Дүниетаным - ақиқатты рухани практикалық тұрғыдан игеру жүйесі. Соның ішінде білім мен сенім жиынтығы, адамдардың адамгершілік мұраттары мен әлеуметтік мінез-кұлқы реттегіштері, саяси бағдарлар, қоршаған ортаға деген психологиялық жэне эстетикалық көзқарас дүниені түсіну жэне дүниені өзгерту дүниетаным түсінігінен қуат алады. Дүниетаным — жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдардың жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі.
Дүниетанымға Э.И.Моносзан мынадай анықтама берген: «Дүниетаным -дегеніміз жалпыланған көзқарастар жиынтығы, оның құрамына қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға байланысты ойы, сенімі мен мұраттары жатады. Ол жалпылама адамның өмірлік бағыт-бағдарын белгілейді». Ал, Н.К.Гончаров бұл мәселені кеңірек талқылады, ол дүниетанымды «тұлға білімінің жиынтығы», «оның көзқарастарының жүйесін», «оның қоршаған орта мен айналасындағы адамдарға деген ойын білдіруін», «сенімдердің жиынтығы» түрінде комплексті қарастырды [65. 117 ].
Бұл жерде дүниетаным деп адамның білім жүйесін, оның көзқарастарын, сенімдері мен мұраттарын өз бойында жинақтайтын сананың ерекше бір түрі. Ол адамның табиғат пен қоғамның дамуына, саясатқа, өмірдегі мақсатына деген негізгі ойларды жинақтап, белгілі бір салаға салады.
Бұл анықтама дүниетаным мәнін ғана ашпай, оның құрылымы жайында да түсінік береді. Оның негізгі құрылымдық компоненттері болып а) ғылыми білім жүйесі, ә) көзқарастары, б) сенімдері, в) адам мұраттары. Өз кезегінде бұл компоненттерді 2 топқа жіктеуге болады: объективті (ғылыми білім жүйесі)
- субъективті (көзқарастар, сенімдер, адам мұраттары)
Білім: объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибиесі. Білім арқылы жеке адам табиғатының және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми дүниетаным қалыптасуының және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады. Дегенмен, кейбір адамдардың білімділік деңгейі жоғары болғанымен олардың дүниеге көзқарасы дұрыс қалыптаспаған, яғни жалғыз білімнің өзі ғана дүниетанымның кепілі емес. Бүл жайында немістің атақты ақыны Иоган Гете былай деген екен: «Менің білетінімді өзге де білуі мүмкін бірақ, мүндай жүрек жалғыз менде ғана». Адамның білімі оның дүниетанымына айналуы үшін, субъективті қасиетке ие болуы керек, адамның көзқарасы мен мұратына айналуы тиіс.
Көзқарас жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.
Көзқарас, әрине, дүниетанымға үлкен әсерін тигізеді және де оның іс-қимылдарына, құлық тәрбиесіне де әсер етпей қоймайды. Дегенмен, кейбір жағдайда адамда түсінік пен көзқарас дұрыс қалыптасқанымен, ол іс-әрекетпен нақтыланбайды. Мысалы, бір ұры өзге адамның жекеменшігіне қол сұғу дұрыс емес екендігін біле түра өз ісін ары қарай жалғастыра береді. Адамның дүниетанымы сеніммен нақтыланғанда мүндай жағдай туындамас еді.
Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру;
Адам мұраты жеке түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
«Дүниетаным» ұғымының ғылыми негізі. Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі республикамыздағы «Білім туралы» заңының қабылдануы.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында болашақ қоғам мүшелері — жастардың қандай болуға тиіс екендігін айта келіп, «Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады...», — дейді.
Жастардың болашақка деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әрбір бөлігі оқушы дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім стандартында «Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету» талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.
«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы». Дүниетанымның көзі — білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар, құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.
«Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты...», «...адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер» — дейді, философтар Д.Кішібеков [11] пен Ү.Сыдықов. Табиғатты танып, білу, игеру барысында адам қоршаған ортаға ауқымды, қуатты ықпал ете алатын күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын А.Г.Спиркин [33], В.С.Степин [66], Д.П.Горский [67], А.П.Шептулин [68], А.Ф.Файзуллаев [69] еңбектері де әр саладан дәлелдейді. Адам тіршілігінің көзі — табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған заттар шығарады. «Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның нәтижесінде «екінші табиғат» заттары пайда болады. Бұл «екінші табиғат» дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын ашатын да — адам. Мұндай жетістіктерге ол қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми-зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.
Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне пайдаланады. Сонымен қатар бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін жұмсап, оны ендіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеуметтік өмірде қолданып, қажетіне жаратады.
Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының бәрі табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.
Дүниетану ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние — ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол — адам, адам мен адамның қарым-қатысы, ол — табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол — қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек. Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.
Дүниетану — «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз — дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние — қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық ерекшелігіне байланысты дүние тану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек. Керісінше дүниені танып-білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп, диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады. «Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой-жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады».
Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным — адам санасын дамытуды негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де үйренеді.
«Таным» — философиялық ұғым, «...айналадағы материалдық шындықты» адам санасында бейнеленуі. Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғаңда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамиды.
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді, екінші зат өндіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. «Таным... практикалық қызмет барысында іске асады».
Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортада бар заттарға негізделсе, оны өз мәнінде танып-білу үшін ғылым керек. Дүниетанымды қалыптастыру үшін биологиялық, химиялық, тілдік және басқа ғылым салаларынан, өз ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, қазіргі таңда рухани өмірде жеткен жетістіктерін бір-бірімен байланыстыра отырып білім беруді қамтамасыз ету керек.
Дамыған қоғам мен биологиялық ғылымның, техниканың ара қатысынан айқын тартылған шекараны табу қиын.
Академик В.Я.Струминский [70] философия ғылымы мен биологиялық ғылымның бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі сүйене отырып, дүниетаным шекарасын күшейте түсетінін айта келіп, «Искать границу раздела — это значит воздвигнуть стену между естественными и общественными науками дейді .
Қазіргі кезде адамзат бүкіл дүниені тереңірек білуге тырысады. Тіпті астрофизиктер білетін галактика туралы зерттеулерді жай адамдар да біле алады.
Осыған байланысты бүкіл жаңалықтар мен ғылыми ашылыстарда ғана емес, ғылым мен қоғам арасындағы қатынасты да зерттеген жөн. Қазіргі кезде, ғылым, өндіріс күшейе айналғанда, оны өндірістік қатынастан бөліп қарауға болмайды. Қайта, оны қадағалау арқылы ғылым мен техникалық прогрестің пайдасы мен қоршаған ортаға зиянын да ескеру керек.
Ғылым мен техниканың дамуы үстінде адамзат көптеген қиындықтарға тірелуде. Өйткеені дамыған техниканың кесірінен айнала қоршаған дүние ластанып, табиғи заттар азайып, бүлініп, адам өміріне зиянын тигізуде.
Заводтар мен фабрикалардан шыққан улы заттар бөлініп, газдар өмірге қауіп туғызуда. Кей ғалымдардың айтуынша табиғат тозып, адамзаттың тіршілік ету ортасы азып барады.
Болашақ ұрпақ қандай ортада өмір сүрер екен?
Мысалы,суды ысыраптау, ретсіз ағаш кесу – айналаға тигізіп отырған зиянының бірі. Судың тартылуы – балықтың түрлерінің азаюына әкелуде. Пайдалы қазбалар аланған жердің қайта толтырылмағандығынан үңгірлер пайда болуда. Егер микроскоп арқылы қарасақ, топырақ құрамының бай екенін байқауға болады. Ал оны ретсіз жырту, себепсіз пайдалану зиян шектіреді.Осы зияндытан құтылу үшін әр адамның қоршаған орта, дүние жайлы түсінік болуы керек. Бүлінген дүниеге немқұрайлық, ысырапшылдықты елемеу де зиян жасағанмен бірдей.
Қазіргі кезде орын алып отырған экологиялық апаттар еліміздің түкпір-түкпіріне зиянын тигізуде. Бір ғана Арал теңізінің апаты бүкіл жер жүзіне зиян келтіретіндігі белгілі болып отыр.
Ғылымның дамуы барысында табиғатты зерттеу арқылы жаңа ғылым пайда болады. Мысалы, бионика ғылымы физика, биология, техниканы қамтиды. Дүниеге жаңа ғылым – ғаламдық биология келді. Табиғаттың есепсіз байлығын пайдалану жайлы ғылым дүниеге мәдениетті көзқарас, дүниетанымы жоғары топтың пайда болу қажеттігін ұсынуда. Биологиядағы жетістіктер шаруашылықтарда пайдалануға жарауда. Жер бетінде адам саны артып келеді. Ал табиғи байлықтар азаюда. Ендеше адам, табиғат, қоғам біртұтас, бірі – бірімен байланысты екенін түсінуге болатын кез келді. Сондықтан биологияны мектепте оқытуды бастауыштан бастаған жөн. Әр түрлі ғылым саласында дүниетанымдық көзқарас философиялық тұрғыдан қарастырылады.
Қазақ халқында зорлық – замбылыққа қарсы күрес, адамгершілік пен ізгілікті көксеу туралы ертеден –ақ философиялық көзқарас қалыптасқан.
Мысалы, хан, би, жырау, ақындар өз жырларында өзіндік, адамгершілік, табиғат, оның пайдасы, тіршілік қамы туралы жырлаған.
Халық ақындары, әлеумет пен қоғам, табиғат пен халық арасындағы байланысын айтып кеткен. Бірақ кейінірек адам мен қоғам арасындағы байланыс жайлы талғам мен ой дүниеге келді. Қай қоғам болмасын ғылым, білім мен сана байланысты екені анық. Оны алдыңғы қатарлы ғалымдар пікірінен табуға болады.
Алдыңғы қатарлы ойшылдар да өздерінің көрген-білгендерін терең біліммен байланыстыра отырып, ауқымды ой жүйесін құрады. Осыдан халықтық философия және ғылыми көзқарастар туады. Қоғамдық сананың өсуімен байланысты адамның ойлау дәрежесінің шеңбері де ұлғаяды. Сөйтіп «...қоршап тұрған дүниені, қоғамды, және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету» көзделеді.
Адамзаттың даму эволюциясына байланысты дүниетану деңгейі де өзгеріп, күрделене түсті. Неғұрлым табиғи ортаға икемделіп, оның сырын аша бастаған сайын адамның оны меңгеру мақсаты да, соған орай атқаратын қызметінің түрі де өзгерді. Енді адам табиғатқа табынушы, оның дүлей күшінен қорқатын қалыпта қалмай, оны бағындырушы, керегіне қарай өзгертуші дәрежесіне жетті. Сөйтіп табиғатты меңгеру деңгейінің өсуімен байланысты адам санасы мен білімі де өсе түсті.
Қоршаған ортадан алған ұғымдарына байланысты сөз қоры молайып, заттар мен құбылыстардың қасиетін бейнелейтін ой тұжырымдау деңгейіне көтерілді. «...ұғымдар байлығы адамды әлемнің тылсым сырын танып-біліп, табиғат күштерін игеруге жақындата түседі». Бірақ ертеректе әр зат пен құбылыстың бүкіл қасиетін ашып, оның сырын, бір-бірімен байланысын білетіндей дәрежеге көтерілу мүмкіндігі болмады. Ондай тұрғыда түсіну үшін дамыған ғылым керек еді. Заттар мен құбылыстардың химиялық, физикалық, биологиялық қасиеттерін жай байқау арқылы анықтау, олардың байланысын дәлелдеу, ара қатынасын ашу ғылыми ұғымсыз қиындыққа соқты.
1.2 Ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері
Қазақстан ойшыл ағартушыларының қайсысын алсақ та, олар табиғатқа еліктемей, оның сырын ашып, еліне, халқына танытуға талпынбай қалған емес. Адам баласы табиғат аясында өмір сүре отырып, оның терең сырын білуге қызықпай қоймайды. Өйткені табиғат өз ерекшелігі, сұлулығы, құпиялығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан да ойшыл-ағартушыларымыздың бірі табиғат тамашасын өлеңмен жеткізсе, енді бірі сөзбен өрнектеді. Сөйтіп келешек жастарға өшпес, жоғалмас мұра қалдырды. Табиғатқа, қоршаған дүниеге тікелей қатыстарын көрсеткен, соған деген көңіл күйлерін сездірген ағартушыларымыз Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев болды. «Бұлардың бәрі де қазақтың киіз үйінде туып, өз елінің өкілі болып шығумен қатар, тек қазақ халқының ғана тіл, өнер, тарихи мәдениет ерекшеліктерінің көлемінде қалған жоқ, туысы қазақ болса да бұлардың өрісі, өсуі басқаша», — болды. «Бұл үшеуі заманында надандық түнегі басқан қараңғы сахарадан шыққан алғашқы елшілер, ізденушілер еді» — дейді әйгілі жазушы М.Әуезов [71. 77 ]. Бұлар табиғатты, қоғамды, адамды жан-жақты зерттей қарады. Адам қатысының жақсы жақтарын халыққа, жастарға үлгі етіп, қолайсыз жақтарынан жастарды сақтандырды. Мұны осы аты аталып отырған ағартушыларымыздың шығармаларынан анық көре аламыз. Бұл туралы С.Ұзақбаева «Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлерінің халықтың дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүретін дәуірдегі тарихи жағдайдан туындап отыр» — деп жазды [72. 92].
Адам, қоғам, табиғаттан тұратын, дүниетанымдық мазмұнын тануда Ш. Уәлиханов пікіріне назар аударамыз. «Шоқан енді белгілі болып таныла бастаған ғалым, этнограф, саяхатшы, мәдениетті өте жоғары танушы еді».Ағартушы, атақты ғалым өз зерттеулерінде адам табиғаты, оның мінез – құлқы туралы түрлі пікірлерін қалдырған. Қазақ халқының этнографиясы туралы көп ізденген, келелі пікірлер де айтқан. Мысалы, «Ұлы жүздің мақал - мәтелдері» деген еңбектерінде «Асыққан қарға, түсесін торға», «Азған елде намыс жоқ, сусыз жерде қамыс жоқ», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Ақыл дария екен, көңіл дүлділ екен» деген жазбалары бар. Бұл мақал адам мінезіне тұрмыстың да әсері бар екенін білдіреді.
Сонымен бірге сол сапарда (Ыстықкөл) ғалым Балқаш көлі бойы, Тарбағатай аймағы, Іле жағалауы табиғаты туралы ой түйгені байқалады. Одан әрі қарайғы Лепсі, Ақсу,Басқан өзендерін басып өтіп,Жоңғар Алатауы етегіндегі Шелек өзені бойының керемет табиғатын асқан шеберлікпен суреттеген. Лепсі бойындағы құмды өлкелері мұндағы жәндіктер (жылан, тасбақа) жайлы өте шынайы жазған. Балқашқа құятын Лепсі өзені жағасында өсіп тұрған өсімдігін үшқат, қайың, тал, көктерек туралы, балық пен жан –жануарлар туралы өте нанымды суреттеген.
Ғалым Қазақстан табиғатында тек жер бедері, суы, ауа райын ғана суреттемей, жан – жануарлар, өсімдік атауларын ғана атамай, суреттерін де асқан шеберлікпен салғаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов жер –су атауларының шығу тарихы, тегін зерттеп, кейбіреуіне нақты тоқталған. Картаға түгел түсіруге тырысқан. Сонымен қатар жануарлар, жәндіктер жайлы ғылыми ақпараттар беріп, өсімдіктер мен бунақденелілерден коллекция жасаған.
Ғалым өз жолында кезддескен елді мекендерде жергілікті халықтыың ауыз әдебиеті, тұрмыс – салт жырлары туралы да деректер жазып отырған. Қырғыз өлкесі шығыс және оңтүстік Қазақстан аймағына қатысты деректер де жазған. Бұл деректердің жастар үшін мәні зор екені анық.
Ғалым сонымен бірге жергілікті халықтың киім үлгісі, тұрмысқа қажетті жабдықтар жайында да өз көзқарастарын да білдіре кеткен. Дәлірек айтсақ аңшылық, соғыс құралдары жайлы талдап, пышақ, қайшы, жебе, найза, айбалтаның түрлеріне тоқталып олардың әр бөлігінің қалай аталатынын, өмірде пайдасы, әрекет етудегі пайдасы (мысалы:белдік - кісе) маңызы жайлы кеңінен айтып өткен. Әсіресе оқ, тас, мылтық білтесі, пышақты салып жүретін кісенің маңызын айтқан.
Шоқан Уәлиханов табиғаттың қайталанбас әсем көріністерін ғана жазып қоймай, оның суретін де дәлдікпен сала білген. Бұл жөнінде С. Мұқанов «Шоқан – өте шебер суретші» деген сөзі дәлел болады. Керемет табиғаттың, табиғаттың, адамның табиғаты, жан дүниесіне жақсы әсер ететінін сипаттайды. Бұған дәлел – ғалымның шеркестер мен қазақтар жайлы жазбалары. Ол өз жазбаларында тауда өмір сүрген шеркестер жерінің табиғатын, таудың сұсты түрі, биік құлама, терең құзырына теңейді.
Осындай табиғатқа шеркестер де бейім. Ұқсастықтар да бар. Себебі тауда туған шеркес табиғатпен етене араласады. Шеркестер таудан тағылым алады, олардың ұстазы да – дейсіз. Ия, тау баласы тауға қарайды деген сөз бар. Шеркестер мінезінің қаттылығын – таудың шыңдауына байланыстырады.
Ал бұған қарама – қарсы дала халқының мінезі даласының кеңдігіне қарай жайбарақат, еркін өскен жануарлар да қаннен қаперсіз. «Ол жерде бәрі де жайбарақат өмір сүреді» деп суреттейді. Қайда қарасаңыз да тіршілік – ара, көбелек, гүл... Бұлардың бәрі мол табиғат, жайбарақат өмір, жанға жайлы ауаны сезіндіреді. Міне, ғұлама ғалымның дүниетанымы осындай.
Шоқан Уәлихановтің табиғатты зерттеп, қалдырған еңбегін С. Мұқанов: «Ол жолшыбай кездескен өсімдіктердің, жәндіктердің, тастардың латынша, орысша, қазақша аттарын жазып отырған». (Қазақтыың ұлттық ғылымында қазақша жазуы – үлкен жаңалық). Бұл жөнінде, Шоқанның этнограф, географ ретіндегі еңбегін Ә. Бірмағанбетов толық сипаттайды.
Шоқанның бұндай жастар дүниетанымына әсер ететін еңбегі көп. Оның салған суреттерін көріп, шығармаларын оқып отырғанда көз алдында қазақ даласы мөлдіреп тұра қалады. Мыслы, «Юрта», «О хлебопашестве» еңбектері. Қазақтың қарапайым киіз үйінің бөлімдері (кереге, уық, шаңырақ), оның көшпелі қазақ үйінің тиімділігі мен ықшамдылығын кеңінен түсіндіреді. Киіз үйдің ішкі көркемдігі,ою – өрнектері, бауларын, ішіндегі мүліктер, т. б. молынан суреттей отырып, киіз үйдің тез жиналып, кез келген жерге тігілетінін түсіндіреді. ХVІІ ғ. бастап өзбектерден, қытайлардан үйренген егіншілікпен айналыса бастаған ел жайлы айта келіп, жер жырту, құдықтан су шығару қазақ үшін қиындық келтірмейтінін де айтады. Бұл халықтың шөл даланы меңгерудегі шеберлігі деп бағалайды.
Қорыта айтқанда Шоқан шығармалары оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру туралы сөз қозғағанда табан тірер байлығымыз.
Өзінің бүкіл болмысын халықтың көзін ашуға, жастарға білім беруге арнаған Ыбырай Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарасы өз алдына бір төбе. Бүкіл шығармаларының бәрінде де Ыбырай жастарды әсемдікке, адамгершілікке, табиғатты аялап, оның пайдасын түсіне білуге баулиды.
Оның хрестоматиясына енген халық ауыз әдебиеті үзінділері, шағын әңгімелер, мақал-мәтел және ертегі, аңыздар оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Ол жастарға қандай білім беру керектігін саралаған пікірінде «...бұратана елдің балаларына тарих, география, жаратылыстану сияқты пәндерді оқытатын оқу құралдарын таңдап алу...» қиындық келтіретін мәселе екенін айта келіп, мұның «...белгілі бір жүйеге салынуы» керектігін ойластырады. Ғалымның бұл пікірі оның бастауыш сынып оқушыларының сауатын ашып, тіл үйретумен ғана шектелмей, оларды дүниемен таныстыруды да мақсат еткеніне дәлел болады.
«Ыбырайды осы дәрежеде қажырлы қайраткер еткен сана, бірінші жағынан оның өзінің еңбекші елмен, қалың бұқарамен нық байланысты болғандығынан, соның тарихи келешегін айқын көргендіктен сол келешекке бұлжымастай, айнымастай нық сенгендіктен». Ыбырай Алтынсариннің балалар хрестоматиясына енген әңгімелері биік адамгершілік,шыншылдық пен әділдік, танымдық бағытты ұстайды. Кейінгі ұрпақты еңбекшіл болуға, шындықты жақтауға, әділдікті сүюге, туып – өскен елін, жерін аялауға баулиды. Бұл шығармалар шағын болғанымен, мәні көлемді, мазмұны терең.
Ы. Алтынсарин шығармаларында жастарды әділдікке, парасаттылыққа шақырды. Білім алуға ұмтылмағандардың күні қараңғы екенін насихаттады. Ал оның табиғат жайлы өлеңдерінен табиғат пен адамның бірге қайнасқанын көруге болады. Тамаша табиғаттың адамға берері мол, әсері айқын екнін көрсетеді.
М. Жармұхамедов Ы. Алтынсариннің табиғат көрінісін суреттеудегі көркемділігі мен шеберлігінен туған табиғат лирикасы жайында ой түйеді. Бұл – Алтынсариннің қазақ әлеміндегі жаңалығы еді.
Атақты педагог өз досы Н. И. Ильминскийге жазған хатында балаларға арналған екінші кітабына табиғат құбылысы мен күштерін қызықты етіп суреттеуді, әңгімелердің ғылыми жағын да көрсететінін айтқан.
Ұлы ғалым өз еңбегінде алғы сөзінде «...қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды: оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр», — деп, «Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматиялар сияқты кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін, ал мұндай, жалпы білім беретін кітаптардың Азия халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық», — дейді.
Дәл қазіргі уақытта адам, қоғам, табиғатты байланыстыра оқытуды мақсат ете отырып ізденсек, оны Ы. Алтынсариннің еңбектерінен таба алатынымыз анық. Оның ішінде салт – дәстүрді алатын болсақ, сол арқылы балаларды өз ұлтының ешкімге ұқсамайтын ерекшелігін, болмысы таза, басқа халықта қайталанбас тектілігін үлгілеуге болады. Ы. Алтынсарин салт – дәстүрлерді көркем тілде баяндай отырып, үлгі етсе, жағымсыз жақтарын сынап, мінейді.
Жас баланы көзге түскен нәрсенің бәрін емес, тиімді, қажетті,жарасымды, қолжетімді жақтарын алуға үйретеді. Елінің салт – дәстүрін дәріптей білген адам халқын сүйген елжанды болатыны анық.
Сонымен қатар Ы. Алтынсарин шығармаларының көтерген мәселесі – баланың ата – ана алдындағы парызы, ілтипаты, сыйы. Достық пен сүйіспеншілік, махаббат пен ізгілік жайлы оқимыз. Осы кездегі дүниетану бағдарламасында «Адам» бөлімінің негізгі проблемасы да осы.
Ы. Алтынсариннің қағидаларына сүйене отырып, адам проблемасын шешуге ұмтылу – парыз. Ұлтымыздың бағалы өнері – қолөнері. Бұл жайлы да Ы. Алтынсарин бағалы пікір айтып, іспен де дәлелдеген. (Қолөнер мектептерін ашқан).
Табиғаттан нәр алған, оның сұлулығын сезінген, көрген адам ғана одан өзіне керегін ала алады. Сондықтан да оқу керек деп өнер – білімге шақырған. Ы. Алтынсариннің шығармаларының еңбегі, педагогтік қызметі, адамзаттық келбеті жайлы Ә. Сыдықов, Т. шойынбаевтың еңбектерінен білуге болады.
Қарадан шығып шын хакім болған Абайдың дүниеге көзқарасы оның өлеңдерінде анық көрінеді. Қазақ тілінің кең шұрайы Абай өлеңдерінің әрін ашып, көркемдеген.
Оның қара сөздерінде (45) тәлім – тәртіп, ғылым – білімді үйрену, адамгершілік, тіпті мақал – мәтелдерге көзқарастың дәл де нанымды суреттеген.
Ақын әсіресе қыдырымпаздық, серілік, бос әурелік, бойкүйездік, мақтаншақтықты өлтіре сынайды. Іскерлік, еңбексүйгіштік,шеберлікті үйреніп, ғылым – білімге ұмтылуды үйретеді. Оның өлеңдері уақыт өткен сайын өз оқырмандарын көбейтіп, мәнін жоймай келе жатқан шығармалар.
Ұлы суреткер М. Әуезов ақын шығармашылығын зерттеген. Абайтану ғылымын дүниеге келтірген. Ол ақын шығармашылығын зерттей отырып, оның өлеңдері табиғат, ғылым, білімді, игеруді шақырғанын көрсетеді.
Ал белгілі философ М. Орынбеков адам проблемасын негізгі мәселе етіп алған Абай шығармаларын көрсете отырып, адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімге ұмтылушылық, өзін – өзі ұстау, биік мәдениттілікке бастар Абай уағызы екенін түсіндіреді. Бір кездері Абай аңсаған адам тәрбиесі бүгін де оқу – ағарту ісінің алдында тұрған негізгі міндет. Бұл тұрғыда бізге Абай шығармаларының көмегі тиері анық.
Кіршіксіз таза киім, шынайы жүріс, мәнді сөйлеу, парасатты ұстанымына сай мінез – Абай ұстанымында. Абайдың «білімді, ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез бұзылмасын» деп орынды сөйлеуге, парасатты пайым жасауға үйретеді.
Абайдың табиғат лирикасы нағыз реалистік тұрғыда жазылған шығармалар. Бүл өлеңдерді оқып отырғанда көз алдына келер тұнық табиғат, адам мінезі, жануарлар – бәрі – бәрі самсап шыға келеді. Бұл өлеңдердің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын арттыруда ықыласы зор. «Жаздыгүні» өлеңін оқығанда көгілдір көктемге елжіресең, «Жаз» өлеңінде тамаша табиғатқа марқаясың, күнде суыта бастаған табиғатпен бірге көз алдыңа келер көріністерді талдасақ, «Қыс» өлеңінде нағыз қыстағы тіршілігіне көз жеткізесің. Бұл өлеңдердің берері мол екені хақ.
Абай өлеңцерінің дүниетанымдық негізі оның шындықты нақ білуінде ғана емес, табиғат, адам, қоғамды қабыстыра беруінде. М.Әуезов Абайдың «Жаз» өлеңінің мән-мағынасын «Ең әуелі жас шалғынды, бәйшешегі толықси өсіп тұрған соны қонысты алады. Сол араға жеткен малдың ішінде, әсіресе, қалың топ жылқының ен суға, мол шалғынға емін-еркін араласқан күйлі кезін көрсетеді. Әлі үйін тігіп, жайғасқан ауыл жоқ. Жанды-жансыз табиғат арасында шұбартқан суретті өз қимыл-қозғалыстарымен толықтыра түседі. Сәнін молайтқан адам тобының әр алуаны көрінеді. Үй тігіп жатқан қыз-келіншек, ат үстінде мал аралап жүрген ауыл иесі үлкендер аталып өтеді. Содан жұмыс үстінде жүрген шешелерді жағалаған жас балалар, тынымсыз шабуылмен күнұзын салпылдап еңбек еткен жалшылар көрінеді; өзен бойында құс салып жүрген жас аңшы бозбалалар да ақынның көзіне түседі. Бай ауылына жағынышты, жалынышты тынымсыз көрші малай, қартаң ақсақал да өз әрекетімен аталып өтеді. Осылайша үлкен ретпен көп өмір көрінісін аз өлеңнің ішіне тығыздап сыйғыза білген ақын, негізінде реалистік пейзаж беріп отыр» - деп талдайды. Осы талдаудан да, өлең жолдарында ұлы ақынның табиғаттың белгілі көрінісіне, мезгіліне адамның әрекетін мол араластыра білгендігін айқын аңғаруға болады.
«Табиғатты ағын судай, сымпылдап ұшқан үйрек, қаздай динамикалы халде алған сияқты, адамды да тіпе-тек тыныш отырған үнсіз, қозғалыссыз күйде алмайды. Әркім әр алуан іс пен мінезде, құбылыста көрінеді. Осыдан буы аспанға шыққан, көшіп келген жәрмеңкедей жанды өмірді оқушыға аса қонымды етіп, «дәл осындай болады» дегендей, бас шұлғытып, иландыра біледі», — дейді мұнан әрі тағы М.Әуезов [71. 167].
Ақын көшпелі қазақ халқының тіршілік тынысын, сырт қарағанда көзге бірден шалынатын кемшілігі мен жетістігін бақалшақтай шағады. Абайдың тікелей қоғамдық ой толғамын беретін өлеңдері де аз емес. Олардың қатарына: «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» және т.б. жатады. Абай бұл өлендерінде сол кездегі қоғамның жетістігін де, кемшілігін де аша түсті. Өзі өмір сүрген ортаның болмысын дәл шындықпен көрсете білді.
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері жастарға дүниетанымдық, адамгершілік, эстетикалық көзқарастың дұрыс дамуына бағдар береді. Сондықтан да, Абай шығармалары мәні күн сайын күшейе түсіп, оқу-тәрбие құралдарына еңдіріліп, тиімді пайдалануды керек ететін құнды материалдар қатарында өмір бойы қала бермек.
Абай шығармаларын оқығаңда, қазақ халқының тарихи-мәдени деңгейін, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, отбасылық, қоғамдық, моральдік жағдайын толық көз алдыңызға елестетуге болатындығы жайында кезінде М.Әуезов айтқан болатын.
Абай философиясы қазақ халқының мүліктік, дүниелік байлығынан гөрі рухани байлығын дәріптеген. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұл тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем демектік, не көрсе соған талпыну...» — дей келе, «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса, денелеп білмесе, адамдықтың орыны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады» — дейді.
Адамға білу, үйрену, сезіну тән екенін, тіршілікте осындай жан талпынысын дамытып, соның азығын тауып отырған адам ғана өз дәрежесінде көріне алатынын айтады.
Ғұлама ақын адам арасындағы қатысты, тіл байлығын, ақылдылық пен тапқырлықты, әділеттілікті уағыздаған. Тіл байлығы мен ойды басқаға жеткізе білу шеберлігін көңіл айнасы ретінде дәріптеген Абай көркем сөзді өте жоғары құндады. Оның:
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы, —
деген өлең шумағы осы пікірінің дәлелі.
Абайдың дүниетанымдық ой-пікірлеріне зер салсақ, тіл мен ойдың бірлігін, сөз қолдануда үлкен білімділіктің керектігін, көргені мен ойға тоқығаны мол адам ғана жүйелі пікір айта алатындығын ұғынамыз. Ойға тоқу әр нәрсені зерттей қарауды, оны ой елегінен өткізуді, зерделі қабылдауды керек етеді. Бұлардың бәрі де деректі заттар мен денелерді оқып-үйрену арқылы жүзеге асады. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, есітіп, көріп, ұстап, танып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таныды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» — дейді. «Абай білімінің қайнар көзі адамның сезімдік тәжірибесі екенін мойындайды» — дейді М. С. Орынбеков [5. 88]. Абай дүниені тануда сезіммен қоса ақыл-ойдың пайымдауы, ұғымның қорытылып, тұжырымдалуы керектігіне де шек келтірмейді.
«...Абай танымының негізі болып табылатын адам мен қоршаған дүниені тану мүмкіндігі мәселесін орынды шешті. Тұтас алғанда таным сезімдік қабылдау деңгейінен басталатынын, алайда онымен шектелмей жеке алғанда сезімдік танымға алдыртпайтын заңдылықтар мен дүние мәнін түсінуге апаратын жолдардың басы — зерделі ойлау деңгейіне көшетінін дұрыс болжаған».
Абайдың дүниетанымға қосқан үлесін С. Мұқановтың [73] мына пікірі онан әрі нақтылай түседі: «Көркем шығарманың дүние тануға жәрдем болатын себебі: оның авторы, дүниені көріп қана, көргенін сол күйінде айтып қана қоймайды, сол берген бейненің ішіне үңіліп, өзінің ой өрісі жеткенше талдауға, талқылауға, көргенін өзінің сезім елегінен ғана емес, сана елегінен де өткізуге тырысады», — деген тұжырымын айта келе, «Біздің Абай да — осындай жазушы».
Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу, білім беру жүйесінде олардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып дүниетанымын, наным, сенімін қалыптастыру мәселесі тәрбиенің өте маңызды мақсаты.
Ғылыми көзқарас, дүниетаным жеке адамға өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге мүмкіндік береді, сонымен қатар оған объективті баға беруге мүмкіншілік жасайды. Осының бәрі дүниетанымның қажетті қызметі бағыттаушылық, хабарлау, айқындау, бағалаушылық /ориентационная, информационно-отражательная и оценочная/. Мұндай сапасы арқылы ол көптеген көрсеткіштің маңызды цементтеуші жүрек жарды негіздері идеялық, ғылыми және адамгершілік-эстетикалық дамуын қалыптастырып, ынтасын, күресте мұқалмауын қоғамның гуманитарлық идеалын жүзеге асыру үшін күреседі.
Тарихта мұндай /сынбайтын/ иілмейтін, тұрақтылығымен белгілі адамдар бар.
Италияның ұлы ғалымы Галилео Галилей /1564-1642/ - «А все же она вертится...» - «Бәрі бір ол айналады» деген көзқарасынан қайтпаса, Поляктың аса көрнекті астрономы Николай Коперник /1474-1543/ өзінің гелиоцентристік идеясынан қуғын-сүргін мен қорлауға қарамай бас тартпаған. Бұған орыс демократы Н.Г. Чернышевскийді, Отан соғысының қаһарманы Д.М. Карбышевтің табандылығын қосуға болады.
Халқымыздың күрескер ұлдары Кенесары, Махамбет пен Исатай бастаған азаттық қозғалысы, желтоқсанның /1986/ қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі, отан қорғау соғысында Бауыржан Момышұлының, қазақтың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүктің ерліктері бүгінгі және болашақ жастарға үлгі-өнеге боларлық тағылымдар.
Дүниетаным адам санасының арнайы түрі, оның өзін қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өміріне, табиғатқа, өміріне көзқарасы және сенімі. Адамның өмірлік поэзиясының, олардың сенімі, мұраты және іс-әрекетінің тірегі, көрсеткіші. Сондықтан оны қоғам құрметтеп, зор баға береді.
Дүниетаным деген сөздің маңызына көз жіберсек, оның адам мінездемесінде атқаратын негізгі /роліне/ орнына маңыз бере қарасақ, оның лексикалық құрылымына көңіл аударсақ та жеткілікті. Ол екі сөзден түзілген: дүние және таным /мир и соззрение/. Осыны ой елегінен өткізсек, дүниетаным адамның санасының өзінше ерекше түрі, қоршаған ортаға оның көзқарасы, дүние және сол дүниеден оның алатын орны.
Осыған орай ғылыми дүниетанымның, құрылымдық компаненттерінің төрт түрінің бар екенін ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетеді. Олар: ғылыми білім жүйесі, сенім, адам мұраты, дүниетану.
Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы адам табиғаттың және қоғам құбылыстарыңың объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғынады. Ғылыми білім адамды қалыптастырудың және дүниені танып білуінің үлкен тірегі. Ғылыми білім арқылы қабылдаудың нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына сеніміне айналады. Сондықтан жеке адамға қаратып айтылған ескертпе сөздерде сенімінде ғылыми база болсын дейтін пікір кездеседі.
Дүниетаным жеке адамның өзін қоршаған ортадағы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды түсініп, байымдау арқылы, ой тұжырымдауы. Адамның пайда болуы туралы бүгінге дейін екі ұдайы пікір қалыптасқан. Мысалы, бірі материалистік тұрғыдан дәлелдесе, екіншісі адамды жаратушы Алла /Құдай/ деген тұжырым жасайды - мұны діни пікір дейді.
Сенім терең, тиянақты ойланып қортылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның. Бойына нық орнап, қалыптасқан өмірлік позициясы, оның беріктігін айқындайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идеялардың ішінен адам сенімін тауып алу, шындықты терең танудың негізі, соны берік үстау.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адамның жоғары мұрат-мақсаттары, өмірде ілгері ұмтылушылық, талаптанушылығы. Біздің бүгінгі жағдайда әлеуметті өмір қажеттілігін, жеке бастың өз мүмкіншілігін айкын сезініп әрекет арқылы алдына койған биік мақсатқа кол жеткізуі.
Дүниетанымының қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық жасайды. Дүниетанымның қалыптасуына әр түрлі факторлар микроорта мен тәрбие, ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Әрине әр адамның өмірге өз көзқарасы болады, ол оның табиғат пен қоғамда болып жатқан құбылыстарға өз көзқарасы арқылы көрінеді. Оның сапалығы өмірлік тәжірбиесі мен ғылыми әзірлігіне байланысты бағаланады.
Дүниетанымдылық білімін оқушылар дене және ақыл күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игеріледі. К.Д. Ушинский " Әрбір сынып ең төменгі сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек, әр жыл сайын бұл көзқарас тереңдетіліуі, кеңейтіліп толықтырылуы тиіс", -деп жазады [56. Т.1. 342].
Бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалар кандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керек?
Оқыту мен тәрбие барысында әр кезеңге байланысты білім берудің мазмұны, тереңдігі оларды оқушыларға түсіндіру, оқу, тәрбие бағдарламаларында белгіленген. Онда оқушылардың жас ерекшілігі және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынған.
Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғат құбылыстары, адамның
табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріне олардың алатын орны туралы
ғылыми білімнің бастапқы негізгілерін игереді. Олар Отан,
халықтар достығы т.б. мәселелерді түсінеді.
Сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу процесінде дамиды. Сонымен бірге, еңбек оған көзқарастары қалыптасады, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Оқытудың өмірімен байланысы қалыптасады.
Жоғары сынып оқушыларының табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңіп, тереңдейді, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Өздеріне және басқа адамдарға талап қоя білуге, әділетті, адал болуға тырысады.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы қалыптастыратын факторларды басқаруды үйрену керек.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды жауапты парызы» деген сөздері жалпы білім беретін мектептердің: «Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан жақты дамуына мүмкіндік жасау бағытындағы мақсаттармен сабақтасып отыр»[74. 2].
Айта келе, оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы жұмыстардың бір бағыты- дүниетану. Ол оқушының жалпы білім деңгейін, эстетикалық, Отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Дүниетану оқушының өзінің туып өскен жеріне деген сүйіспеншілігін, еңбек адамдарына, қоршаған ортаға деген ерекше көзқарасын қалыптастырады.
Жеке тұлғаның дүниетанымы, кең көлемде алғанда, әлеуметтік ортамен адамгершілік қарым – қатынаста болуымен қатар, оның салт – санасы, бағыт бағдары сыртқы ықпалдарды қабылдап, оны ішкі жан дүниесінен өткізіп, өзінің өмірлік іс - әрекетіне, қызметіне бағдарлап қабылдауымен қатар, ынта жігерін болашаққа негіздеп, өз іс - әрекетін бағамдап, басқара білуге дағдыланады. Сонымен бірге, жеке тұлғаның тұтас даму процесінде тарихи әлеуметтік орта мен тәрбиелік тәжірибе ерекшеліктеріне орай, оның дербес өмірлік белсенділігінің арқасында, дүниетанымның көлемі де тереңдеп арта бермек.
Отанға деген сүйіспеншілік өзінің туған жеріне, қала мен ауылға деген сүйіспеншіліктен басталады. Қазақстан территориясындағы кез-келген елдімекенді алатын болсақ, ол ұлан-байтақ мемлекетіміздің бай тарихының маңызды бөлігі болып есептеледі. Әр жердің өз тарихы, жаңа замандағы елеулі өзгерістері бар.
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың бірден - бір жолы - өз елін, тілін, дінін танып білуі. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде өлкетану жұмыстарының маңызы зор.
Өлкетануды зерттеудің ғылыми әдіснамалық негізі – диалектикалық заңдылықтар. Сол ілімге сүйене отырып, біз өлкетануды зерттеуде адам, қоршаған орта, қоғам тұтастығына негізделген диалектикалық, обьективті дүниені танудың ғылыми заңдылықтарын басшылыққа алдық. Философтар Ж.М.Әбділдин [34], А.С.Балғымбаев [75], К.А.Әбішев [76], Б.М.Кедров, А.М.Коршунов [77], В.А.Лекторский [78] және т.б танымдық ынтаны қалыптастырудың субъекті – объектілік қатынас ерекшеліктерін анықтаған.
С.Д.Дерябо [79], В.А.Ясвин [80] философиялық еңбектерге сүйеніп, адамның табиғатқа қатынасын онтогенездік жағынан жіктеп көрсетеді.
Диалектикалық философияның негізгі әдіснамасының бірі – зерттеуді жүйе түрінде қарастыру. Жүйе дегеніміз - өзара байланысты компоненттер тұтастығы.
Қоршаған ортаға көзқарас, оның шығу тегі мен адамның орнын анықтау, адам мен туған жер арақатынасының сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдылықтарын танып білу философиялық дүниетанымның негізгі мәселелерінің бірі.
Дүниетаным – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың туған жерінің (мектеп маңын, ауыл, аудан, қала, облыс, өлке, Қазақстан) табиғи, тарихи, әлеуметтік және экономикалық жағдайларын жан-жақты зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиені өмірмен, қоршаған ортамен тығыз байланыста қарастыруға болады.
Дүниетанудың зерттеу объектісіне: қоғам, отбасы, ауа, су, топырақ, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі және сол жердің тарихы, мәдениеті, шаруашылығы жатады.
Оқытудың ғылыми деңгейін арттыруда дүниетанымның педагогикалық құндылығы ерекше орын алады. Алғашқы дүниетанымдық зерттеулердің алғы шарттарын біз көне дәуір оқымыстылары Геродот, Эмпедокл, Гиппократ, Теофраст еңбектерінен байқауымызға болады. Жершары құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар әлемінің қоршаған ортаға тәуелділігін қарастырған.
Белгілі ғалым-географ А.С.Барков [81] дүниетануды «кішкене елтану» ретінде қарастырады. Ол: «Дүниетану – бұл мазмұны мен зерттеудің тек әдістері жағынан әртүрлі, бірақ өзінің тұтастығы жағынан жерді ғылыми және жан-жақты тануға жетелейтін ғылыми пәндер жиынтығы» - деп тұжырымдайды.
Туған жер табиғатын зерттеудің ғылыми-педагогикалық негізін салған орыстың классик педагогы К.Д.Ушинский болды. Ол туған жерді зерттеудің білімдік және тәрбиелік маңызын көрсетіп, оқытудағы «Отантану» ұстанымын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. К.Д.Ушинский баланың бойында табиғатты қорғау сезімдерін оятып, оның адамгершілік, эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын аша түскен. Ол: «Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалады» - деді [56. Т.1. 356].
Кеңес одағының тұсында орыс авторларының дүниетану саласында теориялық және практикалық жұмыстарын А.А.Борзов, А.С.Барков [81], А.А.Половинкин, В.Г.Эрдели, В.П.Буанова, В.А.Кондакова [82], Н.Н.Баранский [83], Л.С.Берг, т.б. зерттеген. Олардың еңбектерінде туған жердің табиғаты, тарихи ерекшеліктерін, әлеуметтік-экономикалық жағдайларын, зерттеудің жолдары мен әдістері, дүниетанымды кеңейтуге арналған жұмыстарды ұйымдастыру туралы мәселелер қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруда өлкетанудың маңызын В.А.Сухомлинский ең алдымен қарапайым, одан соң күрделі табиғи объектілерді бақылау, олардың мәнін түсінуі ғылыми дүниетанымды қалыптастырудағы алғашқы қадам деп қарап: «Мен балалық шақтың барлық жылдарында қоршаған дүние, оқушылар санасын жарық бейнелермен, көрністермен, түсініктермен қамтамасыз етуге тырыстым»- деп жазады [55. 95].
ХІХ ғасырдың соңына қарай педагогика саласында «табиғаттану» атты маңызды бағыт қалыптасты. В.Е.Глуздовский [84], И.М.Греве, В.И.Боголюбов [85], Г.И.Иванов бастауыш және орта мектеп бағдарламасына жергілікті жердің географиясы, тарихы, табиғаты сынды пәндер енуі керек екендігін көрсеткен.
Ұлы Отан соғысының соңына қарай дүниетану оқушыларды социалистік патриотизмге және ғылыми дүние танымдық көзқарасын қалыптастырудың құралы бола бастады.
50 – жылдардың соңында дүниетануды адамгершілік тәрбиесімен ұштастырған С.Д.Бабишиннің, Л.Н.Касумованың [86], Н.К.Котовичтің [87], Н.Г.Лохичеваның, Н.В.Рубанованың еңбектері жарық көрді.
Қазақ халқы ежелден – ақ қоршаған орта болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көзіне айналдыра білген. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқанын байқауға болады.
Қазақстанда өлкетану білімінің алғашқы негізін салған – Шоқан Уәлиханов болды. Ол адамды табиғаттың туындысы деп ұғынып, орман мен тоғайды, өзен мен көлді, далалы мен таулы жерлердің тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Ш.Уәлиханов қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрыптарын жете зерттеп, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін былай деп суреттейді: «Көшпелі қазақ халқы табиғаттағы кейбір аңдар мен құстарды киелі деп қастерлейді. Оларды «обал, сауап» деп, ұстамайды, атып өлтірмейді. Осындай құрмет тұту, ата-дәстүрін сақтау адам баласына бақыт пен байлық, құт пен береке әкеледі» - деп қазақ халқының өмірін табиғатпен жақын байланыстығын көрсетеді [57. Т.1. 133].
Өлкетанудың дамуы аса көрнекті мемлекет қайраткерлері С.Аспандияров [88], М.Д.Жолдыбаев, Ә.Жангелдиннің есімдерімен байланысты. О.Жандосовтың «Познай свой край» мақаласы өлкетану саласына елеулі үлес қосты [89]. В.Д.Гордецкийдің «Материалы для школьных экскурсий в Джетысу» атты оқу құралы Жетісу аймағындағы оқу орындарына таратылды [90]. Бұл мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған алғашқы өлкетану саласындағы оқу құралы еді.
Көрнекті тарихшы – ғалым С.Аспандияров - өлкетану ісі патриоттық тәрбие беруде маңызды роль атқаратындығын дәлелдеген. А.С.Барков студенттерді оқытуда дүниетанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстанда жаһандану, ақпараттық дүмпу, әлеуметтік- мәдени өзгерістерге байланысты дүниетаным мәселесіне ден қою өткір қойылып отыр. Өйткені бұл тек ұлттық өзара келісім ғана емес, аймақтық мәдени саясат мақсатын шешу үшін әлеуметтік-мәдени жағдайларға күшті әсер ететін дүниетану мәселесі келіп туындайды. Сондықтан кейінгі жылдары педагогика ғылымы саласында дүниетаным тақырыбына зерттеулер жүргізіле бастады. (К.С.Исаханова [91], М.С.Маженақова [92], А.Ш.Мүтәлиева [93], Р.Н.Кенжебаева [94], Б.Қ.Шаушекова [95], т.б.).
Дүниетаным мәселесін ғылыми тұрғыда талдаудың философиялық, психологиялық және педагогикалық қорытынды нәтижелері төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Адам дүниетанымы оның тұрмыс – тіршілігіндегі басқа да қажеттіліктерінің қозғаушы күші, қоршаған ортадағы іс – әрекетінің бағыт – бағдарын реттеуші болып саналады. Ол адамның жеке және жас ерекшелігіне, қоршаған ортаға көзқарасына, өмірлік тәжірибесіне және қоғамдағы әлеуметтік – психологиялық ұстанымына байланысты. Дүниетанымды адам идеясының қоршаған орта жөніндегі ғылыми, философиялық, қоғамдық – әлеуметтік, психологиялық – педагогикалық көзқарастардың және іс – әрекетінің бағыт – бағдарын айқындайтын тұтас жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Жалпы ғылыми әдебиеттерге талдау және сараптау жасау бізге «дүниетаным» ұғымын анықтауға мүмкіншілік берді. Дүниетаным – тұлғаның туған жерін, қоршаған ортасын, айналасын - жүйелі және жан – жақты танып білуі, оның қоғамдық өмірі мен педагогикалық процесстегі мақсатын, мазмұны мен құндылығын ескере отырып жүзеге асырудың құралдары мен әдіс - тәсілдерін меңгеруі.
Демек, дүниетаным негіздері дегеніміз - өз жеріңді, тіліңді, дініңді (ауыл, аудан, қала, облыс, республика, қоғам, отбасы, адам, әлеуметтік – саяси орта) жан-жақты тану, оның қоғамдық өмірін, географиялық, экологиялық, экономикалық, демографиялық және табиғи, мәдени ресурстарын есепке алып зерттеу.
Дүниетанымның негізгі мақсаты - жалпы адамзаттың мәдени құндылықтарын, ізгілік, демократия, бостандық, тәуелсіздік идеяларын бойына дарытқан, елінің өміріне өзін жауапты санайтын тұлғаны қалыптастыру. Дүниетану жұмыстары оқушылардың қоршаған дүние құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланысының заңдылықтары жайлы айқын түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Ол туған жердің табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-тәрбие үрдісінде дүниетану материалдарын пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығы танып, олардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтеді.
Зерттеу нәтижесінде дүниетану материалдары негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға қол жеткізу үшін төмендегідей педагогикалық шарттардың орындалуы қажет деген тұжырым жасадық:
дүниетану материалдарының мазмұны бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын оятудың қайнар көзі ретінде іріктелуі және саралануы тиіс;
дүниетанымды шыңдауға арналған жұмыстар оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатындай жағдайаттар арқылы ұйымдастырылуы қажет;
оқушыларды өз туған жерімен таныстыру, сол туралы білім беру оқу үрдісінде ғана емес сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асуы тиіс;
дүниетанымды қалыптастыруға арналған жұмыстарды ұйымдастыруда оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы керек.
Дүниетаным құндылықтарының негізгі мазмұны мынадай мәселелерді қамтығаны жөн:
Туған жердің тарихы (өлкенің кеңес дәуірі келгенге дейінгі тарихы; төңкеріс кезіндегі тарихы; тәуелсіздік жолындағы күрес тарихы, өлкенің қазіргі таңдағы тарихы);
Туған жердің табиғаты және табиғи қорлары;
Өлкеден шыққан батырлардың, халық қаһармандарының, ғылыми мәдениет және спорт қайраткерлерінің ерлігі мен ерен еңбегі;
Мәдени құндылықтар, т.б.
Дүниетаным – қызықты және тірі мектеп. Дүниетаным жұмыстарымен айналысқан мұғалімнің өзіне де өте пайдалы. Олар өз білімдері мен педагогикалық шеберліктерін тереңдетуге, оны әрі қарай дамытуға, сабақ әдістемесін түрлендіруге мүмкіндік алып, экологиялық білім мен тәрбие беруде нақтылық пен сенімділікті енгізеді. Дүниетаным – бұл мұғалімдердің білімдерін жетілдірудің ең тиімді жолы.
Дүниетаным - жергілікті белгілі бір жіктелген өмірді немесе еліміздің шағын бөлігін оқып үйрену. Оқушылар өз өлкесі жөніндегі білім қорын меңгеруді алғаш рет мектеп табалдырығын аттаудан бастайды. 1-2 сыныптардағы дүниетаным бағдарламасы бойынша сыныптағы сабақта басталады. Мәселен, 1-сынып оқушыларына «Дүниетану» атты оқулық өздерінің күнделікті көріп, араласып жүрген табиғатпен, адам қоғаммен таныстырылады. Және табиғат өзгерістерінің жеке обьектілері туралы ұғымдарды түсіндіреді. Ал 3-4 сыныптарда Дүниетану жұмыстары барған сайын күрделене әрі кеңейе түседі, оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, өз өлкесі жөніндегі экологиялық білім негіздері қорлана түседі. Оқушылар 3-4 сыныпта табиғаттың маусымға қарай өзгеруін, соған сай адамдардың еңбектегі іс-әрекетінің өзгеруін бақылай алады.
Мектепте дүниетану сабақтарын «біз кімбіз?» «біз қайдан шықтық?» деген сұрақтардан бастау керек. Алдымен қайда тұратындығын, қоршаған орта нысандарын, туған жердің несімен танымал екендігін анықтаудың маңызы зор. Бастапқыда оқушылар «сенің тұрған жерің несімен танымал?» деген сұраққа жауап беруге қиналады. Артынан бірте-бірте сол жердегі өндіріс орындары, батырлар, ескерткіштер, соғыс және еңбек ардагерлері т.б. мәліметтер тізбегі атала бастайды. Осылайша әр елді мекен туралы ақпарат жинақталады.
Осындай сұрақтардан соң оқушылар жан жағына ерекше көзқараспен қарап, үлкендер әңгімесіне құлақ салып, өзін қызықтыратын сұрақтарға жауап іздей бастайды.Өздері табиғаттағы ерекшеліктерді тауып, оларды сипаттауға талпынады.
Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары оқулықта дәл осы мектеп туралы жазылмайды.Оны айтып таныстыру, мектепке және мектеп ауласына экскурсия ұйымдастыру мұғалімнің міндетті жұмысы. Мектеп тарихына көз жүгірту, өткен кездер мен қазіргі жағдайды салыстыра көрсету, мектептің озат түлектерімен, еңбек озаттарымен таныстыру оқушылардың дүниетанымын арттыра түсетін болады. Бұл жерде мектептегі мұражайдың атқарар қызметі зор.
Өздері білім алып отырған мектеп тарихын зерттеуде оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығына көп мәлімет бере алады. Ол арқылы мектептің қашан құрылғаны мен алғашқы ұстаздарымен, түлектерімен т.б. таныса алады.
Жертанушылық жұмыстарды саяхат жасау жорықтарымен түрлендірудің де орны бөлек. Ол – саяхат-сабақтың түрі. Жұмыстың бұл түрінде балалар табиғатпен шынайы түрде танысады.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сиякты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе учаскілерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.
Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірбие жасау оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалдармен қамтамасыз етеді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық-материалистік көзқарастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез-құлығының бағыттылығына, іс-әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.
Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. Әдебиет адамдар арасындағы қарым-катынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен, Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады.
Сонымен мектепте оқыту оқшылардың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.
1. Мұғалімнің ғылыми дүниетанымын негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәнінің орнвн анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, саяси-әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді, оларды пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, бірнеше басқышқа бөледі. Үшінші кезеңі дүниетаным кортындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқытылатын материалдан шығатын дүниетаным қортындыларын тақырыптарға сәйкес бөлу және оларды сабақ жоспарларында, оқушылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзеге асады. Бесінші кезенде оқушылардың оқуын, ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістерімен формаларын анықтайды.
2. Табиғатпен қоғамдық өмірдің танылуы тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екендігіне сенім қалыптастырады.
3. Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжирбиеде тексеріліп, іс-әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүние таным сипатына алады.
4. Оқушының адамгешілік қатынас тәжірбиесінің жүйелі жиналуы. Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны коршаған орта, оны қоғамның-саяси белсенділікке, өз бетіндік іс-әрекетке және жауапкерлікке итермелейтін жағдайда қоюды талап етеді.
5. Мұғалім-ғылыми дүниетаным иесі, және оны жүзеге асырушы. Жалпы, оқушынның дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.
Әртүрлі сыныптық және мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамытудың қажетті құралы. Мұндай тәрбие жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ой-өрісін кеңейтеді, оларды еңбекке, мамандықты таңдап алуға көзқарастарын қалыптастырады. Осы бағытта жүргізілетін түрлі оқу пәндерінің, жас натуралистер мен жас техниктер станцияларының, көркемөнер үйірмелерінің, тәрбиелік мәні аса зор.
Мектепте үйелмен және өндірісте оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегінің, олардың қоғамда өз роліне, бақытты өмір сүруіне түсінуінің өзінің алатын орнын білуінің маңызын атап өткен жөн. Өйткені еңбек процесінде оқушылар әртүрлі үжымдар мен жеке адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы білім және практикалық дағдыны игереді, қоғамдық қатынастар тәжірбиесін иемденеді. Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік көзқарасы, сенімімен сезімі дамиды.
Көп жылдар бойына әдебиет беттерінде атеистік тәрбие сөз етіліп келді. Адамның дүниетанымын қалыптастыруда қажетті құралдардың бірі болды. Атеизм туралы ұғым тарихта діни оқулармеқ олардың әртүрлі заманда үстемдік ету сипатымен байланысты болды. Атеизм ғылыми негізге сүйене отырып, Құдайды бекерге шығарады. Міне, осы тұрғыдан қазіргі қайта құру кезеңінде атеистік тәрбиені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырады.
Ғылыми-атеистік тәрбиенің негізгі мақсаты дүниенің біртұтас екендігі жөнінде оқушылар көзқарастарының жүйесін қалыптастыру. Ең маңыздысы оқушылар жас шамасының мүмкіндігіне сай дүние мәңгі қозғалыста және диалектикалық дамитын материалдан басқа ешнәрсенің жоқ екендігін түсінуі.
Міндет — оқушыларды жаратылыстан тыс күшке сенуді жокка шығаратын ғылыми атеизммен қаруландыру.
Атеист болу дегеннің өзі тек Құдайға сенбеу емес, дүниеге дұрыс, ғылыми көзқарастың болуы. Оқушы атеизм адамның түлғалық мәнінің бір қыры екендігін түсінуі.
Дүниені диалектикалық, материалистік, атеистік тұрғыдан қараудың элементтері ең алдымен оқу процесінде қаланады. Қандай пән болмасын, оның оқу материалы дұрыс қойылса ғана мазмұны балаға тәрбие берудің объективтік алғы шарты бола алады. Оқушыларға атетстік тәрбие беру құралдарының ішінде ұйымдастыру жолдары алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстар ерекше орын алады (сұхбаттасу, кино, теледидарлық материалдар көру және талқылау, діни сенімдерге байланысты кештер, жиындар, пікірталастар өткізу, саяхаттар, түрлі үйірмелер т.б.) . Бірқатар балаларды діни салттар әуестендіру мүмкін.
Ғылыми-атеистік тәрбиеде үйелмен оқушының кұнделікті тұрмыстық ортасы маңызды роль ойнайды. Оқушы үйелмені, оның тұрмыстық ортасын, атеистік тәрбиеде мұғалім өзіне көмекші етіп алғаны жөн. Бұл жерде де мектеп мұғалімі дінге сенуші ата-ананың немесе басқа үйелмен мүшелерінің сөзімен аяқасты етпеуі керек.
Қоғам дамуының жаңа сатысында тәрбиеге ықпал жасайтын факторларға біржақты, тиым салу тұрғысынан қарауға болмайды.
Кейбіреулер қайта құру, жаңарту кезеңдерінде болып жатқан жағдайды пайдаланып, діни тәрбиен.ің кең өріс алуын барынша қолдайды. Осы тұрғыдан мешіт не шіркеу қызметкерлерінің адамгершілік тәрбие тақырыптарына діни кітаптардың, әсіресе құранның, таураттың үзінділерін пайдаланып, әңгімелер өткізуіне оқу орындарының есіктері ашыла бастады.
Бірсыпыра ғалымдардың пікірінше тауратты, басқа да діни әдеби және тарихи кітаптарды пайдаланып, дүниежүзілік мәдениетпен және өнермен жастарды таныстыру қажет. Мысалы, Мәскеудің мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде студенттер антик және орта ғасыр әдебиеттері бойынша семинар сабақтарында діни тауратты пайдаланды, демек, грек, Римнің қоғамдық құрылысы, мәдениеті және өнері мен танысады. Бұл жерде сөз діни тәрбиесі туралы емес, студенттерді тарихи әдебиет көне ескерткіштерімен таныстырды. Өйткені бұларсыз дүние жүзілік мәдениет даму процессінің пайда болуын түсіну қиын.
Бірақ шіркеумен және мешітпен жақындасуды тіпті дінмен келіскендіктің белгісі деп қарастыруға болмайды. Олармен араласпау, қарым —қатынас жасамау, оларға қарсы тұру діни қызметкерлері қоғам арасында болмауы тиіс. Төологтар өздерінің діни тарихының халықтар мәдениеті туралы білім тапшылығын болдырмауда белгілі көмек көрсетеді.
Бәрімізге белгілі барлық классикалық кескіндеме таураттық (библия) сюжетке негізделген классикалық музыка көркем дауысты шіркеу әнін бойына сіңірген, бұрынғы философиялық оқу осы қайнар бұлақпен қөректенеді.
Сонымен, біздер дүние жүзінің әдебиетімен тарихи мәдениетіне түсінбей, ешуақытта жастардың жалпы мәдениет деңгейін жоғары көтеру мүмкін емес.
Қазіргі кезеңде жастардың дін деген не, оған олардың қөзқарасы, өмірге қатынасы қалай, міне, осы мәселелерге терең ойланып шыдамдылықпен қарау тиіс. Осыған орай, оқыту және тәрбие барысындағы басты міндеттер - бұл дүниетанымдылықты дамыту, атеистік білімнің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету, еліміздің әлеуметтік-эканомикалық дамуын және ғылыми үдеуді есепке алып, жастардың ғылыми-атеистік тәрбиесінің деңгейін көтеру, толық сенімі мол белсенді атеистерді тәрбиелеу.
Дүниетанымның ғылыми-матералистік тұрғыдан түсіндіруді жақтай отырып, дінге сенушілердің сезіміне нұқсан келтіруге болмайды. Олардың халық арасындағы әртүрлі жаңа салтымен әдет-ғұрыптарды кеңінен тарату жөніндегі болымды істеріне көмектесіп, бағыт беріп отырған жөн. Демек, осы бағытта мешіт, шіркеу кызметкерлері жалпы адамдық құндылық және мейірімділік қозғалысына үлес қосуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |