Көкнәрдің түсі қандай?
Сен әкеңді жақсы көрдің бе?
Саған портфель сатып алды ма?
Алманың түсі қандай?
Күннің түсі қандай?
Аспанның түсі қандай?
Шөптің түсі қандай?
|
|
ІІІ нұсқа
Ойын барысы: балаға жүргізушінің сұрағына жауап беруді ұсыныңыз. «жақсы» және «жаман» сөздерін айтуға болмайды.
Сұрақтар:
Сен өзіңді қалай ұстайсың?
Сен жақсы жүзесің бе?
Сен қалай сурет саласың?
Сен қалай өлең айтасың?
Сен қалай санайсың?
|
|
Тапсырмалар: «сандарды іздеп тап» (Л.Ф. Тихомированың әдістемесі)
Кестеде 1-ден 20 санына дейін еркін тәртіпте орналастырылған. Бала сандарды көрсете және атай отырып, сандарды ретімен табуға міндетті. Орындалу уақытын белгілеуге болады (1 минутқа дейін).
І нұсқа ІІ нұсқа
15-16-тақырыптар. Зейін қасиеттері
Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын дамыта отырып, оларды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Зейін тұрақтылығына түзету сынағы (И.Д.Баскакова әдістемесі).
Ойындар: «Дәл осындайды тап» И.Д.Баскакова әдістемесі). «Басқаларға ұқсамайтын затты тап, «Не өзгерді?», «Ерекшелігін тап», «Күн мен түн», «Жапалақ», «Дауысына қарай таны», «Назар сал», «Тарсылды тыңда», «Еріккендер», «Айдахар өз құйрығын тістейді».
Жаттығулар: «Ернеу», «Мен ғимаратпын», «Мен ағашпын».
Достарыңызбен бөлісу: |