Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зерттеу алдында науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріңіз.
2. Науқасқа 3 күн бұрын құрамында темірі бар тағамды жемеу керектігін айтыңыз: ет,балық,жасыл көкөністердің барлық түрі; нәжістің түрін өзгертетін және ішектің перистальтикасын күшейтетін дәрілік препараттар қолданылмайды. Зерттеуге нәжіс 4-ші күні алынады.
3. Науқасқа нәжісті зерттеу жүргізілетін күні таңертең алу керектігін түсіндіріңіз.
4. Науқасқа нәжісті жинау техникасын үйретіңіз:
- науқас нәжіс жинау кезінде қолғап киюі керек;
- судноға ішекті босатқаннан кейін науқас қалақшамен нәжістің әр жерінен 5-10г көлемінде алып, әзірленген ыдысқа салып қақпағын жабады.
5. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып кептіруі керек.
6. Нәжісі бар ыдысты жолдамамен бірге клиникалық зертханаға жеткізіңіз.
Ескерту!
- нәжісті зерттеуге тазалау клизмасынан кейін,балауыз қолданғаннан кейін немесе іш өткізетін препараттардан кейін алуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |