Қолданылуы: созылмалы гастритте,қышқылдылығы жоғары және төмен гастриттерде қолданылады. Қарсы көрсетілімі


Бактериологиялық зерттеуге «Ашық нәжістен» пробиркаға нәжіс алу



бет10/11
Дата29.04.2020
өлшемі25,23 Kb.
#65175
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Асқазан
Ас қорыту жүйесінің ауруы бар науқастарды тексеру тәсілдері
Бактериологиялық зерттеуге «Ашық нәжістен» пробиркаға нәжіс алу
Мақсаты:диагностикалық:ішектегі жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.

Қолдануы: Ішектің микрофлорасын зерттеу. Жедел ішек инфекциясы.

Әзірле: мақта-дәке тампонымен нығыздалып жабылатын, метал таяқшасы бар стерильды пробирка, нәжіс жинауға арналған судно немесе горшок, резеңке қолғап, бетперде, жолдама,стеклограф,штатив,тасымалдауға арналған контейнер немесе бикс,КҚЖҚ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын, нәтижесін,алу уақытын түсіндіріп,келісімін алыңыз.

2. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз, халат,бетперде қолғап киіңіз.

3. Жолдама жазып, журналға тіркеңіз.

4. Жолдаманың нөмеріндей сәйкес қылып пробиркаға стеклографпен нөмір жазыңыз.

5. Пробирканы штативке орналастырыңыз.

6. Науқасты горшокқа отырғызыңыз немесе судно беріңіз.

7. Оң қолыңызбен пробиркадағы ректальді таяқшаны алыңыз.

8. «Ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжісті стерильденген ректальді таяқшамен 3-5 жерінен алыңыз.

9. Ректальді таяқшаны стерильді пробиркаға шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне тигізбей салыңыз. Пробирканы мықтап жабыңыз.

10. Жолдаманы пробиркаға қыстырыңыз.

11. Пробирканы штативке, штативті бикске орналастырыңыз.

12. Бикстің «кілтін» жабыңыз.

13. Қолғапты ,бетпердені шешіп, КҚЖҚ-қа салыңыз.

14. Бикстегі алынған материалды жолдамамен бірге бактериологиялық зертханаға 2 сағат ішінде жеткізіңіз.

Ескерту!

- нәжісті жинау әртүрлі әдіспен жүргізіледі: унитаздан,горшоктан,жаялықтан,сонымен қатар таяқша арқылы тік ішектен.

- себуге нәжістегі іріңді, кілегейлі, фибринозды жамылғы бар жерлерін алады;

- зертханаға жеткізгенге дейін материалды тоңазытқышта -4ᵒ -6ᵒ С температурада сақтайды;

- нәжісті жинау антибиотиктер мен сульфаниламидтермен емдеуден бұрын жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет