Онкологиясы


Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет154/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
«тік ішекті зақымдап, «свищ» жасап асқындырады». Соны--
мен, бала бізге түскен кезінде, оның хәлі өте ауыр жағдайда 
болатын. Оң жамбасы томпайып-ісінген, операциялық ке--
сілген жері ашылып жабылмаған, себебі ісік өте қарқынды 
түрде өсе бастағандықтан. Оң жамбасынан, яғни операция 
орнынан баланың үлкен дәреті де шығып жатқандықтан, 
жараны жабу, ісікті кішірейту өте қиынға соқты. Баланың 
екі шат айналасы да толған метастаз ошақтары болатын. 2 
ай дегенде свищ жарасын жауып, аяғына тұрғызғанымызбен 
кезекті демалысқа жіберген Айша, қайта емге оралмады.
ЖҰМСАҚ ТІН ІСІКТЕРІНЕН 
ЖүйЕЛІКТЕСТЕР
001. Рабдомиосаркома балалардағы кездесу жиілігі 
жағынан
1. 10 % дейін кездеседі 
2. 10-20 % дейін кездеседі
3. 20-30 % дейін кездеседі
4. 30 % көп кездеседі
002. Рабдомиосаркоманың жиі кездесетін жас шағына:
1. 1 жасқа дейінгі сәбилерде
2. 2 мен 10 жас аралығы
4. 5 мен 11 жас аралығы
5. 12 -20 жас аралығы
6. бәрі де дұрыс
003. Рабдомиосаркомамен негізгі ауыратындар 
1. ұл балалары
2. қыз балалары 
3. жынысына қарамайды


252
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
004. Рабдомиосаркоманың метастаз беруі 
1. метастаз бермейді
2. сирек метастаз береді
3. метастаз жиі және тез арада береді
005. Рабдомиосаркоманың негізгі белгілеріне:
1. ауру сезімімен көрінеді
2. ауру сезімі болмайды
3. дене қызуының көтерілуі
4. ақсаңдау белгісі
5. жүре алмай қалуы 
006. Рабдомиосаркома метастаздарын мына ағзаларға
береді
1. шеткі аймақтық л/түйіндеріне
2. сүйектерге
3. өкпеге
4. миға
5. бауырға
6. 1-5
007. Рабдомиосаркоманың негізгі зақымдайтын
ағзаларына: 
1. түтікше сүйектері
2. бауыр
3. өкпені
4. көк бауырды
5. көлденең-жолақты бұлшық еттерді
008. Рабдомиосаркоманың зақымдайтын ағзаларына: 
1. қол-аяқ бұлшық еттері
2. қуықты
3. бас пен мойын жұмсақ тіндерін
4. жатырды


253


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет