Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет109/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
шығып, бүйрек айналасындағы май қабатына, белдік 
бұлшық еттеріне, аймақтық лимфа бездеріне өсуі. Ісіктің 
операцияға дейін немесе операция үстінде жарылуы.
ІV өсу дәрежесі
–метастаз ошақтары өкпеде, бауырда, 
сүйекте т.б. ағзаларда болуы.
V өсу дәрежесі
– екі жақты бүйрек ісігі.
TNM – жіктеуі бойынша:
Т- біріншілік ісік
Т
0
- біріншілік ісік анықталмайды.
Т
1
– ісік мөлшері 80см дейін (бүйректі қосқанда)
Т
2
- ісік мөлшері 80см үлкен (бүйректі қосқанда)
Т
3
-ісіктің операцияға дейін жарылуы
Т
4
–бүйректің екі жақты ісігі
N- аймақтық лимфа түйіні
N
0
- метастаз ошағы жоқ
N
1
-аймақтық лимфа түйіндерінде бөгелме ісік ошағы 
бар
М – метастаз ошағының басқа да жерде болуы
1 дәрежесі Т
1
-ісік мөлшері 80см дейін, N
0
2 дәрежесі Т
2
- ісік мөлшері 80см үлкен, N
0
3 дәрежесі Т

-ісіктің операцияға дейін жарылуы,М
4 дәрежесі Т
4
-бүйректің екі жақты ісігі
Ісікті анықтау әдістері
Вилмс ісігін анықтау толық және мұқият ауру тарихын 
жинаудан: клиникалық, лабораториялық және рентгеноло-
гиялық тексерулердің нәтижесінен құралады. Қандай да ісік 
болмасын дер кезінде анықталса, емнің қонымдылығы соғұр-
лым жоғары болатындығы белгілі. Өкінішке орай, ісікті дер 
кезінде анықтауға болатын көптеген жаңа қондырғылардың 
болғанына қарамай, нефробластоманы алғашқы өсу саты--
сында анықтау осы күнге дейін қиынға соғуда. Оған се--


179
Құрсақ қуысы артында кездесетін қатерлі ісіктер
беп, ата-аналардың дер кезінде дәрігерлерге қаралмауы, ал 
қаралған күнде дәрігерлердің балалар ісіктерінен бейқам 
болуы, олар-дың онкологиялық қырағылығы болмауы т.с.с.
Баланың әлсіздігі, тәбетінің жоқтығы, тері бетінің 
бозғылттылығы, тез шаршап-ашуланғыштығы кім-кімді 
болса да ойландырғаны жөн. Бірақ мұндай белгілердің бала--
ларда кездесетін барлық ауруларға тән болғандықтарынан, 
дәрігер осы «түсініксіз белгілерге» жауап іздеуімен қатар, 
баланың ішіне мұқият көңіл бөлгені дұрыс.
Сәби дүниеге келгеннен бастап дәрігерлердің қарауында 
болады десек те (перзентхана дәрігерлерінде, одан 
педиатрдың, бала-бақша, мектеп, емхана т.б.), өкініштісі 
ісікті алдымен ата-аналары үйінде баланы шомылдыру не--
месе киіндіру үстінде анықтайды. Бұл уақыт, яғни ісіктің 
іштен томпайып өсіп, қолға білінген кезі, ісіктің алғашқы 
кезеңінен анағұрлым ұлғайған шағы болып табылады.
Ісікті толық анықтау және дифференциалдық талдау 
жасау үшін рентгенологиялық зерттеу жүргізу керек. Ал--
дымен, іш қуысына жалпылай шолу рентгенографиясы 
жасалынады. Онда бүйрекпен қоса жалпы ісік көлеңкесін 
көреміз. Содан кейін, қан тамырға «бояуыш» (контрасты) 
затты жіберу арқылы рентгендік зерттеуді жалғастырамыз. 
Ісікті зерттеуде көк тамыр урографиясының маңызы зор. 
Онымен ісікті анықтап қана қоймай, екінші бүйрек қалпын, 
қызметін байқаймыз. Экскреторлы урография арқылы 80% 
бүйрек ісігін анықтауға болады (Дурнов Л.А., Пытель А., 
т.б 1987) Урографиядан бүйректің орны мен мөлшерін, 
оның тостаған-астау жүйесінің қыңыр-қисықтанып 
өзгеретіндігін, шеттерінің желінгенін, ал қайсыбіреулерінде 
тостағаншаларының көрінбей немесе дұрыс орналаспай, 
жіберілген бояуыштың көлшіктене жайылуын көреміз. Кей--
бір науқастарда, тостаған-астау жүйесі мүлдем көрінбей 
«мылқау бүйрек» қалпында көрінеді. 
Ал, қазіргі таңда, ісікті анықтауға УДЗ мен КТ орны ерек--


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет