«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет105/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

 
 
 
 


7.2
 
Ӛсімдік майлары және оның биологиялық қҧндылығы 
 
Жабайы және мәдени ӛсiмдiктердiң бiрқатары майлы ӛсiмдiктер болып 
табылады. Оларға рапс, кҥнбағыс, қытайбҧршақ, зығыр, қыша, майкене, мақта, 
кенепшӛп, анис, тмин тағы басқалар жатады. Осы ӛсiмдiктерден тамаққа және 
техникалық мақсатқа пайдалануға жарайтын майлар алынады 
Май
- организмге қуат береді, ол белоктарды, минерал тҧздарды, майды 
ерітетін витаминдерді организмнің қалыпты сіңіруіне қажет. Тамақтың 
рационында майдың болуы әр тҥрлі тағамдардың дәмділігін жақсартып, тәбетті 
арттырады. Оның біраз бӛлігі адамның денесіндегі май қорын жасауға 
жҧмсалады. Организмнің майды қажетсінуін қанағаттандыру майдың тҥрі мен 
сапасына байланысты. Мал майы мен ӛсімдік майының бір-бірін толықтыра 
тҥсетіні белгілі.
Биологиялық жағынан алғанда тәулігіне аспен бірге қабылданатын 
майдың 70 % -ы мал майы, 30 %-ы ӛсімдік майы болғаны қолайлы. Майды 
артық пайдалану нерв жҥйесіне, қан айналымына кері әсер етеді, тәбетті 
тӛмендетіп, тамақты сіңіруіде нашарлатады. Тамаққа әр тҥрлі мал майын, сҥт 
майын, сондай-ақ ӛсімдік майын пайдаланады. 
Тамақ рационы қҧрамына май тектес заттар –Холестерин және лецитин 
кіреді. Холестерин –организмнің тіршілік қызметі, атап айтқанда, нерв жҥйесі 
ҥшін маңызды роль атқарады. Ол мал майында, жҧмыртқаның сары уызында, 
уылдырықта, бауыр, бҥйректе едәуір мӛлшерде болады. Бірақ мҧндай азық-
тҥліктерді кӛбірек тҧтыну бауырдың қызметінің нашарлауына әкеліп соғады, 
ӛтке тас байлана бастайды, атеросклероз ауруын асқындырады. 
Лецетин – организмнің дамуына, қан қҧрылымына жәрдемдеседі, нерв 
жҥйесінің, бауырдың қызметіне пайдалы әсер етіп, организмнің уландырғыш 
заттарға қарсыласуын кҥшейтеді, майлардың сіңімділігін жақсартып 
атеросклероздың ӛріс алуына кедергі жасайды. Лецитин жҧмыртқаның сары 
уызында, балықтың уылдырығында, қарақҧмықта, салат тҥрлерінде едәуір 
мӛлшерде болады. Соя, асбҧршақ, басқада бҧршақ дәнді ӛсімдіктерде лецитин 
кӛп болады. 
Майлы дақылдардың дәндері: Біріншіден ӛсімдік майын алуға шикізат 
ретінде және олар азық-тҥлік ӛндірісінде, жеңіл ӛнеркәсіпте, лак, краска 
ӛндіруде, фармацевтік ӛнімдерді пайдалануда қолданылады.Екіншіден ӛсімдік 
майы органикалық жанармайды ауыстыратын таза экологиялық биодизель 
ӛндіруде шикізат ретінде қолданылады. Ҥшіншіден майлы дақылдарды 
ӛңдеуден кейін қалдық ретінде қалатын кҥнжара белоктық компанент ретінде 
малшаруашылығының рационына қосылатын қоспа жем ретінде ӛте бағалы 
болып есептеледі.
Қазақстанда соңғы жылдары дәстҥрлі ӛсірілетін майлы дақылдар-
кҥнбағыс, мақтамен қатар активті дамып келе жатқан соя, рапс, сафлор т.б. 
ӛсімдіктер егілгенімен олардың ӛсірілетін жер кӛлемдері ӛскеніне қарамастан 
халықтың тҧтынуымен ӛндірістің қажеттілігін толық қанағаттандыра алмауда. 


Сондықтан ӛсімдік майы мен дәндерінен алынатын май мӛлшері жӛнінен 
Қазақстан импортер елге жатады. 
Майлы ӛсімдіктер әр тҥрлі тҧқымдастарға жататын кӛптеген дақылдар 
тобынан тҧрады. Олар бір-бірінен сыртқы қҧрылысымен биологиялық 
ерекшеліктеріне байланысты ажыратылады. Қазақстанда май алу ҥшін кеңінен 
ӛсірілетін ӛсімдіктердің негізгі сорттарын қарастырайық ; 
1. 
Күнбағыс
-(Helianhus annus) бір жылдық кҥрделігҥлділер тҧқымдасына 
жататын ӛсімдік, ол вегетативтік мҥшелелерінің қуатты ӛсуімен ерекшеленеді. 
Тамыры кіндікті 2-3 м-ге топырақ тереңдігіне бойлайды. Сабағы тік, майлы 
сорттары бҧтақты, биіктігі 1,5-2,5 м-ге дейін жетеді. Жемісі шекілдеуік, 
қысыңқы жҧмыртқа пішінді, жеміс қабығы мен тҧқымнан тҧрады. Майлы 
сорттарында 1000 шекілдеуіктің салмағы 40-80г. ал шағылатындарында 170 г-
ға дейін болады. 
Қазақстанда кҥнбағыстың ең кӛп жақсы ӛсетін жерлері Шығыс 
Қазақстан, және Павлодар облыстары онда жалпы жиналатын май алынатын 
сорттарының 
90% 
орналасқан. 
Ауылшаруашылық 
министірлігінің 
ҧсынысымен бҧл майлы дақылдың әр тҥрлі сорттары. Ақмола, Ақтӛбе, Батыс-
Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтҥстік Қазақстан мен Оңтҥстік 
Қазақстанда ӛсірілуде.
Кҥнбағыс майының иісі кетірілген, қоспадан тазартылған тҥрлері 
шығарылады. Иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған майлар 
мӛлдір, сары, ашық сары тҥсті болып келеді. Оның қҧрамында организм ҥшін 
ӛте бағалы, толық қаныққан қышқыл зат (60-70) % болады. Оны тағамдық және 
салаттарға қосуға пайдаланылады.. Майлы ӛсiмдiктердiң ең маңыздысы 
кҥнбағыс. Ол «Кҥннiң гҥлi» деген әсем атпен XVI ғасырдың басында 
Мексикадан Европаға әкелiнген. Кӛптеген жылдар бойы европалықтар оны 
сәндiк ӛсiмдiк ретiнде отырғызып келген.
Ресейге кҥнбағыс XVIII ғасырда әкелiнген. Ол негiзiнен Украинада, 
Воронеж, Курск және Тамбов губернияларында ӛсiрiлген. Кӛп жылдар ӛткен 
соң ғана адамдар кҥнбағыс дәнiнiң шаруашылықтағы маңызын бiлген. 
Кҥнбағыстан – аса маңызды май алады, оны негiзiнен далалы аймақтың 
қара топырақтарына себедi. Қазақстанда кҥнбағысты негiзiнен тау етегiндегi 
қара топыраққа себедi. Кҥнбағыс майын тамаққа, маргарин, лак, сабын жасауға 
пайдаланады, ҧсақталған дәндерiнен халуа алынады. Майын сығып алғаннан 
кейiн қалған кҥнжарасы малға жем болады. 
Тҥтiкше гҥлдер себеттiң ортанғы бӛлiгiн алып жатады. Олардың 
тостағаншасы екi тҥтiктен немесе жарғақшадан, кҥлтесi 5 сары тҥстi тҥтiкке 
бiрiккен желектерден тҧрады. Осы бiрiккен желектердiң жоғарғы жағы 5 тiстi 
болып келедi. Тҥтiктiң ортасында 5 тозаңдықпен бiрiккен аталықтары және 
жоғарғы жағы екi телiмдi аналығы орналасады. 
Себетiнiң шетiнде сары тҥстi жалған тiлше гҥлдерi орналасады. Тiлшелерi 
бiрнеше желектердiң бiрiгiп кетуiнiң нәтижесiндi тҥзiлген. Бiрақ тiлше дербес 
желекке ҧқсас. Бҧл гҥлдерде аталықтар да, аналықтар да болмайды. Жалған 


тiлше гҥлдер тҥтiкше гҥлдердiң аналықтарын тозаңдандыратын насекомдарды 
ӛздерiне елiктiредi. Аналықтың гҥл тҥйiнiнде (жатыныда) жемiстерi
(тҧқымшалары) пайда болады. 
Кҥнбағыстың жемiсi – тҧқымша, оның тығыз жемiс қабы және майлы дәнi 
болады. Тҧқымшаларынан май алынады. Кҥнбағыс кҥн тҥсетiн, ашық жерлерде 
жақсы ӛседi. Оны кӛктемде топырақтың бетi 8 – 12
0
С дейiн қызған кезде себедi. 
Кҥнбағыс ылғалды және қоректiк заттарды кӛп қажет етедi. Сондықтан жоғары 
ӛнiм алу ҥшiн топыраққа тыңайтқыш қосады. Кҥнбағыс қара топырақта жақсы 
ӛсiп, мол ӛнiм бередi. Кҥнбағысты кҥткенде топырақты қопсыту, минералды 
тыңайтқыштар беру және арам шӛптердi отау қажет. 
2
. Рапс
- біржылдық шӛптесін ӛсімдік капуста тҧқымдас. Оның жаздық 
және кҥздік сорттары ӛсіріледі. Жаздық формасы біржылдық ӛсімдік-Brаssia 
napus oleifera annua Мetzg. Кҥздік рапс –Brassia napus oleifera biennus metzg-
биіктігі 100-130 см жапырағы кҥлгін- жасыл тҥсті, сыртында воскілік қатпары 
бар. 
Гҥлдері-ақшыл-сары. 
Жемісі 
тҧмсықты 
бҧршаққын 
ҧзындығы 
бҧршаққынның 1/5 -1/6 бӛлігін қҧрайды. Тҧқымы шар тәрізді, сырты ҧсақ 
торлы, қара, қара-сҧр, кҥңгірт қара. Тҧқымның диаметрі 1,5-2,5 мм, 1000 
тҧқымының салмағы 3-7 грамм. Рапс майын тазартылған тҥрінде тағамдық 
ӛсімдік майларының бірі ретінде пайдаланылады. Майлы және азықтық дақыл 
ретінде ӛсіріледі. Жаздық рапс –Ақмола, Қостанай, Солтҥстік Қазақстан,
Павлодар облыстарында, ал кҥздік рапс Оңтҥстік облыстарда ӛсіріледі. 
3.
Қыша 
(Brassica)-біржылдық шӛптесін ӛсімдік –капуста тҧқымдас. 
Кіндік тамырлы, сабағы бҧтақты. Жемісі –жіңішке бҧршаққын, ҧзындығы 3-5 
см, ҧзынша біз тәріздес тҧмсықты.Тҧқымы шар тәріздес, диаметрі 1,2-1,8 мм., 
1000-дәнінің салмағы 2-4 грамм. 
Майлы крестгҥлділердің ішінде қыша мен рапстың атқаратын рӛлі орасан 
зор. Қышаның ӛзі бірнешеге бӛлінеді. Олар: сареum қышасы, қара қыша, ақ қыша. 
Сареum қышасы бір жылдық шӛп тектес ӛсімдік. Оның отаны Оңтҥстік-
Батыс Азия. Одан май алу ҥшін Ресейдің Волгоград, Саратов, Ростов және 
басқада Оңтҥстік облыстарда ӛсіріледі. Қыша майы ҧзақ уакытқа дейін 
сақталынады, қҧрамы бҧзылмайды, тағамдық сапасы жоғары келеді.Қыша майы 
маргарин, парфюмер, консерв жасау және фармацевтика ӛнеркәсібінде кең 
қолданылады. Қыша дәнінде 35-47 процент май бар оны суық қысу тҥрінде 
ӛндіріп алады. 
Жмықтар майын алғаннан кейін қалатын қалдық. Оны ақ ҧнтақ етіп 
ҧсақтап тағамға қажетті қыша жасайды. Неше тҥрлі горчичниктерді шығарып, 
ауырған жерлерге басады. Жмықтарын аздап кана малға беруге болады. 
Ӛйткені жмықтардың қҥрамында глюкозид синтрим кездеседі. Ол ас қорыту 
органдарын тітіркендіріп қолайсыз жағдай туғызады. 
Қара қышаны біздің елімізде аз ӛсіреді. Ақ қышада онша кӛп ӛсірілмейді. 
Ол кара топырақты аймақтарда егіледі, одан май алынады. Ақ қыша бал 
араларының жайылатын ӛсімдігі. Жақсы бал береді. Бір гектар жерге егілген ақ 
қышаның кӛлемінен 100 кг бал алынады. 


Қазақстанда ӛсірілетін жері –Ақмола, Қостанай, Солтҥстік Қазақстан, 
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары. Қыша майын оның дәнін престеу 
арқылы алады, тҥсі сары –кӛкшіл, ӛзіне тән жағымды дәмі мен иісі болады. 
Оны нан пісіру ӛнеркәсібінде нан, бӛлкелер, пряник, печенье т.б. тағамдарын 
әзірлеу мақсатында пайдаланылады. Ӛзіне тән дәмімен тҥсінің тым айқындығы 
оны кулинарияда кеңінен қолдануға мҥмкіндік бермейді. Оны салат майы 
ретінде аздаған тағамдарға (винегрет, ашыған капуста) пайдалануға болады, 
себебі ол кӛп қосылса кӛптеген азықтардың дәмін бҧзады және тҥсін сарғайтып 
ӛзгертеді. 
4. 
Соя
–біржылдық шӛптесін ӛсімдік, бҧршақ тҧқымдас –майлы дақыл. 
Соя майын экстрациалық тәсілмен соя бҧршағынан алады, тағамға тек 
қоспасынан тазартылған тҥрін пайдаланылады. Тазартылған соя майы ақшыл-
сары тҥсті, ӛзіне тән дәмі мен иісі болады, онда 50-75% линоль қышқылы бар. 
Кулинарияда кҥнбағыс майының орнына пайдаланылады. Қазақстанда 
ӛсірілетін аймағы –Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтҥстік Қазақстан 
облыстары. 
5. 
Мақсары
–Carthamus linctorius L-кҥрделі гҥлділер немесе астра 
тҧқымдасына жататын шӛптесін ӛсімдік, биіктігі 40 -90 см., тҥксіз бҧтақтары әр 
тҥрлі биіктікте пайда болады. Жемісі тҧқымша, 1000 тҧқымының салмағы 40-50 
грамм. Оның 13 тҥрлері бар негізінен Жерорта теңізі мен Азияда дамыған. 
Қазақстанда ӛсірілетін аймағы Ақтӛбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, 
Жамбыл және Оңтҥстік Қазақстан облыстары. 
6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет