БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Хирургиялық тәсіл,
яғни ісікті бүйректі кесіп алып та--
стау негізгі және шешуші емі болып есептелінеді. Даргеон
(1970) ісікті анықтағаннан кейін, неғұрлым операция ерте
жасалынса, емнің қонуы және болжамы соғұрлым жоғары
болады, - дейді. Бірақ балалардың бөлімшеге өте кеш түсуі
және де баланың түскен кездегі жалпы халінің өте ауыр бо--
луы (тәбеті нашар, азған, қаназдылық, ісік көлемінің үлкен
болу, т.б.) жасалатын күрделі операцияға алуға жол бермей--
ді. Сондықтан ісік көлемі өте үлкен жағдайда операция алды
емі - дәрілеу немесе соған қоса сәуле беріледі. Мұнымен,
біз ісіктің көлемін тек кішірейтіп қана қоймай, қанмен ай--
налымда жүрген ісік жасушаларына қарсы және метастаз
ошақтарының алдын алу жолын қамтамасыз етеміз және
науқастың жалпы хәлін дұрыстай отырып, операцияға дай--
ындаймыз /Кобиков С.Х., Жұмашев У.Қ., 1998/.
Операция - трансперитонеалды уретеронефроэкто--
мия
тәсілімен жасалынады / Дурнов Л..А.., Лебедев В.И.,
Putnam., Tomas 1992/.
Осы әдіс балаларда өте қолайлы және тиімді болып та--
былады. Оның себебі:
1) құрсақ қуысы мен құрсақ арты қуысына толық тексеру--
ге болады;
2) ісікті қандай көлемде болмасын жармай алуға;
3) басқа ағзаларға ісік шапқан жағдайда оларды да алып
тастауға;
4) ісікті алмай тұрып, алдымен бүйрек тамырларын бай--
лап алуға;
5) бүйрек орнын темір қысқышпен белгілеп кетуге, яғни
сәуле түсіру кезінде анықтауға, т.б. мүмкіндік береді.
185
Құрсақ қуысы артында кездесетін қатерлі ісіктер
Сурет – 19. Вилмс ісігінің операциядағы көрінісі
(кистозды түрі)
Сурет – 20. Оң жақ қабырға астындағы Вилмс ісігінің
метастаз ошағы.
186
Достарыңызбен бөлісу: |