Ойын терапиясы


ЖҰМБАҚ Ұстасаң үгітіліп жоғалады, Дамылдап отырмайды ешбір жайда (Көбелек) Графикалық диктант



бет7/168
Дата03.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#108879
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   168
Байланысты:
Түзету дамыту үйде оқыту көмекші мектеп 2018 2019 ж
Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы, Дефектолог паспоы
ЖҰМБАҚ

Ұстасаң үгітіліп жоғалады,

Дамылдап отырмайды ешбір жайда

(Көбелек)



Графикалық диктант

Графикалық диктант жазу барысында бір бөлігін берілген нұсқаулар бойынша жазады да , екінші бөлігін оқушылар өздері орындайды.

Сабақты қорытындылап, аяқтау.

Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 20.11.2018ж

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Заттарды тактильді-қимылдық қабылдау.

Мақсаты: Сурет салу арқылы достыққа, мейірімділікке тәрбиелей отырып ойнату.

Қол моторикасын дамыту.

Сабақтың түрі: ойын түрі.

Әдіс-тәсілдер: ертегітерапия, арттерапия, әуенді ойын,сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтары: ертегінің макеттері (шалқан, ата, әже, қыз, ит, мысық,

тышқан), түрлі- түсті қарандаштар, ватман.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

«Сәлемдесу» ойыны

Казір мен сенімен «Сәлемдесу » ойын ойнаймыз, айтылған сөзге байланысты қимылды тез жасауың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сен менімен тез амандасасың. Бір-бірімізбен әртүрлі дене мүшелерімен , яғни көзбен, қолмен, құлақпен, бетімен, баспен, саусақпен, иықпен, аяқпен амандасамыз.

Ал енді достығымызды арттыру үшін ертегітерапия, арттерапия,әуенді ойындарға белсене қатысып достықтың сиқырлы әлеміне саяхатқа шығайық .

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық,

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Ал енді біз енді қаламдар әлеміне сапарға шығайық.

«Біз доспыз, сондықтан да бір-бірімізге қуаныш сыйлайық!» - арттерапия (әуен ойнатылады).

Берілген достықтың бейнесін бір-бірімізге қуаныш сыйлайтын түстермен бояп, көңілімізді көтерейік. Жұмысты аяқтаған соң қорытындысын талдаймыз.

«Достық серті» (бейне таспа үзіндісін тамашалайық).

Қорытыңды: бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын, көңіл-күйің көтерілді ме, дос болу ұнағаны туралы сұрақтар беріледі. Күн сәулесін бір –бірімізге бере отырып бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандығы жөнінде өз ойымен бөліседі.

Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 22.11.2018ж

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Сөйлеу тілі емес есту қабілетін дамыту.

Сабақтың мақсаты: Есту арқылы сақтауға жаттығулар, есептер шығару арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Пәнге қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтың барысы.

Ми гимнастикасы.

Ширату.

Бір қайшының неше сақинасы бар? (2 сақинасы бар)

Ұшатын көлік қалай аталады? (тік ұшақ, ұшақ)

Тонды неден тігеді? (тері)

Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8)

Сиырдың қауіпті мүшесі? (мүйіз)

Сұйық - су емес, ақ - қар емес. Ол не? (сүт)

1. Ең қысқа жолақты жасыл, ал ең ұзын қарындашты көк түске боя.

2. Орыншаның пәтері үшінші қабатта. Асыланның пәтері

Орыншаның пәтерінен 2 қабат жоғары. Ал Тайырдың пәтері

Асыланның пәтерінен 4 қабат төмен орналасқан.

Асылан нешінші қабатта тұрады?

Тайыр нешінші қабатта тұрады?

Тұрсын мен Инештің бойлары бірдей. Инеш Күләштан аласа, ал

Орынгүлден биік. Оң жақта бірінші тұрған Тұрсын. Қыздардың атын

ата. Оларды жаз.




Жапырақтарды боя. Қызыл жапырақ сары мен ' жасылдың ортасында, ал сарғыш жасыл жапырақтың оң жағында болсын.

Сабақты қорытындылау.

Оқушы жұмыстарын мадақтау

Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 27.11.2018ж

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Сөйлеу тілі есту қабілетін дамыту.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Тіл және сөйлеу туралы білімдерін тереңдету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөйлеудің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, мақалдың мағынасын ашу,
Көрнекілігі: суреттер, тапсырамалар, таблица,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Көркем жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөйлеу тілі есту қабілетін дамыту.
1. Жаңа сабақты сызбаларда берілген сұрақтар арқылы, пікірталас:
Тіл және сөйлеу не үшін қажет?
Ата — бабамыз бізге мұра етіп нені қалдырды?
2. Сөйлеу түрлерін таныстыру.
Сөйлеу Ауызша Жазбаша Әңгімелесу Сызу
Пікілесу сурет салу Хабарласу Таңбалау Кітап оқу хат жазу
3. Дәптермен жұмыс
Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.
1). Жексенбіден кейін ________________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы ________________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ________________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ________________________
( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).
ІV. Оқулықпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқы. Баланың қуаныш сезімін білдіретін бөлікті көшіріп жаз. Өлеңнен ризалық сезімін білдіретін жолдарды теріп жаз. Ауызша орындау. Ауызша. "Мақалдың жалғасын тап" ойыны.

1.Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді. 2.Тіл тас жарады, Тас жармаса , бас жарады.


V.Сергіту. Ойын: Кім жылдам? YI Бекіту.
1. Сөйлеу не үшін қажет?
2. Тіл туралы мақал — мәтелдер сұрау.
VII. Қорыту. Тіл — ұлттың жаны, тіл — ұлттың асыл қазынасы — дей отырып бүгінгі сабағымызды анықтаймыз.
VІ. Үйге тапсырма. Тіл туралы мақал жазу.
VІІ. Бағалау.
Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 29.11.2018ж

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Есту сезімі. Естіп қабылдау

Мақсаты: Есту арқылы есте сақтау жаттығуларын орындата отырып, оқушыны тапқырлыққа баулу.
Міндеттері: Бірлесіп жұмыс нәтежиесіне жетуге баулу.
Әдіс – тәсілдер: Көрнекілік, сөздік, түсіндіру, әңгімелесу.
Психологиялық ахуал.
Бүгін айдың нешесі? Ендеше 29 қараша болса, 29 санын бірінші оң қолмен, сосын, сол қолмен, одан кейін оң және сол аяқпен және қолымызды бүйірімізге қойып, белмен және мұрынмен жазу.
І. Ширату (тез жауап бер) сұрақ беріледі.
1. Бес тышқанның құлағы - 10
2. Жеті сиырдың мүйізі - 14
3. Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны - 8
4. Есту мүшесі - құлақ
5. Жаз айларын ата - маусым, шілде, тамыз
6. Ағзаның қорғаныс мүшесі - тері
7. Қан айналымының негізгі мүшесі - жүрек
8. Ауаның қозғалысы - жел
Тапсырма №1.(көзіңмен қадағала) Қолмен емес, көзбен жүргізіп, цифрлар мен әріптердің байланысын тап. Жасырын сөзді жаз.
Жауабы: көкөніс, жаңалық.
Ми гимнастикасы «Жалқау сегіздіктер» Ауада сегіз санын алдымен оң қолыңмен, сосын сол қолыңмен сегіз санын сал, одан кейін екі қолыңмен үш рет қайтала.
Тапсырма №2. (Сана!) Бесбұрыштарды сана, санын торкөзге жаз. Бесбұрыштарды сана. Санын торкөзге жаз.
Жауабы: тоғыз бесбұрыш.
Тапсырма №3. Сөздерді дұрыс құрастыр және артық сөзді алып таста қалғанын топта. ҚРАЫБЗ, АУЫҚН, МААЛ, ЛАМАҚ, МҰТРЛА
Жауабы: қарбыз, қауын, алма, қалам, алмұрт.
ІІ. Көңілді үзіліс. Бала өлең шумақтарына сәйкес қимылдар жасайды.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
ІІІ. «Мұрынмен жазу» жаттығуы. Көзіңді жұм. Мұрныңды қалам ретінде пайдаланып, ауада кез келген сурет сал. Көзің жұмулы болсын.
Қайсысы жетіспейді?
Геометриялық фигуралар қатары беріледі, оқушы 1 минуттай қарайды, келесі суретте осы фигуралардың біреуі алынып тасталады, оқушы соны табуы керек.
ІҮ. Сабақты қортындылау.

Танымдық әрекетін түзету сабағы

Күні: 4.12.2018ж

Сыныбы: 4

Тақырыбы:Есте сақтауды дамыту

Мақсаты: түрлі жаттығу жұмыстарын ұйымдастыра отырып есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету

Сабақ барысы

1.Сәлемдесу. Әңгімелесу. Көңіл-күйін анықтау

«Көңіл-күй түсі» бұлттың ішін өзінің көңіл-күйіне сай түспен бояйды.

Қызыл -өте жақсы. Жасыл-жақсы. Көк-көңілсіз. Сары –еш нәрсеге зауқым жоқ.

2. «Мен қоржынға салдым» ойыны

Мақсаты: ес көлмін арттыру, дамыту

Тапсырма: мұғалім «Мен қоржынға алма салдым» деп бастайды. Оқушы өз сөзін қосады. Мысалы: мен қоржынға алма, өрік салдым. Осылай ойын жалғаса береді. Әр айтылған сайын жаңа бір сөз қосылып, алғашқы айтылғандар жаңғыртылып, қайталанып айтылып отырады.

Үлгі: Мен қоржынға алма, өрік, қуыршақ салдым. Мен қоржынға алма, өрік, қуыршақ, доп салдым.

3. «Жоғалған сөзді тап» ойыны

Мақсаты: есту арқылы есте сақтау көлемін дамыту

Тапсырма: 5-7 сөзден тұратын өзара мағыналық байланыссыз сөздер қатары оқылады. Мысалы: қант-шоқ-қорап- балық-би-алмұрт. Одан кейін қатар толық оқылмайды. Бір сөз қалдырылып кетеді. Оқушы жоғалған сөзді табуы керек. Одан кейін оның қатардағы орнын, толық қатарды ретін сақтамай және ретін сақтай отырып еске түсіруі керек.

Сөздер қатары: 1. Ағаш-қала-әлем-өнер-қозы-тарақ-қалам;

2. Гүл-үкі-бәліш-зауыт-жаңбыр-теледидар-перне;

3. Айран-ғаламшар-кітап-бұрыш-қиял-алқа-атырап;

4. Бөлме-амал-раушан-бояу-баяу-көпір-шың.

4. «Сипаттап бер» жаттығуы

Мақсаты: көру арқылы қысқа мерзімді есте сақтау көлемін, зейін шоғырландыруын дамыту

Тапсырма: Суретке мұқият қара және әр бөлігін еске сақта. Сурет алынып тасталған соң әр бөлігін еске түсіріп айтып бер. Кемпір қосақта қай түстен кейін қай түс орналасқанын да ескер.




Сабақты қорытындылап, аяқтау. Оқушы жұмыстарын мадақтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   168




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет