Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы Жоспар



бет3/6
Дата09.04.2023
өлшемі29,61 Kb.
#174067
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар-engime.org
Қосымша 1, Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс жасау принципі., e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165, Т кенова Ба ытг л Т , Лекция 9. Магнит өрісі. Ампер заңы

Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары Нарықтық қатынастар дамыған қазіргі кезеңде тұлғаның дамуы, қалыптасуы бірінші кезектегі мəселенің бірі болып отыр. Өскелең ұрпақты тəрбиелеу жəне оқыту тек қана мұғалімдердің педагогикалық шеберлігіне, оқу- материалдық базаның түгелдігі, оқу бағдарламаларының сапасы мен мазмұнына ғана байланысты емес, сонымен қатар, адамның психикалық қасиеттерінің қалыптасуына да байланысты болмақ. Әсіресе дәл қазіргі сәтте адамдарда кәсіби өсуде, мамандық таңдауда қателіктер көп кетіп жатады. Себебі , өмірдің мәнін көптеген адамдар өзінің сүйікті ісін жасаудан табады. Ал өмірде кәсіби дағдарысқа түсу көп жағдайларда адамдардың өз – өзін жоғалтуымен аяқталады. Елбасымыздың мақаласы нақты осы тақырыпқа арналмағанымен, Қазақстан халқының әлеуетін, психологиялық жағдайын қамтып өтеді. Елбасымыз өзінің «Рухани жаңғыру» атты мақаласын ұсынғанда, ол жерде бәсекелестікке қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы және ұлттық бірлік сияқты қасиеттерге тоқталып өткен болатын. Осы сәтте көптеген адамдардың мамандық таңдауда қателісіп жатуының бір себебі осы қасиеттердің жетіспеуінен де болып жатыр.

Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік - қоғамдық қызметтің барлық салалары бойынша бір елдердің екіншілерінен артықшылықта болуына мүмкіндік беретін факторлардың жиынтығымемлекеттің сыртқы күйзелістерге бой бермей, тұрақты қалыпта қалу қабілеттілігі. Сананың ашықтығы – қоғамда болып жатқан жаңалықтар мен құбылыстармен таныс болу, ойлар мен әрекеттерге деген еркіндік. Қазіргі заманда өз кәсібінің маманы болам деген адамға тән қабілет боліы табылады. Ұлттық бірлік – қандай да бір мемлекет ішіндегі ынтымақтастықты білдіреді. Жалпы, бірлік деген сөзден бастау алған және соның жалпы халыққа арналып айтылған түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет