Бейнелеу арқылы есте сақтауды зерттеу әдістемесі
Берілген әдістеме бейнелеу арқылы есте сақтау қызметін тексеруге арналған. Әдістеменің негізіне тексерілушіге 30 секунд ішінде кесте түрінде берілген 12 бейнені есте сақтау ұсынылады.
Тексерілушінің міндеті – кестені алып тастағаннан кейін, ол өзінің есте сақтап қалған бейнелерінің суретін салу немесе білдіру.
Тестілеудің нәтижелерін бағалау дұрыс шығарылған бейнелердің саны бойынша жүргізіледі. Мөлшер 6 (және одан да көп) дұрыс жауаптар. Әдістемені жеке дара жұмыста да, топпен жұмыста да пайдалануға болады.
Жанама түрдегі есте сақтау әдістемесі.
Балаларға есте сақтауға ұсынылатын 10-15 сөздерді таңдау қажет, сондай-ақ суреттері бар карточкалар (20-30) жиынтығы. Суреттер есте сақталатын сөздердің тура бейнесі болмаулары керек.
Есте сақтауға арналған сөздер: түскі тамақ, жарық, құс, бақ, киім, білім, жол, түн, орындық, егістік, қателік, орман, сүт, жылқы, тышқан.
Нұсқаулар: «Мен қазір сөздерді оқимын, ал сен жақсы есте сақтау үшін, менің айтқан сөзімді еске түсіруге көмектесетін сәйкес суретті таңда».
Ең алдымен, мысалы, сүт сөзі. Осы сөзді есте сақтау үшін бала сиыр суреті бар карточканы таңдауы керек және т.б.
Әрбір сөзге суретті таңдауға 30 секунд уақыт бөлінеді. Көптеген балалар тез жұмыс істейді. Баладан ол неге осы карточканы таңдағанын сұрау керек.
Содан кейін баланы 15 минутқа қандай да болсын басқа ойынмен алдандырыңыз. Осы уақыт өткеннен кейін жанама есте сақтау үшін таңдалған крточкаларды көрсетіңіз, ол сөздерді айтуы керек.
Дұрыс айтылған сөздердің саны баланың есте сақтау үдерісіндегі логикалық байланыстарының дамуын білдіруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |