Ойын терапиясы



бет4/168
Дата03.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#108879
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168
Байланысты:
Түзету дамыту үйде оқыту көмекші мектеп 2018 2019 ж
Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы
Сұрақ төмендегідей:

1.      Тренинг: Мен кіммін? Деген  сұраққа қанша рет түрлендіріп жауап жаза аласың? (Оқушылар  жазбаша орындайды)

2.      Тренинг: «Жеке тұлға» Қоғамдағы  орның қандай?

3.      Кері байланыс тренингі: «Менің жағымды – жағымсыз жақтарым»









 Жаңа сабақты бекіту :

Бүгін қандай ойындар ойнадық ?

Саған ойындар ұнады ма?

Оқушыны мадақтап сабақты аяқтау.



 




























































Танымдық әрекетін түзету сабағы Күні: 25.09.2018 ж

Сабақтың тақырыбы: Достық

Сабақтың мақсаты:


1.Білімділік:« Достық » модулі бойынша өтетін сөздер мен сөз
тіркестерін сөйлемдерде пайдалана білу.
2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; ауызша
ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем
құрау дағдысын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Достықты бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін
жетілдіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері: Сұрақ–жауап, әңгімелеу, іздендіру, ойын, практикалық әдістер.
Сабақтың көрнекіліктері: Плакат, карточкалар, мақал–мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі.
ΙΙ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Достық» тақырыбына байланысты мақал–мәтелдерді қайталау.
ΙΙΙ. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
а) мәтінді оқу
ә) жаңа сөздермен жұмыс
б) сөз тіркестерін құрастыру
в) грамматикалық тапсырмалар.
Кіріспе сөз:
Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр түрлі болады. Мысалы: жақсы, жаман, қайырымды, қамқоршы. Бір мақалда айтқандай:
Жаманмен жолдас болсаң,
Кесірі жұғар.
Жақсымен жолдас болсаң,
Несібі жұғар.
– Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
– Мағынасы неде?
– Жақсы. Ал енді достық туралы тағы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?
– Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
– Біз бүгін сабақта нені үйренеміз?
– Дұрыс. Бүгін сабақта сөздерді оқимыз, сөз тіркестерін құрастырамыз, мәтін
аударамыз.
4.Бекіту кезеңі:
Сұрақтарға жауап беру.


Танымдық әрекетін түзету сабағы Күні: 27.09.2018 ж

Сабақтың тақырыбы: Жанжал (қиын жағдайдағы менің тәртібім)

Мақсаты:  Оқушыны әдептілік пен  инабаттылыққа, мейірбандылық пен  татулыққа,  төзімділік пен  парасаттылыққа баулу,  ата – аналарымызға  ұлтымызға  жат  қылықтардан ұл мен  қыз баланы  қорғау  қажеттілігі  туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне  көңіл  бөлу. 

Көрнекілігі:  Тәрбиелік нақыл сөздер.

 1. Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

      Тәртіпті – елдің  ұлы.

2. Тәртіп – тән үшін,

      Ынтымақ – жан  үшін керек.

3. Тәртіпсіз ел – ел болмас,

      Тәртіпке  бағынған – құл  болмас. (Бауыржан Момышұлы)

4. Жақсы  тәртіп әдетке айналса – ырыс,

      Жаман  тәртіп  әдетке  айналса – қырсық .(Ғабиден Мұстафин)

5. Қыз анадан үйренбей  өнеге  алмас, 

      Ұл атадан  үйренбей  сапар  шекпес.

 Жоспар:


«Тәртіпке  бағын  жасыңнан...»

Рефлексия.

 Эпиграф:  «Адамға  ең бірінші  білім емес,  тәрбие  берілуі керек, тәрбиесіз  берілген  білім – адамзаттың  қас – жауы»  Әл – Фараби.

    А.С.Макареньконың  түсінігінде  тәртіп – бұл тек қана тежелу  тәртібі ғана емес, сонымен қатар  ұмтылу  белсенділік, жауапкершілік тәртібі.

Тәртіп  туралы  мәселені ерік – қайратты, ерлікті,  берік мінез – құлықты тәрбиелеумен  тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл  ұжымда  дамиды және  бекиді. «Тәртіп – бұл  ұжымның  бет - әлпеті, оның дауысы, оның  әдемілігі, оның  қозғалғыштығы, оның  мимикасы, оның  сенімділігі» - деген. 

Тәртіпті  бала сүйініш, 

Төбең бір көкке  жетеді.

Тәртіпсіз  бала күйініш,

Төмендеп  басың  кетеді – дегендей,  оқушыға  қойылатын  алғашқы  сұрағым – «Тәртіпке  бағын  жасыңнан...» деген  сөзді  қалай  түсінесіз, тәртіп  туралы ой – пікірлеріңізді айта  отыр. (Оқушы пікірін тыңдау)

Ұлт  мұраттарының  ұлы  байлықтарының  бірі – жас  ұрпақ, келелі келешек  десек, бұл тақырып  кеше де,  бүгін де  күн  тәртібінен  түспейтін  мәселе,  ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз  Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы»  десе,  ақын Олжас Сүлейменов  «Адам  тағдырын  тәрбие  шешеді» деп  жазды. Бәрі де  шындық . Тәрбие  кешіктірілсе  кешірілмейтін,  дұрыс  бағыт алмаса, қалпына  келмейтін нәзік те,  кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс.  Адам  ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел  болса,  мұның  мөлдір  бастауы,  алтын  тамыры – тәлім – тәрбие  ісінде  жатыр.

Рефлексия.

Тәртіпті, тәрбиелі, өнегелі бала әр ата – ананың өмірінде несі болады екен?

1.Болашағы.2. Ұрпағы. 3.Арманы. 4. Қамқоршысы. 5.Ардақтысы. 6. Өрісі. 7.Қуанышы. 8. Мақтанышы.

 Қорытынды сөз. 

Елбасы өз сөзінде»Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ  қолында,  болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың  тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті.
Танымдық әрекетін түзету сабағы Күні: 02.10.2018 ж

Сабақтың тақырыбы: Менің жанұям

Сабақтың мақсаты:

Түзет-дамыту:Балаға отбасы мүшелері туралы түсінік беру, әңгіме құрастыруға үйрету, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру, математикалық жаттығулар орындату, ойыншықтардың атын жазу.

Тәрбиелік: Тазалыққа, өз бетінше жұмыстануға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Баламен амандасу.

II.Негізгі бөлім.

1.Жанұяң туралы әңгімелеп бер.



2. «Менің отбасым» әңгімелеу

III.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп,

Бір отырып, бір тұрып.

Орнымызды табайық

5. Берілген сөздерге көптік жалғауын қосып өзгертіп жаз.

Дос...(-тар,-тер), құрбы...(-лар,лер), бал...(-лар,-лер), қыз...(-дар,-дер), кітап...(-тар,-тер), мұғалім...(-дер,-дар), әже...(-лер,-лар),дос...(-тар,-тер),сурет...(-тер,-тар).

6.Сурет бойынша шығарма жаз.




IY.Қорытынды.

Баланың жұмысын мадақтау, мақтау.
Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 04.10.2018 ж

Сабақтың тақырыбы: Көшеде

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыны жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыны көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер ,жол ережесіне арналған кітаптар.

 Сабақтың барысы:

 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні, жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Жұмбақтарды шешу:

1. Ала таяқ ұстаған, 

Жол тәртібін нұсқаған.                                                    

Өміріңді  күзеткен, (Автобус)

 2.Көше бойлап аяңдайды,

 Адам тасып аялайды.

Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

 3. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

 4. Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.(Бағдаршам)

 5.Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

  Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

  Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын  біліп, тіліп алу  баршамызға  керек.

1.     Неге? Қалаларда, сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.   сенр көшеде жүру ережесін  білесің бе екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап берші.

3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

Қызыл – Тоқта ! Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық!

Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

 Жасыл көзін ашқанда , Өте  бергін , жасқанба ! Қорытындылау :  Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.


Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 09.10.2018 ж Сабақтың тақырыбы: Қол қимылдарының және қол буындарының қимылын дамыту

Сабақтың мақсаты: Саусақ, қол икемділігін жетілдіру, ұсақ моториканы дамыту.

Білім, икемділік, дағдылар: Қол,саусақ,білезік қимылдарына еліктеуді дамытып, жазуға үйрету үшін ұсақ моториканы жетілдіру.

Сөздік: Пойыз, балға, шөкім, аквариум, доп, пианино.

Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: Cөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.

Дидактикалық ойындар: «Пианино» , « Допты ұста».

Ойын материалдары: Шар, доп, пианино.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

«Саусақ санау» жаттығуы. Жұдырығымызды жұмып біртіндеп саусақтарымызды санап отырып ар саусақтың басына массаж жасаймыз.

II.Тапсырмалар.

« Допты ұста» допты жерден алып , қарсыласқа лақтыра отырып адам аттарын атау ұл-қыз есімдерін кезекпен айтып.

«Пианино» әуен ырғақтарын сезіне отырып , ұсақ моторикасын жетілдіру.

Зейінін шоғырландыруға, есте сақтау қабілетіне арналған «Тыңдай біл» жаттығуы. Түрлі заттардың суреттерін көрсете отырып, аттарын атап, оқушыдан қай заттың қалай аталатынын сұрау.

Қорытынды.

Баланың жұмысын мадақтау, мақтау.



Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 11.10.2018 ж

Сабақтың тақырыбы: Зейінді дамыту

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушының сөздік қорын арттыру

2. Кеңістікте бағдарлау қабілетін дамыту

3.Ойлау қабілетін жаттықтыру

Дидактикалық материалдар мен құралдар : кесте –кілт, санды кесте, суретті карточка, дәптер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу


Психологиялық дайындық

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа тапсырмалар орындау.

1 –тапсырма. Мына кестеге назар аударыңыз ! Бұл кестеге қарасақ, сандар адасып кеткенін байқауға болады. Сол сандардың ретін табу үшін әріптердін орындарын ауыстырыңыз. Енді, әріптерге назар аударайық. Кандай сөйлем шығады екен ? (Кел балалар оқылық !) Бұл кімнің айтқан сөзі? Бұл Абай атамыздың айтқан нақыл сөзі екен. А. Құнанбаевтың тағы қандай даналық сөздерін білесіздер?

2 –тапсырма. Берілген кестедегі сандарды 1 минут ішінде, ретімен тауып көрсетіңіз,не байқадыңыз? Бұл жерде кай сан жоқ ? Сол санды жазыңыз

IV. Сергіту сәті.

Кел балақай ойнайық,

Орнымыздан тұрайық.

Қолды қойып бұйірге,

Жаттығулар жасайық.

Оңға, солға қараймыз,

1, 2, 3 жарайсыз !

Серігіп бір алдық біз,

Кел балақай оқылық!

3 –тапсырма. Графикалық диктант. Дәптерімізді ашып, қолымызға карандаш алып, менің айтқан бағытыма қарай, тор көз санын санай отырып сызамыз

1→, 1↑ , 2→, 1↑, 3↓, 3→, 2↑, 2→, 1↑, 1←, 2↓, 1←, 4↓, 1←, 2↑, 2←, 2↓, 1←, 3↑, 2←, 1↑.Шыққан күшіктің суретін боя

4 –тапсырма. « 4 –інші артық» ойыны. Бір сөзбен қалай деп атаймыз?

V. Оқушыны бағалау. Ауызша

Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 16.10.2018 ж

Сабақтың тақырыбы: Бірдей фигура тап және атын ата

Сабақтың мақсаты: 1)Оқушының ондықтарды қосу, азайтудан алған білімдерін толықтыра отырып, фигура құрастыру және бөліктерге бөлу туралы түсінік беру.

2) Түрлі мақсаттағы тапсырмаларды орындай отырып математикалық ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

3) Оқушының білімпаздыққа, шапшаңдық пен тапқырлыққа баулу. Ізденімпаздық пен өздігінен жұмыс жасауға тиәрбиелеу.

Түрі: саяхат сабақ

Әдісі:түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:акт, логикалық есептер, карта, қалалар суреті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық!

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым бізге үйір болады.

Досың олар табылатын қасыңнан.

III. Жаңа сабақ:

Астана қаласына саяхат

Суретте неше шаршы (квадрат) бар?

Үлкен шаршыдан құрастырылған?

Суретте неше кесінді бар?

Ең ұзын кесінді неше бөлікке бөлінген?

Оның әр бөлігінің ұзындығын өлше?

IV. Сергіту сәті:

V. Бекіту:

Ойын: «Тез ойла, бірақ қателеспе!» әр қатарға логикалық есептер шығарту.

Менің туған күнімде,

Қонақтар көп үйімде.

Балнұр тәтем келді,

Арнұр көкем келді.

Үлкен атам келді,

Нағашы әпкем келді,

Бөлем Бәжен келді,

Жездем Шәкен келді

Әпкем Сәпен келді

Достарымнан екеу келді

Ұстазым кештеу келді

Барлығы нешеу келді? (10)

Су құйып ем астауға,

Үш қаз келді қасына.

Үш қасқалдақ бір қазан,

Екі үйрек бір сазан.

Бір көксерек, бір қарға

Қосылды кеп бұларға.

Болды бір топ құс қанша? (12)

«Шығармашылық тапсырма»

Біз ақылды баламыз,

Бар білімді саламыз.

Есеп, жұмбақ ойынның,

Жауабын тез табамыз.

Апта күндерінің қазақша атауын ата.

Дүйсенбі. Сейсенбі. Сәрсенбі. Бейсенбі. Жұма. Сенбі.Жексенбі.

VI. Қорытынды:

Геометриялық фигураларды ата.

Парта қандай геометриялық фигура?

VII. Бағалау:

Оқушыларды жауабы бойынша бағалау.

Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 18.10.2018 ж

Сабақтың тақырыбы: Заттарды топтау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Сөйлесім әрекеттерін жүйелі түрде қолдану арқылы оқушының тілдесім қабілетін жетілдіру. Оқушының білім сапасын сабақ арттырып отыру.

2.Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалды өмірдегі жағдаяттармен салыстыра отырып , тілдесім әрекетін жандандыру.

3.Тәрбиелік. оқушының саналы білім алуға, өз бетімен жұмыс жасауға, тіл үйренудің жеңіл жолдары арқылы сөйлесім әрекетін игеруге баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Көрнекіліктер: суреттер

Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

Жаңа сабақ

Сурет арқылы ой шақыру.

Сөздік жұмысы:

заттар- теледидар

үстел- кілем- шам- кереует-

жатыр- тұр-төсек-

1.Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды,оқушы қайталайды.

2.Оқушы жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3.Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

А) мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

Фонетикалық жаттығу.

Шағала, шағала, шағала

Шалқыған көлдерді бағала.

Көркем жаз!

Шағала,шағала,шағала.

Еске түсіру.

Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма.Біліп ал.

2-тапсырма. Мәтінді оқы.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық,

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

3- тапсырма.Сөз тіркестерін аударып айт.

4- тапсырма. Біліп ал.

Үлгі:Нені? Қайда?

5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.

1.Шкаф.


2.Шкафта.

3.Шкафта бар.

Грамматикалық тақырып:

Мысалдар келтіру, қолдану

Рефлексия

Мен бүгін не үйрендім?

Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 23.10.2018 ж

Сабақтың тақырыбы: Пішінді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет