Ахмет Байтұрсынов туралы ой- пікірлер
Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет.
Сәбит Мұқанов
Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде - бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде - бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты.
Сырбай Мәуленов
Ахмет Байтұрсынұлы - біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздықова
Қорытынды
Қорытындылай келе, айтарым Ахмет Байтұрсынұлы ұлы ағартушы, надандықты және де соқырлықты жою үшін, өз халқы үшін ойланбастан жанын беруге дайын. Өз шығармаларында ол сол замандағы қиындықты шебер баяндай, суреттей алған.
Билікке қарсы шығып, ату жазасына тағайындалды. Жастайынан тілге, әдебиетке қатты қызыққан. Ауыл молдасынан хат танып үйреніп, сол кезде-ақ ойлау қабілеті біраз ересектерден басым болды. 13 жасқа жетісімен орыс- қазақ училищесіне түсіп, заманды, қазақ халқының тұрмыстық жағдайын, әріптану, әдебиеттану сияқты салаларды дамытқысы келген.
Ол данышпан, ойшыл өз ана тілінен бөлек – Араб, Парсы, Жапон, Орыс және т.б. тілдерді толық менгерген.
Ахмет нағыз ұлт ұстазы болды, ұйықтап жатқан қазақ халқын оятуға ұмтылды, біртұтас ел секілді қазақты қазақ сүюге үйретті, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқына сіңірген еңбегі шексіз. Ол – ақын, ол – қоғам қайраткері, ол – қазақтың тұңғыш әдебиет теоретик-лингвисті, ғалым-ағартушы. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы біздің жадымызда, өшпей мәңгілік қалады!
Халық үшін басты байлық денсаулық болса, жанның басты байлығы – білім мен өнер. Солардың көмегімен ғана халықтар өркениетте өз орнын табады. Қазір ең бастысы – жастарға білім беру, қолөнерге, кәсіпке баулу. Қазақ даласының ауылдарында осы міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жерде қазақ мектептерін ашу, қазақ тілінде оқыту қажет.
Ал өнерің мен біліміңнің не керегі бар, ондайлар болмаған, жоқ болса да. – деп Ахмет атамыздың сөзімен өз презентациямды аяқтаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер :
“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл;
Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу – ағартуға қатысты еңбектері) Алматы,«Ана тілі», 1992 ж.
А Байтұрсынұлы- Тіл Тағылымы- 1992 ж.
Ғаламтор беттерінен;
Достарыңызбен бөлісу: |