Қожан наргис николайқызы оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру



бет5/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,82 Mb.
#6693
1   2   3   4   5   6   7   8

Сәйкестендіру тестін орындау




Мысалдар түрлері

Жалпы есім

Жалқы есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Дара зат есім

Күрделі зат есім

1

Бала

+




+




+




+




2

Абай




+

+




+




+




3

Тайбурыл




+

+













+

4

Қуаныш




+

+







+

+




5

Жолдас




+



















6

М.Мақатаев




+

+













+

7

Қобыз

+




+




+




+




8

Сазгер

+




+







+

+




9

Өлең

+




+




+




+




10

Шебер

+




+




+




+




11

Өмір

+










+




+




12

Балқаш




+

+




+




+




13

Сарыарқа




+

+




+







+

14

Қар

+




+




+




+




15

Семей




+

+




+




+




16

Емхана

+




+







+

+




17

Ақан сері




+

+




+







+

18

Мәдениет үйі

+




+




+







+

19

Туған-туыс

+




+







+




+

Орта мектепте қазақ тілі пәні сатылы бағдарлама бойынша оқытылатындықтан бастауыш сыныптарда зат есімнің жалпы, жалқы есімдері түріне көбірек көңіл аударамыз. Ішінара негізгі,туынды есімдермен қатар дара, күрделі есімдерге де назар салып қоятын кездеріміз болады.

Таблицадағы «плюс» таңбасы мысалдар түрлерінің қай есімге жататындығын білдіреді.

Жұмыс тәжірибесінде оқушылар алдымен кластағы оқушылармен,кеңсе бөлмесіндегі заттармен таныстырылады.Одан кейін мектеп пен және оның басшыларымен таныстырылады. Мектепте жүріп тұру тәртібі туралы түсіндіріледі. Оқушыларды ауыл өмірімен оның белгілі азаматтарымен таныстыру дәстүрі оқушылардың ата – аналарымен таныстырудан басталады. Осылайша балалардың дүниетанымдық өрісі бірте – бірте кеңейе түсетін болады.

Оқушылар аттарымен танысу жұмыстарымен қатар жер, су, аңдар мен жануарлар және әртүрлі транспорт құралдарымен де танысатын болады.

Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасу керек.

Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мынадай:


  1. Балаларды мектепте сауат ашуға даярлау;

  2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, анық айтуға үйрету;

  3. Оқушылардың жалпы ой – өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;

  4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дәл, дұрыс жеткізе білуге үйрету;

  5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп,оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;

  6. Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың каллиграфиялық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді көшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;

  7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы ерекшеліктерін меңгерту;

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі – оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.

Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдыларыныңнегізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап,содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру,өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту.

« Әліппе »- көп деңгейлі, дамыта оқылатын, ұлттық ерекшеліктері бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.

Тіл пәнінің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңіне басталады.Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді. Дамыта оқыту оқушыларымен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйрете ді, әр оқушыны ізденіске жетелейді.

« Әліппе » оқулығы Ш. Әуелбаевтың жетекшілігімен ғылыми қызметкер Р. Ізғұтынова, Ә. Наурызбаева және А. Құлжановалар жазып, 1997 жылы « Атамұра » корпорациясынан басылып шықты.

«Әліппеде» психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін басшылыққа алады.

«Әліппеге» дейінгі кезең – сауат ашуға даярлық кезеңі. Оқушының жақсы сауаттылығы осы кезеңде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігіне тікелей байланысты.

Даярлық кезеңге оқу бағдарламасы бойынша 14 сағат бөлінген. Осы аз уақыт ішінде мұғалімге көптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Партада дұрыс отырып, дәптерді, қаламды дұрыс ұстап, дұрыс пайдалануға, мектеп ережелері күн тәртібін орындап, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдауға, дұрыс сөйлеуге, «сөйлем, сөз, буын, дыбыс» ұғымдарын ұқтыратын, үйрететін кезең.Әліппеге дейінгі кезең жұмысын өткізу-мұғалімнен үлкен кәсіби шеберлік пен ізденісті талап етеді.

«Әліппеге» дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен байланыстыра ұсынылған. Негізгі тақырыптар: «мектеп», «мектеп мүліктері», «оқу – құрал жабдықтары», «денсаулық сақтау», «көшелерде жүру тәртібі», «құстар», «жеміс-жидектер», «отбасы», т. б. тақырыптар берілген.

Жеке суреттер балалардың тілін дамытады, сөздік қорын байытады, ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретеді.

Оқушының «сөйлем», «сөз», «дыбыс», «буын» туралы алғашқы ұғымдары нақты мысалдар арқылы меңгертілуі тиіс.

«Әліппе» кезеңі

Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты-оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.

Сауат ашу ең оңай дыбыс, буын, сөздерден басталуға тиіс. Оңайдан қиынға қарай принципін жүзеге асырамыз.

Сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас, сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету,сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту, сөзді ауада жазып үйретіп, дыбыстық талдау жасайды. Буындап оқытып буындап жаздырамыз. Сауат ашудың негізгі белгісі-сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу. Сабақта сөзге дыбыстық талдау жасалады. Бұл – дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы іске асады.

Талдау әдісі:сөйлеуден сөйлетуді,сөйлемнен сөзді,сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп аламыз.

Жинақтау әдісі:дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен сөйлеу арқылы тұтас әңгіме шығарамыз.

Оқушы сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, көшіріп жазады,сөйлеуге дағдыланады.талдаудың басты тәсілі – дыбыстық талдау. Мұндай талдауда сөзден буын, буыннан дыбысты табады, орын ретін анықтайды.

Сауат ашудың талдау, жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек – бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөліп оқытамыз.

Әліппеден кейінгі кезең.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты –сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушыларды екінші жарты жылдықта «Ана тілі»пәнінен оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамында оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл –ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі – мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді.

Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударады.

Сауат ашу кезіңде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалады.Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалин, С.Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйқыбаевсекілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән береді.

Тіл дамыту жұмысы сауат ашу кезеңінде де жүргізіле береді.

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан ерекшелігі – оқыту ісіндегі талдау және жинақтау ісінің бірлігінде.

Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады:бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету.

Бастауыщ мектепте тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтиды:



  1. Оқуға үйрету;

  2. Сөздік қорын, оқушылардың логикалық жүйелікті қамтитын байланысын сақтап сөйлеуін дамыту;

  3. Фонетиканы,сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;

  4. Графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.

Оқыту ісі барысында қолданып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:

  1. Мұғалім сөзі;

  2. Әңгіме әдісі (сұрақ -жауап)

  3. Тілдік фактілерді талдау грамматикалық талдау;

  4. Жаттығулар орындату;

  5. Көрнекі құралдарды пайдалану (сызбалар, кестелер, суреттер,компьютер,т.б.);

  6. Кітаппен жұмыс істеткізу;

  7. Топ серуен;

  8. Тест өткізу.

Тілдегі дыбыстардың құрамын, жасалу,жүйеленуін игергеннен кейін дауысты дыбыстардың буын құрайтыны жалғасады. Сөзді буынға дұрыс бөлу жазуда да, оқуда да, салауаттылыққа үйретеді. Сөзді буындап үйрену арқылы жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалғанда дұрыс тасымалдауға болады. Сөйлемдегі сөздерді түгел буындап, талдағанда сызықша арқылы бөлінеді. Дауысты дыбысты созып оқыса, буынмен екінші буын араласып, оқуда, жазуда, тасымалдауда қате кетеді. Мысалы:мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, деген сөйлемді алсақ: мен – бір буынды сөз, тасымалданбайды. Жаз – баймын, жазбай-мын, жаз-бай-мын – үш бұынды сөз, екі жолмен тасымалданады;

Ө-леңді, өлең-ді – үш буынды болғанмен, бір жолмен ғана тасымалданады.

Жалпы фонетикалық талдауға дыбыстық, буын құралдарына талдау, буын түрлеріне, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне қарай және екпін қойып талдау кіреді. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыздыбыс астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын айтады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мөлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазылуға төселеді. Фонетикалық тақырыптарды толық игергенде толық талдау жасалып, оқушы білімін бекітуге болады. Толық талдауға білімділік, тәрбие мәні бар тұтас сөйлемдер алынып таладнады. Толық талдау дегеніміз – сол тақырыптан алған білімді жинақтау, жүйелік дәлелдеу. Оқушы толық талдауды жүргізгенде әуелі тұтас сөйлемді буындап оқып, буындап жазады. Тасымалдау үлгісін көрсетеді, астысызылған бір сөзге толық дыбыс құрамына талдау жасайды, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне бағынып және бағынбай тұрған сөздерді дәлелдейді, екпін түсіреді. Оқушы берілген сөзге дыбыстық талдау үшін берілген сөзді жазады, сөзде қанша буын барын анықтайды, сөзге неше дауысты неше дауыссыз дыбыс барын жазады, дыбыстарды түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы: жеміс сөзі. Же-міс екі буын, бес әріп екі дауысты, екі дауыссыз бар, ж – дауыссыз, ұяң; е – дауысты, жіңішке; м – дауыссыз, үнді; і- дауысты, жіңішке; с – дауыссыз, қатаң.

Осы жердегі бастауыш сыныптарда оқылатын пәндер арасындағы байланысқа назар аудара кетейік.Тышқан, жапалақ, қарлығаш, маса, бидай зат аттары, табиғат объектілері. Мұның ішінде балалар түгелдей біле қоймайтын жаңа сөздермен таныс болады. Тышқанның бірнеше түрлерінің бар екендігі түсіндіріледі. Сөйтіп оқушылардың сөз байлығы артады. Зат есімге жататын бұл сөздер кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Ал миллион деген сандар математикалық ұғымдар, ол сандарды жазып көрсету үшін математиканың (арифметиканың) негізі болып табылатын 0 (ноль) және 1-9 арасындағы цифрларды пайдаланамыз. Сөйтіп осы бір сөйлем арқылы ана тілі, қазақ тілі, математика арасындағы байланысты көріп отырмыз.

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2050-стратегиялық бағдарламасында 10 түрлі қатерлі сын туралы айтты. Соның біріншісі «тарихи жаһанданудың жеделдеуі». Елбасы бұл жерде алғашқы қауымдық қоғам (жүз мың) жылды, құлдық қоғам 5000 ( бес мың) жылды,феодалдық қоғам 1300 (бір мың үш жүз) жылды бастан кешірсе капиталистік қоғам 700 (жеті жүз) жылды бастан кешіріп отыр. Қоға осы дамуынан жанылыспаса жаңа қоғамның пайда болуы алыс емес екендігін меңзейді. Сол себепті дүние жүзі халықтар санының демографиялық өсуі туралы мысалдар келтірді. ХХ ғасыр басындағы 2 млрд халық саны аяғында яғни, 2000 ж 6 млрд болды. Осы халықты асырау жердің мойнына жүктеле ме? Ол өзінше мәселе. Бұл жерде біздің айтпағымыз математикамен тарихи өзгерістің байланысы.

Яғни, оқушылардың сөздік қорын молайту үшін де, тарихи түсінігін артттыру үшін де математиканың қажеттігін айтпақпыз.


Оқушылардың бейнелі ойлауын дамыту.

Адамның әр түрлі қызметінде мәселенің шешімін табу үшін қолданылатын тәсілдерге тек қана логикалық емес, сонымен қатар бейнелі ойлау талап етіледі. Осыған байланысты көркемсурет — графика профилінің ерекшелігіне орай кеңістікте елестету ұғымын жедел түрде жетілдіру қажеттілігі туындайды.



Психология-педагогика ғылымының осы заманғы дамуында оқушылардың бейнелі ойлауын жетілдіру мәселесі алдыңғы орынға қойылады. Әсіресе, сурет сабақтарында ол аса маңызды. Бұрынғыға қарағанда кейінгі кезде психологтар бейнелі ойлау мәселесіне айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Оған А.Н. Леонтъевтің, С.Д. Смирнованың, А.Р. Лурияның [96], В.М. Горданның, И.С. Якиманскаяның [97], Е.П. Кабанова-Меллердің [98] тағы басқалардың зерттеулері дәлел. Олардың еңбектерінде түсінікті қалыптастыруда, өнімді іс-әрекетте, адамның бейнелі ойлауының маңызынан туындайтын сауалдар, бейнелі ойлаудың жас шамасы мен дербестіктегі ерекшелігі қарастырылады. Бейнелі ойлаудың философиялық мәнін түсінуде адамның танымдық іс-әрекетінің маңызы ашылады. Белгі мен бейненің байланысын талқылауға құру тетіктерін ашуда, көріп қабылдау заңдылықтарын айқындауда Р. Арнхейннің, Р.Л. Грегоридің, И. Роктың, Ж. Плаженнің, т.б. көзбен шолуға арналған жұмыстарының үлкен мәнділігі бар.

«Кеңістікте елестету» ұғымының негізі мазмұнына зат пішінін ұғыну мен түсініп қабылдау қабілеттілігі жатады. Сондыңтан мектептегі бейнелеу өнері және сызу сабақатарында бейнелі ойлауды дамытудың маңызды және жауапты кезеңдері басталады. Бейнелі ойлау негізінен бейнеге сүйенеді. Олар ойлау үрдісі негізінің бастамасы қызметін атқарады да, онда ойдың нәтижесіне көңіл аударылады.

Дүние мен құбылыс әлемін меңгере отырып, оқушылар реттік қатынасты бөліп шығару жолмен, яғни, ерекшелігін сараптай, нобайын бөлу арқылы объектіні өзара сәйкес орналастыру жолмен олардың кеңістіктік қасиетін танып біледі. Нобайын бөлу - көрушіге обьектіні босатып, басқадан шектеуге, оның заттық ерекшелігін зерттеуге мүмкіндік береді.

Жазықтықтан кеңістікке өту немесе кері үрдісі кеңістік қатынастарға сүйенуге негіз болатын ұғым - проекция ұғымы. Бұл ұғымның басында таза эмпиризмдік (тәжірибеге сүйене), интуициялы (сезім) түрде, содан кейін ғылыми мазмұнға сәйкес меңгереді.

Енді оқушылардың кеңістік бейнені құрудағы графикалық іс-әрекетінде бейнелі ойлауды қалай шығатындығын талдайық.

Баланың қалыптасуындағы еңбектің рөлі.

Балалардың қалыптасуындағы еңбектің атқаратын рөлі жөнінде сонау ежелгі дәуірлердегі фольклорлық шығармалардан бастап-ақ айтылып келеді. Мәселен, қазақ ертегілерінде еңбекке жастайынан бейімделген баланың бақытқа жететіні, ал ол баланың жатыпішер жалқау болып өскен інісі немесе ағасы өмір сүре алмай, тентіреп кететіні үнемі әңгімелесіп отырады. Ауыз әдебиетініц сарынымен жазылған қазақтың прозалық туындыларында да осынау идея одан ары қарай жалғасын тауып келе жатқаны мәлім. Ы.Алтынсаринның баршаға белгілі «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі еңбектің қозғаушы күші туралы философиялық түйіндеулер бала ұғымына лайықталып, қарапайым да көркем берілуі еңбек факторының балалар әдебиетінде алатын орын ащық меңдейді.

Кеңес дәуірінің алғашқы кездерінен бастап жазылған шығармаларда да еңбекке қатысты әңгіме күн тәртібінен түспеді десе де болғандай. Әрине, баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы еңбектің рөлін, жас кейіпкер мен еңбектің ара қатынасын суреттеп жазу жан-жақты шеберлікті қажет ететіні даусыз. Жазушы өз шығармасында жалаң насихатқа бой ұрмай, оқиға мен әлеуметтік тартыстың нәтижесінде жас кейіпкер және еңбек деген мәселені белгілі бір көркемдік деңгейде талдап жеткізе білуі шарт. Сондықтан да еңбек тақырыбы балалар қаламгерінен шынайы шеберлікті талап етеді. Соқпақбаев Бердібектің әңгіме-повестерінде еңбек тақырыбы елеулі орын алады. Оның біз басты кітап ретінде санап отырған «Балалық шаққа саяхат» повесінде еңбек мәселесі өзіндік талап тұрғысынан келуді қажет етеді. өйткені бұл шығармада «еңбек етіңдер» деген жалаң насихат жоқ.

Тұрмыс ауыртпалығы шығарманың бас кейіпкері Бердібекті рухани жағынан шынықтырып, қайсар етіп өсіреді. Ол - екінші сыныпта жүріп-ақ колхоз жұмысына қатысуға мәжбүр болған балалардың бірі. Масақ терді, қырманда астық бастырды. Осындай ауыр азаптан арыла алмай, мейілінше қиналып жүрген кезінде шешесі қайтыс болып, Бердібек жетім қалады. Ал «жетім» деген жалғыз сөздің күйініші, зілдей ауыр мағынасы түсінген адамға соншалықты ауыр.

Бердібек кісі есігінде жүріп оқыса да, екінші, төртінші сыныптарды жақсы бітіреді. Бойда қайрат, көңілде жігер бар осы бала тұрмыстың қандай азабына болса да төзімділік танытады.

Шығармада ауыр еңбектің адами қалыптасуға тигізетін әсері де оқта-текте шаң беріп қалады. Еңбек — тіршілік етуге қажетті фактор ғана емес, әр адамның өмір сүруге қабілетін көрсете алатын, сол өмірді сақтауға қызмет ететін қасиетті ұғым. Бірақ, шектен шыққан ауыр еңбек адамда бейнетке, тіпті ауру-сырқауға да душар етеді. Әсіресе, тек басқалар үшін жасалған, өзінің зейнетін көрмейтін қара жұмыс адамды қажытып, шаршатудың құралы ретінде ғана көрінуі мүмкін. Бердібектің алғашқы бастауыш сыныптарға барып жүрген кезден-ақ еңбекке араласу сипаты осындай тұжырымға әкелгендей болады. Әлі буыны қатпаған жас баланы ертеден қара кешкеге дейін бір тыным таппастан, үйқысы қанбастан, тіпті дұрыс тамақтана алмастан, сезімі жоқ қара дүрсін машинадай тынымсыз еңбек ете беруі шын мәнінде азап екені сөзсіз.

Егер бүгінгі өркениет биігіне қарап, бала құқығын қорғау мәселесі тұрғысынан сараптайтын болсақ, бұл — бала құқығына қол сұғып, оның еңбегін қанаудың нақты көрінісі. Сегіз-тоғыз жасар Бердібектің осындай ауыр еңбектен әбден шаршап-шалдығуы, сондықтан да жұмыс десе жүрегі зырқ ете қалып, енді оған қарай алмастай, әбден қажап кетуі түсінікті нәрсе, заңды құбылыс.

Еңбектің осы қанау нысанын көрген жас бала мұндай қанаушылықты жан-тәнімен жек көрсе де, өзінің жеке мүддесі үшін жасалатын жұмысқа басқаша қарайды. Сабақты жақсы оқудың да үлкен еңбекпен келетіні белгілі. Алғыр бала сабақ оқудан ешқандай да қажымайды, шаршамайды. Қайта бұндай еңбек ол үшін рухани ләззат сыйлайды.

