«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет84/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Астық дақылдары.
Екпе дақылдарының ішінде астық тҧқымдастарына 
ҥлкен мән беріледі. Оларға –бидай, қара бидай, арпа, сҧлы, кҥріш,тары, жҥгері, 
қҧмай және қарақҧмық жатады. Бҧлар тағамдық қасиетінің жоғары болуына 
және тҧрмыста жан-жақты пайдаланылуына байланысты жер шарының барлық 
аймағына кеңінен таралып отыр. Астық дақылдары тҧқымында белок, углевод 
және май кӛп мӛлшерде кездеседі.
 
Астық дақылдарының бірқатары (арпа, сҧлы, жҥгері) қҧнарлы мал азығы 
болып саналады. Олардың дәні жиналып алынғаннан кейінгі қалған сабандары 
мен топандары мал азығына тікелей пайдаланылады. Ал астық дақылдарының 
дәндері сыра, крахмал, спирт алуға және декстрин ӛндірісінде кеңінен 
пайдаланылады. 
Дәннің химиялық құрамы.
Астық дақылдары дәндерінін қҧрамына су, 
органикалық және кҥл қҧрамындағы элементтер кіреді. Дәндердің химиялық 
қҧрамы ӛсімдік ӛскен орта жағдайына, топырақтың ӛңделуіне және осы 
дақылдардың сортына байланысты ӛзгеріп отырады. (14 кесте)
 
Дәнде негізгі органикалық және кҥл қҧрамындағы элементтерден басқа 
ферменттер мен витаминдер кездеседі. Дәннің негізгі салмағы кӛмір 
сутектерінен және азотты қосылыстардан (белоктардан) қҧралады. 


Азотты заттар. Дәннің тамақтық және мал азықтық қасиеттерінің бірі – 
онда азотты заттардың - белоктардың болуы. Белок адам мен жануарлар 
ҧлпалары қҧрамының негізі болып саналады, ол ӛзінің калория бӛлуі жағынан 
крахмал, кӛмірсутекті қосылыстардан артық, тек майдан ғана кем тҥседі. Белок 
химиялық қҧрылысына байланысты жай және кҥрделі протеинді болып 
бӛлінеді.
Суда ерімейтін, қҧрамында аздаған крахмал, май және кҥллі т. б. заттары 
бар белоктарды –клейковина деп атайды. Нанның дәмі, кӛлемі, байламдылығы, 
созылғыштығы, клейковинаның саны мен сапасына тікелей байланысты.
Жақсы клейковина созылғыш, ҥзілмейтін қамыр береді. Сондықтан бидай 
клейковинасы, басқа астық дақылындарындағы байламы аз, нан пісіруге сапасы 
тӛмен клейковиналардан артық бағаланады. Сонымен қатар белоктардың 
сапасы, қҧрамында кездесетін амин қышқылдарына да тікелей байланысты. 
Адам ағзасында синтезделмейтін – валин, лизин, триптофан және тағы 
басқа да амин қышқылдарының белоктар қҧрамында болуы, олардың тамақтық, 
мал азықтық бағасын жоғарылата тҥседі. 
Топырақ қҧнарлығына, ауа ылғалдылығына және тағы басқа факторларға 
байланысты дән қҧрамындағы белоктар солтҥстіктен оңтҥстікке, батыстан 
шығысқа қарай ҧлғайып отырады.
Азотсыз сығынды заттар – дәннің органикалық қҧрамының негізі болып 
саналады. Оларға кӛмірсутектері қосылыстарының 90% жуығы болатын 
крахмалдар жатады. Дәндегі сығынды заттардың негізін, кӛмір сутекті 
қосылыстардың бастысы – қанттар қҧрайды.
Май негізінен дәнде және оның алейрон қабатында кездеседі. Майлы 
дәндерге жҥгері, кҥнбағыс,тары, кҥріш, сҧлы жатады. 
Клетчатка – клеткалар қабырғаларының және дән қабыршығының негізі. 
Клетчатка қауызды дақылдарда кӛбірек болады. 
Су – дән қҧрамында болатын басқа да маңызды заттардан кем емес. Жай 
дән қҧрамына кіріп қана қоймай, су оның тіршілігін сақтайтын басты 
факторлардың бірі. Астық дақылдары дәніндегі су мӛлшері орташа 14% болса, 
егінді жинау және тҧқымды сақтау жағдайларына байланысты ол 11 – 15%
шамасында ауытқып отырады.
Ферменттер - ӛнуге бағыт алған дәнді қоректік заттар қорымен тиімді 
мӛлшерде қамтамасыз ететін органикалық қосылыстар. Мысалы амилаза 
крахмалды қанттарға, липаза – майларды глицерин және май қышқылдарына, 
басқа ферменттер белоктарды – амин қышқылдарына, одан да әрі дән 
пайдалануға жарамды жай қосылыстарға ыдыратады.
Витаминдер – адам мен малдың тіршілік әрекетіне ӛте қажет, химиялық 
қҧрамы кҥрделі органикалық заттар. Астық дақылдары дәнінің қҧрамында 
негізінен А1, В1, В2, С, Д, РР, Е және басқа да витаминдер кездеседі.


Тамақтағы витаминдердің жетіспеуі немесе жоқ болуы зат алмасуын 
бҧзады және авитаминоз ауруына ҧшыратады. (14 кесте) 
14-кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет