Есімі тарихта қалған австриялық психоаналитик Виктор Франкл: «Біз өмірге айналадағы жұртты қуанту үшін ғана келдік. Қасыңдағы адамның түріне, жынысына, мәртебесіне, діни сеніміне, әлеуетіне қарамастан оған шаттық сезім сыйлау үшін ғана туылғанбыз», – дейді. В.Франкл дәрігер болып жүргенде мынадай сезімнің соңына түседі. Ол ақша табу үшін байларға ақылы қызмет көрсететін. Ал, түстен кейін жағдайы жоқ кедейлерге тегін қарасады. Яғни, оларды емдегені үшін ақы алмайды. Кедейлер оған риза болып, алғысты жаңбырша жаудырады. Франкл олардан алғыс алған сайын бақытқа бөленетін. Кеудесі шаттыққа толып, бейне бір бұлттың үстінде қалқып жүргендей болады. Қалталы пациенттер оған ақшасын беріп, жай ғана рахметтерін айтқан. Бірақ еңбегіне ақы алған соң жанды балқытып тұратын ләззатты таба алмай өмір сүруге деген ынтығы азаяды. Клиникасының ақшаға тәуелді екенін біліп тұрса да, адамдардан алғыс есту үшін ақысыз қызмет көрсетуге құмартып алады. Жағдайы жоқ мұқтаж жандарға тегін қарасқан сайын оның өмірге құштарлығы арта береді. Осылайша Франкл шыбын жанға толассыз шабыт сыйлайтын шаттық сезімді кеудесінен шығарып алмау үшін барлық адам ұрпағына риясыз қызмет ету керектігін ұғына түседі. Өмір мәні туралы қанатты сөздер
Табысқа жетуге тырыспаңыз, өміріңіздің «мәні» болуға тырысыңыз!
Альберт Эйнштейн.
Өмір мәні тек бір нәрседе- ол күресу!
Антов Чехов
Өмір мәні неде? Біреуге қызмет етіп, жақсылық жасауда!
Аристотель
Өлімнен емес, бос өмірден қорқу керек!
Бертольд Брехт
Өмір үшін өмір мәнін жоғалтуға болмайды.
Децим Ювенал
Өмір мәні екіге бөлінеді- ішкі және сыртқы, сыртқы: отбасы, жұмыс, табыс. Ал ішкі түсініксіз және анық емес. Ол барлығында болады.
Игорь Губерман
Әрбір адам өмірге жай келген жоқ. Әрбір адамның өзіндк миссиясы, өмірге тигізетін бір ісі болады. Сол істі жасап, рахатқа бөленген кезде өмір мәні айқын анықталады.
Өмір және өмір мәні деген ұғымдарды толығымен түсіну үшін адамзатқа сан жетпес жылдар керек. Сондықтан өз ойын өзіңе құнды болып, өмір мәнін өзің ұғын!
Достарыңызбен бөлісу: |