Қазақ балалар әдебиетінің тағы бір көрнекті өкілі С. Беғалин шығармаларындағы еңбек-оқиғаның өзегін ұстап тұратын және кейіпкерлер өмір сүретін орта ретінде негізгі көркемдік арқаудың бірі болып көрінеді. Оның «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген», «Керкиік», «Сымбатты Сима», және т.б. туындыларының негізгі сюжеттері еңбекке байланысты өрбиді, үндейді. Мұнда бұзау бағып, еңбек етіп жүрген Сәтжан мен Жанай сияқты балалар сонымен бірге құсбегілік, саятшылық өнеріне де қызығады.

Автор шығарманың басталу сәтінде осынау екі саланы қатар жарыстыра көрсетіп, екеуінің де маңыздылығын сюжет барысында салмақты етіп, әр қырынан аша түскен. Ителігі сияқты қыран құстың балапанын қиын жартастан алуға талап қылған Сәтжан сол жартастағы белгісіз таңбаларға таң қалады. Қыран құсқа деген құмарлығына енді осы таңбаның сырын білсем деген ынтызарлық қоса оянады. Сонымен бірге жас кейіпкер өзі атқарып жүрген негізгі жұмысын да ұмытпайды. Сол бір кезеңдерде Сәтжан сияқты өз ісіне ризасыз беріліп, еңбек ойлаудың өзінен рахат табатын балалардың болғанын бүгінгі үлкен адамдар жоққа шығармады. Бұл арада жазушыны кеңестік идеяның ықпалымен жалаң уағыз айтып отыр деп кіналауға болмайтын сияқты. Өз замандастары баланы осынау көзқарасына шындық ретінде басшылығы реалистік тұрғыдан қабылдай алғанымен, бүгінгі жас оқырман бүған күмәнмен қарауы да ықтимал.

Жастайынан табиғат аясында өскен баланың аңшылыққа құмар болуы заңды. Өйткені ол күнделікті дерлік өзен-суларды бойлап ұшқан әр түрлі құстарды, тay беткейінде қиялай қалқыған қырандарды көреді, алыстағы қасқырдың ұлығанын да естіп, табиғат қойнауында жүрген кездерінде түрлі тағы аңдарды кездестіріп қалады. Осының бәрі жас адамның аңшылық деген делебесін қоздырып, ата-баба өнерін дамыта түсу үшін ықыласын күшейтеді. Бірте-бірте баланың жан дүниесі, есіл-дерті тек осы аңшылыққа ауады. Әрине, ақылды да еңбеққор балалар сонымен бірге өздерінің мектептегі сабақтарын, үйдегі және түздегі жұмыстарын қоса алып жүреді. Өмірдің қажетті сала, бағыттарының ешқайсысын ақсатпайды. Бір сөзбен айтқанда, С. Бегалин кейіпкерлері - мінсіз балалар.

Еңбек тақырыбы - балалар қаламгері Т. Нұрмағанбетов шығармаларында да үнемі қозғалып отыратын негізгі тақырыптардың бірі [99]. Жазушының кейбір әңгіме-повестерінде еңбек мәселесі әр жылдары тиіп-қашып сөз болып та жүр. Бұл арада біз оның кейін туындылардың бірі «Үш күншілік жол» повесін негізге ала отырып, еңбек тақырыбының көркемдік тұрғыдан орындалуына талдау жасап көрелік.

Шығармада жас өспірім ауыл баласының қалайша еңбекпен шынығып, өскені жан-жақты суреттелген десек, артық айтқандық емес. Жайлауға ертерек көшіп бара жатқан Жәңгір шопан 12-13 жасар баласы Шәмиді сабақтан сұрап алады. Сөйтіп жайлауға мал айдасу үшін көмекші жасауын қалайды. Қойшының қасында мал айдасу үшін арнайы бөлінген ересек адам бар. Бірақ, ол орта жолға жеткенде қарсы келе жатқан көлікке мініп, ауылға қайтып кетеді. Сөйтіп әкесі мен баласы ұланғайыр малға ие болып, қиыншылықпен бетпе-бет арпаласуына тура келеді.

Қырсық қылғанда жылда қонып жүрген қоныстарындағы бұлақ көзі бітіп қалып, көршінің үйі межелі жердің ар жағындағы қашықтау жерге барып қонған. Сөйтіп, жол әдеттегіден ұзара түседі. Мал айдасушы Оқап деген кісі қастарында келе жатқанда Шәми жадыраған жаздың жайлы табиғатын тамашалап, кең далаға шыққанына балалықпен ойнақ салып, мәз болады. Қыс бойы мектеп партасында отырып, сабақтан шаршаған ауылдың шырқынан айналып, ұзаққа шықпаған ауылдың шырқынан айналып, ұзаққа шықпаған бала үшін көкпеңбек боп мөлдіреп бусаны тұрған ең табиғат - бір ғажайып әлем. Бірге келе жатқан қозы-лақпен, иттерімен арпалысып,балаға тән мінез көрсетіп, ойнақ салады.

Оқап қастарынан қалай кетті, әкелі-балалы екеуі әлдебір ауыртпашылықтың иықтарынан түсіп келе жатқанын сезгендей болады. Енді Шәмидің иен далада асыр салып, өзінше ойын ойнауына мүмкіндік жоқ.



Бір қарағанда бұл жазушының шығарманы мейілінше қызықты етіп беру үшін оқиғаны өз жанынан қоюлатуы деп қабылдауға болады. Бірақ, қойшылар тұрмысына нақты өмірдің шындығы, сол шындықтың қойнауынан алынған сәтті деталъдар мен эпизодтар орынды түрде дәлелдеу қызметін атқарған.

Жалпы еңбек мәселесі — Нұрмағанбетов Тынымбай шығармаларының көпшілігінде қозғалатын тақырып. Оның бұрынырақ жазған «Қош бол ата», «Он төрт жасар жігіт» және т.б. шығармаларындағы бала бейнелері еңбекпен етене, астаса көрініп отырады. Ал нақ осы «Үш күншілік жол» шығармасында жас баланы еңбек үрдісіндегі образы мейілінше ашылып көрсетілгені рас. Қойшы еңбегінің ауыр да қызықты сәттерін жазушы бала басынан кешкен оқиғалар арқылы шынайы бере білген деп айтуға болады.

«Балалық шақтық әндері» повесінің өн бойында да еңбек үрдісі суреттеліп отрады.

Адамның рухани дамуының көзі - еңбек. Ф. Әнгельс еңбектің тарихи рөлін қарастыра келіп, белгілі жағдайда адамды жаратқан еңбек деген қорытындыға келді. Олай болса, еңбексіз даму жоқ, онсыз кері кетушілікке ұшырауға болады. Еңбек — адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек ету әрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамдық әл-ауқатын арттыруға, қажетті нәрселерді жасауға тиіс.



Міне, ғылыми негізінде тұжырымдалған осы пайымдауды жазушыларымыз өздерінің шығармаларында әр түрлі сипатта келтіріп, көркемдікпен дәлелдеп отырады. Бұны біз жоғарыда айтылған Б. Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», С. Бегалиннің «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері» және Т. Нұрмағанбетовтың «Үш күншілік жолы» повестерінің ұстанған тұжырымдарынан байқаймыз. Әрине, «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі еңбектің қанаушылық сипаты, оның баланы қалыптасуына тигізетін кейбір теріс әсерлері реалистік өмір тұрғысынан алынған. Ал оның үшқыны «Үш күншілік жолы» повесінен де байқалатынын сездіріп өттік. Ал нағыз социалистік реализм әдісінің үлгісінде жазылған «Сәтжан» повесінде еңбек бала кейіпкердің жан дүниесіне оптимистік рух береді. Бұндағы еңбек тe — қоғамдық еңбек. Демек, жазушыларымыз еңбек үрдісінің кейіпкер бейнесіне тигізетін әсеріне әр түрлі тұрғыдан келген деп айтуға толық негіз бар.

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет