БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ арқылы диагнозды қоюға болғанымен, толық – сенімді болу
үшін
пункционды немесе
инцизионды әдіспен
биопсия жа--
сау арқылы патоморфологиялық зерттеу жасаған жөн. Ісік--
ке үлкен инемен – трепан биопсия жасаған дұрыс, ал егер
ісік жасушалары цитологиялық тексеру кезінде табылмаған
жағдайда ғана «ашық әдіспен», яғни операцияға «инцизи--
онды биопсияға бару керек.
Емдеу тәсілдері Остеогенді саркоманы емдеу, осы күнге дейін барлық
онкологтарды ойландырып отырған күрделі мәселе. Ісіктің
балаларда өте жоғары қарқында жүруі, тез арада метастаз
беруі және емдеу әдістеріне төзімділігі – ісіктің болжа--
мын қиындатуда. Алайда, соған қарамай, соңғы уақытта
балалар онкологтары біршама жетістіктерге қол жеткізді.
Химиотерапияны алғаш қолдана бастаған 1975 жылмен
салыстырғанда (болжамы 10-25%), қазіргі көрсеткіш 60-
75%-ке көтерілді. Остеогенді саркоманың емдеу тәсілдеріне
басқа да ісіктердегідей хирургиялық, сәуле түсіру және хи--
миотерапия емдері жатады.
Хирургиялық емдеу тәсілі негізгі ем болып табыла--
ды. Бірақ, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан өте
күрделі операция түрлері (ампутация, экзоартикуляция
арқылы науқастың зақымданған қолын немесе аяғын кесіп
тастау ) баланың және оның ата-анасының психологиясы--
на кері әсерін тигізуде (тек хирургиялық емнің нәтижесі
балаларда 10-нан 25%-ға дейін-ақ, Sweetnam R.,1979).
Сондықтан, соңғы уақытта химиотерапиядан кейін қол жет--
кен табыстарға байланысты, хирургиялық емнің нәтижесі
біршама көтеріле бастады. Қазіргі таңда, өркениетті елдер--
де, зақымданған ағзаны сақтап қалу операциялары жасалы--
нуда. Яғни, қолдан жасалынған немесе аллотрансплантат
сүйектері мен әртүрлі пластикалық, металл протездерін