«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет104/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Қант 
қызылшасы. 
Қант 
қызылшасы 
(Beta 
vulgaris) 
сопа
тҧқымдасының(chenopodiacea) Beta L. туысына жатады. Бҧл туысқа алабота
шпинат сияқты қуаңшылыққа тӛзімді (ксерофит) сортаңдау топырақты 
жерлерде ӛсетін ӛсімдіктер жатады.. Қазіргі кезде қант қызылшасының 
қанттылығы 17-20 процентке дейін жетті.
Қант қызылшасы жапырақты және тамыржемісті қызылшаны 
бҧдандастырудан алынған формаларды сҧрыптау арқылы ӛсіріп шығарылған. 
Біздің мәдени қант қызылшасыздың арғы тегі-жабайы қызылша, ол Жерорта 
теңізінің жағаларында, Каспий маңындағы далаларда, Завкавказияда кездеседі.
Қант қызылшасы — екі жылдық ӛсімдік. Бірінші жылы қант 
кызылшасының тәтті тҥбірі ӛседі, ал екінші жылы дән беретін гҥлді сабақтары 
пайда болады. Сыртқы жағдайлардың әсеріне немесе ӛсімдіктің нәсілдік 


ерекшелігіне байланысты кейбір ӛсімдіктер бірінші жылдың ӛзінде-ақ сабақ 
шығарып гҥлдейді, тҧқым береді. 
Алғашкы кос жапырақ пайда болған кезде ортаңғы тамырдың ҥзындығы 
30—35 сантиметрге дейін, ал бесінші қос жапырақ пайда болғанда 90—95 
сантиметрге дейін жетеді. Қант қызылшасы дәнінің қалыптасуы гҥлдері 
тозанданғаннан кейін 25-30 кҥннен кейін аяқталады. 
Қант қызылшасы- аумалы тозаңданатын ӛсімдік. Гҥлденген кезде гҥлдің 
аналық бӛлігінде ӛз сабағындағы және кӛршілес сабақтардағы гҥлдерден 
кӛптеген аталық тозаң тҥйірлері тҥседі. Сӛйтіп аталық және аналық ҧрықтар 
қосылады. Бҧл қосылудың нәтижесінде тҧқым ҧрығы және оның дамуына 
қажетті қоректік заттар пайда болады. Қызылшаның тозаңы (аталық ҧрық) 
гҥлден – гҥлге, ӛсімдіктен ӛсімдікке жел арқылы ҧшып тҥседі және оны 
насекомдар тасиды. 
Қызылша тозаңы ауа арқылы алысқа (3 км) тарай алады. Сондықтан қант 
қызылшасы отырғызылған жерге жақын мал азық және асқана қызылшасының 
тҧқымдықтарын кӛшіріп отырғызуға болмайды, ӛйткені мал азығы және асқана 
қызылшасының қант қызылшасымен аумасып тозаңдануы мҥмкін, мҧның 
салдарынан қант қызылшасының қанттылығы кҥрт кемиді 
Қызылшаның гҥлдері бірнешеуден жиналып, шоғырланып ӛседі. Бір 
гҥлде бес аталық және гҥлдің аналығы болады. Аналық гҥл жіңішке жіпшеден 
және тозаң қаптан тҧрады. Мҧнда тозаңдар қонатын аналық аузы және жатыны 
болады. Жемістері піскен кезде тҧқым шоғырланған тҥйіндерге айналады, 
оларды тҧқым деп атайды. Дәнді дақылдармен салыстырғанда қызылша 
тҧқымының пішіні мен қҧрылысы басқаша келеді. Қызылшаның тҧқымдары 
бір-бірімен тҧтасып шоғырланып ӛседі. Сондықтан қызылшаның тҧкымын дән 
демей тҧқымның шоғыры деп атайды. Шоғырда екіден ҥшке дейін, кейбір 
жағдайларда жетіден тоғызға дейін тҧқым болады. Сондықтан әрбір шоғырдан
бірнеше ӛркен ӛсіп шығады. Бҧл кейін бір-бірімен шырмалып, егісті сиретуді 
қиындатады. 
Қызылша кӛктеуден жер бетіне дән жарнағын шығаруына дейін ҧрықтың 
ішіндегі заттармен қоректенеді. Кейіннен кәдімгі жапырақтар пайда болып, 
тамыры ӛскен соң жас ӛсімдік ӛздігінен қоректене бастайды – қоректік 
заттарды тамырша арқылы топырақтан, кӛк дән жарнағы және жапырақтар 
арқылы ауадан алады. Тҧқымдықтың тамыр жҥйесі 2,5-3,0 м тереңдікке дейін 
бойлайды, ал горизонталь бағытта жан-жаққа 70-100 см. дейін жайылып кетеді. 
Қызылшаның гҥлдері гҥл сабақтарының басына топталып бітеді, әдетте, бір 
тобында 3-4 гҥл, кейде одан да кӛп болады. Гҥлдер қос жынысты болып 
орналасады, яғни сол бір гҥлдің ӛзінде аталық және аналық орган бірге 
жетіледі. Негізгі сабақтың гҥлденуі бҥйір тармақтарының шыққан жерлерінен, 
ал бҥйір тармақтарында – олардың тҥптерінен басталады. Ерте шыққан гҥлдер 
ӛте ірі және сапасы жағынан тҧқым шҧмақтарын береді. Тҧқымдықтың гҥл 
шашуы, әдетте, маусым айында басталып 20-40 кҥнге дейін созылады.


Ҧрықтары пісіп жетілгенде гҥл топтары бір-бірімен жабысып, онан 
тҥйнек пайда болады, бҧларды тҧқым деп атайды. Тҥйнектер, әдетте 3-4 
жемістен тҧрады, әрқайсысында бір-бірден тҧқым болады. Сондықтан әрбір 
тҥйнектен ӛнгенде 3-4-тен ӛскін пайда болады. Тҥйнектерде тҧқымның кӛп 
болуы- еңбекті кӛп жҧмсауды қажет етеді. Сондықтан соңғы кездерде 
ҧсақталған тҥйнектері бар қант қызылшасы егілуде. Бір тҥйнекте тозаңданған 
гҥлдердің қанша тҥйіні тҧтасса, сонша дән болады. Тҥйнектің ішіндегі 
тҧқымның сыртында берік, тығыз қабығы болады, ол тҧқымды зақымданудан 
сақтайды. Қабық судың ішінде баяу бӛртеді, сондықтан қызылшаны ылғалды 
жерге егудің маңызы зор.

Қызылша тҧқымының ӛсіп-ӛнуі ҥшін су, ауа және жылу қажет. Су 
тҧқымының қоректік заттар қорын ерітіп, ҥнемі қозғалып тҧратын ету ҥшін 
керек. Бҧл ерітіндімен кӛктеу кезінде ҧрықтың барлық бӛлігі қоректенеді. 100 
кг тҧқымның ӛнуі ҥшін 120-160 кг су керек. Ауа ӛніп келе жатқан тҧқымға 
демалу ҥшін қажет.
Қызылша тҧқымы топырақтың температурасы 4 

С – шамасындағы 
жылылықта ӛне бастайды. Ал температура жылырақ болса (12-15

С), онда 
қызылша ӛте жедел кӛктейді. Қызылша ӛсімдігінің ӛсіп жетілуі ҥшін ең 
қолайлы температура 25—30 градус жылылық. Қант қызылшасының кӛктеп 
шыққан жас ӛркені-4-5
0
С суықтыққа шыдайды. Топырақтың 10 см тереңдігі 5-
6
0
С жылынғанда себуді бастайды, ол ҥшін СТС-8-12А тҧқым сепкішін 
қолданады.Тҧқым себу мӛлшері танаптың арамшӛптерден тазалығы мен 
тҧқымның ӛнгіштігіне байланысты әр ҧзынша метрге 25-35 данадан тҧқым 
болуы шарт. Суармалы егіншілік жағдайында қатараралығы 60 см кең қатарлы 
себу әдісі қолданылып, ылғалы мол топырақта тҧқымды 2-3 см, ал беткі қабаты 
қҧрғақ болса 3-4 см тереңдікке сіңіріледі. 
Қызылшаға ӛсуінің алғашқы кезеңінде – ақ қолайлы жағдай тҧғызу керек, 
жақсы бапталған қызылша кҥшті болып ӛсіп жетіледі, бойына азықты, суды 
жақсы сіңіреді, мол ӛнім береді. Су қызылшаның негізгі қҧрамының бір бӛлігі 
болып табылады. Су тамырларында 75%, ал жапырақтарды- 87%-ке жуық 
болады. Қоректік затар су ерітіндісі тҥрінде тамырдан жоғары, жапырақтарға 
қарай жылжиды. Жапырақтарда пайда болған заттар ерітінді кҥйінде тӛмен 
қарай тамырға қҧйылады. Ӛсімдік ӛзіндегі судың кӛпшілігін бҧға айналдырады.
Гектарынан 400-500 центнер тҥсім алғанда қант қызылшасының бір 
центнер тамырын ӛсіру ҥшін 80 центнерге жуық су керек. Топырақта оның 
ӛзінде ҧстап қалатын суының 60-80 % болса, қызылшаның ӛсіп, дамуы ҥшін 
онда қолайлы жағдай туады.Топырақтың ылғалдылығы мҧнан тӛмен болса, 
қызылшаның тҥсімі азаяды. Ӛсіп-даму кезеңдерінде қант қызылшасын 7-9 рет 
суарылып, әр гектарға 5100-7500 текше метр су берілуі тиіс. 
Қызылшаның бір тҧқымды сортының ӛсіріліп шығарылуына байланысты 
ол кеңінен пайдаланып келеді. Бір тҧқымды сорт қант қызылшасын сирету 
және кҥту жҧмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді. Бір шоғыр тҧқымның ірілігі 


мен салмағы бірдей болмайды. Тҧқым жер бетіне тез кӛктеп шығуы ҥшін оның 
ірі және салмақты болғаны жӛн.
Қызылшаны ерте кӛктемде дәнді дақылдармен бір мерзімде сепкен 
дҧрыс. Агротехникалық талаптарға сай тиімді мерзімде себілген қызылша 7—
10 кҥннің ішінде кӛктеп шығады. Ӛсімдіктің алғашқы қос жапырағы тҧқым 
кӛктеп шыкканнан кейін 8-10 кҥннен соң пайда болады. Қызылша қос 
қҧлақтанып, бірінші қос жапырақ шығарған кезінде ӛсімдікті сирету керек. 
Уақтылы сиретілмесе, жиі шыққан ӛсімдіктер бірін-
:
бірі қысып, әлсіретеді. 
Кейін бҧлар қанша жақсы кҥтілседе, дер кезінде сиретілген қызылшадай мол 
ӛнім бермейді. 
Фабрикалық қант кызылшасының жапырақтарының сыртқы пішіні жҥрек 
тәріздес, айнала жиектері бір тегіс немесе ирек-ирек болып келеді. Жапырақтың 
ӛзі сабақ (ӛзек) пен алақаннан тҥрады. Жапырақта дем алатын тыныстық 
кӛптеген саңлаулар болады. Дем алатын саңлаулар арқылы жапырақ ауадан 
кӛмір қышқыл газын қабылдап сіңіреді, тыныстанады, суды буландырады және 
ауаға оттегін бӛліп шығарады. 
Қант қызылшасы жаз бойы суармалы аймақтарда 50—60 жапырақ 
шығарады, ал кейбір ӛсімдіктерде 90 және одан да кӛп жапырақ, болады. 
Сапалы және мол ӛнім алуда кант қызылшасының жапырақтарының маңызы 
ӛте зор. Олар ауадан кӛмір кышқыл газын қабылдап, қант қҧрайды. Жапырақ 
алақанының ҧлғаюына байланысты ол жҧқарады және клеткалардың кӛлемі 
кемиді, ал тыныс саңлауы кӛбейеді. Қанты кӛп сорттардың клеткалары кіші, ал 
полиплоидты гибридтердікі ҥлкен болады. 
Қызылшаның анатомиялық қҧрылысы ауа райьшың ерекшеліктеріне 
байланысты, ӛскен орнына карай ӛзгеріп тҧрады. 
Ӛсімдіктерде ең кӛп кездесетін қант тҥрі — глюкоза мен фруктоза. 
Қанттың жиналуы кӛбінесе жапырақтардың әрекетіне байланысты болады. Егер 
жапырақтар мезгілінен бҧрын қҧрап қалса, онда қызылшаның ӛнімі, 
қанттылығы тӛмендейді 
Алғашқы қос жапырақ қҧралған мерзімде негізгі тамыр толысып 
біртіндеп тамыржеміске айнала бастайды. Тамыржеміс: басы, мойны және 
тамырдың нағыз ӛзі болып ҥшке бӛлінеді. Тамыржемістің басы деп 
жапырақтарды кескеннен кейін қалған ҧшын айтады, ал мойын бас пен нағыз 
тамырдың аралығында болады, оған жапырақтар мен жіңішке тамырлар 
шықпайды. Негізгі тамыржемістің, топырақтан қоректік заттар алатын мойын 
тамыршалары және екі жақ бетінде ойықшалары болады. Ӛсу дәуірінің бірінші 
жартысында қызылша қалың жапырақ шығарады, екінші жартысында 
тамырдың ӛсуін қамтамасыз етеді. Бір тәулікте тамыр жемістің салмағы 5—10 
грамға дейін, агротехниканы дҧрыс қолданғанда 20 грамға дейін ӛседі. Кҥзде 
тҥнге қарай температураның тӛмендеуі қызылшаның ӛсуін тежейді. Ашық және 
жылы кҥндері фотосинтез қарқынының жоғары болуы қанттың мол жиналуына 
жағдай жасайды. 


Фотосинтездің жҥруіне және шығымдылығына сорт ерекшеліктері
топырақ, ауа райы және осы ӛсімдіктің физиологиялық қасиеті әсер етеді. 
Қант қызылшасы тамыржемісі қҧрамында 75-80 ішінде проценттей су, 
20-25 проценттей қҧрғақ зат, мҧның ішінде 16-20 проценттей қант, 3-5 
проценттей клетчатка, 1-2 проценттей азотты заттар
,
0,5—0,3 процентке жуық 
кҥл кездеседі. Ал, жапырақтарының қҧрамында 78—85 процент су, 15—20 
процент қҥрғақ зат, оның ішінде 1,5—3,0 процент кҥл, 2 процентке жуық 
клетчатка 2 процент азотты заттар кездеседі. Ескі жапырақтарда қҧрғақ зат пен 
кҥл, жас жапырақтарға қарағанда, кӛбірек болады. Ӛсімдіктердің жапырағы мен 
тамыржемісінде кӛп мӛлшерде су болады. Егер су жетіспесе, ӛсімдіктегі зат 
алмасу процесі бҧзылады, кҥрделі органикалық заттар тҥзілуі баяулап бара-
бара тоқтап қалады. Ӛсімдіктегі су мен қҧрғақ заттардың ара қатынасы даму 
сатысына, қандай жерде ӛсіп тҥрғанына және оның әр мҥшесінің атқаратын 
физиологиялық роліне қарай әр тҥрлі болады. 
Қант қызылшасы қҧрамындағы негізгі органикалық затқа қанттар 
жатады. Бҧлардан басқа қант қызылшасының қҧрғақ заттарының кҧрамында 
пектин, инвертті кант және басқа да азотты органикалык қосылыстар кездеседі. 
Қызылшаның кҧрамында тҥзілетін органикалық заттар мӛлшері және қҧрамы, 
тҥрлі мҥшелердің қоректік заттармен қалай, қандай мӛлшерде қамтамасыз 
етілгеніне және агротехникалық шараларға байланысты жиналады. 
Қызылша тҧқымы бӛрту кезеңінен бастап суды мейлінше кӛп керек етеді. 
Тҧқым ӛніп шығу ҥшін ӛз салмағынан 150—170 процент артық су қажет. 
Клеткаларда судың жеткілікті мӛлшерде болуы, ӛсімдікте физиологиялық 
процестердің дҧрыс жҥруін қамтамасыз етеді.
Қант қызылшасы қҧрғақшылыққа тӛзімді ӛсімдіктер қатарына жатады. 
Оның транспирациялық коэффициенті кҥздік және жаздық бидайдан, арпадан, 
сҧлыдан, картоптан, бедеден тӛмен, ал тары мен жҥгеріден жоғары. Ауа 
райына, 
агротехникаға 
және 
сорт 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
транспирациялық коэффициент 130 шамасынан 370 шамасына дейін ӛзгеріп 
отырады. Қызылша бір грамм салмақ қосу ҥшін 70—80 см
3
су, бір грамм қант 
тҥзу ҥщін 450—500 см
3
су жҧмсайды (Н. И. Орловский, 1968).
Қызылшаның суды жҧмсауы жапырақ кӛлеміне, температураға, ауаның 
және топырақтың ылғалдылығына, топырақ ерітіндісінің концентрациясына 
және басқа факторларға байланысты. Су қызылшаға әсіресе жаздың ыстық 
айларында аса қажет. Себебі бҧл кезде қызылшаның жапырақтары да, тҥбірі де 
тез ӛсу ҥстінде болады. Дәл осы кезде су жетіспесе, ӛнім кҥрт азаяды. Қант 
қызылшасы ҥшін топырақ ылғалдылығы 60—70 процент болуы керек. Топырақ 
ылғалының тӛмендеуі тамыржеміс салмағының және қанттылығының азаюына 
соқтырады. Ылғалдың 90 процент және одан жоғары болуы тамыржеміс 
салмағын ҧлғайтып қанттылықты кемітеді. Топырақтағы ылғал мӛлшеріне 
байланысты қызылшаның сыртқы пішіні ӛзгереді. Мысалы, ылғал кӛп болғанда 
тамыржеміс қысқа және жуан болып ӛседі де, ылғал жетіспегенде тамыржеміс 
ҧзарып кетеді. 


Ӛсімдіктің ӛсіп дамуы ҥшін топырақ қҧрамында мына тӛмендегідей 
элементтердің болуы қажет: кӛміртегі (С), оттегі (О), сутегі (Н), кҥкірт (5), 
фосфор (Р), кремний (Sі), хлор (С1), натрий (Йа), калий (К), кальций (Са), 
магний (Мg), алюминий (А1), темір (Ғе), чар-ганец (Мn). Топырақ 
қҧрамындағы жоғарыда аталған элементтердің маңызы — олар ӛсімдіктер мен 
топырақ арасындағы қарым-қатынасты белгілейді, ал мҧның биологиялық зор 
маңызы бар. Топырақтың органикалық қосындыларының негізгі қҧрамын 
тҥзейтіндіктен, әсіресе кӛміртегі, сутегі және оттегінің маңызы ҥлкен. Оттегі 
ӛсімдіктің кӛптеген органикалық заттарының қҧрамына енеді: мысалы, 
кӛмірсутегі және басқа қоректік элементтер оттегімен қосылады. 
Азот белоктың қҧрамына енеді. Ал белок тірі клетка протоплазмасының 
негізгі бӛлігі, негізгі физиологиялық процестер осында жҥреді. 
Кӛміртегі — барлық органикалық заттардың тірі материясының 
химиялық негізі болып саналады. Фосфор, азот сияқты, бірнеше белоктық 
заттардың, атап айтқанда, клетканың тірі плазмасының қҧрамына кіреді. 
Фосфор клетканың ядросында да болады. Ӛсімдіктің пісуін тездету және 
сапасын арттыру жӛнінде фосфордың аса зор маңызы бар. 
Калий ӛсімдігі ҥш жәй қосындыларды анағҧрлым кҥрделі қосындыларға 
(қантқа) айналдыру ҥшін қажет. Кӛптеген мәліметтерге қарағанда, калий 
жетімсіз болса ӛсімдік ауруға шалдыққыш келеді. 
Кҥкірт, азот пен фосфор сияқты, ӛсімдіктің аса бағалы негізгі бӛлшегі— 
белок қҧрамына енеді. 
Кальцийдің ӛсімдік тіршілігінде атқаратын ролі әр алуан. Кальций 
ӛсімдікте жиналған қымыздық қышкылын бейтараптандырады, ӛсімдіктің 
ауадағы кӛміртегін қабылдап сіңіруіне (ассимиляция) қатынасады, қанттан 
және крахмалдан клетчатка қҧруға кӛмектеседі. 
Магний хлорофилдің — жапыраққа жасыл тҥс беретін мҥшенің және 
ӛсімдіктің басқа да органдарының кҧрамына кіреді. 
Темірдің ӛзі хлорофил қҧрамына кірмегенімен, ӛсімдікке хлорофил қҧру 
ҥшін қажет. Топырақта темір болмаса кӛп ӛсімдік «хлороз» деген ауруға 
ҧшырайды. Хлороз ауруына шалдыққан ӛсімдік бозғылт тартып, тҥсі кӛкшіл 
сҥр тҥсті болып ӛседі. 
Қант қызылшасы топырақтан бор, марганец, молибден, мыс сияқты 
элементтерді ӛте аз мӛлшерде пайдаланады. Қызылшаға қажетті қоректік 
заттардың топырақта жеткілікті болуы жоғары сапалы мол ӛнім алуды 
қамтамасыз етеді. 
Қант қызылшасының технологиялық сапасы тамырдағы қанттың және 
қант емес заттардын мӛлшеріне байланысты. Суда еритін азот пен кҥлдің, 
әсіресе калий мен натрий тҧздарының кӛбеюі шикізаттың сапасын тӛмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет