«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет134/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Сквирский 1/528.
Сквир тәжірибе алқабында сҧрыпталып шығарылған 
сорт. Орташа мерзімде піседі, пиязшық ҧясы аз, дәмі ащы және ащылау. 
Жуашығы тығыз, формасы сопақша келген, салмағы 32-110 грамм, қураған 
қабыршағы сары тҥсті. Солтҥстік Қазақстан облысында аудандастырылған.
Сарымсақ.
Бҧл да ӛз алдында дербес лала тҧқымдасына жатады. 
Шаруышылықтың 
пайдалылығымен 
биологиялық-морфологиялық 
белгілерімен пиязшықты ӛсімдіктермен сәйкес келеді. Жабайы ӛсетін тҥрлері 
де кездеседі. Бҧлардың екі қосымша тҥрі бар. Сабақты немесе кәдімгі 
сарымсақтар. Әрбір қосымша тҥрлер экологиялық жағынан ҥш типке бӛлінеді. 
Орта азиялық, кавказдық, шығыс-кавказдық. Сабақты деп аталатын қосымша 
тҥр ҥш экотипті. Континенталды, оңтҥстік орыстық, оңтҥстік приморлық деп 
бӛлінеді. 
Мҧнан басқа, сарымсақтық морфо-биологиялық және географиялық 
тҧрғыдан 2 қосымша тҥрі белгілі. Ол: жерорта теңіздік, орта азиялық. Бҧл 
бӛлінген қосымша тҥрлер, орта азиялық қосымша тҥр, континенталды сабақты 
және континенталды жай сарымсақтар деп аталады. Бҧларға бірнеше сорттар 
жатады.
Кейде сарымсақ жаздық, кҥздік деп те бӛлінеді. Жаздық сарымсақтардың 
жай тҥрлері. Бҧлар кӛктемде егіледі. Кҥздік деп аталынатыны- сабақтысы. 
Бҧлар кҥзде егіледі. 
Сарымсақ пиязшығы.
Бір тҥп сарымсақ пиязшығында бірнеше майда 
сарымсақтар болады. Ол пиязшықтың жоғарғы жағы жіңішке, тӛменгі жағында 
қатпарлана біткен тҥбіртегі болады. Кӛктегенде қҧрамындағы жиналған 
қоректік заттарды пайданалады. Сыртында қаттылау келген жылтыр қҧрғақ 
қабығы, қорғаныс қызметін атқарады. Олар кҥлгін, жасыл кҥміс солғын, 
қызғылт қоңыр тҥсі болады. Майда пиязшық тҥсінің тҧрақты тҥске ие болуы, 
егілген жердегі топырақ ылғалдылығына байланысты. Ылғалды болса немесе 
суарып егілетін жерлерде ақшыл тҥсті, ақшыл сарғыш тҥсті де болады. Қҧрғақ 
аудандарда егілген сарымсақ қҧрамындағы антоциан мӛлшері азайып, сыртқы 
қабығының тҥсі ақшыл тартады. Сыртқы қабығының сапалық қасиеті 
сақталған кездегі тӛзімділігіне байланысты. Неғҧрлым қалың қабықты, немесе 
қатты болса сақтау тӛзімділігі артады. 
Қазақстанның оңтҥстік-шығыс аудандарында, бҧрынға ескі тҥбіртегін 
тегіс алып тастап егіледі. Сонан кейін жаңадан жас тамырлар шығып, ӛседі. 
Мҧндай жағдайда аналық ӛсімдіктің ӛсуі жақсарып, тез қарқынмен ӛседі. 
Мҧнан кейін ӛсімдіктің ӛз бетінше тіршілік ету қабілеті жақсара тҥседі. 


Алғашқы кезде жас сарымсақтың ӛсуі баяулағанымен, кейінгі кездегі ӛсуі 
қарқындай тҥседі. Сабағы жҧмыр қырлы жасыл тҥсті. Кейбіреулерінің сыртқы 
тҥсі сортына байланысты шҧбар жасыл тҥсті де болады. Бір майда сарымсақ 
пиязшығының диаметрі 0,2-0,5 см, екі жақ шеті қырлы бҥйірі шығыңқы болып 
келеді. Сабақтары бҧтақтанып, бҧтақтанбай да ӛседі. Неғҧрлым бҧтақтанып 
ӛссе, ӛнімділігі мен сапалылығы жоғары болады. Бір тҥптегі сабақ санының 
артуы майда пиязшығының сан жағынан артуына әсер етеді. Бір тҥбінде 8-ден 
35-ке дейін майда пиязшықтар ӛседі.
