Қолданылуы: созылмалы гастритте,қышқылдылығы жоғары және төмен гастриттерде қолданылады. Қарсы көрсетілімі



бет4/11
Дата29.04.2020
өлшемі25,23 Kb.
#65175
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Асқазан

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа зерттеуді таңертең ашқарынға жүргізілетіні жөнінде айтыңыз.

2. Науқасқа жүргізілетін іс-шара жөнінде түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3. Науқасқа кешкі 18:00-ге дейін жеңіл тамақ беріңіз.

4. Науқасқа ұйықтар алдында спазмолитик дәрілерді (2 таблетка) немесе бал қосылған шәй, оң жақ қабырға асты аймағына жылытқыш беріңіз.

5. Процедура алдында бар болса алмалы-салмалы протез тістерін алуын сұраңыз.

6. Науқасты орындыққа дұрыс және ыңғайлы етіп отырғызыңыз және орындықтың арқасына сүйендіріп, басын сәл алға қарай еңкейтіңіз.

7. Науқастың кеудесіне сүлгі қойыңыз.

8. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап киіңіз.

9. Пинцеттің көмегімен стерильденген зондтың басындағы металл оливасының дұрыс бектілігендігін қадағалаңыз.

10. Пациенттің зондты жұту өлшемін белгілеп ал(күрек тіс пен кіндік аралығы ұзындығы 1 ші белгі деп белгілеп, күрек тіс пен науқастың ашық алақанын қосып 2 ші белгі деп белгілеңіз.

11. Стерильденген зондты металл оливасынан 10-15 см оң қолға ұстап, ал сол қолмен бос ұшын ұстаңыз.

12. Сырқаттың аузын ашуын сұраймыз . Ылғалды зондты алып, тіл түбіне зондтың тұйық металл оливасы бар жағын жұтқызамыз. Терең дем алуын және жайлап зондты жұтуын өтініңіз (егер науқас көгеріп тұншықса, зондты алып тастаңыз). Зонтдың бос ұшын қысқышпен қысыңыз.

13. Зондтың асқазанда тұрғанын тексеріңіз,асқазан сөлін шприцпен сорыңыз.

14. 15-20 минут ішінде пациентті бөлме ішінде жүргізіп, II-ші белгіге келгенше зондты жұтуын сұраңыз.

15. Пациентті кушеткаға оң жақ қырымен жатқызып, жамбас астына жастықша, бауыр тұсына жылытқыш қойыңыз.

16. Штативке салынған пробиркаларды кушетка деңгейінде қойыңыз.

17. Қысқышты ашып, зондтың бос жағын пробиркаға салыңыз.

18. 1-ші фаза. Зонд ұлтабарға түсіп одан алтын сары түсті өт бөлінеді. 10-20 мин ішінде 10-20 мл.

19. 2-ші фаза. Одди сфинктерінің жабық кезі бұл уақытта холиноген жібереміз.Сырқатты шалқасынан жатқызып 7 мин арасында 33% -50мл tﹾ-сы 37-38ᵒ магний сульфатын жіберу. 2-5 мин өт бөлінбейді.

20. 3-ші фаза. Одди сфинктерінің ашылуы өт жолынан 3-5 мин аралығында 3,0-5,0 жасыл көпіршік өт бөлінеді.

21. 4-ші фаза. Өт қалтасынан 20-30 мин ішінде 50мл өт бөлінеді. Түсті-қара қошқыл.

22. 5-ші фаза. Бауырдан түсі ашық мөлдір түсті өт үздіксіз бірқалыпты бөлінеді-30 мин аралығында 30,0 мл

23. Салфеткамен зондты алып, дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.

24. Қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғатыңыз.

25. Пайдаланылған қолғапты салфетканы КҚЖҚ-ға салыңыз.

26. Әр порциядан таңбаланған бір пробирка алып, жолдама жазып, зертханаға жіберіңіз.

27. Пациентті палатаға апарып, тамақтандырыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет