АНЫҚТАМАЛАР
Адгезия
-
түкшелердің көмегімен аш ішектің эпителиалды
клеткаларына бактериялардың жабысу қабілеті.
Антиген
-
антидене синтезі қабілетін тудырып, олармен
спецификалық әрекеттесетін, организм үшін
бөгде жоғарғы молекулярлы органикалық заттар.
Антидене
-
антигендердің әсерінен организмде түзілетін
спецификалық белоктар.
Биоценоз
-
бір биотипте орналасқан тірі организмдердің
жиынтығы.
Идентификация
-
микроорганизмдердің қасиеттері жиынтығының
негізінде түрге дейін ажырату.
Иммуногендік
-
ауру қоздырғыштарына қарсы организмнің
қорғаныштық
реакциясын
тудыратын
вакциналардың қабілеттілігі.
Ішектің
дисбактериозы
-
белгілі биотоптың қалыпты флорасының сандық
және сапалық құрамының өзгеруімен, сонымен
қатар оның әр түрлі өкілдерінің тән емес
биотоптарға транслокациясының салдарынан
метаболиттік және иммундық өзгерістермен
сипатталатын клиникалық-зертханалық белгі.
Өсінді
-
тығыз және сұйық қоректік орталарда өміршең
микроорганизмдердің популяциясы.
Микробиоценоз
-
белгілі
бір
биоценоз
құрамындағы
микроорганизмдердің жиынтығы.
Пребиотиктер
-
ішектің қалыпты микрофлорасының меаболиттік
белсенділігін немесе өсуін қарқындату арқылы
организмге жағымды әсер ететін шығу тегі
микробтық емес препараттар.
Пробиотиктер
-
организмге табиғи әдіспен енгізгенде оның
микробиотасын
қалыптастыру
және
тұрақтандыру
арқылы
физиологиялық,
биохимиялық және иммундық реакцияларына
жағымды әсер ететін тірі микроорганизмдер
7
және микроб тектес заттар негізінде жасалған
биопрепараттар.
Достарыңызбен бөлісу: |