Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы
Балалар, менің қолымдағы мына кітап «Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды тіркейтін – Қ.Р - ның «Қызыл кітабы». Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауіп-қатердің белгісі сияқты. Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітапты көрсету).
1966 жылы басылып шықты.
1948 жылы Халықаралық Табиғатты қорғау одағы құрылды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы алғаш кітап шығарды. Ең алғаш рет «Қызыл кітап» 1966 жылы басылып шықты. Ол шыққаннан кейін дүниежүзінің көптеген елдерінде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды. Ондағы жануарлар табиғи ортада тіршілік етеді, оларды ешкім ауламайды. Мемлекет олады қорғайды. Қызыл кітапта сүтқоректілердің – 236 түрі, құстардың – 287 түрі бар.
Біздің елімізде де осындай қорықтар бар: (Интерактивті тақтадан көрсету)
Ақсу-Жабағылы (Шымкент, Оңт.Қаз.)
Алматы.
Марқакөл.
Батыс Алтай.
Қорғалжын.
Наурызым. (Қостанай).
Барсакелмес (Арал) Біздің өлкемізде.
Үстірт.
Қаратау.
Олар Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
IV. Суретпен жұмыс. Әр жануарға сипаттама бере отырып, Интерактивті тақтадан суретін көрсете отырып түсіндіру.
Құлан – Жылқыға да, есекке де ұқсамайды.
Жалы мен құлағы – жылқыға,
Құйрығы – есекке ұқсайды.
Жайылым аумағы азайып, құландардың саны азайып кетті.
Арқар – тау қойының ең ірілерінің бірі. Түсі – қоңыр, сұр, мүйізі иретілген, зор. Биік тау басында жүреді, қыста төмен түседі. Етінің дәмділігінен көп аулануына байланысты саны азайып кетті.
Қоқиқаз - өте әдемі, сирағы, мойны ұзын. Тұмсығы басынан үлкен, төмен қарай иіліп тұрады. Тұзы көлдері шағын аралдарда орасан үлкен топ құрап жүреді.
Дуадақ – салмағы 16 кг. Өте ірі құс, қатты қауырсындары болады, өте сақ, тез жүгіреді, 2-3 жұмыртқа салады. Өсімдік тұқымдарымен, жәндіктермен қоректенеді. Бүркіт сияқты жыртқыш құстар аулап, жұмыртқа мен балапан, қасқыр, түлкі, қарсақтар тауып жейді. Қар қалың түссе жемінің аздығынан ашығып өледі.
Тянь-Шань шыршасы – Іле Алатауының беткейінде 1500-2000 м биіктікте өседі. Биік шырша көптеген құстар мен жануарларға пана болады, әрі азық береді. Көп оталып, қазір азайған. Қазір оны заң бойынша қорғалған.
Жабайы қызғалдақ – Қазақстанның далалары мен шөлдеріне сән береді. Қала көшелері мен саябақтарына көріктендіріп тұратын қызғалдақтың арғы тегі.
Қызылорда облысындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар:
Балалар, біздің өлкемізде де «Қызыл кітапқа» тіркелген жануарлар мен өсімдіктер бар.
Арал бекіресі – Арал теңізі тіршілігінен балықтардың жойылып кету қаупі бар. Солардың бірі – Арал бекіресі.
Қызғылт бірқазан – ұялайтын жеріндегі қамыстарды өртеу, су режимдерін өзгертуге байланысты тіршілік ортасының өзгеруі салдарынан саны азайып барады.Қазір біздің өлкеде кездеспейтін болды.
Сексеуіл – шөлді жерде өсетін өсімдік. Жапырақтары кішкене, сабағы қисық, бұтақтары көп, аласа бойлы ағаш. Жуандығы 50см. дейін жетеді. Жылуды көп бөледі. Отқа жағады. Мемлекет қорғауға алған. Топырағы тұзданған, құмға отырғызады.
Қазақстанның Қызыл кітабына барыс, қарақұйрық, қыран, ақбас, тырна, сұңқылдақ аққу, бірқазан және басқа қорғауды қажет ететін көптеген жануарлар енгізілген.
Елімізде «Табиғатты қорғау» туралы заң бар. Оны ересектер де, балалар да орындауы керек. Бұл заңды сен де орында.
Табиғатты сақта!
Сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекіту.
Қызыл кітап не үшін керек?
Жануарлар мен өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Шығармашылық тапсырма:
Жануарлар мен өсімдіктерді не үшін қорғау керек?
Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жанарларға қалай көмектесуге болады?
Сабақты қорыту.
Қызыл кітап
|
Өсімдіктер
|
Жануарлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Ұйқасқа өлең құрастыру».
Атпаймыз
Баспаймыз
Қорғаймыз
Сатпаймыз
Жатпаймыз - ұйқас сөздер арқылы өлең құрастыру.
Үйге тапсырма
Бағалау.
Оқу үдерісімен қатар бастауыш сынып оқушыларына дүниетану материалдары бойынша жұмыс түрлері сыныптан тыс жұмыстарда да қарастырылды. Жүргізілген сыныптан тыс дүниетану материалдары бойынша жұмыстардың тақырыптары төмендегідей: «Сен тұрған қала», «Туған өлке жануарлары» (қойылым), «Менің кішкентай Отаным» (ойын және жұмбақ кештер), «Мені қоршаған жасыл әлем» (саяхат кеш), «Ауылымның батырлары», «Мақтанышым – ауылым», «Менің туған жерім», т.б. іс шаралар өткізілді.
Сыныптан тыс дүниетану жұмыстары оқу үрдісімен тығыз байланыста жүргізілді.
Зерттеудің үшінші кезеңінде дүниетану бойынша оқу бағдарламасына жасалған қосымша бағдарламаны оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылды.
Эксперимент жұмысын қорытындылау мақсатында бақылау жұмыстары, тест сұрақтары жүргізілді. Тексерулер қорытындысы бойынша оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған орта туралы білімдерінің, ой-өрісінің әлде-қайда дамығандығын байқатты. (Кесте 1).
Кесте 1. Бақылау экспериментінің көрсеткіші (% есебімен)
№
|
Білімділік, тәрбиелік көрсеткіш
|
Эксперименттік топтар
|
Бақылау топтары
|
Оқуш.
саны
|
Жоғары, %
|
Орта,%
|
Төмен, %
|
Оқуш.
Саны
|
Жоғары, %
|
Орта,%
|
Төмен, %
|
1
|
Дүниетану материалдарының мазмұнына түсінуі
|
28
|
41
|
42
|
17
|
28
|
23
|
27
|
50
|
2
|
дүниетану материалдарын сезіммен қабылдауы
|
28
|
43
|
45
|
12
|
28
|
20
|
24
|
56
|
3
|
адам мен табиғаттың өзара байланысын білуі
|
28
|
42
|
43
|
15
|
28
|
27
|
23
|
50
|
4
|
табиғат заңдылықтарын түсінуі
|
28
|
43
|
40
|
17
|
28
|
24
|
24
|
52
|
5
|
Дүниетаным материалдарын тәжірибе жүзінде пайдалана білуі.
|
28
|
45
|
42
|
13
|
28
|
23
|
27
|
50
|
6
|
Жалпы
|
28
|
43
|
42
|
15
|
28
|
23
|
25
|
52
|
Зерттеу нәтижесінде оқушылардың жалпы сапалық үлгірім көрсеткіші жоғарлағаны дәлелденді (Сурет 1).
Сурет 1. Бақылау экспериментінің көрсеткіші
Егер тәжірибелік-экспериментке дейін эксперименттік топтардың жоғары білім деңгейін тек 21 % оқушы көрсетсе, тәжірибелік-эксперименттен кейін аталмыш деңгей көрсеткіші 43 %-ке дейін өсті. Орта білім деңгейіндегі оқушылар 23 %-тен, 42 %-ке дейін жоғарылады. Ал төменгі білім деңгейі 56 %-дан 15 %-ке төмендеді. Бақылау топтарында айтарлықтай өзгеріс байқалмады. Сонымен тәжірибелік-эксперимент жұмысымыздың нәтижесін төмендегі 2 -суретте көрсетеміз.
Эксперименттік тобы
Бақылау тобы
Сурет 2. Эксперименттік және бақылау топтарының нәтижесін салыстыру
Дүниетану жұмыстарын ұйымдастыру және оны сабақта пайдалану мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлығын қажет етеді. Сондықтан дүниетану материалдарын сабақта пайдалануда келесі талаптар қойылды:
бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне лайықты материалдар іріктеу;
дүниетану материалдарының тақырыптың мазмұнына ұқсастығы;
туған өлкенің табиғи ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтердің дүниетану пәнінің бағдарламасына сәйкестігі;
дүниетану материалдарының мазмұны оқушылардың даму деңгейлеріне сәйкестігі, олардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға ықпал етуі.
Достарыңызбен бөлісу: |