Сарымсақ гҥлінің сыртқы пішіні жай шатыр тәрізді майда гҥлдерден 
қҧралады. Бҧлардың аз және кӛп гҥлді тҥрлері де кездеседі. Гҥл ортасында 6 
аталық, 1 аналығы ӛседі. Алты гҥл кҥлтесі шығады. Аналыққа қарағанда 
аталық гҥл тозаңы ерте дамып жетіледі. Гҥл жатыны ҥш ҧялы. Жемісі – 
қобдиша тәрізді. Тҧқымы ішінде болады. Тҧқымы ҥш қырлы, қатпарлы, қара 
тҥсті, репчатты пиязға қарағанда майда тҧқымды болады.
Батун 
– ашық танапта жылдам ӛсетін, қысқа тӛзімді кӛп жылдық 
ӛсімдік. Пияз басы дамымаған. Жапырағы тҥтік тәріздес және жас, кӛк кҥйінде 
тамаққа пайдаланылады. 
Спассты жергілікті.
Пиязшықтың формасы жалпақ және домалақ – 
жалпақ бҧрышты, идексі 0,5-0,8. қҧрғақ қабықшалары сары-қызғылт немесе 
қоңыр тҥстес болады. Ҧяшықта 3-5 пиязшық, салмақтары әрқайсысының 40-60 
г. вегетациялық уақытта 100-110 кҥн. 
Арзомасты жергілікті
.
Пиязшығы домалақ – кубты және сопақтау 
болып келеді. Сыртқы қабықшалары сары. Ҧяшықта 2-3 пиязшықтар, салмағы 
50-100 г. Вегетациялық уақытты 90-100 кҥн. 
Ростовты жергілікті.
Пиязшығы жалпақ, тҥсі қызғылт сары. Ҧяшықта
40-80 г. салмақты 3-5 пиязшықтан тҧрады. 
Уфимды жергілікті.
Пиязшығы дӛңгелек, тҥсі сары-қоңыр, салмағы 40-
60 г. ҧяшығы кішкентай. Вегетациялық период 100-105 кҥн. 
Мячковты жергілікті.
Пиязшықтары жалпақ және дӛңгелек – жалпақ, 
индексі 0,6-0,7 тҥсі сары, салмағы 100-120 г. ҧяшықта 1-2 пиязшық. 
Вегетациялық уақыты 90-100 кҥн. 
Даниловты 301
. пиязшықтары жалпақ, ірі, тҥсі қара-кҥлгін, басқаларда 
ашық кҥлгін. Шырынды қабықшалар ақ қызғылт-кҥлгін тҥстес. Вегетациялық 
уақытта 90-105 кҥн. 
Вишенды жергілікті.
Пиязшықтары жалпақ және дӛңгелек-жалпақ, тҥсі 
ашық қызылдан қара кҥлгінге дейін. Вегетациялық уақытта 115-125 кҥн. 
Белозерды жергілікті.
Пиязшықтары жалпақ, қызғылт-кҥлгін тҥстес. 
Вегетациялық уақытты 110-115 кҥн. 
Біржылдық Грибовты 702.
пиязшығы дӛңгелек-жалпақ, тӛбеге қарай 
созылған. Тҥсі сары-қызыл. Вегетациялық уақытты 130-135 кҥн. 
Біржылдық Хавсты 74.
пиязшығы дӛңгелек, тҥсі сары немесе сары-
қоңыр, салмағы 40-60 г. Жылдам ӛседі, еккеннен кейін 75-105 кҥн 
пиязшықтары толығы мен дамиды. 


Біржылдық сібірді
.
Біржылдық Грибовты сортына ҧқсас, бірақ оған 
қарағанда тҥсірек тҥседі және қҧрғақшылыққа тӛзімді. 
Краснодарды Т-35
. пиязшықтары дӛңгелек, сары-қызыл тҥсті, 500-800 
г. салмақты, дәмі сәл ӛткір. Вегетациялық периоды 115- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет