Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: XIV-XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясы және жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады;
2. Дамытушылық: Жырларды мәнерлеп, сауатты, нақышына келтіріп оқи білуге баулиды, танымдық деңгейін көтереді, ой-өрісін, логикалық, есте сақтау, ойлау және шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, тірек сызбаларды қолданып ауызша тілді дамытады, сөздік қорды молайтады;
3. Тәрбиелік: Жыраулардың жырын оқу арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді, (ақылдылық, тапқырлық, адамгершілік, татулық) қалыптастыру, отансүйгіштікке, елін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, теориялық білімді қайталай отырып, тірек сызбалар арқылы ауызша тілді дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың жабдығы: кестелер,тірек сызбалар, Бұқар жыраудың, Қазтуғанның, Асан қайғының портреттері, «Жыраулар» тақырыбына байланысты қосымша материалдар мен буклеттер, таблицалар, карточкалар, компьютер, интерактивті тақта
Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен,ұжымдық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу;
2.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Зымыран сұрақтар (Оқушы сұрайды)
1 Шешендік сөз дегеніміз не?
2 Шешендік сөздерге не жатады?
3 Қазақтың шешендерін атаңдар.
4 Төле би кім ?
5 Төле би қай кезде өмір сүрген?
6 «Не тәтті ?» әңгімесін кім мазмұндайды?
3)Жаңа сабақ: Сабаққа дайындықтарын бақылау;
Атақты қазақ билерін атаңдаршы ?
Олар қай ғасырда өмір сүрген?
Балалар, биыл қай жыл?
Біз қай ғасырда өмір сүрудеміз?
Біз қай ғасыр әдебиетін оқып жатырмыз?
4) Жаңа сабақты бастамас бұрын ең алдымен мына түсініктерге назар аударайық:
● Толғау дегеніміз – қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр. Толғау өлеңде ақын өмір қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б жайлы ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой-қозғайды.
5) Сөздікпен жұмыс (сөз тіркестерін құрып, сөйлем құру )
6) Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерге жазыңдар.
Мәтінмен жұмыс (Мәтіннің абзацтарын кезекпен оқыту)
Сұрақтар қою.
7) Мәтін бойынша түсінгенімізді қайталайық:
● жырау дегеніміз - өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгөй дана, ойшыл адамдар
● Жыршы– жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштар.Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады.
● «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр») деген сөзінен шыққан. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан.
● Жырау әдебиетінің негізгі өкілдері: Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қазыбек, Ақтамберді, Бұқар және т.б
● Шалкиіз жырау - қазақ әдебиетіндегі тарихындағы жыраулық поэзияның атасы болып саналады.
8) Осы мәтін негізінде мына тірек сызба бойынша әңгімелеу.
9) «Ой толғаныс»
Осы жыраулардың Абай, Жамбыл сияқты ақындардан қандай ерекшелігі бар? Венн диаграммасын құрастыру
10) «Поэзия» стратегиясы. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)
Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім сені есірткен,
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін, –
деп тәж-тағына есірген Есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен.
11) Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер? (егемендік туралы, бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар едім)
12) Шығармашылық жұмыс: Осыған орай үйге сендерге үй тапсырмасы берілген болатын. Кез келген бір әріпті сөйлете білу. Кім дайындап әкелді?
13) Грамматикалық тапсырма. Мақсаты: кітаппен жұмыс істей отырып, түбірлес сөздерді табу (флипчарттта)
Жыр, жырау,жыршы, жырлау
Ел, елдік, елші
Ой, ойшыл, ойлану
14)Қосымша материал:
Мына кестеде жыраулар туралы қосымша мәлімет берілген. Оны дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар. Кім оқиды ?
Осы кестені дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Жыраулар Өмірдерек Еңбектері Тақырыптары
1. Асан қайғының шын аты – Хасан Сәбитұлы, ірі жырау, би, «Желмая түйесі болған. 1361 жылы Еділ бойында туған. Әкесі Сәбит – саятшы. Керей және Жәнібек хандарды жақтаған. 1485-1470 жылы Сарыарқа Ұлытауда қайтыс болған. «Құйрығы жоқ жалы жоқ», «Еділ бол да, Жайық бол», «Ай, хан», «Таза мінсіз асыл тас», «Бұл заманда не ғаріп». Адамгершілік қасиеттері, елдің бірлігі, татулығы.
Халықтың ерлігі, бірлігі, адамгершілік қасиеттері.
2. Қазтуған Сүйіншіұлы. Қол бастаған батыр, ел басқарған би. 1420 жылдары Еділ бойында, Астрахань облысында дүниеге келген. 1460-1480 жылы Қазақ Ордасы құрамына енеді. Жыраудың бұдан соңғы өмірі туралы дерек сақталмаған. «Мадақ жыры», «Алаң да,алаң, алаң жұрт», «Қайран менің Еділім». Халықтың ерлігі, бірлігі, адамгершілік қасиеттері.
3. Бұқар жырау 1668 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әкесі Қалқаман батыр 1781 жыл Баянауылда Долба тауында дүние салған. «Тілек», «Жиырма деген», «Ай, Абылай,Абылай», «Кәрілік туралы», «Жар басына қонбаңыз». Елін, жерін қорғаған батырлар, ел басқарған хандар туралы.
15) Тест сұрақтарына жауап беру
1-нұсқа
1. Жыр қандай сөзбен айтылады?
а) жатқа
в) жазбаша
с) көркем
д) қара
е) қаратпа
2.Шешендік сөздер бұл -
а) ауыз әдебиетінің бір саласы
в) өлең
с) тақпақ
д) жыр
е) мақал-мәтел
3. Шешендік сөздерге не жатады?
а) әңгімелер
в) мысалдар
с)суреттер
д) жырлар
е) тілектер, даналық сөздер
4. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды ?
а)12-18 в)13-18 с)15-18 д)5-10 е)18-20
5.Қазақтың жыраулары кімдер?
а) Абылай
в) Төле би,
Қазыбек би,
Әйтеке би
с)Абай
д) Мұхтар
е) Ыбырай
6.«Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды в) данышпан адамды с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды д)ұрысқа, соғысқа е) патриоты
7. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады ?
а) 5 в)8 с)15 д)17 е)18
8. «Өсиет » сөзініңі аудармасы:
а) совет
в) этапы
с) агитировать
д)назидание
е) почитали
9. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар с) сөздер д) түйіндер е) әндер
10) Жыраулар поэзиясының атасы:
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз е)Жиембет
2-нұсқа
1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды ?
а)12-18 в)13-18 с)15-18 д)5-10 е)18-20
2. Шешендік сөздер дегеніміз не?
а) үлгілі ойлар, тұжырымдар в) мақалдар с) сөздер д) түйіндер е) әндер
3. Жыр қандай сөзбен айтылады?
а) жатқа в) жазбаша с) көркем д) қара е) қаратпа
4. Жыраулар поэзиясының атасы:
а) Асан қайғы в) Бұқар с) Қазтуған д) Шалкиіз е)Жиембет
5. «Насихаттау » сөзінің аудармасы:
а) совет
в) этапы
с) агитировать
д)назидание
е) почитали
6. Шешендік сөздерге не жатады?
а) әңгімелер
в) мысалдар
с)суреттер
д) жырлар
е) тілектер, даналық сөздер
7. Шешендік сөздер бұл -
а) ауыз әдебиетінің бір саласы
в) өлең
с) тақпақ
д) жыр
е) мақал-мәтел
8. Жыраулар поэзиясы қай ғасырдан бастап өріс алады ?
а) 5 в)8 с)15 д)17 е)18
9. «Жырау» деп кімді айтады?
а) ғалымды
в) данышпан адамды
с) терең мағыналы, ой толғайтын кемел ақынды
д) ұрысқа, соғысқа
е) патриоты
10. Қазақтың жыраулары кімдер?
а) Абылай в) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би с)Абай д) Мұхтар е) Ыбырай
16) «Ой қорыту стратегиясы» – өткенді тұжырымдап қорыту.
Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия)
17) Ұлы адамдардың стратегиясы:
● Асан қайғы Желмаясын мініп, кең байтақ қазақ жерін түгел аралаған. «Жерұйық» жерді іздеген, ну орман мен шалғынды жерге халықты қоныстандырсам деп армандаған. Сондықтан Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған.
● 2.Қазтуған өз жырларында халықты ерлікке, бірлікке, адамгершілікке шақырып, ақыл айтқан, батыр, ел басқарған би болған. Адамгершілігі күшті үлкендердің айтқанын тыңдасақ, бізден батыр да, би де шығады деп сенемін.
● 3.«Ұрпақтарым, атаң мен әжеңді сыйла! Өзіңе дейінгіні құрметтесең, өзіңнен кейінгілер сені құрметтейді» деп Бұқар жырау айтқандай ата-ананы, сыйлаңдар,үлкендерді құрметтеп, кішіге қамқор болайық
18). Үйге тапсырма беру. Жыраулар туралы мәлімет жинау.
19). Бағалау.
20) Қоштасу.
Достарыңызбен бөлісу: |