БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Ісікті анықтау әдістері
Ауру тарихын мұқият жинаудан, зақымданған сүйекті
дұрыс зерттеуден құралады. Жоғарыда айтқанымыздай,
науқастардың 85-90% жуығы, ауруының басталуын алған
жарақатпен (құлап қалғанын, қатты ұрып алған, жоғарыдан
секіріп ауыртқан т с.с) байланыстырады.
Лабораториялық
қан сараптамасында
– ЭТЖ-нің
(СОЭ) ұлғаюын, лейкоцитоз, нейтрофилез және қанның аза--
юы – анамиясын, ал биохимиялық сараптамасында: негіздік
фосфотаз ферментінің ұлғаюын байқауға болады. Бірақ бұл
белгі басқа да сүйек ауруларында кездесетін болғандықтан,
аса, анықтау белгісіне жатпайды.
Ісікті сипау
арқылы анықтау кезінде – зақымданған
ортаның жұмсақ тіндерінің томпайып – ісінгенін, қолға
тығыз-қатты, яғни сүйек тінінен шыққан, қозғалмайтын,
кедір-бұдырлы, ісікті сеземіз. Ісіктің көлеміне, яғни ісін--
ген жердің аумағына байланысты, тері бетінің өзгерісін
– оның тартылып, жылтыр-ланып, тері асты қан тамырлары
шоғырланып – томпайып көзге көрініп тұрады. Зақымданған
жерден жылу сезімі қолға сезіледі. Себебі, зақымданған жер--
де, қанның айналысы, қанның келуі жоғары болғандықтан,
қолға ол жерден жылу сезіледі. Міне, ісіктің ерекшелігі
де осында, ол негізгі қан тамырынан 5-6 майда тамырлар
түзеп (аберантные сосуды) қанды сора бастайды да тез
өсіп, көлемі ұлғая түседі. Ал, ісіктен төменгі бөлікке қан аз
барғандықтан, ол жерлер азып, жұқара бастайды.
Ал шешуші анықтау белгісіне –
рентгенологиялық зерт--
теу
жұмыстары жатады. Ісіктің рентгенологиялық көрінісі
алуан түрлі болып келеді. Оның шыққан орнына, жайылуы--
на, мөлшері мен сүйектің бұзылып-желіну (деструкциясы)
үрдісіне байланысты белгілерін топтастыруға болады.
Рентгенологиялық көрінісіне байланысты 3 - топқа
бөлінеді (остеобласты, остеолизисті және аралас жасуша--
лы).
279
Достарыңызбен бөлісу: |