Жоспарланған тәрбие іс-шараларының мазмұны бойынша сынып жетекшісі және университет тарапынан жетекшіден кеңес
1-апта
7
Мұғалім мен сынып жетекшісінің қызметін реттейтін негізгі құжаттарды, құқықтық және заңнамалық актілерді зерделеу
1-апта
8
Сынып сипаттамасы (сынып тізімі, сабақ кестесі, сыныптағы тапсырмалар, сынып отырғызу, балалардың қызығушылығы, пәндерге қатынасы, сынып ішіндегі қарым-қатынас және т. б.)
1-апта
9
Сыныптың тәрбие жоспарымен танысу
1-апта
10
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы сынып жетекшісі рөлінің мазмұнын зерделеу
Өндірістік іс-тәжірибеден өту құжаттарын дайындау, университет тарапынан жетекшіге тапсыру
3-апта
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибенің қорытындысы
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе аяқталған соң студенттер тиісті құжаттарды талапқа сай рәсімдеп, іс-тәжірибе жетекшісіне тексеруге тапсырады. Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе нәтижесі есеп түрінде жазылады. Есеп А4 форматындағы қағазға 14 пт. Times New Roman шрифтімен, бір аралық интервалмен, жан-жақтарынағы шектері 2 см. болатындай рәсімделеді. Есеп бөлімдері араб цифрларымен номерленеді. Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе аяқталған соң студенттер аталған құжаттарды талапқа сай рәсімдеп, іс-тәжірибе жетекшісіне тексеруге тапсырады.
Қорытынды конференцияда студенттер іс-тәжірибе барысында атқарған жұмыстарын презентациялайды. Конференцияның өту барысы туралы хаттама толтырылады.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе аяқталған соң студенттер тапсыратын құжаттар тізбесі:
Іс-тәжірибеден өту келісім-шарты (5-қосымша);
Іс-тәжірибе күнделігі (1-қосымша);
Іс-тәжірибе бойынша жеке жұмыс кесте-жоспары (2-қосымша);
Іс-тәжірибеден өтуге жолдама (4-жолдама);
Іс-тәжірибе бойынша титул парақ (3-қосымша);
Іс-тәжірибе бойынша есеп мазмұны;
Кіріспе: өндірістік іс-тәжірибе мақсаты мен міндеттері;
Негізгі бөлім: іс-тәжірибе бойынша атқарылған жұмыстар мазмұны;
Қорытынды: іс-тәжірибе бойынша қысқаша қорытынды, ұсыныстар;
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Қосымшалар:
1. Практика күнделігі (іс-тәжірибе өтетін мектеп пен сыныптың сипаттамасы; қатысқан сабақтар мен тәрбиелік іс-шараларды талдау; кемінде 2 тәрбиелік іс-шара көрсетілген жеке жұмыс жоспары; бір үздік тәрбиелік іс-шараның талдауы; бекітілген сыныпқа мінездеме; сынып жетекшісінің пікірі).
2. Сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме.
3. Ең жақсы тәрбиелік іс-шараның әзірлемесі (жоспары).
4. Есеп.
5. Кесте-жоспар.
Іс-тәжірибе жетекшісі Педагогикалық институтқа құжаттарды тапсырады, есеп береді.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе есебі күнделіксіз қабылданбайды. Күнделікте студенттің іс-әрекеті, формасы, көлемі жазылады. Күнделікке жазылған жазбалаларды іс-тәжірибе базасындағы жетекші күнделікті қол қойып, тексереді. Соңында, практикалық іс-тәжірибе нәтижесі бойынша студенттің жұмысын бағалайды, күнделікке студентке мінездеме, ұсыныстары мен ескертулерін жазады, бағасын қояды, мекеменің мөрімен бекітеді.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибеден өту есебін рәсімдеу үшін студенттерге 3-5 күн қосымша уақыт беріледі. Талапқа сәйкес рәсімделген жұмыстар қорғауға жіберіледі. Егер, педагогикалық іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуы ашып жазылмаса, онда қайтадан өңдеуге жіберіледі.
Қорытынды конференцияда студенттер іс-тәжірибе барысында атқарған жұмыстарын (есебін) Педагогикалық институт оқытушыларының алдында презентациялайды. Конференцияның өту барысы туралы хаттама толтырылады (7-қосымша).