Стандарт
Бактериологиялық зерттеуге тік ішектен нәжіс алу
Мақсаты:диагностикалық:ішектегі жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.
Қолдануы: Ішектің микрофлорасын зерттеу. Жедел ішек инфекциясы.
Әзірле: мақта-дәке тампонымен нығыздалып жабылатын, метал таяқшасы бар стерильды пробирка, нәжіс жинауға арналған судно немесе горшок, резеңке қолғап, бетперде, жолдама,стеклограф,штатив,тасымалдауға арналған контейнер немесе бикс,КҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын, нәтижесін,алу уақытын түсіндіріп,келісімін алыңыз.
2. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз, халат,бетперде қолғап киіңіз.
3. Жолдама жазып, журналға тіркеңіз.
4. Жолдаманың нөмеріндей сәйкес қылып пробиркаға стеклографпен нөмір жазыңыз.
5. Пробирканы штативке орналастырыңыз.
6. Науқасты сол жақ қырына жатқызыңыз, аяғын бүктіріңіз.
7. Оң қолыңызбен пробиркадағы ректальді таякшаны алыңыз .
8. Сол қолдың I және II саусағымен жамбасын ашыңыз, оң қолыңызбен анал тесігенен тік ішекке қарай таяқшаны айналдыра отырып,алдымен кіндікке қарай 3-4 см,содан кейін омыртқаға қатарластырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.
9. Материалды тік ішектің қабрығасынан айналдыра отырып алыңыз, содан кейін тік ішектен ақырындап шығарып алыңыз.
10. Ректальді таяқшаны стерильді пробирканың шетіне,қабырғасына және сыртқы бетіне тигізбей салыңыз және пробиркада қалдырыңыз.
11Жолдаманы пробиркаға қыстырыңыз.
12. Пробирканы штативке, штативті бикске орналастырыңыз.
13. Бикстің «кілтін» жабыңыз.
14. Қолғапты ,бетпердені шешіп, КҚЖҚ-қа салыңыз.
15. Бикстегі алынған материалды жолдамамен бірге бактериологиялық зертханаға 2 сағат ішінде жеткізіңіз.
Ескерту!
- зертханаға жеткізгенге дейін материалды тоңазытқышта -4ᵒ -6ᵒ С температурада сақтайды;
Достарыңызбен бөлісу: |