Стандарт
Нәжісті Гельминт жұмыртқасына алу
Мақсаты: гельминт жұтырқасын анықтау.
Қолдануы: гельминт түрін анықтау.
Әзірле: таза құрғақ мойны жуан шыны ыдыс-20-50 мл , судно,қалақша,резеңке қолғап; жолдама жазып ыдысқы жабыстырыңыз (науқастың аты-жөні,бөлімше,палата №, зерттеу мақсаты, күні, медбике қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа зәр жинау ережесі жөнінде мағлұмат беріңіз.
2. Науқасқа нәжісті зерттеу жүргізетін күні таңертең еш дайындықсыз жинауын түсіндіріңіз.
3. Науқасқа нәжісті жинау техникасын үйретіңіз:
- науқас нәжіс жинау кезінде қолғап киюі керек;
- судноға ішекті босатқаннан кейін науқас қалақшамен нәжістің әр жерінен 5-10г көлемінде алып, әзіпленген ыдысқа салып қақпағын жабады.
4. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып кептіруі керек.
5. Нәжісі бар ыдысты жылы күйінде 30 минут ішінде клиникалық зертханаға жеткізіңіз.
Ескерту!
- Құртқа қарсы препараттарды қолдану кезінде емдік шараның қорытындысы үшін зерттеуге нәжістің барлық порциясын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |