп алайық десем көнбей тұр.

  • Кімнің шыбығы ұзын болса, сол озып кетеді ғой, сосын тағы төбелесеміз, - деді. Үшеуінің де әңгімесін сабырлықпен тыңдаған қария былай деді:

  • Әй, балаларым-ай! Араларыңнан бір ақалды бала шығар ма екен десем, үшеуің де ақымақ бала екенсіңдер ғой! Жүріңдер мен сендерге шыбықтары сынған ағаштың қазіргі жағдайын көрсетейін, - деп балаларды жол бойындағы ағашқа апарды. Балар шыбықтары сынып, кей шыбықтары зорлықтан төмен қарап, салбырап тұрған ағашты көріп қатты ұялды.

  • Міне, көрдіңдер ме? Табиғат Ана зорлықты көтере алмайды. Барша адам баласы табиғатты қорғауға міндетті. Here табиғатты ардақты анамызға теңейміз?

Өйткені Жер-Ана бізге бар байлығын береді. Бүгін сендер шыбықтарын сындырған ағаш та бір кездері жасыл желекке оранып, жол бойыннан өткен жолаушыларға саясын төгіп тұратын көлеңке болатын еді. Бүгін міне, бірнеше ботасынан айырылған анадай көзінің жасын көлдетін тұр.

  • Ата, бізді кешіріңіз, - деді Бағдат өзінің іс-әрекеті дұрыс емес екенін дереу аңғарып.

  • Екінші шыбықтарды сындырмаймыз, - деді Хамит

  • Мен де білмей қалдым, - деді Бақытжан түсініп.

  • Бәркелді, балаларым, сендер түсінігі бар бала екенсіңдер! Қателіктеріңді түсіндіңдер екінші қайталамаңдар! Естеріңде болсын, табиғатты күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені алтын ұя, тал бесігі, - деп қария сөзін аяқтады.

«Бәйшешек» тобының сахналық көрінісі. Сахнаға екі оқушы шығады, екуінің қолында өздері қолдан жасалған айыр ағаш бар. Екеуі ағаштардың арасынан бірдеңені көргендей, тығылып, аяқтарының ұштарымен басып, сыбырласып келеді. Бұл екеуі екше түнге дейін доп ойнап , бүгін таңертең орындарынан тұра алмай, сабаққа да бармай қойған Алдияр мен Бахытжан еді. Ұйқылары қанған соң, ойласып торғай атпақшы болып шыққаны осы болатын. Екеуі сыбырласып сұқ саусақтарымен ауыздарын басып қояды.

Әне, көптен күткен сәтте таяп қалды. Жол бойындағы үлкен ағаштың бұтағында бір топ торғайлар шұғырласып отыр. Бұзықтардың көздегені де осы торғайлар.

Торғай, қорап аузы ашылып тұрған Бахытжанның айыр ағашын жұлып алып, Алдияр бар күшімен созып, тұрып атып қояды. Жерге топ ете қалған торғайға екеуі де таласып келмесі бар ма?

- Иә, сабаққа бармай торғай атып жүрсіңдер ме?! Мыналарың не?! Обал емес пе?! Кімнен үйрендіңдер мұндай жаман әдетті? — деп сынып жетекшілері Рабиға апай ашуланды.

Екі дос сонда ғана өздерінің жасаған қателіктерін түсінді. Ертеңінен сынып жетекшілерінен, достарынан кешірім сұрады. Бұл қателіктерін екініші қайталамауға сөз берді.

«Қызғалдақ» тобының сахналық көрінісі.

Сахнада 5-6 қыз шаштарына гүлдерді әшекейлеп тағып, көк шөптің үстінде қуаласып жүр. Бір-біріне шөптерді уыстап шашады: «келін келеді» деп, бірі келін болса, бірі жеңгелері болып ойнап жүр. Бір шетте екі қыз шөптерді үйіп, бетіне гүлдерді қойып, жасап қонақтарды тамаққа шақырады.

Қонақтар келісімен шөптерді жұлып көрпеше төседі. Қонақтары жайғаса бергенде, алыстан қыздарды бақылап отырған Әбен қарт та атымен жақындап қалған еді:


  • Қыздар не істеп отырсыңдар? - деді Қария.

  • Ойнап отырмыз ата, - деді Жанар.

  • Байқап ойнаңдар! Қазақта «Көкті жұлма көктей соларсың» - деген сөз бар, - деді де кетті.

Қыздар қарияның айтқанын талдай бастады.

  • Қыздар, «көктей соларсың» дегенді қалай түсінесіңдер? – деді жоғарыда қалың шөптің үстінде отырған Гүлшат.

  • Меніңше, көктей соларсың» дегенді көктей өмірің келте болады деп түсінем, - деді Мақпал.

  • Мүмкін көңіл күйге байланысты айтылған сөз шығар, -деді Мөлдір.

  • Қыздар, мен Гүлшаттың пікіріне қосыламын көкті көлдей жұлсақ, біздің де көктей жұлынатынымызды қария бізге ескертіп кетті.

  • Дұрыс айтасың, біздің мұнымыз білместік екен. Екінші қайталамайық,- деді Рабиға.

Қыздар өздерінің қателіктерін түсініп үйлеріне тарады. Мұғалім: Осындай көріністер негізінде сөзі жазылған «Заман - ай» әнін тыңдаймыз.

Ұлдарымның қайда кеткен құрығы?

Қыздарымның қайда кеткен бұрымы?

Мейірімге зарықтарға заман—ай,

Туған жердің лайланды - ау тұнығы

Қайырмасы

Қайран елім, қайран жерім қор болған

Жомарттығы cop болған,

Жарылыстан көз ашпаған заман-ай

Heгe біздер су ішеміз суаттан

Heгe біздер ажыраймыз тұяқтан

Туған жерді тоздырғанша, заман-ай Heгe жерге кірмейміз біз ұяттан

Қираттықта ата-баба мазарын

Қасіреттің тартық енді азабын



Қол етіңді ойып берген, заман-ай

Көсілетін көрпең қайда, қазағым?



Мұғалім: Бабалар табиғатты аялаған

Малын бағып, бауырын саялаған

Табиғатта «Ана» - деп ардақтаған қамқорлығын ешқашан аямаған - деп халқымыздың табиғатқа етене жақын болуына тарихи қалыптасқан өмір салты да әсер еткен.

Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі деп есептеп, оны аялауға, оған мейірімділік көрсетуде ерекше мән берген. Қазіргі кезде өзіміз иелік етіп отырған кең байтақ жерді бабаларымыз аттың жолында, түйенің қомында жүріп білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғауы, сақтап қалуы тарихта теңдесі жоқ ұлы ерліктің белгісі. Ата-бабадан қалған мұрамыз Табиғат-Ана жайлы мақал-мәтелдер айту сайысын Мақалбай ата ауылында жүргіземіз.

«Жауқазын» тобының айтқан мақал-мәтелдері:



  1. Туған жерге туыңды тік

  2. Жер-Ана, ел-бала.

  3. Тозған жерде тоқшылық болмайды.

  4. Жері байдың елі бай.

  1. Күте білсең жер жомарт. («Бәйшешек» тобының айтқан мақал мәтелдері:




  1. Қара жер қарыз арқалайды.

  2. Туған жердің топырағы да киелі.

  3. Мал жайсаң, өрісін тап.

  4. Жерің отты болса, сиырың сүтті болады.

  5. Елің бай болса десең, жеріңнің бабын тап.

«Қызғалдақ» тобының айтқан мақал - мәтелі



  1. Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.

  1. Туған жер – алтын бесік

  2. Көлдің көркі - құрақ, аудың көркі бұлақ

  3. Бір ағаш кессең, он ағаш ек.

  4. Орман көп болса, олжаң көп.



2.3. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ролі
№ 143 мектепте 2 – сынып оқушыларының бір сұрақ бойынша дүние танымының (ой өрісінің) шамасын байқау үшін анкеталық жауап алынды. Қорытындысы төмендегідей болды.

Сұрақ: Бір жылда 12 ай бар.Жылдың басы қай айдан басталады?



  1. 2 «А»сынып. Сауалнама алынған уақыт 5.09.10 Оқушылардың көбі 1.ІХ деп жауап берді(Қыркүйек)

  2. 2 «Ә»сынып. Сауалнама алынған уақыт 15.01.11 көбі 01.01 (қаңтар) деп жауап берді

  3. 2 «Б»сынып. Сауалнама алынған уақыт 5.04.11 көбі 22.03 (наурыз) деп жауап берді.

Осыдан кейін балаларға б.д. бұрын басталған римдік Гай Юлий Цезарьдің, 1582 ж қабылданған Григориандық күнтізбесі туралы (с.с Мая мен 13 айдан тұратын мұсылманда күнтізбелері) түсініктер беріледі.

Дүние жүзі халықтарының көбі Григориандық күнтізбені пайдаланады. Кенестер одағы оның ішінде қазақтар 1918 жылдан бастап пайдаланамыз. Бұл күнтізбе бойынша жыл басы 01 қаңтар.

Солай бола тұрса да біраз елдер жаңа жылды қаңтар, ақпан айларында тойласа, азиялықтар (мұсылмандар) наурыз,Австриялықтар тамыз айында тойлайды.

Ал 1 қыркүйек жылдың басы емес, оқу жылының басы.

Осы түсініктен кейін оқушылардың жыл басы туралы дүниетанымын ғылыми дүниетанымға ауысты деп айтуға болады.

Осы мектептің 4а сыныбында оқушылардың дүниетанымын дамыту бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілді. Өмір тәжірибесіне жаңадан енген сөздер мен ұғымдардың, табиғи құбылыстар мен өзгерістердің с.с. тарихи өзгерістер мен техникалық прогрестегі өзгерістердің болу себептері ғылыми түрде түсіндіріліп отырылды. Ал 4б сыныбында ондай жұмыстар жүргізілген жоқ.Жыл соңында сынып оқушыларының дүниетанымдық ой – өрісі диагностикалық диаграммада көзге ерекше көрініп тұрды.

Параметрлер:




  1. 1мин.оқыған сөздер

  2. Жазбаша бақылау қорытын

  3. Математикалық ұғымы

  4. Матем. ес-у шапшандығы

  5. Тарихи мағлұматы

  6. Лог-қ ойлау қабілеті

  7. Сурет б-ша әңгіме құрауы

  8. Табиғат құб-ы тур. түсінігі

  9. Қағамдық жұм. қатысы

  10. Сабаққа қатысу ынтасы

  11. Үйірмеге қатысу ынтасы

  12. Өнерге деген қабілеті

  13. Еңбекке деген қабілеті

  14. Спортқа деген қабілеті


Бұл диаграммадан шығатын қорытынды:



  1. 4a, 4б сынып оқушыларының дүниетанымы (ой-өрісі) бірдей, ал ғылыми дүниетанымы әртүрлі.

  2. Оқушының дүниетанымы жоғарғы дәрижеде болуы пәндерге байланысты десек, пәндер бойынша білімді болуы дүниетанымның ғылымилығына байланысты екендігі көрінеді.

Оқу-тәрбие үдерісінде дүниетану материалдарын пайдалану мақсатында «Туған жер топырағы» тақырыбында қосымша бағдарлама жасалды. Мұғалімнің басшылығымен дүниетану материалдарын жинаудың және реттеудің формалары көрсетілді. Мұнымен қатар сабақ және сыныптан тыс жұмыстар барысында пайдаланылатын дүниетану материалдарының мазмұны ашылды.



«Туған жер топырағы» бағдарламасы

Мақсаты: халқымыздың ғасырлар бойы атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген тәлім-тәрбиелі бай мұраларын және бүгінде арамызда сиреп бара жатқан көнекөз қариялар естеліктерін жинақтау, тарихи орындар деректерін бейнеге түсіріп, мұраларды жинақтау, өз жерін танып білуге баулу;

Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін терең оқып білу, жалпы халықтың тәлім-тәрбиеге негізделген шығармашылық және көпұлтты бағыттағы іс-шараларын жүзеге асыру, сынып жеткешілерінің рөлін көтеру;

Ғылыми мен техникалық жаңалықтарына ілесер жан-жақты жеке тұлғаны дайындау.

Бағдарлама ұстанымдары:


  • Тәрбиенің гуманистік бағыттылығы.

  • Тәрбиенің табиғаттылығы.

  • Тәрбиенің мәденилігі.

  • Тәрбиенің вариативтілігі.

  • Тәрбиенің ұжымшылдығы.

  • Тәрбиенің ықпалдық бірлігі (мектеп-отбасы-қоғам).

Бағдарлама жұмысын ұйымдастыру түрі: көпшілік, топтық, жеке.

Ықпалдық әдістері: сөздік, практикалық, көрнекілік.



Бағдарламаның құрылымы мен жүйелері

Оқу-тәрбие жұмыстарында сынып жетекшілерінің жұмыс іс-әрекеттерін

жоғары сатыға көтеру;

Сынып оқушыларының қызығушылықтары бойынша бағыттарды таңдап, оларды жүзеге асыру;


Бағдарламаның іс-шаралары

  • «Қарттарым – асыл қазынам» естеліктер жинақтаудың этножорығы;

  • «Туған жер тарихын таны» атты экспедиция жорығы;

  • «Қайырымдылық» мәдени-шығармашылық, экология, үнемшілдік, жол қауіпсіздігі, денсаулықты сақтау акцияларын жүзеге асыру;

Ұраны, қағидасы: Жалпақ жұртыңды, исі Алашыңды құрметтеу алдыменен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады (Н.Ә.Назарбаев).

«Туған жер топырағы» бағдарламасының бағыттары

  1. Туған жер тарихын білу – парыз.

А) Туған жеріміздің өткен тарихы, аталуы, ескерткіштері, бүгінгі қол жеткен табыстарын жинақтау, насихаттау.

Ә). «Туған жерімнің келешегі» атты оқушы қиялын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыстар жүргізу.



2. Жергілікті жер атауларына үңілсек.

А) Жер-су атауларын талдау, зерттеу.

Ә) Әр оқушы өз жағырафиялық аймағындағы көшелер атауына, онда тұрған, тұратын қадірменді азаматтарды зерттеу.

3.Тәрбие негізі – отбасы.

А) «Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, өзара тәлімдік ықпалы» дөңгелек үстел өткізу.

Ә) «Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты анаға» тәрбие сағатын өткізу.

4. Ата салтын ардақтайық.

А) Сыр елінің салт-ғұрыптарын, ырым-тыйымдарын кеңінен насихаттау.

Ә) Ескірмей келе жатқан көне дәстүрлерді жаңғырту.

5. Арал тағдыры – адам тағдыры.

А) Өңірден шыққан қазақ елінің тарихы, мәдениеті, әдебиеті мен өнеріне, халық шығармашылығы дамуына үлес қосқан аға ұрпақ есімдерімен таныстыру мақсатында кездесулер ұйымдастыру.

Ә) Сыр сүлейлері шығармаларын насихаттау.

6. Шебердің қолы ортақ.

А) қолөнер, зергерлік бұйымдар көрмесін ұйымдастыру

Ә) Оқушылар қолымен жасалған кілем, қоржын т.б. тоқыма өнерінің қыр-сырын үйрететін үйірмелер ашу.

7. Өнерліге өріс кең.

А) Өнер көкжиегінде - өнерлі балалардың шығармашылық тақтасын ұйымдастыру.

Ә) Жас таланттыларды таныстыру мақсатында жұлдыздар шеруін өткізу.

8. Өз мектебім – мақтанышым.

А) Мектеп тарихымен танысу, мәліметтер жинақтап, интернет сайтын ашу.

Ә) Мектеп түлектері жайында деректер жинақтап, «Естеліктер» топтамасын шығару.

9. Қоршаған орта және біз.

А) Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері, Қызыл кітіпқа енген өсімдіктер мен жануарлар туралы конференция өткізу.

Ә) «Туған жер табиғаты қамқорлық тілейді» тақырыбында акция өткізу.

Б) Табиғат жайында тағылымды деректер жинап, кітапша жасау.



Күтілетін нәтиже: бағыттар бойынша жұмыстар қорытындысынан мектеп мұражайын ұйымдастыру.

1 - сыныпта дүниетану сабағынан «Шөп текті өсімдіктердің мүшелері», «Өсімдіктер тобы», «Жеміс», «Тұқым» т.б. тақырыптарын түсіндіруге сол жергілікті жерде өсетін өсімдіктер пайдаланылады. 4 - сыныпта «Біздің ауыл» бөлімі толық өлкетану негізінде оқытылады. «Қаладағы және ауылдағы негізгі көлік түрлері» тақырыбын оқу барысында оқушылар өз өлкесіндегі негізгі көлік түрлерімен, ауылдың, қаланың экономикалық, мәдени дамуындағы ерекшеліктермен танысады. Мысал ретінде өтілген сабақ жоспарының үлгісі беріліп отыр.



Сабақтың тақырыбы: Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Оқушыларға жер бетінде жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсінік беру, Қызыл кітап жайлы мағлұмат беру, Қызылорда облысындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен таныстыру.

ә) дамытушылығы: Оқушыладың алған білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілетін арттыру, сөздік қорын, қиялын дамыту.

Б) тәрбиелігі: Оқушылардың табиғаттың жаңашыры болып қорғауға өз үлесін қосуына табиғатты қорғау парызын орындауға үйрету, Атамекенге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: Қызыл кітап, интеракт. тақта, Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің суреттері.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, ойын.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

1.Сәлемдесу.

2. Оқушыларды сабаққа дайындау.

Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер!

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!

Сарылып сал – сері кеткен жер!

Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер! – деп Мұқағали ақын жырлағандай, бізде, балалар, тылсым дүниенің тіршілігііне бүгінгі дүниетану сабағына бойлап көрейік.



  1. Үйге берілген тапсырманы пысықтайық:

«Пошта» ойыны. Балалар сендерге поштадан хат келіпті. Қане, кімдерге келген екен?

  1. Аңдар қалай өсіп өнеді?

  2. Қосмекенділер (бақалар) қалай өсіп - өнеді?

  3. Жорғалаушылар (жыландар, кесірткелер) қалай өсіп-өнеді?

  4. Аңдар мен құстар өз ұрпақтарына қандай (шығарма) қамқорлық жасайды?

  5. Жыртқыштар мен басқа жануарлардың көбеюінде қандай айырмашылық бар?

  1. Жаңа сабақ.

Кіріспе. Өткен сабақтар бойынша сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақ шешіп, жаңа тақырыпты ашу, Интерактивті тақтамен жұмыс.

Сұрақтары:



    1. Аюдың баласы қалай аталады?

    2. Бақашабақ неден шығады?

    3. Үлкен топ құрап өмір сүретін құстар?

    4. Отырықшы құс.

    5. Әнші құс.

    6. Ұя салмайтын құс?

    7. Денесін тікен басқан жануар.

    8. Етпен қоректенетін жануарларды қалай атайды?

    9. Орман дәрігері.

10) Жемін түнде аулайтын құс.





Қ

О

Н

Ж

Ы

Қ

























У

Ы

Л

Д

Ы

Р

Ы

Қ







Қ

О

Қ

И

Қ

А

З


































С

А

У

Ы

С

Қ

А

Н

























Б

Ұ

Л

Б

Ұ

Л


































К

Ө

К

Е

К




























К

І

Р

П

І

























Ж

Ы

Р

Т

Қ

Ы

Ш

Т

А

Р







Т

О

Қ

Ы

Л

Д

А

Қ


































Ж

А

П

А

Л

А

Қ














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет