«Жұрт мені қатал дейді» өлеңін оқитын Қаратаева Толқын.
2-жүргізуші: Фариза жыры-айдын көл, шалқар теңіз емес, тылмыс мұхит. Көкірекке сонша. Ұлы суреткер тек өзі өмір сүрген және өзінен кейін өмір сүретін бірнеше буынның сыр, көңіл, сонша жыр тындыра білуге бір ғұмырдың бастан кешкендері аздық қылары даусыз шыны мен сырын, қайғысы мен мұңын түгел қамти алады десе болады. Сіздердің назарларыңызға «Мінез» өлеңін оқитын 9-сынып оқушысы Есенгелдин Медғат. «Шаршадым-ау» өлеңін оқитын 10-сынып оқушысы оралова Жансая. 1-жүргізуші: Ақын өз заманының ар-ожданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мүңдасы, берер дәрі –дауасы- поэзия. Көңілді, жайлы күнімді, Азапты қайғы мұңымды Өзімменен бөліскенің үшін, Қатем мен жеңістерім үшін. Менің мынау қиындау тағдырым болып О, баста көріскенің үшін Өлең, мен сені аялап өтем!-деп толғайды. 2-жүргізуші: « Асау толқын» атты өлеңінде: Тағдырынды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа Көз нұрын, болашағында-сол түбінде, елім Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан -бар үміт сенде,
О, асау толқыным менің ! Деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен , үмітпен қарайтыны анық байқалады. 1-жүргізуші: Фариза өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы.Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз. «Шуағын төгіп күн шығып» өлеңін оқитын 9-сынып оқушысы Жеңісова Жансая.
2-жүргізуші:Фариза аспанға алау атып, иман шашыратып жатқан рух жанар тауы. Өшпейтін де, сөнбейтін де өжеттік қайнары,Ол -қоғам қайраткері ,халқының ардақтысы. Атаның қаны , ананың сүтімен сіңген адал қасиетінен еш жаңылған жоқ.
1-жүргізуші: Фариза ғасырдан-ғасырға жалғасқан қазақ поэзиясындағы мәңгілік махаббат тақырыбын жырлады.Ұлтының тағдырына у болып бұйырған ащы тағдыры мен ауыр қайғыны қаламының ұшында шер қылып оятты. Бұл тек Алланың өзі жаратқан , аспан текті хас ақындардың қолынан келетін киелі өнер.