Сұрақтар мен тапсырмалар
«Қазақ әдебиетінің тарихы» (1964ж.) 1том, 1-кітапты, Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» кітаптарын пайдаланып шешендік сөздердің жиналуы мен зерттелуіне хронологиялық кесте жасаңыз. Үлгі:
Кесте 3
№
|
Уақыты
|
Болған оқиға
(жинақтың,
зерттеу
еңбектің
жариялануы)
|
Авторы
|
Маңызы
|
1
|
|
|
|
|
Шешендік сөздердің аңыздармен байланысын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
Шешендік сөздердің мақал-мәтелдермен байланысын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
Шешендік сөздердің жыраулық поэзиямен байланысын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
Шешендік сөздердің жұмбақтармен байланысын мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
Мысалда қандай көркемдегіш құралдар қолданыс тапқан? Өз тарапыңыздан ШС тән көркемдеуіш тәсілдерге мысалдар келтіріңіз.
Жапалақ құс мақтанса,
Жардан тышқан алдым дер.
Жаман адам мақтанса,
Жақсыны жағасынан алдым дер.
***
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны
Асқар таудың өлгені
Басын бұлттың жапқаны...
7. Төменде келтірілген шешендік сөздердің мәтінін мұқият оқып шығып, шешендік сөздердің қай түріне жататынын анықтаңдар.
1.«АТЫҢ ЖАМАН БОЛСА...»
Таймас шешен айтты деген сөз
Атың жаман болса,
Қамшылай-қамшылай
Дәрменің кетер.
Балаң жаман болса,
Айқайлай-айқайлай
Қадірің кетер.
Қатының жаман болса
Кедейлік жуық болар
Шайың суық болар.
Достарыңызбен бөлісу: |