Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет87/89
Дата25.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#136731
түріПрактикум
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
Азықтандыру практикумы (копия)

Үйрек азықтандыру.Үйрек азыққа қомағай құс және олар азығын міндетті түрде сумен араластыра жұтады. Соны ескеріп,оларға жем қосындысын не құрамажемді жеңіл жұтылатын қойыртпақты быламық түрінде жегізген дүрыс. Желінген азықтың қалыпты қорытылуын қамтамасыз ету үшін, 1-8-апталық үйрек балапанының азығындағы "шикі»жасұнық көлемі - 6%, ал одан ересек балапан мен сақа үйрек азығында — 7-10% аспауын қадағалайды. Үйрек азықтандыру шығынын арзандату мақсатында олардың азығында көкшөп, тамыржемістілер мен олардың пәлегі, құрама сүрлемді мол пайдалану керек. Оларды ұнтақтап, ылғалдандырылған қоспа құрып берген жөн. Балапандарға берілетін жемшөп ұнтағын сүтке не көксүтке (обрат) шылап немесе жылы су не сүт сары суында бөктіріп, жұмсартып береді. Құс фабрикаларында құсты, негізінен, механикаландырылып таратуға ыңғайлы құрғақ толықрационды құрамажеммен азықтандырады (4.34-кесте).
Құрамажемді тәулігіне күркетауық балапанының басына алғашқы аптада -10-12 г бере бастап, 23-апталығында 280-310 г, мекиенінің басына - 260 г, қоразының басына -500 г, қаз балапанына - 15 г бере бастап 6-апталығында - 280 г, сақа қаз басына - 330 г, үйрек балапанына - 20-30 г бере бастап, 6-апталығында — 230 г, сақа үйрек басына - 240 гкөлеміне жеткізеді. Үйрек балапанын азықтандыру деңгейін 8-аптадан кейін біршама шектеп, азайтады. Кей көрсеткіштері бойынша кұрамажем құстың азықтандыру нормасына сәйкес болмаса, оның жегізу мөлшерін 10% арттырады.

4.34-кесте.Күркетауық, қаз, үйрек құрамажемі, %



Ингредиент



Қ/т
балапаны

Курке
тауық

Қаз
балапаны

Қаз

Үйрек
балапаны

Үйрек

Жүгері дәні

32-43

56,8

27-0

12,3

40-0

29

Бидай дәні

0-10

10

13-42

15

30-55

26

Арпа дәні

0-34

-

0,47

40

0-24

11

Соя шроты

0-12

-

-

-

-

-

Күнбағыс шроты

1-17

9

14-5

3,5

10-3

10

Азықтық ашытқы

5-6

5

10-4

2

4

5

Балық ұны

6-10

3

0-4

1

7-0

1

Ет-сүйек ұны

3-7

3

1-2

2

-

2

Шөп ұны

2-5

5

5-15

10

3-6

8

Бор, әк, ұлу қабығы

0,6

3

1,8

1,1

1,9

5,6

Сүйек ұны

0-1

0,2

0,5

2,6

0,3

0,9

Құрғақ көксүт

5-0

-

-

-

-

-

Азықтық май

1-3

-

0-3

-

-

-

Ас тұзы

0-0,2

0,5

0,4

0,5

0,2

0,5

Премикс

1

1

1

1

1

1

Құрамажемнің 100 грамында

Алмасу энергиясы: - ккал

290





281


280


250


290


265
1,1



- МДж

1,2

1,18

1,2

1,05

1,2

Шикі протеин

26

16,1

20-14

14,3

18-14

16,2

Шикі май

5-6

3,5

3-6

2,8

2-3

2,7

Шикіжасұнық

4-5

4,2

5-7

6,6

4-5

5,3

Кальций

1,7

2,8

1,3

1,6

1,2

2,5

Фосфор

0,9

0,7

0,8

0,7

0,75

0,7

4.34-кестенің жалғасы

Натрий

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

Лизин

1,3

0,7

0,7

0,6

0,7

0,6

Метионин+цистин

0,8

0,5

0,5

0,4

0,7

0,5



1-тапсырма.Күркетауық, қаз, үйрек мекиені құрама-жеміндегі астық және бұршақ тұқымдастар дәнінің, шөп ұнының, жануар тектес азықтардың үлесін пайыздап, олардың құс азығының қай көрсеткіштерін толықтыруға қосатынын айтыңдар. Энерго-протеиндік қатынасын шығарып, оның маңызына тоқталыңдар.
2_-тапсырма.50-55% астық және бұршақ (1/3 бөлігі) тұқымдастар дәнінен, 10-15% күнжара мен шроттан, 5-10% жануар тектес азықтан, 3-5%азықтықашытқыдан, 5-6% шөп ұнынан, 1-2% минералдық қосындылардан тұратын құс балапаны құрамажемінің энергетикалык, протеиндік, минералдық, витаминдік құндылығын есептеңдер.


Білім деңгейін тексеру сұрақтары

Азықтандыру нормасы мен рационы, рацион кұрылымы. Азықтандыру типі немен айғақталады? Жәй және тетіктелген азықтандыру нормасы көрсеткіштері. Сауын сиырдың тіршілігін қамтамасыз етуге 100 кг т.с., 1 кг сүт түзіліміне қанша а.ө. қажет. 1 а.ө. келетін қорыт. протеин. Сауын сиыр рационында шырынды азық үлесі. 1 кг сүтке жұмсалатын жем шығыны. Сиырдың 100 кг т.с. берілетін ірі азықтың ең аз көлемі. Ірі қараның1 кг салмақ қосымына жұмсалатын а.ө., Сүтейтуге, құнажын мен арық сиыр салмақ қосымына қосылатын а.ө., Суалтылған кезенде дұрыс азықтандырылған буаз сиыр т.е. қаншама жоғарылатуы керек? Сауым кезеңнің мерзімі, ол кандай сиырға ұзартылады? Сауын сиырды үстемелеп азықтандыру сауымның қай кезеңінде қолданылады?


Суалған буаз сиыр азығындағы 1 а.ө. қорыт. прот.?Суалған буаз сиыррацион құрылымы. Сауымның алғашқы 100 күнінде сиыр сүтінің қаншасы сауылады және бұл кезеңде сауылмаған 1 кг сүт сиыр сауымын қаншаға төмендетеді? Сауын сиырдың100 кг т.с. жейтін рацион құрғақ заты көлемі. Сиырды сауымның суалту кезеңіндегі азыктандыру тәртібі. Сүтті сиыр азығындағы қант-протеиндік, қышқыл-сілтілік қатынастар. Тұқымдық бұқаның 100 кг т.с. ұрық алынбаған жөне әр жиілікте алынған кезеңдерде кажет а.ө., 1 а.ө. қорыт. протеин. Бұқа рационының құрылымы, 100 кг берілетін пішен, пішендеме, сүрлем, тамыржемістілер мен жем көлемі.Сауын, суалған буаз сиыр мен тұқымдық бұқа азығындағы қант-протеиндіқатынас. Бұзау азықтандыруда уыз, сүт берудің маңызы, мерзімі мөлшері. Бұзауды баска азықтарга үйрету мерзімі мен тәртібі, әр мерзім азық түрі мен олардың бұзау басына азықтандыру жобасына сәйкес жұмсалуы. Мүйізді ірі қара малды бордақылау түрі, негізгі азығы мерзімі, кезеңдері мен соған сөйкес негізгі және басқа жемшөп жұмсалуы.
Тұқымдық қой азықтандыруын ұрықтандыру басталардан канша бұрын және қайтып күшейтеді? Дұрыс азыктандырмау салдары жүнде қандай белгі қалдырады? Жүн сапасына әсер ететін аминқышқылдары мен минералдықэлемент. Саулық буаздығының соңына энергетикалық және протеин мұқтаждығы канша өседі? Қошқар 100 кг т.с. әр кезеңде қажет а.ө. мен 1 а.ө.қорытылған протеин. Жаңа туылған қозыны уыздандырудың маңызы. Бордақылаудағы койдың1 кг салмақ қосымына жұмсалатын а.ө.Шошқа азықтандыру типтері, ондағы құнарлы жем үлесі. Азықтандырудың қай көрсеткіштеріне шошқа талабы жоғары, неліктен? Шошқаның 1 кг салмак қосымына жүмсалатын а.ө.? Әр физиологиялық ахуалдагы мегежін мен тұқымдық қабанның 100 кг т.с. қажет а.ө. мен 1 а.ө. қорытылған протеин. Олардың рационының энергиясы не протеині бойынша кай бөлігі жануар тектес азықтармен берілуге тиіс, неге? Шошқа азығының құрғақ, затындагы клетчатка деңгейі. Мегежін азықтандыруын ұрықтандырудан қанша күн бұрын, қай көлемде және қалай күшейтеді? Буаздық соңына карай олардың энергетикалық және протеиндік мұқтаждығы қанша өседі? Шошқа сүтінде жетіспейтін элемент, оны торай азығында кай қосынды не ерітінділермен толықтырады? Ене сүтімен қатар торайды қай азықтарға, кашан және қай мөлшерде үйретеді? Шошқа майының сапасына ықпалы бойынша қай азықтар, қай топтарга бөлінеді?
Жылқының жемшөппен суарылатын су сапасына талғампаздығын қалыптастырған ас қорыту ерекшелігі. Қара жұмысқа шығындалатын организм энергия көздері жөне оны дер кезінде толықтыратын азықтық заттары. Атқаратын жүмысы мен физиологиялық ахуалына сәйкес жұмыс аты, тұқымдық бие мен айғырдың 100 кг т.с. керек а.ө. мен 1 а.ө. қорытылатын протеин. Терлеген атты азықтандыру мен суару тәртібі. Жылқыға берілетін жемшөп түрі мен мөлшері. Құлын, тай, құнан, дөнен мен спорт атын азықтандыру ерекшеліктері.
Құс азықтандыру ерекшеліктері, нормалық көрсеткіштері. 1 кг салмақ қосымы мен жұмыртқа өндірудің азықтық шығыны. Құрамажем құрылымы, ондағы жасұнықдеңгейі. Мекиен өнімділігіне азық энергетикалық және протеиндік деңгейінің ықпалы. Мекиен жасы мен жұмыртқалағыштығына сәйкес азықтандырылуы. Азықтың минералдық, витаминдік құндылығының маңызы, қосымша жұмсалатын қосындылары. Құс азығындағы энерго-протеиндік қатынас, оның кұс өнімділігіне, өнім бірлігіне жұмсалатын азық шығынына ықпалы.
"МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ" пәнінен КУРСТЫҚ ЖОБАтапсырмасы
мен орындау әдістемесі

Курстық жоба орындатудың мақсаты – мамандық студенттеріне мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының маңызды бөлігі болып табылатын мал түліктерін азықтандыруды мөлшерлеп жүзеге асыру ережелерін үйрету.


Курстық жоба тапсырмасын орындау барысында олар саланың жемшөп қорын құрастыратын азықтардың химиялық құрамы және қоректілігін бағалап, мүйізді ірі қара мал жасы, жынысы, тірілей салмағы мен өнімділігіне сәйкес қоректік мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормаларын тағайындап, қоректілігі бойынша солардың көрсеткіштеріне сәйкестендірілген азықтандыру рациондарын құрастырады.
Құрастырылған рациондарды технологиялық, ветеринарлық және экономикалық тұрғыдан бағалап, бақылауды меңгереді.

1 Кіріспе (азықтандырудың мал денсаулығы мен өнімділігіне ықпалы және оны


мөлшерлеп ұйымдастыру жолдары мен элементтерін келтіріңдер)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет