Қойшыбаева Гүлзия Көбекқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құйлыс орта мектебінің



Дата15.04.2018
өлшемі38,3 Kb.
#40130
Қойшыбаева Гүлзия Көбекқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Құйлыс орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі
«Құтты болсын, Наурыз!»

Мақсаты: Оқушыларға Наурыз тойының ерекшелігін,табиғат пен адамның байланысын, аңғарту, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын түсінікті, баланың жас ерекшеліктеріне сай,әрі өздерін қатыстыра отырып түсіндіру

Түрі: ертеңгілік

Көрнекіліктері: «Наурыз –жыл басы» атты альбом, нақыл сөздер,Ш.Құдайбердиевтің портреті және т.б.

Іс-шараның өтілу барысы:

1.Кіріспе сөз.

Мұғалім: -Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде,әдет-ғұрпында ерекше орын алатын,ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі- Наурыз мейрамы. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп,көк шыға бастайтын көктем айы. Сондықтан наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы- ұлыстың ұлы күні деп есептеп, жақсы тілек, зор қуанышпен қарсы алған.Жұрт ел аралап,үйлерге кірген,наурыз көже ішіп,жастар ән шырқап,палуан күресіп,ойын-сауықпен өткізген.Наурыз мейрамын жыл басы ретінде тек қазақтар ғана емес,көрші өзбек,қырғыз, қарақалпақ,әзербайжандар да тойлаған. «Халқым қандай десең,салтымнан танып біл» дегендей, бүгін біз жыл басы,жаңа жыл-Наурыз мейрамының ықшамдалған түрін 2-класта тамашалауға шақырамыз! Құрметті, жиналған қауым! Наурыз мерекесі құтты болсын,құт-береке әкелсін,ақ мол, ел ырысты болсын дей отырып, Наурыз мерекесін қазақтың бес арысының бірі,ақын Шәкәрім ауылында тамашалап көрейік!

1-бастаушы: Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Санатқа кірмей қалған бес күнді «бес қонақ» деп атаған.

2-бастаушы: Ежелгі сенім бойынша жақсылық пен жамандық жан алып, жан берісетін екен, жуанның жіңішкеріп,жіңішкенің үзілер кезін халық «өліара» деп атаған.

1-бастаушы:Наурыз күні хан тағынан түсіп, қараға тағын береді екен, ертеде Иран патшасы шапанын құлға берген екен.

2-бастаушы: Қазақтар Наурызды жыл басы санайды.

1-оқушы: Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған,

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты Наурыздан!

2-оқушы: Жер бетіне жақсылық орнаған күн!

Ұзақ ұшып келген күн,

Жылдың жерге түскен күні!

«Туған жер» әні орындалады.

1-бастаушы: Наурыздың 21-ші жұлдызында Қыдыр ата даланы аралайды. Қыдыр ата адамдарға- бақыт,дәулет әкелетін көзге көрінбейтін ақсақал.

2-бастаушы Қыдыр түні үйге қос шырақ жағып отырған. Сол күні қар немесе жаңбыр жауса нұр жауды деп санаған.Адамдар үстіне жаңа аппақ киім киген.

Мұғалім:- Балалар, ортаға Қыдыр атаны шақырайық. (Қыдыр ата келеді)

3-оқушы: Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен,

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

1-бастаушы: Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар. Сахнаға екі ер бала шығып, сәлемдесу рәсімін көрсетеді.

1-жолаушы:-Ассалаумағалейкүм!

2-жолаушы:-Уағалейкүмассалам!

1-жолаушы: -Мал-жан аман ба?

2-жолаушы: -Шүкір,шүкір! Бәрі де аман.

1-жолаушы: -Наурыз құтты болсын!

2-жолаушы: -Бірге болсын!

Екі жолаушы төс түйістіріп,құшақтасып көріседі. Ортаға үшінші жолаушы шығып,бата береді.

-Жасың құтты болсын!

Өмір жасың ұзақ болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке болсын,

Пәле-жала жерге енсін!

-Аумин!


4-оқушы: Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар,

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.

Қыздар тобы «Кеңес» күйіне би қимылдарын көрсетеді.

2-бастаушы: Ұлыс күні жеті түрлі заттан: сүр ет, қойдың басы, сүт,құрт, бидай,сәбіз, пияздан қазан толы көже берілген.

1-бастаушы: Наурыз күні адамдар «Жамандыққа –жақсылық ер жігіттің ісі», «тас атқанға- ас ат» деп ұрысқан адамдарды татуластырған.

5-оқушы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Ұлыс күні басталды.

Наурыз туын көтеріп,

Жар салайық әлемге!

6-оқушы: Жаңарған сананың, Ұмытады мұны кім?!

Ата салтын бабамның

Алып келді Ұлыс күн!

2-бастаушы: Ел ішінде ардақ тұтар еңселі,

Ортаға шық, көріпкел ата, кел бері,

Баршамызды қызықтырған биылғы,

Сізге мәлім қандай жылдың келгені

1-бастаушы: Он екі жыл бір мүшелді құраған,

Бұрынғылар жылың не деп сұраған?

Көріпкел ата дүрбісін ұстап, ортаға шығады.

Балалар: -Ата, биылғы жылымыз қандай?

Көріпкел аспанға дүрбімен қарап:

-Ә-ә, көрдім,көрдім!

Биылғы жыл –«ұлу!» Ортаға Ұлу жылы келеді.

Ұлу жылы: -Амансыңдар ма, балалар! Жаңа Жылдарың құтты болсын! Науры зқұт-береке әкелсін! Ақ мол болсын!

7- оқушы: Наурыз келді, Наурыз келді ағайын!

Құшырлана құшағымды жазайын.

Көктем шыға күлімсіреп көк аспан,

Әнге толды, күйге толды маңайым!

«Наурыз тойы» әні хормен орындалады. Қыздар тобы қазіргі би ырғақтарын көрсетеді.

Мұғалім:- Шәкәрім ауылындағы Наурыз тойына Қожанасыр атамыз да келіп қалған екен. «Қожанасыр хикаялары» айдарынан «Қожанасырдың тойға баруы», «Қожанасырдың май сатып алуы», «Қожанасыр және мұғалім» атты хикаялары бойынша көріністер қойылады.



Мұғалім: -Наурыз мерекесінде Шәкәрім ауылының кішкене бүлдіршіндерінің өнерін тамашаладыңыздар! Наурыз құтты болсын! Наурыз мейрамы дастарханынан дәм татыңыздыр!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет