Қожан наргис николайқызы оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру


Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы жеке пәндердің алатын орны



бет4/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,82 Mb.
#6693
1   2   3   4   5   6   7   8

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы жеке пәндердің алатын орны
Абай Құнанбаев шығармаларын әдебиет, тіл, тарих, дүниетану т.б. пәндерді оқытуда пайдалану көптен бері жүзеге асып келе жатыр. Ал мақсатты түрде эстетикалық тәрбие беруде бастауыш мектептердегі сабақ және сабақтан тыс уақыттарда пайдалану мәселесі бұрын зерттелмегендігі белгілі. Сондыңтан біз өз зерттеуімізде тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруда ақын шығармаларындағы эстетикалық ойларға қатысты Т. Әбжанов, Ә. Қалмырзаев, X. Сүйіншәлиев, Қ. Сыздықов т.б. белгілі ғалымдар мен кейінгі кезде ақын мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне ендіру мәселелерін зерттеп жүрген. I. Халитова еңбектерін негізге алдық. Сонымен бірге сабақ үстінде ақын шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беруді қазіргі кезде мектептерімізде енгізіліп жатқан бейімдеумен қатар сабағына арналған бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаландық. Осыған орай, бастауыш сыныптардың кейбір тақырыптарына қосымшалар ендіруді көздедік. Бұл жұмыста біз осы бағдарлама ендірілген қосымшаға байланысты сабақтан тыс жұмыстардың жоспарын қарастырып отырмыз.

Бұл ретте мынадай мәселелерді ескеру жұмыстың нәтижелілігіне септігін тигізіп, мақсатқа қол жеткізуге шарт түзбек.

1 .Эстетикалық тәрбие туралы элементарлы білім қалыптастыру және одан әсерленуден жинақталған тәжірибелерден бастау. Онсыз оқушылардың эстетикалық мәні бар заттар мен құбылыстарға ынтасы аумайды. Біздің жұмыс әртүрлі сөздердің мәні, көркем сөздегі орны, көркем құбылыстарды сипаттаудағы мүмкіндігі туралы мәліметтер топтастырудан басталды. Бұл кезеңдегі ұстаздың басты міндеті - адамгершілік және көркемдік талаптарына сай құбылыстарды суреттейтін сөздерді жинақтау.

Нақты және белгілі сезімде қалған әсерлердің жинақталған қорынан бастау алған эмоцияның қуаты дерексіз-қисынды мәліметтер жинақтау тәсіліне көшеді. Эстетикалық білім жинақтаудың бұл түрі алған мәліметтің есте сақталып, бекіп қалуына шарт түзеді. Өйткені, сезімге әсер еткен мәлімет ойлау арқылы есте сақтауды нығайта түседі. Эстетикалық білімнің басқалардан айырмашылығы: ол адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етіп, оны толық жаулап алады. Адамның табиғат және өзі туралы, көркемөнер құндылықтары туралы эстетикалық білімнің жан-жақты және мол болуы қабілетінің дамуына әсер етеді және тұлғаның қоғамда, ортада, толымды мүше ретінде сезінуіне, мамандығын жете меңгеруіне, кәсіптік көзқарасының терең мағыналы болуына алып келеді.


  1. Эстетикалық тәрбие оқушылардың эстетикалық қабылдау біліктілігі мен қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық мағыналы құбылыстарды сезімінен өткізу мен бағалау, одан рахат алуы секілді әлеуметтік мәнді сапаларын қалыптастырады.

  2. Эстетикалық тәрбие тұлғаның өжеттену және қабілет секілді мүмкіндіктерін дамыту арқылы адамды сұлулықтан ләззат алумен бірге өмірдің, тұрмысты көркемдік «заңдылықтары» негізінде эстетикалық құндылықтар жарататын белсенді жасампаздыққа жетелейтіндей етіп баулиды.

I. Ақыл-ой тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері.

Ақыл-ой дегеніміз — адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезіммен бірге оның адамдың қасиеті.



Ақыл-ой тәрбиесі деп тәрбиешілердің баланы ақыл-ой күш — қуатын және ойлауын дамытуға, оны ақыл-ой еңбегінің мәдениетіне баулуға бағытталған мақсатты түрде жүргізетін іс - әрекетін түсінуге болады.

Ақыл-ой тәрбиесі деп тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің балалардың ақылын, ойлауын, ақыл — ой күш — куаты мен қабілетін дамытуға, оларды ғылыми негіздерінен білімдер жүйесімен қаруландыруға, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға бағытталған өзара бірлескен іс - әрекетін немесе олардың өзара әрекетесуін айтады.

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты:

  • Жеке тұлғаның сана - сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту;

  • Адам жасаған заттық және рухани байлықтарды меңгеру. Оларды өмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру;

  • Баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлай білуге үйрету. Абайдың
    тұжырымдауынша «ақыл — адамға ғана тән жоғары қасиет».

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

  • Оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылыми негіздерімен терең және берік қаруландыру;

  • Білім беру негізінде оқушыларды ғылыми материалистік көзқарасты қалыптастыру;

  • Балалардың таным қабілеттерін дамыту, олардың ойлай білуін, қиялы мен түйсігін дамыту.

  • Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету;

  • Балалардың білімге қызығушылығын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуын молайтуды, қажетсінуді қалыптастыру;

  • Ақыл - ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру.

Ақыл-ой тәрбиесі - адамның таным қабілетін дамытып, ержетіп есеюіне, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім - тәрбиенің негізгі бір саласы болып табылады.

Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары.

Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы - мектептегі оқыту. Ғылымға негізделген оқу пәндері. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат - міндеттер ғылымға негізделіп, оқыту процесінде жүзеге асады.

Сондай - ақ, зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың түрлері де ақыл - ой тәрбиесінің құралы ретінде пайдаланылады.

Ақыл-ой тәрбиесінің құралдарына мыналар жатады:


  • Зерттеу және бақылау ісіне қатысы бар тапсырмалар: бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар;

  • Шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру, өз бетінше әртүрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу, белгілі тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазу т.б.

  • Салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау;

  • Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар: алгоритмдерді, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру;

Анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар: затарды, құбылыстарды топқа бөлу.

Сонымен, барлық оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке тарту, түрлі тапсымаларды пайдалану, оқытуды дұрыс ұйымдастыру, олардың жалпы дамуын және рухани қажеттіліктерінің өсуін қамтамасыз етеді.

Оқушылардың ақыл - ой тәрбиесі және оның дамуы.

Ақыл-ой тәрбиесі - тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі, жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алуы және оқуы әрекеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни, баланың рухани дамуының негізі ақыл - ой тәрбиесінен басталады.



Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдылық қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы).

Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді.

Мұғалімдердің міндеті - оқушылардың жас ерекшеліктерін, міндеттерін ескере отырып, олардың ойлау түрлерін дамыту, қалыптастыру.



Ойлау түрлеріне мыналар жатады: диалектикалық ойлау, абстрактылық ойлау, жалпылама ойлау, теориялық ойлау, индуктивтік ойлау, дедуктивтік ойлау, алгоритмдік ойлау, техникалық ойлау, репродуктивті ойлау, продуктивтік ойлау, шығармашылық ойлау, жүйелік ойлау.

Нақты логикалық ойлау - балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.

Абстракті-логикалық ойлау - жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Абстракт ойлау - күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікіріміз, пайымдау, ой жүгірту. Мұны ұғымдық ойлау деп атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілердің негізінде түсініктерді жіктеуге және топтарға бөлу бірлігін қажет етеді.

Жинақтай ойлау - бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін сипаттау.

Алгоритмдік ойлау - көздеп отырған нәтижесі қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау, нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.

Индуктивтік ойлау - ойдың жекеден жалпыға, деректердің жинақтауға қарай қозғалуы.

Дедуктивті ойлау - ойдың жалпыдан жекеге, дербестікке қарсы жүретін процесі.

Анализ - бүтінді бірліктерге ойша жіктеу немесе жеке қасиеттерін ойша бөлу.

Синтез - бұл затты ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.

Салыстыру - белгілі бір ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Топтастыру - араларындағы ұқсастықтары мен айырмашылыққа тәуелді заттар мен құбылыстарды топтарға ажырату.

Баланың дүниетанымын кеңейтуде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың да алуан түрлері бар:



  1. Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі түрі- арнайы үйірмелер ұйымдастыру;

  2. Сабақтан тыс ертеңгіліктер, кештер өткізу;

  3. Дүниетанымдық саяхаттар жасау;

  4. Табиғи материалдардан жасалған заттар, суреттер құрастыру жұмысы бойынша көрмелер ұйымдастыру («Күзгі көрініс», «Жайдары жаз», «Өз қолыммен жасадым», т.б.);

  5. Тәжірибелер, ойын-әңгімелер жүргізу;

  6. Табиғат күні апталығын өткізу.

Оқушыларды табиғатпен таныстыруда тәрбиеші- ұстаздар мен ата-аналарға бірнеше ұсыныстар:

  • жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарымен жаныстыруда балалардың дүниетанымын қалыптастыру ісі балалардың дүниетанымын қалыптастыру ісі балалардың жас ерекшелігіне сай, қарапайымнан күрделендіре, сатылы жолмен жүргізілуі қажет;

  • балаларға берілетін білім жергілікті табиғат ерекшеліктеріне сай, өлкелік негізге негізделген, ұлттық дәстүрді ендіре отырып, шынайы табиғат жайлы ғылыми мәліметтерді көздеу;

  • оқыту үрдісі ұйымдастыру мен жүргізуде тәрбиеші мен ата-аналар бірлескен іс-әрекет барысында балалардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту (орындаушылық деңгейден белсенді- атқарушылық деңгейіне әрекет етушілік деңгейге дейін көтеру);

  • оқыту үрдісін ұйымдастыруда мұғалімнің еркіндік беру, сабақ құрылымына шығармашылық тұрғыда қарау;

  • оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жүргізу ісіне түрлі мамандарды тікелей қатыстырып, кешенді сабақтар жүргізу, пәнаралық байланысты ескере отырып, білім беру үрдісін ойын түрінде ұйымдастыру;

  • балалардың білім деңгейін дамытуда, дүниетанымын кеңейтуде кездескен жетістіктер мен кемістіктерді анықтау; оқыту үрдісіндегі нақты жағдай туралы мәліметтер жинау және оларды талдап-зерттеу;

  • тәрбиеші-ұстаздар қауымына теориялық, әдістемелік, практикалық көмек көрсететін мақалалар жазып, ой толғап, білімін жетілдіріп, пікірталастар ұйымдастыру;

  • мәселе бойынша озық тәжірибелерді насихаттап, жан-жақты ізденісте болу.

Дүниетаным_және_ғылыми_дүниетанымның_мәні__Дүниетаным'>Дүниетаным және ғылыми дүниетанымның мәні

Дүниетаным — бұл адам санасының арнайы формасы, ягни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі.

Дүниетаным — адамдардың өмірлік ұстанымы, олардың сенімі, мұраты іс - әрекеті.

Дүниетаным — жеке адамның табиги және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдары, ой тұжырымы.

И.Д.Харламов ғылыми дүниетанымның төрт түрлі құралдарын көрсетеді:

а) Ғылыми білім жүйесі — объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі.

Ғылыми білім - қалыптастыру және дүниетанымдық дамуының ғылыми үлкен тірегі.



б) Дүниетаным — жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой — тұжырымы.

в) Сенім — терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім — жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез — құлқын сипаттайды.

г) Адам мұраты - жеке түсінудің жоғарғы кемелі, адам баласының жоғары мұрат — мақсаттары өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат — жеке адамды немесе қоғамдық талаптардың мінез — құлқымен арман — тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын рухани бейне үлгісі және белгілі мақсатқа бағытталған адам қызметінің жалпы формасы.

Ғылыми дүниетаным — қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Бұл — философиялық, экономикалық және саяси әлеуметтік көзқарастың жиынтығы.

Оқушылардың ғылыми дүиетанымын қалыптастыру — оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыру. Бұған мектепте оқылған барлық пәндердің қатынасы бар.

Мектепте оқылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.

Ботаника. Жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу - тәрбие учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадасында шәкірттер жұмыс істеп жүріп, өсімдіктердің даму процесін меңгереді.

Физика. Химия пәндері бойынша пайда болуы мен дамуы туралы, астрология сабақтары бойынша табиғаттың тылсым сырын біледі.

Гуманитарлық пәндердің де рөлі ерекше. Тарих пәні бойынша қоғамдық даму заңдарын түсінуге тырысады.

Әдебиет — адам арасындағы қарым — қатынасқа, жаңа өмірге, еңбекке табанды көзқарасқа тәрбиелейді.

Қоғам өмірінде болып жатқан әртүрлі саяси экономикалық, әлеуметтік мәселелерге дер кезінде жауап беріп отыру, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, халықтар арасында жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік шараларын бағдарлап түсінуге, соған орай, оқушылардың іс - әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Осы орайда, оларды қоғамдық — саяси азаматтық тәрбие беру, сыныптан тыс кездерінде саяси тақырыптарға арналған кештер, байқаулар, пікірталас, хабарлама жұмыстарын ұйымдастырудың да маңызы ерекше.



Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар:

  1. Адамның материалдық жағдайы;

  2. Әлеуметтік орта, тәрбие ақпарат құралдары;

  3. Қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы.

Бұлар жас ұрпақтың қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-пікірін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.

Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш мектептегі математиканы оқытып – үйрету арнайы мақсат көздейді. Ол, бастауыш сыныптардың математика курсы орта мектепке арналған математика курсының құрамды бөлімі болғандықтан, оны оқытудың жалпы мақсаттарынан, сондай –ақ математика ғылымының табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерінен және арнайы әдіс – тәсілдерінен туындайды.

Қазіргі жағдайда математикалық біліммен және оның өзіндік әдіс – тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің жалпы мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандықтың қандай да болсын саласы үшін қажетті дайындық болады.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту – күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепке басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізін қалайды және осыларды игеру процесі – оқушыларды тәрбиелеу, жан-жақты дамыту ісімен тығыз әрі табиғи байланыста жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілетін дамытуға, ақыл-ой, есі және тағы басқа қырларын шындай түсуге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Математикалық объектілер жалаң түрде берілмейді, оқушыны қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Ал математикалық білімді іс-әрекет үстінде, тәжірибеде, өмірде қолданудың нақты мысалдары қарастырылады, яғни білімді қолданудың арнасы кеңейеді және солай жасауға біртіндеп бейімделеді. Мұның бәрі математиканы оқыту барысында тәлім-тәрбие беру мәселесінің де біршама шешуін табатынын аңғартады.

Матемаиканы оқытып-үйрету барысында әр алуан қиіншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге, қорытынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, аддамның ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі.

Математикалық білімнің мазмұнын дұрыс анықтауда әр түрлі мәселелердің ерекше маңызы бар:


  1. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, республиканың аймақтық ерекшеліктері, экономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім мазмұнының кемшілктері жайындағы қорытындылар, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б. сүйене отырып, білім мазмұнын анықтау;

  2. Оқушылар меңгеру тиіс білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі міндетті білік пен дағдыларының түрлері мен деңгейінің алдынғы қатарлы өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш буын үшін анықталған мөлшерден және деңгейден кем болмауы;

  3. Бастауыш буынның соңына қарай оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп пен орта буынның алғашқы сыныптары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

  4. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру, яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді қабілеттерінің даму ерекшеліктерін ескеру, сондай-ақ олардың тілін ұстарту және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын қалыптастыру және оны дамыта түсу;

  5. Қарастырылатын объектілерді іріктеп алу және оларды топтастыру, қарастыру ретін анықтау, материалды шоғырландыра түсу, оқыту мазмұнының сынып аралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс еңгізу, кейбір мәселені оқытудың әдістемесін жетлдіре түсу және математиканың бастауыш курсын орта мектеп курсының шынай құрамдас бөлігіне айналдыру.


Курстың логикалық құрылысы:

  1. Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі:

  1. Сандарды оқу, жазу және салыстыру;

  2. Сандарға арифметикалық амалдар қолдану;

  3. Үлес. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу;

  4. Мәтінді есептермен жұмыс әдістемесі.

  1. Алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесі;

  2. Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі;

  3. Шамаларды оқыту әдістемесі.

Сандарды оқу, жазу және салыстыру тақырыбы бойынша келесі ұғымдар қарастырылады:

Қарапайым түсініктер: заттарды санау, заттарды және олардың тобын салыстыру, сандық және реттік сандар арасындағы байланыс, кеңістік және уақыт туралы қарапайым алғашқы түсініктер.

Сан және цифр. Натурал сандар қатарының кесіндісі: ондық санау жүйесі; бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы және көп таңбалы сандар; бүтін, терсі емес сандар.

Осы тақырып бойынша оқушылар тақырыпты оқытудың міндеттерін, мақсатын, мазмұнын, қолданатын көрнекіліктерді білуі; осы тақырыптарға сабақ жоспарын құрастыра білуі тиіс.



Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері: әр арифметикалық амалдың мағынасы: математикалық таңбалау; қосынды, айырма, бөлінді; қосу мен азайтудың орынауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; қосымдыны санға көбейту және бөлу; санды көбейтіндіге көбейту және бөлу; амалдардың ерекше жағдайлары; қосу мен азайтудың, көбейту мен бөлудің арасындағы байланыстар.

Есептеу тәсілдері: кестелік қосу және аззайту; 100, 1000 көлемдегі сандарды ауызша және жазбаша қосу және аззайту; көп таңбалы сандарға ауызша және жазбаша амалдар қолдану; қалдық пен бөлу.

Қосу мен көбейту кестесі; азайту мен бөлудің сәйкес жағдайлары.

Көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту, бөлу алгоритмі (100, 1000).


  1. Жазбаша есептеу алгоритмі бойынша сабақтан үзінлді әзірлеу.

  2. Есептеуден кететін қатемен жұмыс, оны болдырмау шаралары. Тест, бақылау жұмысын, тапсырмалар құрастыру.

Есеп. Есептің түрі. Жай есептер арқылы әр амалдың мағынасын ашу. Құрама есептер. Есеппен жұмысты ұйымдастыру әдістемесі. Қосуға және азайтуға берілген жай есептерді талдау, дайындық жұмысын құрастыру. Көбейту мен бөлуге берілген жай есептерді талдау, дайындық жұмысын құрастыру. Құрама есептерді талдау, дайындық жұмысын құрастыру.есеп шығаруда кететін қателер, оларды болдырмау шаралары, тапсырмалар құрастыру. Есептерді салыстыру, түрлендіру әр түрлі тәсілмен шығару біліктерін қалыптастыру.

Осы тақырып бойынша оқушылар – оқытудың міндеттерін, оқытудың кезеңдерін, әдіс-тәсілдерін, қолданылатын көрнекіліктерді; жалпы есеп жәнеонымен жүргізілетін жұмысты; есептің түрін, дайындық жұмысын ойластыра білуі, мазмұның талдай білуі, қысқаша белгілеуін, есепті тексеруді, есепті әр түрлі тәсілмен шығара білуі, берліген есепке кері есеп құрастыра білуі тиіс.



Бөлік және бөлшектер. Бөлігі бойынша санды табу, саны бойынша бөлігін табу. Санның бөлшегі, бөлшегі бойынша санды табуға есептер шығару. Сабақ жоспарын құрастыру. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу. Осы тақырып бойынша оқушылар санның үлесін көрсете білуі;санның үлесін, үлесі бойынша санды таба білуі тиіс.

Шамалар және оларды өлшеу, өлшем бірліктері және олардың арасындағы байланыс, оларға амалдар қолдану. Шамалар арасындағы байланыс. 1-4 сынып оқушыларына шығармашылық тапсырмалар беру және оны шешу. Осы тақырып бойынша оқушылар – оқытудың міндеттерін, оқытудың кезеңдерін, әдіс – тәсілдерін; қолданылатын көрнекіліктерді; шама арасындағы байланыстарды білуі тиіс.

Алгебралық түсініктер: өрнектер (санды және құрамында әрпі бар өрнектер); теңдік; санды теңдік және санды теңсіздік; амал реті, жақша; теңдеу және оны шешу тәсілдері. Осы тақырып бойынша оқушылар оқытудың міндеттерін, оқытудың кезеңдерін, әдіс – тәсілдерін білуі тиіс.

Геометриялық түсініктер: қарапайым геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері. Қарапайым геометриялық салу есептері. Геометриялық мазмұнды есептерді шығару. Практикалық сабақтарда 1-4 сынып математикасында толық бейнеленген түсініктер, заңдылықтар, қасиеттер, амалдар тәсілдерін талдау, оқып үйрену қарастырылады; математиканың бастапқы курсында қарастырылатын негізгі сұрақтарында қолданылатын тапсырмалар жүйесін, суреттер, көрнекі құралдар ды талдау, дайындау және оқып үйрену.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілінің алатын орны.

Қазақ тілі пәні – болашақ ел иегерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептің білім беру жүйесінде өзіндік орны бөлек жетекші пән. Өйткені, ана тілі жас ұрпақтың дүниені танудың көзі болып саналады. Сондықтан бұл пән тек тіл білімі туралы,ғылым туралы білім беріп,соған сай іскерлік дағдыларды меңгерумен, яғни, жеке пәндік қызмет атқарумен шектелмейді.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру олардың ойлау, қабылдау,түсіну әрекеттерін жетілдіруге сауатты жазу мен сауатты сөйлеудің маңызы ерекше.

Қазақ тілі пәнінің фонетика, морфология, лексика және синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс – тәсілдер мен грамматикалық ойындарды енгізуге болады. Бұл әдістің құндылығы топта,сыныпта оқушылардың білім деңгейлерін көтеруге, сабақтың сапасын арттыруға одан әрі оқушылардың дүние танымын арттыруға ықпалы зор болары сөзсіз.

Әрбір мұғалім өз сабағының қызықты, тартымды болғанын қалайды.Осы бағытта бастауыш сынып балалары үшін стандартты емес ойын сабақтарының орны ерекше. Атап айтқанда: «Рөлдік ойындар», «Ойлан тап», «Адасқан әріптер», «Ұйқасын тап», «Тиісті әріптерді қой», «Қажетті буынды тап», «Сөздерден сөйлем құрастыр», «Ребусты шеш», «Дискуссия» ойындары.



Оқушылардың дүние танымын қалыптастыруда оқушыларға сан есі(математика) мен сын есімге жататын сөздерді таныстырудан гөрі Зат есімге жататын сөздерді таныстырудың маңыздылығы жоғары. Ол үшін Зат есімнің түрлеріне байланысты төмендегі таблицаға қарайық.
Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет