264
7 – ТАРАУ
СүйЕКТІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ
7.1 Остеогендік саркома
7.1.1
Эпидемиологиясы
7.1.2
Патоморфологиясы
7.1.3 Клиникалық көріністері
7.1.4
Анықтау әдістері
7.1.5
Басқа аурулардан ажырату
7.1.6 Емдеу тәсілдері
7.1.7
Болжамы
7.2 Юинг саркомасы
7.2.1 Эпидемиологиясы
7.2.2 Патоморфологиясы
7.2.3 Клиникалық көріністері
7.2.4 Анықтау әдістері
7.2.5 Басқа аурулардан ажырату
7.2.6 Емдеу тәсілдері
7.2.7 Болжамы
7.3 Тест сұрақтары
7.4 Қолданылған әдебиеттер
265
Сүйектің қатерлі ісіктері
СүйЕКТІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ
Сүйектің қатерлі ісіктері – өте қатерлілігімен және емге
төзімділігімен ерекшелінеді. Олар, барлық балалардағы кез--
десетін қатерлі ісіктері ішінде – 10% құрайды. Кездесу жиі--
лігі жағынан төртінші орында тұр: қатерлі лимфойдты ісік--
тер, ми ісіктері және жұмсақ тіннен шығатын ісіктерден кей--
ін. Жалпы сүйектің қатерлі ісіктері ішінде 50-70% жуығын
остеогендік саркома мен Юинг саркомасы құрайды.
Европа елдерінде, мысалыға, халық саны 60 – 80 млн
болатын елдер: Франция, Германия, Италия т.б-да жылына
200 дей бала сүйек ісіктеріне шалдығады екен. Ал, Ресейде
1 млн балаға шаққанда 3 – 5 болса; Қазақстанда 2 – 4 бала
ауырады.
Жылына еліміздегі Онкология және радиология ҒЗИ-
ның балалар онкология бөліміне 20-25 бала остеогендік
саркомамен, ал 5-7 бала
Юинг саркомасымен емделуге
қаралады.
Балалардың жас аралығына байланысты бұл екі ісіктің
кездесу жиілігі – әртүрлі болып келеді: 0 – 4 жас аралығында
негізінен жиірек Юинг саркомасы кездессе; 5 – 9 жас
арасындағы балаларда бұл екі ісіктің кездесу жиілігі бірдей,
яғни екі ісіктің түрі де жиі кездеседі; ал 10 – 14 жастағы ба--
лаларда остеогендік саркоманың (ОС) кездесу жиілігі Юинг
саркомасына (ЮС) қарағанда басымырақ болады. Осы,
соңғы айтылған жас аралықтарында – сүйек ісіктерінің тағы
да басқа түрлері, яғни шеміршек тінінің ісігі (Хондросарко--
ма) мен өте сирек болса да сүйектің қатерлі гистиоцитома--
сы кездесуі мүмкін. Бұл ісіктердің негізгі, жиі зақымдайтын
қаңқа сүйектеріне көбіне түтікше сүйектер жатады. Оларға:
сан сүйегі, асықты жілік пен оның шыбығы және тоқпан жі--
лік кіреді.