Ойын терапиясы



бет70/158
Дата21.12.2021
өлшемі0,83 Mb.
#104362
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   158
Байланысты:
Ойын терапия

Бағдарламаның мақсаты – көмекші мектеп оқушыларының танымдық аясын дер кезінде психологиялық диагностикалау және психологиялық түзету, сонымен қатар оларда танымдық қызметке деген жағымды қатынасты қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Зерде бұзылыстары бар балалардың танымдық аясын дамытудың ерекшеліктерін зерттеу.

  2. Арнайы таңдалып алынған дамыту ойындарының кешені, тапсырмалар, жаттығулар, жағдаяттар арқылы жүйелі түрде түзете-дамыта оқыту.

  3. Танымдық қызметке деген жағымды қатынасты қалыптастыру.

Танымдық аяны түзету курсының әдістемелік негізін психолог пен педагогтар (Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин және т.б.) әзірлеген тұлғалық-бағдарлау және дамыта оқыту концециясы құрайды.

Оқыту Л.С.Выготский мен оның мектебінің қызметіндегі дамыту концепциясына сәйкес, оқыту актуальды дамыту аймағына – баланың даму деңгейіне және – баланың ересек адамның сәл ғана көмегімен, серіктестігімен, оның өзара әрекеттестігімен қол жеткізетін – жақын даму аймағына негізделген. Л.С.Выготский негіздеген жақын даму аймағының феномені баланың жас шамасына қарай психологиялық жаңа құрылымдарға бағытталған сензитивтік кезеңін есепке ала отырып, оқытудың дамытуды өзімен «ілестіретін» озып шығатын оқытуды білдіреді.

Дамыту ойындары көмекші мектеп балаларының оқудағы қиындықтарын жеңуге, сондай-ақ олардың танымдық қызметін түзетуге көмектесетін, тәрбиелеу мен оқытудың дамумен арасындағы қажетті арақатынасты білдіреді.

Дамыту ойыны – бұл мазмұны білім беру ұйымының ойын мәдениетімен берілетін, балалардың танымдық және эмоциялық-ерік аясын дамыту бойынша педагогикалық мақсатты бағытталған, негізделген қызмет. Әрине, барлық ойындар дамытушы, бірақ олар тек кешенді түрде, ойынның танымдық-тәрбиелік қызметін іс-жүзіне асыруда балалардың дамуының жеке-дара ерекшелігі мен жас шамасына қарай сәйкес жүйеде қолданылынса ғана мақсатқа жетеді.

Даму ойындарының құрылымдық компоненттері – ой, міндет, іс-әрекет, ереже, рөл, материал – жалпы қызметті – өмірдің басқа саласында, қызметтің басқа түрінде қажетті дамуды ала алмайтын, баланың жеке тұлғалық жақтарын дамытуды толтырады. Дамыту ойындары бар мүмкіндікті ынталандырып, оны басқа танымдық жағдайға апаратындықтан, бала белсенді, ынталы тәртіпке ие болады.

Таным қызметін ойынмен түзетудің бағдарламасын құруда зерде бұзылыстары бар балалардың психологиялық даму ерекшеліктері, көмекші мектеп оқушыларына арналған білімді, икемділіктер мен дағдыларды меңгеруге қойылатын бағдарламалық талаптар, сондай-ақ ӘБЕО Орталығы мамандарының жұмыс тәжірибелері де есепке алынды.

Осы бағдараламаның мазмұнын құруда З.М.Богуславская және Е.О.Смирнова, А.А.Катаева және Е.А.Стребелева, Л.Ф. Тихомирова, Т.В. Баашаева, И.Ю.Матюгин, Н.В.Клюева, Ю.В.Касаткина, Л.М.Шипицына, А.Ф.Ануфриева және С.Н.Костромина, С.А.Ұзақбаева және А.К.Айтпаева және т.б. зерттеу жұмыстарында сипатталған жалпыға белгілі ойындар, ойын тапсырмалары, жаттығулар пайдаланылды. Ұсынылған ойындар ойын атрибуттарына, сонымен бірге дайындық сынып оқушыларының санына қарай басқаларымен де толықтырылуы мүмкін.

Танымдық қызметті ойынмен түзету бөлімдерін анықтағанда түзету-дамыту ойындарын қолданудың мазмұнының танымдық және тәрбиелік аспектерін ерекшелей отырып, оқушылардың психологиялық қызметінің даму қағидасы басшылыққа алынды. Түзету-дамыту ойындарын жіктеу жеке алынған ойындағы білім беру-тәрбиелеу міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Заттық-даму ортасында (дидактикалық құралдар, ойыншықтар, ойын атрибуттері және т.б.) ойынның әсерінің тиімділігі жоғарылауы мүмкін.

Танымдық қызметті ойынмен түзету бағдарламасына төрт бөлім енген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет