Кенеуі жоқ кеудеге сылдырыған сөз береді,
Мақтау сөзді кім сүймейді, Мәуіті шекпенді кім кимейді...
Уәжіп – Бұлжытпай орындалатын қағида, міндетті шарт (4, 850б.)
Кенеу – Күш-қуаты, қауқары, нәрі барлық. (4, 383б.)
Мәуіті – Оң жағы майда түкті келген қалың мата, шұға (4, 588б.)
11. Мағыналас мақал-мәтелдерге мысалдар келтіріңіз.
Үлгі: Жақсы сөз – жарым ырыс, Жақсы сөз – қаймақ, Жақсы сөз жан семіртер...
Көн етікке құрым шылғау, Апама жездем сай, Соқыр атқа қотыр ат...
12. ММ ертегілермен, шешендік сөздермен байланысына 2-3 мысал келтіріңіз.
13. Төменде келтірілген мақал-мәтелдердің мақалын бір бөлек, фразалық тіркес пен мәтелін бір бөлек теріп жаз. Олардың мақал немесе мәтел жанрына, тұрақты тіркеске жатқызылу себебін түсіндір:
«Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетер», «Қырғи қабақ болу», «Көпке топырақ шашпа», «Жұмған аузын ашпау», «Ер арыса – аруақ, ат арыса - тулақ», «Төбесінен тік тұру», «Ер айтпас, айтса - қайтпас», «Кеңеспен кескен қол ауырмас», «Ат-тонын ала қашу», «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен», «Көңіл қалмас, көйлек жыртпас», «Берсе – қолынан, бермесе - жолынан», «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Жас бала құстың көлеңкесінен тоңады», «Итпен ойнасаң – үрерсің, баламен ойнасаң - күлерсің» «Тауықтың түсіне тары кіреді», «Той дегенде қу бас домалапты», «Таз таранғанша той тарқар», «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар», «Халық қартаймайды», «Көпті сөкпе, кенді төкпе», «Көн етікке құрым шылғау».
14. Жоғарыда келтірілген мақал-мәтелдерге мағыналас мақал-мәтелдер келтір.
15. Фразеологизмдер және тұрақты теңеулер сөздіктерін қолданып, жоғарыда келтірілген тұрақты тіркестерге балама тап.
3-тақырып. Жұмбақтар (4 сағат)
Міндеттері. Жұмбақтардың жанрлық ерекшеліктері мен тақырыптық жүйесі, танымдық-тәрбиелік мәні, поэтикасы жайлы білім беру, фольклорлық мәтінді талдау дағдысын қалыптастыру.
Әдебиеттер:
Бабалар сөзі. – Астана: Фолиант, 2010. Т.64. – 432 бет.
Керім Ш. Жұмбақтар.
Аханов К.Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Өлке баспасы, 2010. – 560 б.
Достарыңызбен бөлісу: |