«Өнерлі екен он саусақ»


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



бет12/14
Дата06.02.2022
өлшемі128,1 Kb.
#81398
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Өнерлі екен он саусақ вариативтік компонент-1

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім саласы: «Вариативтік компонент»
Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ
Тақырыбы: Аққала
Мақсаты: екі еселеп бүктелген шаршылардан дөңгелектер қию тәсілін жетілдіру; әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден құұала бейнесін құрастыруды үйрету; қолдарының икемділіктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жапсыру, бекіту.
Билингвалды компонент: аққала-снеговик
Сөздік жұмыс: аққала, таяқ, сыпырғыш.
Көрнекіліктер: аққала бейнеленген суреттер, түрлі түсті қағаздар, қайшы желім, қолорамал.

Іс-әрекет
Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық



Алдын ала балаларға жұмбақ жасырып, жұмбақтың дұрыс шешуінен кейін аққаланың суретімен жұмыс жасату.

Қызығушылықтары артады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік



Шаттық шеңбері:
Жыл мезгілдеріне тоқталу.
Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.
Сурет бойынша жұмыс:
Өте дұрыс. Балалар ауладан қардан домалатып, Аққаланы барлығы бірігіп, бір-біріне көмектесіп жатыр.
Аққала жасағанда қардан домалатып әртүрлі көлемде үш домалақ жасап алып, оларды бір-бірінің үстіне үлкенінен бастап орналастырып қойып алады. Сосын басына шелек кигізіп, бет-әлпетін жасайды. Қолдарын жасап, қолына таяқ немесе сыпырғыш іледі.
Бүгін біз осы Аққаланы қағаздан қиып, жапсырып жасаймыз.
Мен сендерге үлгі ретінде жұмысты орындап көрсетемін, мұқият тыңдаңдар.
Тіктөртбұрыш пішінді дайындаманы көгілдір түсті қағаздан қиып аламыз.
Оны екі еселеп бүктеп, жай қарындашпен шеңбердің ширек бөлігін сызамыз.
Контур сызық бойымен дөңгелектерді қиып аламыз.
Түрлі түсті қағазға Аққаланың қалған бөлшектерін (қолы, шелегі, сыпырғышы, сәбіз-мұрны) сызып, сызық бойымен қиып аламыз.
Негізгі бетке аппликацияның бөлшектерін реттеп орналастырып аламыз.
Аппликацияның барлық бөлшектерін негізгі бетке ретімен жапсыру.
Аққаланың көзі мен аузын қара фломастермен сызып аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет