ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Қазақстан Республикасы, дамудың әлемдік үрдісінің тең құқылы қатысушысы бола отырып, ХХI ғасыр Күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл), Мыңжылдық саммиттерінің декларациясында (Нью-Йорк, 2000 жыл) және Орнықты даму бойынша Дүниежүзілік Саммит декларацияларында (Йоханнесбург, РИО+10, 2002 жыл; Рио-де-Жанейро, РИО+20, 2012 жыл) қойылған тапсырмаларды орындауды өз міндеттеріне алды. Осы саммиттердің шешімдерінде өмір сүру сапасын жетілдіру мен халықтың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ететін факторлар ретінде экологиялық жағдайды тұрақтандыру жолдарын әзірлеу бойынша тапсырмалар айқындалды.
Климаттың өзгеруімен, экологиялық, энергетикалық, су және азық-түліктік қауіпсіздікпен байланысты ғаламдық қауіп-қатерлер қазіргі қоғамдастықтың жаңа шешімдері мен ықпалдасу қадамын қажет етеді. Бұл факторлар ауру санының өсуіне, иммундық ахуалының төмендеуіне және мутагенездің кең түрде таралуына алып келеді, сондай-ақ экологиялық қолайсыз аймақтардан көшу үрдістерін ынталандырып, кедей халықтардың өмір сүру жағдайын ауырлатады.
Арал маңындағы ауқымды жерлер экологиялық қауіп аймағы болып табылады. Қоршаған табиғи ортаның орнықты қайтарымсыз тозу үрдістері мен қарқынды шөлдену үрдісі өмір сүру шарттарын нашарлатып, аурулардың көбейіп, аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының әлсіреуіне ықпал етті.
Біздің елімізде Арал маңындағы экологиялық қолайсыз аудандарында өмір сүретін тұрғындардың әлеуметтік қорғау шаралары мен құқықтық реттік сұрақтары заңнамалық деңгейде анықталған [1]. Қалыптасқан экологиялық жағдайдың ауырлық дәрежесін ескере отырып, Арал маңының экологиялық апат аумағы экологиялық қауіпті аймақтарды, экологиялық дағдарыс және экологиялық дағдарыс алды жағдайдағы аймақтарды алып жатыр.
Бұл – Қызылорда облысының барлық аудандары және Қызылорда қаласы; Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Темір, Шалқар аудандары; Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Отыра, Созақ, Түркістан, Шардара аудандары; Қарағанды облысының Ұлытау ауданы1. Осы аймақтардың экологиялық жай-күйін талдау нәтижесінде, жерлердің деградациясы мен шөлдену дәрежесі Арал маңының Қазақстандық бөлігінде экологиялық қауіп аймағының қалыптасуына қолайлығын көрсетті.
Жайылымдық жерлердің тозу дәрежесі 17-20%, Сырдария алқабының қамысты өсінділері 40-55% болуы шабындық жерлер өнімділігінің айтарлықтай өзгеруімен (с 50 до 80 ц/га) себептеледі. Арал маңы аумағындағы топырақтың экологиялық трансформация дәрежесі топырақ жамылғысы жай-күйінің аз мөлшерден өте күшті өзгеруіне дейін ауытқиды (1 Сур.).
Достарыңызбен бөлісу: |