Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ҚОЖАН НАРГИС НИКОЛАЙҚЫЗЫ
Оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
6М010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты
М.Н.Қойшыбаев
Қызылорда, 2013 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...........................................................................................................
|
3
|
|
|
І
|
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ...........................................................................................
|
7
|
|
|
|
1.1
|
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негізі........................................................................................
|
7
|
1.2
|
Ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері.................................................................
|
20
|
1.3
|
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары және оның құрамдары.....................................
|
39
|
|
|
|
ІІ
|
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ............
|
48
|
|
|
|
2.1
|
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстары...............
|
48
|
2.2
|
Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы жеке пәндердің алатын орны..................................
|
53
|
2.3
|
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ролі....................................
|
68
|
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
|
77
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................
|
79
|
АНЫҚТАМАЛАР
Дүниетаным - ақиқатты рухани практикалық тұрғыдан игеру жүйесі. Соның ішінде білім мен сенім жиынтығы, адамдардың адамгершілік мұраттары мен әлеуметтік мінез-кұлқы реттегіштері, саяси бағдарлар, қоршаған ортаға деген психологиялық жэне эстетикалық көзқарас дүниені түсіну жэне дүниені өзгерту дүниетаным түсінігінен қуат алады.
Ғылыми дүниетаным — қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Бұл — философиялық, экономикалық және саяси әлеуметтік көзқарастың жиынтығы.
Ғылыми білім жүйесі — объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі.
Білім – объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибиесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми дүниетаным қалыптасуының және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі.
Көзқарас – жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
Сенім – терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі бағытынан тайдырады,шындықты терең тани білуді шатастырады.
Адам мұраты – жеке түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының егемен ел, тәуелсіз мемлекет жағдайында болуы білім беру мен тәрбие үрдісін жаңаша құру қажеттілігі туып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп айтылған. Білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында және де басқа да мемлекеттік құжаттарда негізделген.
Білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру. Өйткені, заман сұранысына сай жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруда ұлттық рухани ерекшеліктерді ескере отырып, салт-дәстүрді, білімді, ғылымды пайдалану – бүгінгі таңның кезек күттірмес мәселелерінің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасында: «Жан-жақты мәдениетті тұлға, ең алдымен тұтастай дүниетанымға ие болуы қажет…»- деп тұлға дүниетанымын қалыптастыруға ерекше мән берілсе, ал Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында үздіксіз білім беру жүйесінің үш іргелі мақсаттарының ішіндегі ең негізгісі дүниетаным екені анық айтылған.
Бүгінгі таңда білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру екені айқын. Сондықтан да оқу тәрбие үрдісінде оқушының ұлттық мәдениет пен ел тарихын, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайын саналы түсінуге, яғни ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру өте күрделі және ұзақ үрдіс. Сондықтан да әр адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру мәселесі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асырылуы тиіс. Бастауыш сынып – оқушы дамуының іргетасы болғандықтан, олардың дүниетанымының негіздері де осы кезеңдерде қаланады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың білім негіздерін игеруіне, біліктілігіне елдің болашағы байланысты екендігі айтылып, оған мән берілуі маңызды іс екендігін байқатады. Сондықтан, сапалы білім беріп, саналы етіп жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мақсаттардың бірі, соның ішінде халық «білім негізі - бастауышта» деген тағылымды ойды орынды айтады.
Бастауыштан бастап күнделікті оқу, жүйелі дайындалу, сапалы болудың бірден бір жолы дүниетанымын арттыру. Оқушылардың ғылыми көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру бірден бір міндеттердің бастысы.
Жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру туралы еңбектерді талдау нәтижесінде жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу нысанасына айналғандығы белгілі болды.
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып, оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға жағдай туғызу болып отыр.
Әр оқушының өз елін, тілін, дінін, мәдениетін танып білуі, олардың дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайтыны сөзсіз. Бірақ бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруды жеке пәндер негізінде жүзеге асырудың ғылыми-теориялық негізін айқындау - әлі де болса, өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.
Солай бола тұра, жеке пәндер материалдарының педагогикалық мүмкіндіктері мен олардың бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі жағдайларының арасында; бүгінгі қоғам сұранысына сай жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.
Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың мәселесі бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелек тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмауы ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Жеке пәндер материалдарын бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Оқу тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру.
Зерттеу болжамы: егер оқу бағдарламаларының жеке пәндер принципін жүзеге асыру жұмыстары жүйелі жүргізілсе, жеке пәндер материалдарын әр пән мазмұнына және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес сұрыпталып, оларды меңгерту тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылса, жеке пәндер материалдарын оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын жоғары деңгейде қалыптастыруға негіз болар еді.
Зерттеу мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер айқындалды:
Жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін анықтау;
Жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мен жағдайын анықтау;
Оқушылардың дүние танымын қалыптастыруда, табиғат құбылыстарындағы өзгерістердің болу себептерін түсініп білуде психологиялық ерекшеліктерді (көру,есту,тері сезім мүшелері) ескере білу;
Жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру моделі, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, әдістемелік шарттарын айқындау;
Оқу үрдісі мен сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыруды жетілдіру мақсатында қосымша бағдарлама жасау, оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Жетекші идея: Бастауыш сыныптардың оқыту үдерісінде жеке пәндер материалдарын жүйелі түрде, ғылыми-әдістемелік тұрғыда пайдалану арқылы оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруда жеке пәндер материалдарын іс жүзінде пайдалану жайындағы мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибелері; зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік еңбектер.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламаларын, оқу –әдістемелік кешендерді талдау және оны жүйелеу; білім беруді ақпараттандыруға байланысты нормативтік–құқықтық құжаттардың мазмұнымен танысу, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді зерделеу; зерттеу бойынша бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау, сауалнама, әңгіме жүргізу, әдістеменің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру, математикалық статистикалық есептеу әдістері.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: таным теориясы, жеке тұлғаның іс-әрекет арқылы дамыту теориясы, тұтас педагогикалық үрдіс теориясы және жеке тұлға дүниетанымын қалыптастыруда адам, қоғам, табиғат туралы философиялық, ғылыми-әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық теориялар негізге алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздері ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Оқушылар «дүниетанымы» ұғымына анықтама берілді;
- жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың моделі ұсынылып, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, әдістемелік шарттары айқындалды;
- оқу үрдісі мен сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесі берілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтижелерін бастауыш білім беретін мектептерде, арнайы және жоғары педагогикалық оқу орындарында, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін мекемелерде пайдалануға болады.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде – зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, теориялық тұрғыда зерттеу жүргізілді; жеке тұлға дүниетанымының қалыптасуы мен тарихи дамуы туралы түсініктер, ұғымдар талданды; зерттеу тақырыбы бойынша бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жағдайы анықталды;
Екінші кезеңде – оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мәселесі бойынша педагогикалық озат тәжірибелер зерттелді; жеке пәндер негізінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың моделі және қосымша бағдарлама жасалды.
Үшінші кезеңде зерттеу жұмысына байланысты жинақталған материалдар ғылыми-теориялық тұрғыдан талданып, қорытындыланды. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалды. Алынған мәліметтер талданып, бір жүйеге түсірілді және зерттеу бойынша қорытынды жасалды.
Зерттеу құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптас-тырудың теориялық негізі
Қазақстан Республикасының егемен ел болып, тәуелсіз мемлекет жағдайында болуы білім беру мен тәрбие үрдісін жаңаша құру қажеттілігі туып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп айтылған [1. 55]. Білім берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында [2], «Қазақстан-2030» [3] стратегиялық бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда негізделген.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі - оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім – дүниетанымның кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Орта білім стандартында «Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету» талабы қойылып отыр [4. 255]. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам – біртұтас ұғым. Адам, табиғат, қоғам арасындағы және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі тез дамиды. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының көру және есту сезім мүшелері арқылы қабылдауымен есте сақтау қабілеті жоғарғы дәрежеде болады.
«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілік мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның көзі – білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар мен құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи – құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Қоршаған дүние жайлы көзқарастың қалыптасуы – танымға байланысты. Кез-келген тарихи кезеңдерде дүние, табиғат, оның түрлері, құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады. Дүниеге көзқарас – адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Отандық философ М.Орынбеков: «Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады», - дейді [5. 99].
Дүниетанымның басты категориясы ретінде «дүние» және «адам» алынады. Дүниетаным – күрделі рухани жүйе. Дүниетаным, адам, оның қоғамдағы орнын анықтау, табиғаттың құбылыстары мен заңдылықтарын тану философиялық дүниетанымның негізгі мәселелері болып саналады. Дүниетаным адам санасының, қоғам, табиғат құбылыстарының ғылыми түсінігін қамтиды.
Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.
«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С.Б.Крымский [6], Б.М.Кедров [7], Э.Нысанбаев [8], А.Қасабеков [9], М.Орынбеков [5], Ж.Алтаев [10] , Кішібеков A.[11] және т.б.) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А.Данилов [12], И.Я.Лернер[13], Л.В.Занков [14], М.И.Махмудов [15], А.А.Люблинская [16], А.Н.Леонтьев [17], Н.Б.Менчинская [18] , П.Я.Гольперин [19], Д.Б.Эльконин [20], М.И.Левина [21] , Ю.К.Бабанский [22], Т.И.Шамова [23], С.П.Барнов [24]) зерттеу объектісіне қарай жүйелі талданған.
Г.И.Щукина [25] «Оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек», деп дәлелдейді. С. П. Барнов [24] «Оқытуды, жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығын пайдалану қажет деп санайды. Осы жайында тіпті өз кезінде Я.А.Коменский болса, «мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын» — деп тұжырымдайды [26. 118].
Оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері оқушылардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін қазақтың белгілі дидактері И.Нұғыманов [27], Т. Сабыров [28] және т.б. өз еңбектерінде дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты — оқушыларға айқын дүние заңдылықтарын, заттарын, фактілерін таныту деген түсінік береді.
Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені, қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алып, оны нақты қабылдау барысында оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не құбылысты көру әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да сапасын айқындау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне, осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде оқушылар затты не құбылысты қабылдайды және олардың ғылыми ұғымның негізі қаланады. Осы аталған әрекеттер арқылы түсінік алған оқушыларда келешекте эмоциялық, іскерлік, интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға, олардың бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесіне ендірілу тәжірибесіне жасаған талдау барысында дүниетануды оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер байқалды:
- оқушылар дүниетанымын қалыптастырып, оларға қоршаған дүниеден ғылыми және экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге дейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
- бастауыш сыныпта табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі аударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп келгендігі;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
- бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың ең бастысы, негізгісі ретінде сөздік әдіспен шектелуі, оқушылар белсенділігін арттыратын, ізденушілігін дамытатын жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің төмендеп, көріп байқағандарын қайталап айтумен шектелетіндігі:
- осы кезге дейін бастауыш сынып оқушыларына қоршаған ортадан білім берудің әдістемелік мәселелерін жүйелі зерттеген монографиялық еңбектердің жоқтығы.
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.
Егемендік алған алғашқы жылдары бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәні оқылмағанымен, оқу бағдарламасына қоршаған дүниеден ұғым беретін материалдар, яғни, дүниетану материалдары бастауыштың бірінші сыныбында «Айналамен таныстыру», екінші сыныбында «Табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Дүниетану» пәні республиканың барлық бастауыш сыныптарына ендіріліп отыр. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем-қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады. Олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным процесінде әртүрлі факторлар, мәселен әлеуметтік микроорта мен тәжірибе жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы адам іс-әрекетіне әртүрлі ықпал жасайды.
Бастауыш сынып оқушысының өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтарын, белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
Білім мен тәрбие беру арқылы адамның ой-сезіміне, мінез-құлқына, дүниетанымына әсер етуге болады. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқандай адамдағы үш қабілетті дұрыс жолға қойып тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтижеге жетуге мүмкіндік туады. Дүниедегі ең бағалы байлық – адам болғандықтан, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, білу деңгейі қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі орын алады. Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат-тілегі, мінез-құлқы, моральдық бейнесі іштей өзімен бірге тумайды, қоғамда, басқа адамдар арасында өмір сүру барысында қалыптасады.
Философтар: В.Афанасьев [29] , В.Журавлев [30], П.Алексеев [31], М.Федосеев [32], А.Леонтьев [17], Г.Смирнов, А.Спиркин [33], Ә.Нысанбаев [8], Ж.Әбділдин [34], Д.Кішібеков [11], О.Сегізбаев [35], Ә.Тұрғанбаев, М.Орынбеков[5] т.б. дүниетаным ұғымын сипаттай келе, дүниетанымды тұтас дүние туралы ондағы адамның орны жайындағы түсініктер мен пікірлердің жиынтығы деп түсіндіреді.
Белгілі философтар В.Афанасьев, А.Леонтьев, Г.Смирнов, А.Спиркин, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин дүниетаным құрылымын, оның негізгі нысаны – қоғамдық сананы саралау тұрғысынан қарастырады.
«Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты ...», « ... адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер», - дейді философтар Д.Кішібеков [11] пен Ұ.Сыдықов. Адам тіршілігінің көзі – табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалынған заттар шығарады. «Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның нәтижесінде «екінші табиғат» заттары пайда болады. Бұл «екінші табиғат» дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын ашатын да – адам. Мұндай жетістіктерге ол қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.
«Дүниетаным» ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен тұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние – ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол – адам, адам мен адамның қарым-қатынасы, ол – табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол – қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай болу керек. Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.
Дүниетаным – «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз да – дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынамыз. Дүние – қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса оған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқауымен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты дүниетану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек. Керісінше дүниені танып білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады.
«Дүниетаным тұтастай алғанда адамның білімі мен нанымы, ар-ождан мұраттары мен әлеуметтік құлықтардың реттеушісі, саяси бағыт-бағдар, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарас» - дейді, М.Орынбеков [5. 96].
Дүниетанымның басқа ғылыми емес көзқарастардан айырмашылығы – ол табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дұрыс бейнелейді. Сол заңдылықтарды меңгерудің және адамдардың практикалық іс-әрекеттерінде қолданудың жолдарын көрсетеді.
Ғалымдардың пікірлері бойынша, көзқарастар мен сенімдер дүниетанымның күрделі құрылымының өзегі болып табылады.
Философ Д.Злобин дүниетаным ұғымына анықтама беріп, оның негізгі компоненттеріне сенім мен күмәнді жатқызады. Ал А.Спиркин дүниетаным құрылымына білімді құндылық-бағыттаушылық, сенім мен қатар мұратты да кіргізеді [33]. Ол дүниетанымның қалыптасуы әлеуметтік жағдай, тәрбие мен білім беру ісіне байланысты екенін айқын атап көрсетеді.
Дүниетаным гнесологиялық тұрғыда қоршаған шындықтың адам санасында бейнеленуі ретінде пайымдалғандықтан, ол танымның ерекше формасы іспеттес (В.Копкин, Г.Платонов, М.Федосеев, В.Иванов) деп саналады.
Қоғамдық сананың өсуіне байланысты адамның ойлау дәрежесінің шеңбері ұлғайып, « ... қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету» көзделеді.
Сонымен философтардың ой-пікірлеріне сүйене отырып, біз дүниетаным дегеніміз - адам санасындағы дүниенің сыртқы бейнесі ғана емес, оның сол дүниеге, қоғамдық өмірге деген қарым-қатынасы деген тұжырымға келдік.
Дүниетаным, оның құрылымдарының компоненттерін анықтауда белгілі психологтар: В.В.Богословский [36], А.Г.Ковалев [37], А.Д.Виноградова [38] , А.Н.Леонтьев [17], В.Н.Мясищев [39], С.Л.Рубинштейн [40], Д.Н.Узнадзе [41], М.В.Матюхина [42], Ә.Алмұратов [43], Қ.Б.Жарықбаев [44], Т.Тәжібаев [45] т.б. дүниетаным ұғымына түсінік бере отырып, оны жеке тұлғаның бір құрылымы ретінде қарастырады. Жеке тұлға, оның құрылымы туралы мәселелерге психологтардың әрқайсысының өзіндік пікірі, өзінше талдауы бар.
В.Н.Мясищев [39] жеке тұлғаны ең алдымен адамның қоршаған шындыққа қатынасының жүйесі ретінде сипаттайды. А.Г.Ковалев [37] жеке тұлға дүниетанымы қоғамдық болмыстың бейнеленуі деп, оның қалыптасуының бірден-бір факторы – тәрбие екенін атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол жеке тұлға дүниетанымының сапалы ерекшеліктерін – бағыттылық, ғылымилық, сенімділік, оның іс-әрекет пен мінез-құлықпен байланысын бейнелейді.
Психологтар: В.В.Богословский [36], А.Г.Ковалев[37], А.Спепанова [46] , Н.Шабалин болса, жеке тұлға дүниетанымының сапалық сипаттамасын – мазмұндылығы мен ғылымилығы; жүйелілігі мен мақсаттылығы; логикалық дәйектілігі мен дәлдігі; жалпылау дәрежесі мен нақтылығы; іс-әрекет пен мінез-құлық байланыстары, белгілері бойынша анықтайды. Олар жеке тұлға құрылымының негізгі компоненттерін бағыттылық, қабілеттілік, мінез-құлық деп белгілейді.
Демек, жоғарыда аталған ғылыми пікірлер оқушы дүниетанымын қалыптастыру мен дамытуда негізгі қағидалар ретінде есепке алынады.
Психологтар дүниетанымды интеллектуалдылық, тұлғалық және практикалық тұрғыда жеке тұлғамен тығыз байланыстырады.
Белгілі психолог-педагог Қ.Жарықбаевтың пікірінше дүниетаным- адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.
Бірқатар педагог ғалымдар: М.Алексеев [31], Т.Балавадзе [47], В.Медведев, Б.Лихачев [48], И.Харламов [49], Э.Моносзон [50], И.Огурцов, И.Школьник, Р.Рогова [51], И.Лернер [13], Е.Сағындықұлы [52], Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев [53] т.б. дүниетанымды тұлғаның қалыптасуы мен дамуының анықтаушы факторы екенін ерекше атайды. Олар білімді, сенімді, дүниетаным мен адам мұратын дүниетанымның құрылымдық компоненттері деп көрсетеді.
Белгілі педагогтар Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М. Қоянбаев бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттеріне қарай дүние, табиғаттың құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғамдағы оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игеріп, оқу тәрбие үрдісінде Отан, бейбітшілік туралы түсінігі қалыптасады дейді.
Педагог И.Харламов дүниетанымның адам өмірі мен мінез-құлқына әсерін атап, дүниетанымның хабарлау-айқындау, бағдарлы-реттеуші фукциялары мен оны қалыптастырудың өлшемдерін белгілесе [49], Б.Лихачев дүниетанымның дамытушылық, ағартушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық функцияларының маңыздылығын ерекше атайды [48]. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде оқушылардың дүниетанымының қалыптасуына байланысты бірнеше қағидалардың қажеттілігі көрсетіледі: дүниетанымды қалыптастыруда білімнің ролі; білімнің сенімге айналуы; дүниетанымдық міндеттерді шешу үшін оқушылар позициясының мәні; оқушылардың жас ерекшелігінің әсері; оқушыларда дүниетанымды қалыптастыру үшін қажетті жалпы және ерекше жағдайлар.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдарын зерттеген ғалымдардың көпшілігі орта және жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесін көбірек қарастырғаны, ал дүниетанымды бастауыш сыныптан бастап қалыптастыру қажеттігі елеусіз қалғаны анықталды. М.Н.Алексеев, Т. Н. Балавадзе, И.Г. Огурцов, Р.М. Рогова, Л.С.Выготский, Н.А.Менчинская [18], Т.К.Мухина, В.А.Сластенин [54], В.А.Сухомлинский [55], Ж.Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев [53] сияқты ғалымдар бастауыш мектеп оқушыларына дүниетанымның негізін қалыптастырудың қажеттігін көрсетіп, олардың санасында қоршаған дүние қалай бейнелейтінін, қандай көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасатынын анықтаған.
Дүниетанымдық білім туралы К.Д.Ушинский: « ... ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек ... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс»,- деп тұжырымдайды [56. T.2. 198].
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесін зерттеуде Н.А.Менчинская, О.Г.Богданова, Э.И.Моносзон, Т.К.Мухина, Р.М.Рогова, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенина еңбектері нәтижелі болып табылады. Олар бастауыш саты – оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың ең қолайлы мерзімі екенін атап көрсетеді. М.Н.Скаткин балаларда қоршаған орта туралы алғашқы түсінік мектепке дейінгі кезеңде қалыптасып, бастауыш мектепте қоғам, табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы нақты білім қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда Ш.Уәлиханов [57. T.1], Ы.Алтынсарин [58], А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев [59], А.Байтұрсынов [60], М.Дулатов [61], Ж.Аймауытов [62] еңбектерінің маңызы зор.
Сондай-ақ көрнекті қазақ ақын- жазушылар: С.Бегалин, Ө.Тұрымжанов, Қ.Әбдіқадыров, Б.Соқпақбаев, Б.Тұрсынбаев, М.Әлімбаев [63], Қ.Мырзалиев, К.Баянбайдың [64] шығармалары бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, оның табиғаты туралы көзқарастарын қалыптастыруға негіз болатыны сөзсіз.
«Дүниетаным – ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде тұтастай алғанда адамның білімі мен нанымы, ар-ұждан мұраты мен әлеуметтік құлықтың реттеушісі, саяси бағыт-бағдар, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарас» .
Дүниетаным – жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Жалпы дүниетанымға сенім керек. Ал сенім – терең, тиянақты ойланып айтылған идеялар жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік ұстанымының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әртүрлі идея адам сенімінің негізі – шыныдықты терең тану, оның соңынан еріп отыру. Сенімді эмоционалды толқу, интеллектуалдық сезім, бірбеткейлік, қайсарлық, теориялық үлкен ой орын алады.
Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстарын, біздің еліміздегі, шет елдегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан, халық туралы, алдыңғы қатарлы адамдардың дүниежүзі халықтарының бейбітшілік және бақыты үшін күресу туралы оқушылардың түсінігі қалыптасады.
Ендеше, қорыта келе, балалардың дүниетанымын қалыптастырып, оларды тереңдетуге мұғалімнің іс-тәжірибесінің қызықтылығы, тартымдылығы, көп түрлілігі қажет-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: |